Освальд арнольд готтфрид



Дата09.04.2020
өлшемі17,33 Kb.
#62028
Байланысты:
ОСВАЛЬД АРНОЛЬД ГОТТФРИД ШПЕНГЛЕР
Философия идентичности, ДУХОВНАЯ СФЕРА ОБЩЕСТВЕННОЙ ЖИЗНИ. КУЛЬТУРА, Әлеуметтік философия., Сабақ жоспар 1
 ОСВАЛЬД АРНОЛЬД ГОТТФРИД  ШПЕНГЛЕР  
 (29 мамыр 1880ж., Бланкенбург, Германия  8 мамыр 1936ж., Мюнхен, Германия)   — неміс философы, өмір философиясының  өкілі,  қазіргі  мәдениет
философиясының  негізін  қалаушылардың бірі.   

Философиялық көзқарастары: 

            Ол мәдениетті біртұтас жалпыадамзаттық деп  емес, жеке  мәдениеттерге бөліп  қарастырған (мысырлық, үнділік, вавилондық, 

қытайлық, «аполлондық» (гректік-римдік), «магиялық» (византиялық-арабтық), «фаустық»  (батысевропалық)  және  майя мәдениеті;  орыс-сібір  мәдениетінің  тууы  күтіледі).  Олардың  дамуы  белгілі бір  биологиялық  ырғаққа  бағынады:  олардың  дамуының  негізгі  фазалары: туу және балалық шақ; жастық шақ және жетілу; кәрілік және «құлдырау».   
Философиялық  шығармалары: 

«Европаның  күйреуі»  (1918-1922),  «Торығу»  (Писсимизм)  (1921),  «Адам 

және техника» (1931), «Пруссачество и социализм» және т.б.  
Философиялық афоризмдері: 

 Адалдық  танытып,  ежелгі  ойшылдарды  сөзінен  ұстап  көрейікші:  егер 



өз  қажетімізге  жарата  алмасақ  Гераклиттің,  Демокриттің,  Платонның 

бірде-бір сөзі біз үшін ақиқат бола алмайды. 

 Ежелгі  дәуірлерде  көрегендердің  рөлін  әйелдер  ойнағаны  –  олардың 



бойында  болашақ  болжап  білер  қасиеттің  артық  болғанымен  емес, 

мәселе – олардың өздері сол болашаққа айналғанында. 

 Жадағай адамның аузынан шыққан жақсы сөздің өзі құнға тұрмайды. 



 Алғашқы адамдар үшін «уақыт» деген – мүлдем мән-мағынасыз сөз. 

 Нағыз  ойшыл  үшін  толық  дұрыс  немесе  толық  теріс  көзқарас  деген 



болмайды. 

  Басқа адамдар үшін басқа ақиқаттар бар. Ойшыл үшін олардың бәрінде 



мағына бір немесе ешқайсысында да мағына жоқ. 

 Теоретиктердің  ең  үлкен  қатесі  –  олар  өздерінің  орны  ұлы  оқиғалар 



керуенінің ішінде емес, оқшау тұрған биік шың басында деп ойлайды. 

  Бала тілі шықпай жатып-ақ сөйлей бастайды. 



 Біз тірі организмнің қиындықтан құтылу, жеңіске жету, жоққа шығару 



және, тіпті, тіршілікті жою кездеріндегі күйін –дін деп атаймыз. 

 Римдіктер тіпті де әлемді жаулап алған емес: олар тек кез-келген үшін 



дайын олжа күйінде жатқанға ие бола кетті. 

380  


 Тілден  оқ  бойы  озық  тұрған  ең  таза  рәміз  –  кешқұрым  өз  үйінің 



алдында шүйіркелесіп отырған шаруа қарттар жұбы. 

  Өлі  формаларды  түсіну  құралы  –  математика  заңдары.  Тірі 



формалардың есін жиғызатын құрал –салыстыру. 

 Теоретиктер ойлап шығарған мемлекет қана әлдебір жүйе құрайды



 Сөз  тілінде  өтірік  айтушы  адам  –  онысын,  оған  өзі  мән  бермесе  де, 

ишарат тілінде де сездіріп қояды. 

  Дәлелдеуді үйренген адам  енді ештеңеден де қорықпайды. 



 Тағдыр  идеясы  ғылыми  тәжірибие  емес,  өмірлік  тәжірибиені  қажет 

етеді, ақылды теңдікті қажет етеді. 

 Барлық  нәсілдердің  зиялы  жүздері  бір-біріне  ұқсас  келеді:  оларда 



нәсілдің өзі кейінгі қатарға шығып қалады.  

  Ақыл  ойлап    шығарған  әрбір  жаңа  ақиқат  –  ескі,  бұрынғы  бар  нәрсе 



туралы сыни пікірден басқа ештеңе де емес. 

 Әр  тіршілік  иесі  басқа  тіршілік  иесі  мен  оның  тағдырын  өзімен,  өз 



тағдырымен салыстырмалы түрде ғана қабылдайды. 

  Мәдениет адамдары – түйсіксіз, дерекке сүйенетін адамдар – түйсікпен 



өмір сүреді. 

  Әдебиет:  


1.  Емельянов-Лукьянчиков М. А. Иерархия радуги. «Рус.мир», -М: 2008.   
2.  Румянцева Т.Г. Шпенглер // История философии: Энциклопедия.  
Интерпрессервис; Книжный Дом. –Мн.: 2002. — 1376 с.  
3.  Шаймерденұлы  Е.  Ақиқат  айнасы  (Философиялық  афоризмдер)  
/Анықтамалық: Освальд Шпенглер. «Өлке», –Алматы: 2004. 122б.  
4.  Освальд Шпенглер. Закат Европы. Очерки морфологии мировой  
истории. Том 2: Всемирно-исторические перспективы./ Перевод с  
немецкого и примечания Маханькова И.И. «Мысль», -Москва: 1998.    

381  

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет