1.Тері Терінің қабаттары.Морфологиялық ерекшеліктері
2.Терінің функциялары.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Тері және оның өсінділері.
Тері және оның өсінділері.
тері беткейі ересектермен салыстырғанда үлкен болып саналады. Неғұрлым бала жас болса, соғұрлым 1 кг. дене салмағына тері бетінің ауданы үлкен болып келеді.
Баланың жасына қарай 1кг. дене салмағына тері бетінің сәйкестіктері: ол нәрестелерде–704 см, бір жастағы балада-528 см. 6 жасар мектеп жасына дейінгі балада-423 см, 15 жасар жасөспірімде–378 см және ересектерде–221 см.
Бұл ерекшелік, үлкендерге қарағанда балалар организмінің көп жылу жоғалтатынын көрсетеді.
Өмір бойында тер бездерінің саны өзгермейді, бірақ секреторлық қызметі мен олардың көлемдері ұлғайып артады. Өмірінің 4-ші аптасында аздап терлеу басталады. Баланың терісі өте жұқа, нәзік барқыт тәріздес болып келеді.
Тері 2 қабаттан тұрады: эпидермис, дерма. Эпидермистің негізгі 3 қабаты бар-негізгі, түйіршікті, мүйізгекті. Терінің қосалқы мүшелері–шаш, тырнақ, май және тері бездері.
Төменгі қабат - гиподерма немесе теріасты шел май қабаты
Балалардың терісінің құрылысы:
Балалардың терісі ересек адамдардың терісі сияқты мына қабаттардан тұрады – эпидермис, дерма, тері асты шел май қабаты (гиподерма).
Эпидермис- ерінің беткі қабаты. Эпидермистің жасушалары 5 қабаттан тұрады. Бірақ эпидермис балаларда ересекетерге қарағанда жұқа. Ал жаңадан туылған нәрестелерде ең жоғарғы (мүйізденген) қабаты бір-бірімен әлсіз байланысқан 2-3қабаттан тұрады, сондықтан нәрестелердің терісі жараланғыш болып келеді.
Мүйізденген қабаты
Май безі
Тер безі
Шаш фолликуласы
шаш
Сонымен қатар, балаларда эпидермис дермамен бос бойланысқан, сондықтан қабыну кезінде немесе басқа да патология кезінде қабаттарға жайлылады, сондай-ақ ересектерге қарағанда инфекцияның жайылуы балаларда тез және жиі жүреді.