Орталық қалалық кітапхана Қызмет көрсету бөлімі Поэтикалық подиум «Шаханов пен Евтушенконың достығы»



Дата04.07.2018
өлшемі117 Kb.
#46262
Орталық қалалық кітапхана

Қызмет көрсету бөлімі

Поэтикалық подиум

«Шаханов пен Евтушенконың достығы»
(Тіл мерекесіне арналған поэтикалық подиумнің сценарийі)
Дайындағандар:

Карекина К.Б.

Кожемяк О.В.

Екібастұз 2013 ж.
Кештің мақсаты: Қазақ және орыс поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шаханов пен Евгений Евтушенконың шығармашылықтарының терең иірімдеріне үңілу, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу,адамгершілік,рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау.

Көрнекілігі: «Дружба двух поэтов» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылады, ақындардың портреттері, ақындар туралы цитаталар қойылады. Слайд көрсетіледі. Іс- шара барысысында М. Шахановтың әндері тыңдалады. Іс – шара 2 тілде өткізіледі.

1 – жүргізуші: Армысыздар, өлең, өнер құдіретін түсінер, жыр сүйер ағайын! Армысыздар, құрметті оқырмандар!

«Шаханов пен Евтушенконың достығы» атты поэтикалық подиумды ашуға рұқсат етіңіздер!



2 – жүргізуші:Добрый день дорогие друзья! Приветствуем вам в Центральной городской библиотеке на Поэтическом подиуме: «Шаханов и Евтушенко: дружба двух поэтов», посвященном Дням языков народов Казахстана

1 - өлең оқушы: «Достық туралы өлең» Оқитын: 8 «а» сынып оқушысы Серикова Алина

Айқындалмас жақының мен алысың,

Доссыз жүру мүмкін емес сол үшін.

Өз көңілінен сенім таба білмеген,

Досқа досша ұсына алмас қол ұшын.

Доссыз менің өмірімде бар ма сән,

Досым барда арманға асам, алға асам,

Мақтау күтпен,адамшылық арыңды

Көкірегімді оққа төсеп қорғасам.

Адам деме жалған күліп алдасам,

Не берсем де сеніп бере алмасам.

Тар кезінде талшық етер жаныма,

Жарты құртты бөліп бере алмасам.

Дос құшақтан босамасын қолдарым,

Осы менің, осы менің арманым.

Достығыма сенетін жан аз болса,

Онда, құрбым,менің әлсіз болғаным.

1 – жүргізуші: Мұхтар Шаханов пен Евгений Евтушенконың өнерде де, өмірде де достық қарым – қатынаста екендігі баршаға аян. Мұхтар Шахановша айтатын болсақ «Анам марқұм орыс ақыны Евгений Евтушенконы жақсы көрді. Мәскеуге барған сайын міндетті түрде Евтушенкоға арнап қаттама нан пісіріп жіперетін. Өзім анамның нанын әлі күнге дейін сағынамын. Арасына май жағып, керемет етіп пісіретін. Жұп жұмсақ болатын. Евтушенко «Вкусная лепешка! Матушка передала?» деп қуанатын.

Стихотворение М.Шаханова «Закон дружбы» читает ученица 7 кл Средней Школы №10 Гафиятулина Сара



2 – жүргізуші:

Поэты Евгений Евтушенко и Мухтар Шаханов. Знакомы они давно, еще с шестидесятых годов ХХ века. На протяжении многих лет и до наших дней их связывает личная и творческая дружба. Но наиболее тесная творческая деятельность у них проходила в 90-е годы. В 1999 году, когда вышла книга Евгения Евтушенко «Волчий паспорт» и поэма Мухтара Шаханова «Заблуждение цивилизации», они провели в Казахстане и Кыргызстане творческие вечера поэзии и презентации книг.

Как вспоминает Мухтар Шаханов: «Это были вечера нашей искренней дружбы. Евгений Евтушенко – этим сказано все. Я так благодарен ему. Моя первая книга на русском языке вышла с его предисловием и переводами и была удостоена премии Ленинского комсомола. Он ошеломил меня при первой же нашей встрече. Повел меня в ресторан Дома литераторов и сказал официанту: «Запомни, это – поэт Мухтар Шаханов, и в любое время суток будешь обслуживать за мой счет». Хотя я ни разу не воспользовался той возможностью, но запомнил на всю жизнь этот рыцарский жест».

Поэт Евгений Евтушенко приезжал на творческие встречи с читателями в город Павлодар, также трижды побывал он в Экибастузе. Первый раз в августе 1998 года провел поэтический вечер во Дворце горняков. Поэт читал стихи, отвечал на вопросы слушателей, покритиковал городские власти, за то, что в городе в ту пору не осталось ни одного книжного магазина. Инициатором этой встречи стал президент «Богатырь Аксес Комир» Пол Родзянко, с которым Евтушенко познакомился задолго до этого в США. С последней встречи поэта с экибастузцами прошло ровно 10 лет, Евгений Евтушенко выступал с концертом в Экибастузе в августе 2003 года.

О Казахстане Евгений Евтушенко всегда говорит и пишет с особой симпатией: здесь начиналась его трудовая биография – еще подростком он работал с отцом в геологической партии. Вспоминая о том времени, он говорил в интервью, опубликованном в «Звезде Прииртышья»: «Казахстан подарил мне первую пишущую машинку». Она была куплена на заработанные в полевом сезоне деньги. А еще он привез тогда матери в подарок казахские деликатесы – вяленый конский шужук и бидон топленого сливочного масла.

1 – жүргізуші: М.Шахановтың өмірбаянына қысқаша тоқталып өтейік:

Туған жылы: 1942 жыл 2 шілде

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы,Шілік ауылы.

Қызмет жолы:


  • Трактордың тіркеушісі;

  • Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор,әдеби қызметкер;

  • «Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші;

  • Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы;

  • Республикалық «Жалын» журналының бас редакторы;

  • КСРО халық депутаты,КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі,ҚР халық депутаты;

  • Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994 ж.);

  • Қазақстанның халық жазушысы(1996 ж.).

Шығармалары дүние жүзінің қырықтан астам тіліне аударылған,қазақ тарихында және әлемдік әдебиетте өз орны бар. Қазақстанның халық жазушысы М.Шахановтың туындыларын жас та, кәрі де іздеп жүріп оқиды десек қателеспейміз,тіпті қазақ халқының бірнеше ұрпағы Шаханов шығармаларын жаттап өсті деп сеніммен айта аламыз. Ақын өлеңдеріне жазылған әндерді әуелете шырқаймыз.

Сол әндердің біреуін тындап көрсек...

М.Шаханов өлеңіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Туған күн кешінде» әні орындалады.

1 – жүргізуші: Ақын аға есімінің Мұқтар болуының да өзіндік сыры бар. Өз есімінің Мұхтар қойылуын ақын «Мені неге Мұхтар қойған» өлеңінде былай деп жырлайды....

« Мені неге Мұхтар қойған» өлеңі оқылады . Оқитын: 8 «б» сынып оқушысы ..............

М.Шаханов ой маржанын бүкіл әлемнен, ал поэзияның бастауларын халықтық жырдан іздейді. Мұхтардың «Жеңілген жеңімпаз хандығы Отырар дастаны немесе Шыңғысханның қателігі» атты шағын поэмасындағы қираған қаланың тағдыры бүгінгі халық тағдырымен тікелей астасып, ұрпаққа ауыр да абыройлы жауапкершілік жүктегендей болады. Сатқындықтың құрбаны болған Отырар ойран болды. Осы кезге дейін дауасы табылмаған сатқындық туралы, адам бойындағы ең жек

көрінішті қасиетті ақын осылайша өз жырына арқау етті.



«Жайықпен жүздесу» өлеңі оқылады. Оқитын: 8 «а» сынып оқушысы Есмұқан Айжан.

2– жүргізуші: Мухтар Шаханов как выдающийся поэт современности, стоит на видном универсальном уровне. Он представляет собой совершенно светскую, просвещенную форму гуманизма, в которой соединены Восток и Запад. Именно такой формой является поэма Шаханова «Заблуждение цивилизации» - поэма-эпопея нравственных тревог за будущее человечества.

Как отзывается о поэме Евгений Евтушенко: «Заблуждение цивилизации» Мухтара Шаханова – поэма эпохальная, щедрая благоразумием и благородством, как его праматерь степь. Это голос Земли, которая сама подняла его в защиту не только просто природы, но, и главное, в защиту человеческой души. Это новый жанр духовной экологии. Книга написана сердцем бывшего тракториста, знающего все шрамы и морщины земли, ее жажду к человеческой ласке, и одновременно рукой выдающегося интеллигента из глубины народа, чья любовь к своим национальным традициям выросла до глобального ощущения земного шара как нашей общей большой Родины».

Поэма была высоко оценена в мире, она переведена на многие языки. В 1999 году состоялась презентация поэмы: «Заблуждение цивилизации» в штаб-квартире ЮНЕСКО в Париже,

Отрывок из поэмы «Заблуждение цивилизации»:«Четыре матери» читают ученицы 7 кл. средней школы №10 Огай Елизавета и Соловьева Мария.



«Төрт ана» өлеңі оқылады . Оқитын: 8 «а» Ракишева Қарлығаш

1 – жүргізуші: М.Шаханов «Желтоқсан оқиғасына» орай азаматтық әрі парасаттылық көрсетті.

Өзі айтқандай: Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,

Ал, біреулер намысы жоқ,жігер, қауқар, қоры жоқ.

Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп

Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,

Тұрған олар аяз сорған қызыл беттің ары боп,

Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.

Мұхтар Шаханов жайлы қандай еңбек жазылса да, Желтоқсан оқиғасы мен ақын Мұхтар есімі қатар айтылары анық. Халық намысы жер етілген сол жылдары Мұхтар Шаханов болмағанда күні бүгінге дейін Желтоқсан оқиғасына қатысты мәселелердің кейбірі, бәлкім, әлі де жабулы қазан күйінде қалар ма еді ?

Желтоқсан оқиғасы Мұхтардың азаматтығының,парасаттылығының, нағыз халық ақыны екендігінің айшықты мезеті болғаны аян.

«Кетабалықтың ерлігі» өленің оқиды . Оқитын: 8 «а» сынып оқушысы Мақсанқызы Данеля.

М.Шаханов – өз әріптестерінің арасында да өте жоғары бағаға ие болған ақын. Ол туралы лебіздерді тындасақ:

Мұхтар Шаханов – өзінің адасқақ дүлей дәуірінің белсенді ар-ожданы. Оны билік тұғырындағылар бағалай қояр мекен? Бірақ мен осындай азаматтың өзіме жақын дос екенін мақтан етемін. - (Расул Гамзатов).

Ол – жаңаша ойлау дүниесінің өрені. Менің пайымдауымша, мұндай өзгеше мән-мазмұнға ие ақын бүгінге дейін күллі Азия әдебиетінде болған жоқ... Нақ осындай заңғар деңгейдегі ақын ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр аралығында бой көрсетуі керек – ақ еді. Ол ақынның Мұхтар Шаханов екені даусыз. –( Шыңғыс Айтматов)

Ақын Олжас Сүлейменовке арналған мына өлең , ақынның достықты қадірлей білетіндігінің айғағы іспеттес.

«Біз әрқашанда біргеміз» өлеңі: оқитын: 8 «б» сынып ..................................................

1 – жүргізуші:Өзендер мен көлдердің

Көлден шалғай шөлдердің,

Биіктер мен алыптардың

Жылулар мен жарықтардың арасын жалғап келген бір ән бар, - деп ақынның өзі жырлағандай, оның көп өлеңіне ән де шығарылған.

Көпшілікке танымал бұл әндердің сөзін жазған М.Шаханов екенін біле бермеуіміз де мүмкін. Бұл әндер: «Айналайын», «Арыс жағасында», «Әке туралы жыр», « Мен саған ғашық едім», «Кешікпей келем деп ең», «Қуаныш вальсі», «Ақ бантик», және тағы басқа көпшілікке танымал әндер.

«Серт» өлеңі. Оқитын: 8 «а» сынып оқушысы Темирханова Жарқынай



2 – жүргізуші: 18 июля 2013 года одному из самых ярких русских поэтов ХХ века Евгению Александровичу Евтушенко исполнилось 80 лет. Родился он в 1933 году в Сибири на маленькой железнодорожной станции Зима Иркутской области недалеко от озера Байкал. Отец его геолог, сам писал стихи и читал сыну наизусть других поэтов. Так мальчик с детства воспринимал красоту и силу поэзии и узнавал творчество поэтов: не только Пушкина и Лермонтова,но и Киплинга и Бернса, Павла Васильева и других. Евтушенко унаследовал от отца поэтическую одаренность.

Стихотворение Евтушенко «Метаморфозы» читают ученицы 7 кл. СШ№10 Карпова Ангелина и Радичко Диана

Евгений Евтушенко начал печататься в 1949 году, в 15 лет первое стихотворение опубликовано в газете «Советский спорт». С 1952 по 1957 г. учился в Литературном институте им. М. Горького. Исключён за поддержку романа Дудинцева «Не хлебом единым». В 1952 году, в 19 лет стал самым молодым членом Союза писателей СССР.

Евтушенко - личность исключительная. Он является одним из самых известных поэтов нашего времени. Известность поэту принесли первая книга «Разведчики грядущего» (1952) и поэма «Станция Зима» (1953), в которых Евтушенко выступил как последователь ораторской традиции В. В. Маяковского: его произведения отличаются публицистической заострённостью. Критика причислила поэта к направлению, именуемому громкой (или эстрадной) лирикой. В 1960-е гг. выходят поэтические сборники «Яблоко» (1960), «Нежность» (1962), «Взмах руки» (1962). Поэт остро чувствует пульс планеты, стремится быть актуальным и современным и одновременно с этим задумывается об извечных ценностях бытия. Он ощущает связь собственной жизни с судьбой России. В стихотворении «Идут белые снеги» (1965) поэт восклицает:

Быть бессмертным не в силе,

Но надежда моя:

Если будет Россия,

Значит, буду и я…

Евтушенко – поэт и человек, страстный и искренний, яркий, скандальный, неудобный. С 1954 года он поднял голос против сталинизма и антисемитизма, защищал опальных коллег, спорил с властью, отстаивал право свободно говорить о том, что происходит. Неоднократно писал письма и телеграммы правительству в защиту многих писателей, а также против войны в Афганистане.

Евгений Евтушенко прославился стихотворной публицистикой. «Для него, как поэта характерно повышенное ощущение повседневности. Он – поэт жизни. Он видит мир в деталях, своими нервными окончаниями он воспринимает физическую сторону бытия».

В действительности же он, прежде всего, лирик. Его основной темой является лирическое, исповедальное исследование собственной души.

Стихотворение: «Старый друг» читает ученик 7 кл. СШ№10 Заяц Дмитрий.

Е.Евтушенко создал целый ряд упоительных, оживленных, навсегда драгоценных стихотворений, многие из них стали песнями. Сейчас прозвучит любимая нами песня из кинофильма «Ирония судьбы, или с легким паром» «Со мною вот что происходит». Написана она в 1957 году и посвящено Белле Ахмадулиной, первой жене поэта. А также песня из кинофильма «И это все о нем» «Ветка ольховая». Желающие могут подпевать.

Булат Окуджава когда-то написал: «Евтушенко – это эпоха». И в этом нет никакого преувеличения: вряд ли найдется на просторах бывшего СССР поэт, который бы выразил себя и свое время с такой исчерпывающей силой. Он – автор более 130 книг, изданных более чем на 70 языках мира. Он – человек многих талантов, и состоялся также как и прозаик, переводчик, сценарист и драматург, актер кино и режиссер. В 1985 году поставил полнометражный художественный фильм «Детский сад» о своем военном детстве. Известность получили сценические выступления Евтушенко: он с успехом читает собственные произведения. Выпустил несколько дисков и аудиокниг в собственном исполнении: «Ягодные места», «Голубь в Сантьяго» и другие.

Евтушенко - великий труженик, ни дня, ни часа не бывает без дела. Он с 1991 года живет на две страны – в США штат Оклахома, где преподает историю русской поэзии в университете города Талса.

И в России, где у него всегда много дел и новых проектов. Он часто возвращается на Родину, чтобы выступить перед почитателями своего таланта. Например, в 2007 году в спорткомплексе «Олимпийский» состоялась премьера рок - оперы «Идут белые снеги», созданная на стихи Евгения Евтушенко композитором Глебом Маем.

Также, каждый год в день своего рождения, он устраивает поэтический вечер в знаменитом Политехническом музее, как в шестидесятые годы ХХ века, когда этот зал был переполнен желающими слушать стихи молодых тогда поэтов Рождественского, Вознесенского, Ахмадулиной, Евтушенко. Их называли «шестидесятниками», то есть людьми, сформировавшимися в 60-е годы ХХ века в пору хрущевской оттепели.

Евгений Евтушенко и сейчас в 80 лет полон планов, творческих сил, ему есть что сказать своим слушателям. Свои стихи он называет исповедями – иногда запоздалыми, но точно не опоздавшими.



1 – жүргізуші: Безбүйрек нарықтың бәсейтіп даңғырын,

Зарланған, қорланған туған тіл тағдырын

Космополит басшылар шешпей ме, шеше ме?

Тіліміз қала бере ме панасыз адамдай көшеде?

Ұлт үшін қазір бұл – Нөмірі бірінші мәселе.

Тіл тағдыры – ұлт тағдыры.



«Тіл мен рух» өлеңін оқу. Оқитын: 8 «б» сынып оқушысы ......................................................................

Құдіретті төрт анамыздың барын бағамдатып, төрт тілек тағанымызды түгендеп берген де Мұхтар Шаханов. Ол өз шығармаларында туған жер құдіреті, ата-баба дәстүрі туралы терең танымдық түйіндер жасайды.



1 – жүргізуші: Мұхтар Шаханов поэзиясы – бұл адамгершілік поэзиясы, бұл – намысты жанитын, рухты оятатын поэзия. Бүгінгі кешімізден соң, ақындар шығармашылығына деген қызығушылықтарыңыз оянса, біздің мақсатымыздың орындалғаны. Кешті М.Шахановтың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

«Өзендер» өлеңі. Оқитын 8 «а» сынып оқушысы Жусупбаева Әсел.

Ән туады мұраттан,

Ой туады сұрақтан,

Небір үлкен өзендер басталады бұлақтан.

Бірақ соның барлығы жете алмайды теңізге,

Жоғалтады өзді-өзін, түседі де көп ізге.

Өмір кейде тым қатал, өмір кейде тұйықтау,

Кей өзеннің жолына бөгет болды биік тау.

Небір асау, асығыс, шулы өзендер ақ тарлан

Ағып-ағып барған да,құмға сіңіп жоқ болған.

Жолсыздық пен жөнсізді жалықты көз көруден,

Құтқар анау өзенді құмға сіңіп өлуден.

Құтқар анау аққуды сол өзеннен жеруден,

Ағын судан зерігіп, шалшық суға сенуден.

Өзен болу – үлкен сың,

Бақыт емес ол да аса

Теңізге ағып баруға мүмкіндігің болмаса.



1 – жүргізуші: Енді осы поэтикалық подиумға орай ұйымдастырылған

«Шаханов пен Евтушенконың достығы» атты электронды кітап көрмесіне көңіл аударыңыздар.



(Кітап көрмесіне шолу жасалады)

1 – жүргізуші: Құрметті поэзияға жаны құмар көрермен, осымен тіл мерекесіне арналған мерекелік іс шарамыз өз мәресіне жетті. Кездескенше сау саламат болыңыздар.

2 – жүргізуші: Дорогие друзья, любители поэзии, на этом наша встреча, посвященная Дню языков народов Казахстана, завершается. Благодарим за внимание. До новых встреч!
Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет