Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың



Дата07.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#94124
Байланысты:
Ассирия

Ассирия

Ассирия" — біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың бас кезінде Тигр өзенінің орта ағысы тұсында (қазіргі Ирак аумағы) құрылған ірі мемлекет. Ассирияның болашақ астанасы Ашшур қаласы маңызды сауда жолдарының бойында орналасты. Біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырда осы қала басшылары көрші территорияларды жаулап алып, Ассирия мемлекетінің негізін қалады. Көп ұзамай Вавилон ықпалына түскенімен, ол әлсірей бастаған уақытта қайтадан тәуелсіздікке қолы жетті. Біздің заманымыздан бұрынғы 14 ғасырда Митанияны жаулап алып, қуатты мемлекетке айналды. Хет патшалығы құлағаннан кейін Ассирия билеушісі Тиглатпаласар І (біздің заманымыздан бұрынғы 1115 – 1077) бірнеше сәтті жорықтар нәтижесінде мемлекет шекарасын Вавилоннан Мысырға дейін кеңітті. Бірақ Арабиядан келген арамейлердің шапқыншылығына ұшырағандықтан бір жарым ғасыр бойы құлдырау кезеңін бастан кешірді. Тек біздің заманымыздан бұрынғы 10 – 9 ғасырларда ғана мемлекеттің жағдайы тұрақтанып, күш-қуаты арта түсті. Тиглатпасар ІІІ билігі кезінде Вавилон жаулап алынып (біздің заманымыздан бұрынғы 729 ж), империя шекарасы Жерорта теңізінің жағалауына дейін жетті.

Ассирия туралы Пайғамбар Наум: «Ниневия тоналды! Оны кім есіркеп, жұбатады?» деп айтқан қаланы табуға үміттенген еуропалықтар оны ұзақ жылдар бойы тер төгіп іздестірді. Өз заманында қатыгездігімен аты шыққан Ассирия мемлекетінің эскерлеріне қанды қырғын са-лып, тас-талқан ете жеңген мидиялықтар мен вавилондықтар оның астанасы Ниневияны б.д.д. 612 жылы қиратып, отқа ораған еді. Міне, ұрпақтар жадынан өшірілген, қарғысқа ұшыраған осы Ниневия Жаңа дэуірдегі еуропалықтар үшін аңызға айналды.

Ежелгі Ашшур қала-мемлекетінде б.д.д. 2000 жыл шамасында Ашшур қүдайға арнап ғибадатхана түрғызылып, қала қорған қабырғалармен қоршалған еді. Ассирия мемлекетінің шығу тарихы осы оқиғадан өз бастауын алады. Б.д.д XVI ғ. дейін Ассирия мемлекеті «Алум Ашшур», яғни Ашшур қаласы, қауымдастығы деп аталады. Ашшур-убалит (б.д.д. XIV ғ.) патша кезінде бүрынғы «Алум Ашшур» Ассирия патшалығы атауына ие болады.

I Тиглатпалассар (б.д.д. 1114-1076 жж.) билігі кезінде қүдіретті мемлекетке айналған Ассирия күтпеген жерден арамейлер шабуылы-на кезігіп, күйзеліске үшырайды. II Ашшурнацирапал (883-859 жж.) және III Салманасар (859-824 жж.) кезінде қайта нығайған Ассирия мемлекеті ерекше белсенділік танытып, кең көлемді басқыншылық соғыстарын жүргізеді. Нэтижесінде Таяу Шығыс елдерінің басым бөлігі, үлкен аймақты мекендеген көптеген халық бағындырылады. Бағынышты елдерді үстап түру қиынға түседі. II Ашшурнацирапал патша кезінде сол елдердің бөлініп кетуіне қатаң тыйым салына-ды. Өзінің шектен тыс қаталдығымен аты шыққан патша теңдікке, тэуелсіздікке ұмтылған, бағынбау нышанын білдірген халықты қырып-жойып, басып өткен жерін қуаң далаға айналдырады.

II Ашшурнацирапал сарайының қираған орнында жүргізілген қазба жүмыстары салтанат залдарының қабырғалары соғыс көріністерімен, діни рэсімдермен, эртүрлі өрнекпен, жазумен, бедерлі суреттермен (барельеф) безендірілгенін көрсетті. «Ботани-ка» бағы, ағаштың сирек кездесетін түрлері, хайуантхана орнының қалдықтары табылды. Сонымен қоса, ғибадатханалар жэне басқа да мықты қамалмен қоршалған сарай қүрылыстарының орны қоймалар, әскерилерге арналған қару-жарақ бөлмелері, сап түзейтін алаң орындары анықталды.

Ашшурбанипал (шамамен біздің заманымыздан бұрын 689 — 633) — Ассирия патшасы (біздің заманымыздан бұрын 669 — 33). Өз иелігінің бірлігін сақтап, терр-н кеңейту үшін басқа елдермен үздіксіз әскери және дипломатиялық күрес жүргізіп отырған. Ол 648 жылы Вавилонды жаулап алып, біртіндеп оның жақтастарын талқандады. Мысырды, Эламды (біздің заманымыздан бұрын 639 ж.) бағындырды. Сирия мен Финикияда үстемдігін сақтауға көп күш жұмсаған. Ашшурбанипал билік еткен дәуірде мемлекетте жазба әдебиеті, өнер, жалпы мәдениет жақсы дамыған. 1849 — 54 жылы археологтар Ассирияның орталығы болған Ниневи (қазіргі Куюнджик) қаласыныңорнын зерттеп, ескі кітапхананың қалдығын тапты. Шумер және вавилон-ассирия тілдерінде сына жазулар жазылған, күйдірілген саздан жасаған 20 мыңнан астам тақта табылды. кітапханада көркем әдебиет туындылары, ғылыми, діни, тарихи еңбектер және іс жүргізу құжаттары болған. Олар Ашшурбанипал дәуірінде Месопатамия мемлекеті мәдениетінің жоғары деңгейде болғандығын көрсетеді және оның тарихын зерттеуде өте құнды деректер болып табылады.

Ассириялықтардың ерекше соғыс қарулары: Қамал бұзатын бөрене, Үрленген торсықтарды пайдалану, Күтпеген жерден, тез соққы бере білу.

Ассирия әскері бірнеше жауынгерлік түрге бөлінді. Саны көп жаяу әскерлер жеңіл жэне ауыр қару-жарақтылар боп ажыратылды. Ауыр қарулы жауынгерлер — найза, семсермен, ал жеңіл қарулылар садақ, сақпанмен тас атқылап соғысты. Деректер атты әскерлердің б.д.д. IX ғасыр соңынан пайдаланыла бастағанын көрсетеді. Бүл да ауыр жэне жеңіл қаруланған деп бөлінген. Жаяу әскерлер мен соғыс күймелерін пайдалану тиімсіз болған кезде (жау қатарын бүзуға, қашқан жауды қууға, қүмды жерде, кең жазықта) бүлар пайдаланылған.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет