Делдал саған қарайтын емес, сөйлесу үшін де кезекке тұрады екенсің. Сасқанымнан келіншегіме қарадым, маған жаны ашыған



Дата18.12.2023
өлшемі14,82 Kb.
#197548
Байланысты:
f604badb8133bd0


***
Құмырсқаның илеуінше қайнаған жетім бұрыштан бізге лайық пәтер табылмады. Табылмады емес, табылды-ау, әкесінің құнын сұрайды, тіпті делдал саған қарайтын емес, сөйлесу үшін де кезекке тұрады екенсің.
***
Сасқанымнан келіншегіме қарадым, маған жаны ашыған болу керек, естісе де, естімеген боп тұр. Аппақ бетінің ұшына аздап қан шапши қалыпты, көзінен мұң байқалады, қасынан алыс тұруға тырысып, тағы бір маклерге қарай жүгірдім.
***
— Қожайынмен бірге тұрмайтынымыз қандай жақсы болды, – деді келіншегім жол-жөнекей құлағыма сыбырлап, бұрынғы жәбір-жапаны ұмытқан адамдай өте көңілді, жымың-жымың етеді, еріксіз жымиып күлген болдым.
Қолым дірілдеп, ішімнен иманымды үйіре түсіп, телефон құлағын бұрадым. Ар жағынан ер адамның барылдаған жуан дауысы шықты.
***
— Не деген опасыз адам еді,– дейді келіншегім дауысы дірілдеп.
Жұлым-жұлымы шыққан маршрутканың ішіне есіктен ытқып шығардай сығылып әрең сыйдық та, қонақтаған тауықтай бір-бір аяғымызды көтеріп тұра қалдық. Маршрутка қиралаңдап жетім бұрышқа қарай тартып келеді. Ойым әлгі алдамшы әйелді тауып алып, сазайын тарттыру.
***
Айнадай жарқыраған жап-жаңа үйдің қарсы алдындағы тозығы жеткен үлкен үйдің іші жын сасыған қараңғы дәліз екен. Артынан еріп келеміз. Таусылып болмайтын бұрылмасы көп дәліздің түбіне барып, бір-ақ тірелдік. Ең соңғы бөлме, ең соңғы үмітім. Көзім сәл үйірлескендей болды. Қоян екеш қоян да інін дәл бұлай қаза алмас-ау, сірә?!
***
— Қоныс жайлы болсын,– деген дауысқа жалт қарасам, ақ күмістей ұзын сақалы кеудесін жапқан қария қарап тұр екен, қапелімде сасқалақтап қалдым.
— Бірге болсын, ата,– деппін.
— Е-е, балам менсінбей тұрсың-ау, ә! «Ер жігіт бір терінің ішінде неше арып, неше семіреді». Біз де жүрміз ғой! – деді солқ-солқ күліп. Осы арада қожайын әйел килігіп кетті.
***
Қырсықтың көкесін жатарда көрдік, екі адам еркін айнала алмайтын куықтай бөлме, ермек етерлік дәнеңе жоқ. Жалғыз шырақты жағып-сөндіру құқы бізден бұрын келгендіктен көршімізде болды. Сол себепті жарықты сөндіруге бата алмадық. Ерте ұйықтайын десек, біреу-міреу қыртыстың саңлауларынан сығалап тұрған секілденді де, киімімізді шешуден арландық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет