Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі ұғымдарын түсіндіру.
Тақырып:
7 класс
Сабақ мақсаттары:
жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі
ұғымдарын түсіндіру
Өсімдік және жануар ұлпаларының жүйеленуі.
Бағалау критерийлері
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі ұғымдарына анықтама береді;
Өсімдік және жануар ұлпаларын классифициялайды;
Жануарлардың мүшелер жүйесінің сызба нұсқаларын құрастырады;
Мүшелер жүйесіндегі мүшелерді дұрыс анықтайды;
глоссарий
клетки- cells-жасуша
ткани- tissues-ұлпалар
органы- organs-мүшелер
системы органов- organ systems-мүшелер жүйелері
клетки животных- animal cells-жануар жасушалары
ткани животных- animal tissue-жануар ұлпалары
соединительная- connective-дәнекер
мышечная- muscle-бұлшықет
эпителиальная- epithelial-эпителиальды
нервная- nerve-жүйке
Тапсырма № 1 Пазлдарды құрастырыңдар
Жасуша -
Ұлпа -
Мүше -
Мүшелер жүйесі -
Ағза -
Жауаптарды тексеріңдер
Жасуша – тірі ағзалардың құрылымының ең қарапайым бірлігі
Ұлпа — шығу тегі, құрылысы және ағзадағы атқаратын қызметі бір бірімен байланысты жасушалар тобы.
Мүше — өзіне тән пішіні мен құрылысы және организмде алатын орны бар, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген, бір бірімен заңды түрде өзара байланысқан түрлі ұлпалардан құралған ағзаның бір бөлігі.
Мүшелер жүйесі – құрылысы ұқсас , шығу тегі мен дамуы біркелкі және белгілі бір қызметтері атқаруға маманданған мүшелер тобы.
Ағза – белгілі ортаға өз бетімен тіршілік етуге бейімделген, тұқым қуалаушылық қасиеттеріне сәйкес өзіне тән құрылысы мен даму ерекшелігі бар,тірі және тарихи қалыптасқан біртұтас жүйе.