- 1. Нәрестенің терісі – ірімшіктей таза, майланған қабатпен астарланған, ол қабат майдан, гликогеннен, тұздардан, холестериннен, иісті қышқылдардан және дәрумендерден тұрады. Бұл қабат бірнеше күннен кейін, кебу әсерінен жоғалады. Мұрын терісінде сары-ақшыл дақты нүктелер болады, ол жатырдағы артық май бездерінің секретінің нәтижесі болып табылады, бірақ олар да 1-2 аптадан кейін жоғалады. Нәрестенің терісіне алғаш қоршаған орта ықпалдары әсер еткенде — нәресте эритемасы дамиды немесе физиологиялық терінің қызаруы. Терінің түсі ақшыл-қызыл, кейде көкшіл реңді болып келеді. 2-3 күннен кейін гиперемия қайтып, аяқ пен алақан терісінің қабыршықтануы болады. Мұның барлығы нәрестедегі өткінші болатын құбылыстар.
- 2. Бала терісі — жұқа, нәзік, бездерінің белсенділігі төмен. Терінің өсуі мен дамуы жүріп жат-қандықтан, егер зақымдалса, тез қалпына келеді.
- 3.Жасөспірімнің терісі – бұл эпидермис қалыңдап, тері бездері жетілген кез. Ағзаның интенсивті жетілуіне байланысты тері бездерінің белсенділігі артады
- 4.Ересектердің терісі — тері нағыз жетілген кез, бұл кезеңде тұлғалық жеке ерекшеліктерге байланысты бірқалыпты тері типі қалыптасады( қалыпты, құрғақ, сезімтал, аралас тері). Ол қоршаған ортадағы түрлі биологиялық, химиялық, физикалық, механикалық ықпалдарға байланысты болады.
- 5.Қарт адамдардың терісі — тері қажи бастайды, қордағы қорғаныш ықпалдары әлсірей бастайды, тері бездерінің, бағаналы жасушаның белсенділігі төмендеп, тері ылғалдылығын жоғалтады, серпімділігі мен эластикалық қасиетін жоғалтады, әжімдер пайда басталады.
- Балалардың терісі ересек адамдарға қарағанда нәзік, жұмсақ, ашық қызғылт түсті болады. Эпидермис қабаты жұқа, қабаттарға анық бөлінген Тікенекті және түйіршікті қабатында қатарлар саны аз, ал мүйізденген қабаты бос, борпылдақ. Балаларда пигмент өңдірудің төмендеуінен меланоциттердің саны аз. Дермасы жұқалау, коллагенді ретикулярлық талшықтары нәзіктеу, серпінділігі әлсіз. Балалардың терісінде капиллярлар жақсы дамыған, қабырғасы кеңдеу. Шаштың фолликулары жақсы дамыған, ал май бездері жеткілікті дамымаған. Тер бездері ересек адамдарға қарағанда жақсы дамыған.
Достарыңызбен бөлісу: |