Өсімдіктің өсімді мүшелері. Тамыр. Тамырдың түрөзгерістері. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата24.07.2017
өлшемі1,2 Mb.
#21981
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктің өсімді мүшелері. Тамыр.Тамырдың түрөзгерістері.

Сабақтың мақсаты:



Білімділік: Өсімдіктердің өсімді мүшелеріне жалпы сипаттама беріп, соның бірі – тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсету. Тамырдың түрөзгерісі туралы мағлұмат беру .

Дамытушылық: Пәнге , тақырыпқа байланысты қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: Түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету.
Эпиграф:
Адам білімімен мықты ,

Ағаш тамырымен мықты.


Еске түсіру:

Мүше дегеніміз не?

Өсімдіктің мүшелерін атаңдар?

Тамыр дегеніміз не?

Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді?

Тамыр жүйесі деп нені айтады?

Тамыр бөлімдерін атаңдар?

Тыңайтқыш түрлеріне сипаттама?


Мүше - дегеніміз өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі
Өсімдікте өсімді (вегетативті)және көбею (генеративті) мүшелер болады.

Өсімдіктің өсімді мүшелеріне жатады:

тамыр,

сабақ,

жапырақ.

Тамыр - өсімдіктің жер асты мүшесі.

Қызметі:

А) Су және еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді.

Ә)Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады .

Б)Қоректік заттарды қорға жинайды.

В) Көбеюге қатысады.

Тамырдың шығу тегіне қарай бөлінуі.

Негізгі Қосалқы Жанама


Бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлар жиынтығын тамыр жүйесі деп атаймыз
Негізгі тамыры өте жақсы жетілген.


Мысалы:қауын,асқабақ, асбұршақ,күнбағыс,жоңышқа

Негізгі тамыры болмайды немесе айқын білінбейді.



Арпа, сұлы, бидай,тары, күріш, сарымсақ т.б.

1.-------------------

Қызметі:

---------------------

2.---------------------

Қызметі:

----------------------



Тыңайтқыштар.
Минералдық Органикалық

Жемтамырлар.'>Түрөзгеріс (метаморфоз)дегеніміз - тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайда түрін өзгерту арқылы бейімделуі.

Жемтамырлар.

Емізік тамырлар.

Тіреу тамырлар.

Ауа тамырлар.

Түйнекті тамырлар


Тамырдың түрөзгерістері
Жемтамыр. емізік тамыр. тіреу тамыр . ауа тамыр . түйнекті тамыр
Тамыр түрөзгерістері кездесетін өсімдіктер түрлері.
Жемтамырлар.

Емізік тамырлар.

Тіреу тамырлар.

Ауа тамырлар.

Түйнекті тамырлар

Мақал – мәтелдер
Таста ..... жоқ , тағдыр бар.

Ағаш ......... мықты,

Адам білімімен мықты.

Қырық атан ұстама ,

Қырық ..... ұста.

Сүйек ..... сүйсініп күн көреді,

Ауыз ..... айтып артығын алады.


Тамыр жүйесі


Шашақ тамыр Кіндік тамыр




Сабақты бекіту:


I нұсқа
1.Өсімдіктің вегетативті (өсімді) мүшелері:

а)тамыр ә)гүл б)сабақ в)жеміс г)жапырақ ғ)тұқым



2. Вегетативті мүшелердің тамырлар жүйесі:

а)сабақ ә)тамыр б)жапырақ



3. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:

а)қосалқы ә)жанама б)негізгі



4. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамырлар:

а)жанама тамырлар ә)қосалқы тамырлар



5. Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамырлар:

а)қосалқы тамырлар ә)жанама тамырлар



6. Негізгі тамыры өте жақсы жетілетін тамыр:

а)шашақ тамыр ә)кіндік тамыр б)жем тамыр



7. Негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап түрін өзгертетін тамыр:

а)жем тамыр ә)кіндік тамыр б)шашақ тамыр



8. Жасушалары тірі, сыртқы жағындағы жасушалар топырақтағы кедергілерге үйкеліп, зақымданып, түлеп түсіп орнына жаңа жасушалар түзілетін тамыр бөлімі:

а)тамыр оймақшасы ә) өсу б)бөліну в)сору



9. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болатын тамыр бөлімі:

а)өткізу ә)сору б)бөліну в)өсу



10. Жас жасушалары бөлінбейтін, ұзынынан созылып ұзаратын тамыр бөлімі:

а)сору ә)өсу б)өткізу в)бөліну



11. Қалың түктері бар тамыр бөлімі:

а) өткізу ә)бөліну б)өсу в)сору



12. Су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізетін тамыр бөлімі:

а)өткізу ә)сору б)өсу в)бөліну



13. Кіндік тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер:

а)арпа ә)орамжапырақ б)пияз в)асбұршақ г)қауын ғ)қызанақ



14. Шашақ тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер: а) күріш ә) асқабақ б)жүгері в)бидай г)қоңырбас ғ)қарбыз

II – нұсқа
1. Өсімдіктің вегетативті (өсімді) мүшелері :

а)тұқым ә)жапырақ б)жеміс в)сабақ г)гүл ғ)тамыр



2. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:

а)негізгі ә)жанама б)қосалқы



3. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамыр:

а)қосалқы тамырлар ә)жанама тамырлар



4. Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамыр:

а)жанама тамыр ә)қосалқы тамыр



5. Негізгі тамыры болмайтын, болса да әлсіз келетін тамыр:

а)кіндік тамыр ә)жем тамыр б)шашақ тамыр



6. Тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап, қорғап тұратын тамыр бөлімі:

а)тамыр оймақшасы ә)сору б)өсу в)бөліну



7. Атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан түзілген тамыр бөлімі:

а)өткізу ә)сору б)бөліну в)өсу



8. Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер ететін тамыр бөлімі:

а)бөліну ә)өсу б)сору в)өткізу



9. Топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды соратын тамыр бөлімі:

а) өсу ә)бөліну б)өткізу в)сору



10. Тамыр түктері болмайтын, жанама тамырлары көп тамыр бөлімі:

а)өткізу ә)өсу б)сору в)бөліну



11. Органикалық тыңайтқыштар:

а)қи ә)күл б)қарашірік в)құс саңғырығы г)азот ғ)шымтезек



12. Минералды тыңайтқыштар:

а)шымтезек ә)азот селитрасы б)суперфосфат в)қи г)күл ғ)сүйек ұны



13. Жем тамырлы өсімдіктер:

а)сәбіз ә)қызылша б)орамжапырақ в)картоп г)шомыр ғ)шалқан



14. Түйнек тамырлы өсімдіктер:

а)орхидея ә)нарғызгүл б)кипарис в)батат г)шырыш ғ)таушымылдық





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет