Орта ғасырлардағы Жапония және Қытай


Үндістандағы феодалдық қатынастар



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата18.11.2022
өлшемі126,34 Kb.
#158815
1   2
Байланысты:
Дүние жүзі тарихы 11 сабақ

Үндістандағы феодалдық қатынастар 
 
VI-VII ғасырларда Үндістанда феодалдық қатынас толық үстемдік ала 
бастады. Үндістан жеріндегі Ганг және Үнді өзендерінің жағасында тұратын 
тайпалар бірігіп, мемлекет құруға бет алды. Біртұтас халық болып 
қалыптасуға ортақ мәдениет және ортақ тіл негіз болды. Ертеден келе жатқан 
индуизм мен санскрит тілдері халықтардың ортақ тіліне айналды. IV-VI 
ғасырларда Магадхи жерінде сол кездегі ең ірі Гупта империясы құрылды. 
Гупта әулетінің билігі Чапдрагуптаның (320-340) қолына тиеді. Оның баласы 
Самудрагупта (340-380) тұсында Гупта мемлекеті күшейіп, Батыс 
Бенгалиядан Пенджабқа дейінгі аралықтағы Солтүстік Үндістанды биледі. 
Үндістан феодалдық қоғамының өзге елдерден ерекшелігі - әлеуметтік каста 
жүйесінің болуы. Әлеуметтік касталар брахман,кшатрий, вайший,шудра деп 
аталады. Сонымен қатар касталарға кірмеген қоғамның ең бір қорғансыз бөлігі 
кесапаттылар деп аталған. Дүниеге келген әрбір үнділік абыздар, ақсүйек 
жауынгерлер, егіншілер, қызметшілер топтарының біріне жататын болды. 
Абыздар мен ақсүйектер елдің саяси биліғі тізгінін ұстады, қызметшілер ең 
кедей топқа жатты. Қызметші касталарымен сөйлесу, жақындап бірге жүру 
немесе бір үйде отыру абыздар мен ақсүйектер касталарында жиіркеніш 
туғызатын. 
VII-XII ғасырларда Үнді жерінде феодалдық қатынас тереңдей түсті. Мүлік 
теңсіздігі күшейіп, феодалдық тап қалыптасты. Ірі феодалдық жер иеліктері 
үлғая түсті. Жер патша иелігіндегі мемлекеттік меншік болып саналды. Патша 
бүкіл жерді 4 иелікке бөлді: 
1) мемлекеттік мүддеге пайдаланылатын жер; 
2) патша қызметкерлеріне арналған; 
3) аскан қабілетімен көзге түскен адамдарға сыйға тартылатын жер
4) дін қызметкерлеріне берілетін жер. 
Ірі феодалдық жерлер кейіннен мұрагерлікке берілетін болды. Ол жерде 
феодалдар отбасымен тұрды. Әскери адамдар қызметі үшін алған 


шаруалардың қауымдық жерін тартып алу арқылы өз иеліктерін кеңейтіп 
отырды. Сөйтіп шаруалар кедейлене берді. Олар қауымда түрғанымен 
феодалдарға қызмет атқаруға міндетті болды. Шаруалар қауымы мүшелеріне 
өте ауыр салықтар салынды. Салықты төлей алмаған шаруа қауымнан қуып 
жіберілді. Кей уақытта патша жарлығымен храмға қауымдық жер онда 
тұратын шаруаларымен қоса берілді. Шаруалар қауымдық жерінен айырылып, 
кіріптарлыққа душар болып отырды. Қауымдық жер иелігінің көбі 
мемлекеттікі болды. Сондыктан үнді шаруасы феодалдық мемлекетке 
кіріптарлықта өмір сүрді. 
Ұлан-ғайыр Гупта державасын басқару үшін күшті әкімшілік және әскери 
аппарат құрылды. V ғасырдың ортасында халықтың тұрмыс жағдайы 
төмендеп, салықтың шексіз көптігі халық наразылығын туғызды. Ішкі саяси 
тұраксыздык кезінде, V ғасырдың аяғында Гупта мемлекетіне ғүн-эфталиттер 
жойқын шабуыл жасап, батыстағы Мальва, Гуджарат аймағын басып алады. 
Ұзақ уақытқа созылған эфталиттер шабуылы мемлекетті қатты әлсіретті. Ішкі 
талас-тартыстар да тоқтамады. Осының әсерінен VI ғасырдың аяғында Гупта 
мемлекеті кұлады. 
VII ғасырдың бас кезінде Хариш (606-647) билік басына келіп, ірі мемлекет 
құрды. Хариш мемлекеті Солтүстік Үндістан жерін, Ганг өзенінің бойын, 
Шығыс Пенджаб және Бенгал шығанағына дейінгі жерлерді бағындырады. 
Харши өлгеннен кейін мемлекет әлсіреп, елде тұрақсыздық күшейеді. 
Нәтижесінде мемлекет бірнеше кішігірім кінәздіктерге бөлініп кетеді. 
VII ғасырдың аяғында Үндістан мен Ауғанстанды арабтар жау- лап алып, 
ислам дінін енгізеді. Арабтардың жаулауы XIII ғасырға дейін созылады. 1206 
жылы Кутб-уд-дин-Айбек Солтүстік Үндістанда Дели қаласын астана етіп, 
жаңа мемлекет құрады. Мемлекет Дели сұлтандығы деп аталды. 
Айбек сұлтан кезінде (1206-1210) Дели сұлтандығы күшті, біртұтас 
мемлекетке айналды. Бірақ 1221 жылы Шыңгысхан бастаған моңғол әскері 
Пенджабты талқандайды. моңғол шапқыншылығына жергілікті халық қатты 
карсылық көрсетеді. 
1398 жылы Дели сұлтандығы әлсіреп, феодалдық бытыраңқылықты бастан 
кеиіірііі жаткан кезде, 120 мың қолымен Әмір Темір шабуыл жасайды. Ол 
1366-1405 ж. аралығындағы Орта Азияның құдіретті билеушісі болған. 
Пенджаб қаласын жаулап алып, Дели сұлтандығын құлатып, Үндістанда Әмір 
Темір билігі орнайды. Бұл орта ғасырлар тарихындағы ең жойкын кезең 
болды. Әмір Темір заманында Үндістанның солтүстігінде мұсылман діні 
толық орнығады. 1526 жылы Әмір Темірдің шөбересі Бабыр Ауғанстан 
арқылы Үндістанға шабуыл жасап, Дели қаласын өзіне бағындырады. Дели 
қаласын жаулап алғаннан кейін Бабыр шах (император) деген атақ 


алады.Солтүстік Үндістан жерінен 100 мың әскер жинап, Бихар және Бенгал 
жерін бағындырып, Ұлы Могол империясын құрады. 
Ұлы Моғол империясы Бабырдың немересі Акбар (1556-1605) тұсында ірі 
мемлекетке айналды. Акбар Үндістан жеріндегі жергілікті ақсүйектермен 
жақындасу саясатын жүргізді. Индуизм дініне ерік беру, оларды шенді 
қызметгерге тағайындау Акбардың беделін көтереді Үндістанда тыныштық 
орнап, шаруашылық, сауда дами түседі. 
Үндістанда қолөнер мен сауда жақсы дамыған қалалар көп болған. Олар - 
Варангал, Танджур, Пайтхан, Дели, Сурат т.б. Қолөнердің көптеген салалары 
болды. Малабар жаға- лауында кокос пальмасынан май өндіріп, арқан есті. 
Майсур жерінде қолөнершілер піл сүйегінен қымбат бұйымдар жасады. Бұдан 
басқа зергерлік, әшекей бұйымдар жасау кең өріс алды. Сондай-ақ қару-жарақ, 
ыдыс-аяқ та көптеп жасалды. Қалаларда тас қалаушылар әсем құрылыстар 
салды, тері илеушілер ат әбзелдерін жасады. Үндістанда керуен саудасы 
дамыды. Солтүстік Үнді жері арқылы Кабулға, одан әрі Әмудария өзенін 
бойлап Орта Азияға жәнө Қазақстан арқылы Еуропаға баратын керуен 
жолдары болды. Екінші жол Болан асуы арқылы Кандагар, Иранға шықты. 
Үндістан саудагерлері әр түрлі зергерлік заттар, піл сүйегінен, ағаш пен 
темірден жасалған тауарларын сатуға шығарды. VII-XVI ғасырлар арасында 
араб саудагерлерімен бірге теңізшілер, Еуропа саудагерлері теңіз, мұхит 
арқылы Үндістанмен сауда жасап, көп пайда тапты. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет