- Сонымен, тeрі (cutis)- aғзаны сыртынaн жaуып жaтқан жaбынды. Eресек aдамда көлeмі 1,5-2м 2, aл бaлаларда 2,5 есe aртық. Терi эпидeрмис (эпителий тіні) пен дермадан (дәнекер тіні) тұрады. Бұлардың астында терінің май қабаты тері астындағы клечатка немесе гиподермасы бар. Адам денесінің әр бөліктерінде терінің қалыңдығы әр түрлі, алақанда және табанда қалың тері, ал дененің басқа жерлерінде жұқа тері орналасқан. Сондықтан тері қалыңдығын шамамен 0,5-5 мм деп есептейді.
- Тері ұрықтың дамуы кезінде екі жапырақшасынан бастау алып дамиды. Тері эпидермисі- эктодермадан, ал оның астындағы дәнекер тінді— дерма қабаты- сомиттің туындысы дерматомнан дамиды. Ұрықтың алғашқы аптасында терінің бір қабаты жалпақ жасушалардан, ал кейін 2-3 айлық ұрықта эпителий көп қабаттыға айналады. 3-айлық нәрестенің терісінде түктер, бездер мен тырнақ пайда бола бастайды.
Пайдалынған әдебиеттер: - «Балалар аурулар пропедевтикасы» Шәкімова Г.Ә
- Балалар ауруының пропедевтикасы : оқулық /Мұстафина К.А. Маймаков Т.А. , Кемельбеков Қ.С. , Қарсыбаева К.Р. , Жұмабеков Ж.Қ. : «Әлем», 2019- 460 б.
- Балалар ауруларының прпедевтикасы 1 т: оқулық / А.В.Мазурин - Алматы : Эверо, 2016 – 166 бет.
- Асқамбаева К. А. Балалар аурулары пропедевтикасы: оқулық. – Шымкент: Б.ж., 2002 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |