Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қостанай дарыны» өңірлік-ғылыми



Дата08.02.2022
өлшемі106,71 Kb.
#117220
Байланысты:
Мақала



Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы
«ҚОСТАНАЙ ДАРЫНЫ» өңірлік-ғылыми
практикалық орталығының әдіскері
Айдарбекова Алтын Каиржановна.
Дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицейі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары
Бексултанова Раушан Каиржановна.
Қазақ тілін дамытудағы өзекті ойлар


Тіл – тәуелсіздіктің дәлелі. Тіл және егемендік бір мағына. Тілсіз- тәуелсіздік, егемендіксіз - тіл болмайтыны анық. Тіл - тәуелсіздіктің мықты тірегі, ынтымақ пен бірліктің шайқалмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болғанына ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тіл болып - қазақ тілі жарияланды. Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы - қазақ тілінде», - деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-қуатымызды аямай, еңбек ету ғана қалды. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы - біз, яғни, қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз - қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ [1]
Демек, әр мемлекеттік ұйым өзінің саласына қатысты тіл дамыту жоспарын жүзеге асырудың сапасы мен соңғы нәтижесін көруді мақсат етуі керек. Осының негізінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «ҚОСТАНАЙ ДАРЫНЫ» өңірлік-ғылыми практикалық орталығы тілді қолдау бағыты бойынша өзінің жүйелі жұмысын жыл сайын жүзеге асырады.
Яғни, үнемі қазақ тілінің мәртебесін асқақтату, оны насихаттау арқылы оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруда.
«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілінің олимпиадасы. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қорының қолдауымен өткізілетін бұл олимпиаданың мақсаты айқын. Мазмұны терең. Тәжірибесі мол. Жүлдегерлерге берер мүмкіндігі зор. Уақытпен санасу арқылы заманауи үлгіде қайта жаңғырған олимпиада. Қазақстан Республикасы бойынша қазақ тілінің олимпиадасын еліміздің 25 жылдық мерейтойына орай халықаралық деңгейде мәртебесін асқақтатқан жалғыз қазақ тілінің олимпиадасы болып табылады. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар қазақ тілінде өз өнерлерін паш ету арқылы тілімізді әлемге мойындатқандай болды емес пе?!
Қостанай облысының Әулиекөл, Аманкелді, Арқалық, Қостанай аудандарының түлектері осы олимпиаданың республикалық деңгейіне жолдама алып, жүлдегер атанып, еліміздің белді жоғары оқу орнының студенттері атанды. Жақсы ортаға түсу арқылы өздерінің болашақтарын жарқын етерлері сөзсіз. Жалпы, осындай керемет үлгіні көре отыра, Қостанай қаласында орналасқан А.Байтұрсынов және Ө.Сұлтанғазин атындағы университеттері мен Қостанай, Рудный қаласындағы педагогикалық колледждеріне де үндеу саламын. Бірінші, тіпті екінші,үшінші орындарға ие болған талантты әрі дарынды оқушыларға өзіміз болып қолдау жасауды қолға алатын кез келген сияқты.
«Тіл шамшырақтары» облыстық қазақ тілінің байқауы. Өзге ұлт өкілдері үшін арналған олимпиада болып табылады. Жыл сайын, көріп отырғанымыздай, осы сайысқа қатысушылар облыстық пәндік олимпиадаға да қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Яғни, олимпиадашылар резервінің мықты бір баспалдағы іспеттес. Алдағы уақытта да өзінің жалғасын табатынына сенім білдіреміз. Мақаланың орайын пайдаланып мынадай бір тамаша ойыммен бөліскім келеді. «Тіл шамшырақтары» сайысының жүлдегерлерін қомақты марапаттау үшін облысымыздың мамандандырылған мектептері бір-екі гранттан ұсынса... Міне, сол кезде ауылдық, қалалық оқушылар мен ата-аналарына үлкен қызығушылық тудыратындығымыз анық.
Құрметті әріптестер, ана тілімізді күнделікті өмірде қолдануға машықтандырудан жалықпайық! Өзімізден бастайық. Заманауи білім беру технологияларын қолдану арқылы бір қадам алда болуымыз шарт.
Бүгінгі күні Қостанай қаласында орналасқан облысымыздың қара шаңырағы Ыбырай атамыздың мектебі ұлттық мұраны барынша дәріптеу арқылы бізге үлгі көрсетуде. Қазақ тілі пәні мұғалімдерінің сапалық құрамы жүз пайызды құрайды. Шәкірттерінің бойына рух пен ұлтжандылықты дарытуда.
БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты төрт тілді меңгертумен қатар «Құндылыққа негізделген мектеп» атты тамаша жобамен жұмыс жасауды бастап кетті. Мына ақпарат тасқыны заманында, технологияның қарыштап дамыған уақытында, тез өзгермелі қоғамда, санасуды қажет ететін заман талабында, жан-жақты бәсекенің көлеңкесінде адами, рухани қасиеттен жұрдай қалмас үшін қарастырлған керемет еңбек.
Осы күнге дейін «Озат» мектебі орыс тілінде оқытатын мектеп болып саналса, бүгінгі күні аралас сыныптарды ашуы үлкен қадамның белгісі болып саналады. Елбасының мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүзеге асырылған, рухани жаңғыруымыздың айқын көрінісі осы ғой. Демек, құндылықтың негізінде ұлттық мұрамыз бен ана тілімізге деген көзқарастың қайта жаңғыруы ғажап емес.
Істеріне сәттілік тілей отыра, еңбектерінің жемісін көруді жазсын.
Жоғарыда аталған мектептер, әрине мамандандырылған, оның үстіне қалада орналасқан мектептер болғандықтан жұмыс жасау ауылдық жермен салыстырғанда айырмашылығы жер мен көктей екені сөзсіз.
Ізденген басшы, жетекші, ұстазбен тәжірибе бөлісуге, өзара кеңесуге қашан да осы мектептердің ынта білдіретіндіктеріне сенеміз.
Республикамыздың «Білім беру саласының Үздігі», беделді ұстаз, қазақ тілінің мықты әдіскері, бүгінгі күні зейнеткер - Бакитжанова Кабира Омарқызының тындырған еңбектерін көргеніме қуанамын.
Себебі, әр қадамы мен айтар ойы тек қана қазақ тілінің жарқын болашағына қосатын үлесті үнемі есінен шығарған емес. Сондықтан да, қазақ тілі пәнінің мұғалімі ретінде мемлекеттік тілді дамыту мәселесіне «біз» болып жауапкершілікті еріксіз мойнымызға алуды парыз деп білуіміз керек.
Өйткені, әлі қынжылтатын мәселелер аз емес. Әсіресе, жоғарыдан шығатын заң тілі, кеңселердегі аудармашылар, қоғамдағы тілдік қарым-қатынастың үлесі т.б. Кей кезде, бір әндегідей «ауылға кеткім кеп тұрады» демекші, неге олай болды, қашан болады екен??? сияқты сұрақтар тек өзімізге ғана түсінікті.
Бұған жауап ретінде ақын Оразақын Асқардың мына бір өлең жолдарын алар едім:
«Ана тілінде ата-баба сыры бар,
Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.
Өсе келе құстың тілін білсең де,
Ана тілсіз оның қандай құны бар».
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – дейді Қадыр ақын. Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен дейді.
Өзгенің құлы емес өз еліміздің ұл – қызы болайық, өзгенің емес,өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық!



  1. https://tilalemi.kz/article/589

  2. https://anatili.kazgazeta.kz/news/4983

  3. https://stan.kz/poyeziya-alyby-kadyr-myrza-alinin-omiri


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет