Бөжиг Жанболат
Е.А. Бөкетов атындағы
Орталық Азия көшпенділерінің күрес өнері
Көшпенділердің тұрмыстық, әлументік өмірінде кездесетін той, ойын – сауық түрлері күштілікті, ептілікті, сынайтын сайыстар күрес өнері арқылы өз мәртебесін арттыратын болған. Күрес өнері – ұлттық салт дәстүр мәдениеті мен бірге қалыптасып, қанаттас дамып отырған ажырамас бөлігі.
Күрес өнері біздің жыл санауымыздан бұрын 2000 жыл бұрын қалыптасып дамығандығы, ертедегі Грецияда пентатлонның бір саласы болып дамып, адамның күшін, жылдамдығын, шеберлігін, төзімділігін дамытуға яғни жасақтарды дайындаудың маңызыды құралы болғанын тарихтан белгілі [1].
Ал, Орталық Азияның ұлы даласын сақ тайпалары мекен еткенін білеміз.
Азия елдерін аралап жиһангерлігімен аты шыққан италян саяхатшысы Марко Поло: күрес өнері сақ елінде өркендеп, өсіп, әскери – қолданбалы жаттығудың бір түріне айналғанын және жігіттермер бірге қыздардың да күреске түсетінің айтқан [2]. Біз бұл тарихи шындықтарға сүйене отырып күрес өнері қалыптасу кезеңінен бастап, әскери бағытта дамығандығын, қайсар да батыл, ер жүрек ұл -қыздарды ұлттық рухта тәрибиелеуде маңызды роль атқарғанын аңғарамыз.
Бұған дәлел ретінде: этникалық және фольклорлық шығармаларды, тарихи- этнографиялық тас жазуларды, сол сияқты петрографикалық фрагменттер композициясын айта аламыз. Оларда, сол дәуірдің сайыс өнеріне тән ережелер көрінісі, күштілер мен ептілердің әдіс – айласы туралы құнды мағлұматтар берілген. Көшпенді халықтардың сан ғасырлық ауыз әдебиеті мен жырларындағы палуан, батырлар туралы аңыздар ұлттық өнеріміздің бізге жеткен ерлік мұрасы екенінде дау жоқ. Мысалы: Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Ер – Тарғын, Ер –Төстік, т.б батырлар жырлары мен эпостарындағы аталған батырлардың ерліктері айқын дәлел.
Орталық Азияда өмір сүрген көшпенділер күресінің басты құндылығы – күреске түскенде белдікті (белбеу) пайдалану арқылы ерекше маңызға ие болған. Сондықтан да көне күрестің әдіс тәсілдері – осы белдікті пайдалануға байланысты дамыған. Басқаша айтқанда, күрестің маңызы – күшті дамыту, аяқта нық тұру, тепе – теңдікті сақтау және сайыс үстінде әр түрлі әдіс - тәсілдерді шебер туындатуға негізделген.
Король Кастилий Генрих ІІІ –тің жіберген кісісі Рей Гонзалес Клавдихо: ол даңқты қолбасшы Темірдің сарайында ең күшті палуандардың белбеуден ұстап күрескенін тамашалайды. Бұл 1403-1406 жылдар аралығы екенін ескерсек, белбеуден ұстап күресудің ережесі әлде қайда ертеден бастау алғанына көз жеткіземіз. Темір әміршінің белбеуден ұстап күресуге қатты назар аударып, көз тігіп қарап отыруы тың тарихи жылнаманың мәні біз үшін өте зор. Және атақты, ауыр айқастарда жеңіске жеткен палуандарға алтыннан, күмістен, басқа да бағалы металдардан жасалған сыйлықтар, тарту – таралғылар беріліп отырған [3].
Бұл нағыз дала көшпенділеріне тән – намыс пен рух, өрлік пен серліктің символы іспеттес.
Орта Азия көшпенділерінің күрес түрлері: Қазақша белдесу «Күрес», өзбекше «Куреш», қырғызша және туваша «Күреш», монголша «Ұлттық күрес» (барилдаан), Мұндағы «Күрес» атануының түбіріндегі сәйкестігінің өзі, бір дәстүр бір тектен тарағанын білдіріп тұр.
Жоғарыда аталған күрес түрлерінің күресу ерекшелігіне тоқталар болсақ:
Қырғыздың – Күрешінде үстілеріне ұлттық шапанын киіп белбеу буынып, уақыт есептемей күресіп қай бұрын жауырына жыққаны жеңген болып есептеледі. Аяқпен әдіс қалауынша жасалынады.
Өзбектердің – Курешінде қаусырып тіккен шапанын киіп белбеуін бостау буынады. Палуандар күресерде оң қолдарымен белбеуінің артынан мықтап ұстап, сол қолы әдіс жасауға ынғайлы бос болады. Ұлттық әуенге билеп денелерін қыздырғанан кейін, қарсыласын жеңу үшін жауырынымен жығу керек. Аяқпен әдіс жасауға тиім салынған.
Туваның – Күрешінде палуан киімі өте берік қысқа мықынша киіп, жанын бауы қайыспен байлайды. Арнайы жауырынша киеді де, оның етегі қайыспен байлайды. Мұны «Содок» дейді. Белгілеген уақытсыз күресіп, қарсыласын төрт тағандатқан палуанға жеңіс береді.
Монғолдың ұлттық күресінде ұлттық ерекшеліке сай қызыл және көк сияқты ашық өңнің берік бұлдан тігілген зодог шуудаг (арнайы палуанның екі жауырынын бастыра, екі қолына киетін жауырынша және мықынға киетін шолақ шалбар) киеді. Бүркіт және сұңқардың қозғалысына ұқсап билеп денесін қыздырғанан соң киімінен және денесінің қалаған жерінен ұстап аяқ қолымен қалаған әдісін жасап, бас, шынтақ, тізесі сияқы үш нүктенің бірін тигізсе жеңіске жетеді [4].
Ал, қазақша күресте арнайы шолақ жең шекпен және шалбар киіп, қарсыласын жауырына жығып жеңіске жетеді. Қолы мен аяқтан ұсап әдіс жасауға қатаң тиым салынбаған. Оған дәлел ретінде: 1955 жылы қазақша күреске сегіз салмақ енгізіліп, алғаш рет одан өткізілген жарыс ережесі жарияланды. Алғашқы ресми жарыс ережесінің авторы Мұзафар Рахымқұлов болды. Бұл алғашқы ереженің бойынша күрес әдістері төрт топқа бөлінеді. 1-топ. Бұрау әдістері. 2-топ. Тастау. 3- топ. Шалу. 4-топ. Үйіру әдістерді жатқызған.
Бұрау- тізерлеп бұрау. оңға қарай бұрау, аяқпен шала солға қарай бұрау, аяқпен қаға оңға қарай бұрау, қолмен тізеден қағып солға немесе оңға бұрау.
Қолмен тізеден қағып солға немесе оңға бұрау қазақша күресте қолмен шалу әдісінің қолданғандығын растайды [5].
Бұл аталған орта Азия көшпенділерінің күрес түрлерінің басты ерекшелігі палуандардың күрес киімдеріндегі белбеу болуы және барлығы дерлік жауырынын жерге тигізу арқылы жеңіске жетуінде .
Бүгінгі таңда жүргізіліп отырған спорттық ілімдік және әдістемелік зерттеулер қазіргі әлемдік деңгейдегі күрес түрлері жу – до, еркін күрес, самбо түрлерінің негізгі айла – тәсілдері аталған көшпенділердің күрес өнерінен алынғаны дәлелденуде. Бұл дегеніміз – көшпенділердің жекпе – жек өнерінің әлем спорттының дамуына зор үлес қосты дегенге саяды. Әсіресе белдік пайдаланып күресу бай тәжірибесі ұлы даладан бастау алып, шығыс пен батыс елдеріне танымал сайыс түрін әкеліпті. Аталмыш белдік арқылы белдесудің өзіндік сипаты болған. Ол белге оралған қайыстан ұстап лақтырып тастау немесе тізесі , алақаны жерге тірегенге дейін жалғасқан.
Бұл күрес өз бойына аса епті, қуатты әдіс – тәсілдерді тудырып, іс - әрекеттің кең көлемдік диапазонын сіңірумен қызықты. Сондықтан да адамның көңіл – қуанышын арттыратын, қанын қыздырып, ерлікке, елдікке баулитын қасиеті бар. Біз жоғарыдағы белдіктен күресудің негізін салған халықтың біріміз. Сөйте тұра өте үлкен географиялық ауқымды мекендегендіктен халық арасында ұлттық күрестің тоқтамды бір дағдыланған жүйесі де болмаған. Ал бізге белгілі белдік күресінің элементтері: қоян – қолтық, белме, алма т.б. Сондай-ақ жасы келген қарт адамдар күресуге қолайлы «Тізерлеп күресу», әйелдерге арналған «Қатын күрес» түрлері болғанын білеміз.
Жоғардағы «Қоян – қолтық » күресі белдіктен қос қолмен ұстау арқылы іске аса, «белме» барысында ұстау – ажырасу арқылы жалғасқан [6].
Көшпенділердің күресінің басты қағидасы - әділеттілік. Жеңімпазды тану талапқа сай көп көрерменнің көз алдында анықталған. Жарыс ережесінде кім кімнің күресе беруіне мүмкіндік толық қарастырылып, күрес мезгіл және жер таңдамай өткізілетін таңғаларлық құбылыс.
Орталық Азияны мекен еткен киіз туырлықты қазақ және моңғол халқының ұлттық күрестерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне тоқталар болсақ.
Қазақ халқы «Күш атасын танымас...», «Күшті болсаң күресіп көр» деген халық мақалы бар болса, моңғол жұртында «Ұл болып туғаныңды топ алдында бір рет болса да шешініп билеп шыққаныңнан білеміз» немесе «Тойда үш ауыз өлең айтып, күрескенде үш кісі жықпағанды мақтан тұтпай-ақ қой» деген тәлім сөзінен-ақ палуандар ерлердің абройлы міндеті екенін көруге болады.
Қазақша күресте моңғолдың ұлттық күресі сияқты тізесі мен шынтағы жерге тисе, немесе әлде қандай жағдаймен жығылса, не сүрініп кетсе оны жеңілгенге санамайды.
Моңғолдың ұлттық күресінде үлкен атағы бар палуандарды күрес алдында алуан – алуан әдемі сөз, көтермелеген термелермен тақпақтап көрермен қауымға таныстырады.
Ал, мұндай дәстүр біздің қазақ халықының күрес тарихында да болып келгені белгілі. Мұндай үлгінің бізге келіп жеткен неғұрлым айқын да, ең тұтас түрі Қазақстан даласында болған Сағынбай деген байдың асында арысқа түскен атақты палуандарды қалың жұртшылыққа таныстырып, мақтаған үлгі мынандай екен:
Мынау, мынау, мынау ер, Бұқа мойын, бура сан,
Піл сүйекті бұлан ер. Бұғалық бермес шу асау.
Арыстандай айбынды, Талайлар қорқып бұқан ер,
Жолбарыстай жуан ер. Не нәндерді бөріктей.
Ертіс бойын сіліккен ер, Қағып – сілкіп циркте,
Еділ бойы үріккен ер. Қалаларды құртқан ер.
Ірбіт, Алтай, Мекерже, Алды – артында бірдей ер,
Жәрмеңкеде шыққан ер. Алысқанда дүлей ер.
Алатаудың алыбын, Адамзатқа сырттан ер,
Алып жерге жыққан ер. Қолы құрыш қорғасын.
Қаратаудың алыбын, Алысқаның оңбайсың,
Қағып жерге тыққан ер. Алып жерге тыққан ер.
Аюбайдың асында, Алысқанның көк етін,
Онда он алты жасында. Сықпа құрттай сыққан ер.
Атан жыққан алыпты, Айқасқанның терісін,
Ап жыландай жұтқан ер. Шаранадай жұтқан ер.
Әзіретте әлінің,
Әдіс күшін тұтқан ер...[7].
Бұл дегеніміз апай төс палуандарымызды халық алдында мәртебесін өсіріп қана қоймай рухтандырып отырған.
Бүгінде моңғолдың ұлттық күресінен Моңғол еліннің он дүркін жеңімпазы болған палуанға халық батары атағы беріледі, оған үш палуан ие.
Қазақтың ұлттық күресінің тарихында 1927 жылы Орынбор қаласында өткен КСРО чемпионатында ауыр салмақта бас жүлдені иеленгені үшін, Дене мәдениетімен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін және революциялық қозғалысқа белсене қатысқаны үшін Қазақ Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы Орталық Атқару Комитеті Президиумының 1927 жылы арнайы шешімімен Қажымұқанға «Қазақ даласының батыры» ,-деген құрметті атақ берілген [8].
Мұндай ұқсастықтарға қарамастан монғол ұлтық күресінде палуанға атақ (дан) берілсе, біздің ұлттық күресте әлемдік деңгейдегі күрес түрлеріне тән шеберлік (спорт шебері) атағы беріледі.
Ұлттық күрес сол алғашқы күннен бастап бүгінге дейін атадан балаға мирас болып үзіліссіз жалғасып, өзіне озық өнерлі алып күшті өрендерін дүйім жұрттың алдында әйгілеумен келеді.
Орталық Азия көшпенділернің күрес өнерінің бір саласы қазақша күрестің - үлкен тәрбиелік маңызы, жауынгерлік, шеберлік, ұлттық намысы болумен қатар, көрерменге көтеріңкі көңіл – күй, асқан шабыт сыйлайтын зор құдіреті де болғанын бүгінгі ұрпақ білуге тиіс.
The art of Central Asian nomads wresding
One of the branches of Central Asian nomads wrestling is kazakh national wrestling nowadays the young generation should know that wrestling develops such qualites as courage, skillfulness, national pride and at the same time if elates and inspires spectators.
Искусство борьбы кочевников Средний Азии
Современное поколение должны знать о том, что явление одним из направлении искусств борьбы кочевников Средний Азии казахша курес – народу с важным воспитательным значении, воинственностью, мастерством, национальной гордостью имел силу дарить зрителем повышенное настроение и могущества.
_____________________________________________________
Еркін күрес журнал. Улаан – баатар. 1995 ж. №1 (1).
«Марко Поло», География әдебиетінің мемлекеттік баспасы. Москва. 1955 ж.
Е. Мұхитдинов. Қазақша күрес. Қазақстан баспасы. Алматы. 1984 ж.
Х. Намшир. Еркін күрес. МемБаспа. Улаанбаатар. 1976 ж.
М. Рақымқұлов. Қазақша күрес. ҚазақМембаспасы. Алма- ата. 1957 ж.
Қазақша күрес. “Тұран” баспа үйі. Алматы. 2002 ж.
Моңғолия қазақтарының спорт саңлақтары. Өлгий баспасы. Өлгий. 1989ж.
М. Т. Тәнекеев. Қажымұқан. Білім баспасы. Алматы. 2001 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |