Отбасында мүмкіндігі шектеулі



Дата03.06.2020
өлшемі28,03 Kb.
#72241
Байланысты:
Отбасында мүмкіндігі шектеулі баланың дүниеге келу мәселесі


Отбасында мүмкіндігі шектеулі баланың дүниеге келу мәселесі

Нұртуған Дана

Сурдо 2

Әр ата-ана бауыр еті-баласының дені сау болып туып, қатарынан кем қалмай өсуін тілейді. Ал балалардың өмірге мүгедек болып келуі кімкімге де ауыр соққы. Осыдан болып шаңырағы шайқалған талай отбасы бар. Мұндайда көбіне әке шіркіндер бойларын ала қашып, аналар тағдыр тауқыметін жалғыз арқалайды. Баласы қандай күйге душар болса да жүрегі езіліп тұратын қайран ана жүрегі-ай дейсің мұндайда. Хафиза Нығметқызы ашқан «Сәби» қоғамдық қорына тіркелген 70-тен астам ананың басым көпшілігі жалғызбасты  әйелдер.  Олардың  балаларына қойылған диагноз да жан дүниеңді езілтеді: Даун синдромы, аутизм, психикалық дамудың тежелуі, церебралды сал ауруы, басқа да неврологиялық сырқаттар. Дерттің ауыр түріне шалдыққан өскіндердің көпшілігі арбаға таңылған, өздігінен қозғалып жүре алмайды, сөйлеу, есту қабілеттері нашар дамыған. Балалардың кішкентай кезінде тағы ештеңе емес. Өскен сайын оларды көтеру, алып жүру жалғызбасты аналарға қияметтің қиыны. Бейкүнә баласының дертпен жалғыз арпалысып, өзімен-өзі өгейлік күйін кешуі – анасының жанын жегідей жейтіні тағы бар. Осындай психологиялық-моральдық соққыға қарамастан байғұс әйелдер үміттерін үзбей, балаларын оңалту қамымен қандай ауыртпалыққа да төтеп беруге бар.«Сәби» мүгедек баллардың аналары» қоғамдық қорының   басты  тілегі балаларын оңалтуға септігін тигізетін орталық құру.

Мүгедек балалардың ата-аналары көптеген әлеуметтік проблемалармен бетпе-бет келеді. Олардың ішінде әсіресе,мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытатын білім мекемелерінің тапшылығы күрделі мәселе болып тұр.Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылардың көпшілігі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар.Олардың қоғамдық орындарға, мәдени іс-шараларға баруға мүмкіндіктері аз.Сондықтан мұң-мұқтажы бір ата-аналардың басын қосып, балаларын дамытуға жағдай жасайтын орталық аса қажет.Әрине,Астана қаласында мамандандырылған түзету білім, денсаулық ұйыдары бар.Тіпті тiрекқимыл аппараты функцияларының бұзылуынан болатын церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған еліміз бойынша жалғыз балабақша да елордада ашылған.Бірақ бұл мекемелер Астанадай үлкен қалаға аздық етеді. Елордада кәмелеттік жасқа толмаған 2050 мүгедек бала ресми тіркелген десек, соның басым көпшілігі үйде отыр төрт қабырғаға қамалып.2005 жылы ашылған қоғамдық қордың белсенділері мүгедек балаларды қоғамға бейімдейтін, қимыл-қозғалысын дамытатын оңалту орталығын өздері-ақ ашуға  әзір.  Тек  лайықты  ғимарат  таппай жүр.

«Бізге арнайы орын берілсе болғаны, қалғанын өзіміз-ақ реттеп алар едік. Орталыққа қажетті құрал-жабдықтарды да таба аламыз. Түрлі үйірмелер ашуға да мүмкіндігіміз бар», – дейді қоғамдық қордың директоры.

Мүгедек балалардың уақытша немесе тұрақты мекендеуіне арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер бар. Ол жерге интеллектісі сақталған, сүйену-жылжу аппаратының қызметі бұзылған, тұрақты түрде басқа бір адамның көмегіне және медициналық қызметке зәру 4 пен 18 жас аралығындағы төмендегідей сырқатпен ауыратын мүгедек балалар орналасуы мүмкін:



  • әртүрлі этиологиядағы мидың сал ауруы;

  • полиомиелит салдарынан кейінгі қалыпқа келтіру және резидуальді кезең;

  • сүйену-жылжу аппаратының әртүрлі туа және кейін пайда болған деформациялары;

  • артрогриппозом;

  • хондродистрофией;

  • тұқым қуалайтын дегенеративті және жүйке-бұлшық ет аурулары.

Мүгедек баланы сауықтыру орталығына орналастыру үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барып, келесі құжаттарды тапсырыңыз:1.Баланың ата-анасының(заңды өкілдерінің)белгіленген үлгідегі өтініші.2.Өкілетті органның (медициналық мекеменің) мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеге әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау жолдамасы:

  • туу туралы куәлік немесе жеке куәлік;

  • СТН;

  • ӘЖК;

  • мүгедектігі туралы анықтама көшірмесі;

  • медициналық карта;

  • психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысы;

  • амбулаториялық картадан үзінді;

  • жеке сауықтыру бағдарламасының көшірмесі.

Балаларды МӘМ-нен шығару:

  • баланың ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші; – кәмелеттік жасқа толғанда;

Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне қарайтын, оңалту орталықтары бар, онда әр түрлі аурулармен; тірек-қимыл және эндокринологиялық жүйелер ауруларымен ауыратын балаларды 20-27 күн аралығында оңалту курстарын өтеді.Орталыққа орналасуға қажетті құжаттардың тізімі, оңалту шараларын өткізуге қарсы көрсеткіштер барлық аймақтардың емдеу органдарында бар.

Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың мәселелерін шешу және әлеуметтік жағдайын жақсарту мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі.2008 жылдың аяғында Қазақстан мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтары туралы Халықаралық Конвенцияға қосылды.

Бүгінгі күні Алматы қаласында 34,7 мың мүгедектер, оның ішінде 3276 мүгедек балалар тұрып жатыр.Бұл бүкіл мемлекет бойынша мүгедектер санының 7,2 пайызын құрайды.Осы адамдарды әлеуметтік қорғау шаралары «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асады.

Жеке тұтынушылықты есепке алғанда мүгедектер протезді-ортопедиялық көмекпен, сурдо, тифлотехникалық құралдармен, санаторлықкурорттық сауығумен, есту протездеулерімен, кресло-арбалармен, міндетті гигениялық құралдармен, ымдау тілімен қызмет көрсететін мамандармен қамтамасыз етіледі.Қалада психикалық аурумен ауыратын мүгедектер үшін екі медициналық әлеуметтік мекеме, 15 әлеуметтік бөлімдер және екі мүгедектерді сауықтыру орталықтары жұмыс жасайды.2009 жылдан бастап «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңын жүзеге асыру шеңберінде кемтар балаларға және 18 жастан асқан адамдарға үйде және күндізгі бөлімдерде әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Қызметтер мемлекеттік сектор және де үкіметтік емес ұйымдар арқылы ұсынылады.



Мүгедек балаларды тәрбиелеп және үйде оқытып отырған отбасыларына көмек көрсету мақсатында жергілікті бюджеттен тоқсан сайын жәрдемақы төленеді. Жан басына шаққанда орташа табыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй және біржолғы материалдық жәрдемақы жасалынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет