Отынның жіктелуі



Дата20.12.2021
өлшемі18,63 Kb.
#103760
Байланысты:
f218b035-5d11-45c5-82ee-ea5bec81455a-Химия-416228
девиантология 8 тапсырма, 7-лекция, Переходка ЛАБА нов (6), Энергия алмасуы (1)

  Отын - табиғи және жасанды жолмен алынған жанар-жағармай, энергия көзі, химия өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Барлық отынды агрегаттық күйіне қарап үш топқа бөлеміз: қатты, сұйық, газтәрізді. Кедесуі бойынша табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Жасанды отынды табиғи отынды өңдеу арқылы алады.

Отынның жіктелуі

Агрегаттық күйі бойынша Алынуы бойынша

Қатты сұйық газ табиғи жасанды



Ағаш отын, тас көмір, торф, жанғыш сланцтар

Мұнай, бензин, керосин, солярка майы,тас көмір шайыры мен олардың фракциясы.

Табиғи газ,мұнайға серік газдар газы, мұнай өңдегенде, тас көмірді кокстегенде түзілетін генератор газы.

Отынның сапасы ұшқыш заттар мен оның бөлетін жылуымен анықталады. Отынның жану қабілеттігі 1кг отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерімен анықталады. Неғұрлым көміртек пен оттек көп болса, оның жылуды көп бөлу қабілеттігі жоғары.

*** Қатты отынды химиялық өңдеу әдістері: пиролиз, газға айналдыру, гидрогендеу, кокстеу.



пиролиз

газдандыру

гидрогендеу

кокстеу

Отынды герметикалық реакторда ауа қатысынсыз қыздыру.Қыздыру кезінде отынның құрамы өзгереді,түзілген заттар ары қарай өзгеріп генератор газы алынады.Газ генератор пешінде алынатындықтан генератор газы деп аталады.

Органикалық массамен қатты отын қоспасын ауа мен су буының қатысында 1000 С тотықтыру арқылы жанғыш газдарға айналдыру. их смесью при 1000 С

Отынды жоғары қысым мен температура, катализатор қатысында сутекпен өңдеу.Бұл жағдайда отын алғашқы күйінен сутекке бай қатты ,газ, сұйық күйге ауысады. Осы әдіспен отынды,

сланецті өңдейді.



Кокстейтін герметикалық пештерде 900-1050 С темпераурада ауа қатысынсыз өңдеу таскөмірді кокстеу деп аталады.Алғашқы түзілетін өнім кокс және кокс газы деп аталады.

Кокстеу: шикізат ретінде таскөмір қолданылады, өңдегенде жұмсқ поралы металлургиялық коксқа айналады. Коксты металлургиялық заводтарда домна пештері үшін қолданады. Кокс пешінен бөлінетін тура кокс газы – бұл газдар мен будың қоспасы,одан конденсация арқылы су мен аромат көмірсутектер шайыры, адсорбциялап аммиак алады. Одан қалған газ қоспасын қалған кокс газы деп атайды .

Кокс газы – күделі қоспа,құрамы %:

Н2- 54-59, СН4-23-28, СО-5-7, N2-3-5,

CmHn- 2-3, СО2- 1,5-2,5; О2- 0,3-0,8.

Жану жылуы 16700- 17200 кДж/м. Кокс газы кокс және домна пештерінде немесе химиялық шикізат ретінде қолданылады.

Кокс пеші - 70 камерадан тұратын жоғары температураға төзімді реактор батареялары.

Тас көмір шайыры –бұл 300 түрлі заттар қаспасынан тұратын күрделі сұйық қоспа.Бұлар- нафталин, фенантрен, карбазол, антрацен, фенол, крезол, пиридин негіздері, аз мөлшерде бензола, толуола, ксилола, жоғары температурада қайнайтын жоғары молекулалы қосылыстар. Фракцияларға айырғаннан кейін қалған қалдықты электродтар, оқшаулағыш материалдар жасау үшін пайдаланады (гудрон, пек).

Соңғы жылдары көп жылу бөлетін күн энергиясын, ядролық энергияны қолдану үшін зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Энергияны алуды негізгі көздері:

1.табиғи газды өңдеу

2.таскөмір өндіру және өңдеу

3. атом энергетикисын қолдану

4. теңіз, өзен суларын қолдану

5. химиялық энергияның жаңа көздерін жасау

6. химия өнеркәсібінде қолданылатын жоғары сапалы катализатор және энергияны үнемдейтін технологиялар жасау.


Бекіту сұрақтары

1. Көмірсутектердің табиғи көздеріне нелер кіреді?

2. Мұнай мен газдың қалай түзілетінін түсіндіріңдер?

3. Казахстандағы мұнай мен табиғи газдың ірі кен орындарының қай жерде орналасқанын көрсетіңдер ?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет