Өтірік өлең айттым да, қызға жақтым, Кұмырсқаның асауын қойдай бақтым



бет1/6
Дата09.05.2020
өлшемі189,7 Kb.
#66738
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
0202папка
1209 kt spor, Лимон жемісінің пайдасы, 1 1092

Өтірік өлең




Өтірік өлең айттым да, қызға жақтым,

Кұмырсқаның асауын  қойдай бақтым.

Асауын шегірткенің ұстап мініп,

Тау-таудан тарбаңдатып түлкі қақтым.

Бір қоянға міндім де, аспанға ұштым,

Екпініне шыдамай, жерге түстім.

Алты күндей ақ боран соғып еді,

Жалғыз қурай түбіне ас қып іштім.

Дүниеде ауыр екен  үрген қарын,

Жалғыз өзім көтердім соның бәрін.

Атандарға үш төстеп артып едім,

Көтере алмай, жығылды, жануарым !

Бұл дүниеде бек ауыр үрген қуық,

Жалғыз өзім көтердім аузын буып.

Қара шіркей шыбынға арба салдым,

Ондай мықты көрмедім өзім туып.

Бір қарсақты жаратып, базар міндім,

Құлағынан берік басып әзер міндім

Екі хамбал  үстіне теңдеп алып,

Қара жолдың үстінде борт-борт желдім.

Базарға барайын деп, борсық міндім,

Өзім жаяу болған соң, қорқып міндім.

Екі хамбал астыма мата теңдеп,

Қара жолдың үстінде борт-борт желдім.

Торғайдың атым үрікті қу басынан,

Тышқанының аркан естім шудасынан.

Отыз кісі бір қаншыр ұстап алып,

Астау-астау ет жедік ер басынан.

Маса деген бір әділ пакыр екен,

Имансыз сона деген кәпір екен.

Үйіне инеліктің кіріп барсам,

Ас беріп әкесіне жатыр екен.

Түбінен жау қияқтың ердің басы,

Көнектей көбелектің жұмыртқасы.

Базардан өзім барып алып келдім,

Қаншырдың шаңырақтай омыртқасы.

Өтірік өлең айтсам да, келісі бар

Сары масаның сабалық терісі бар.

Бөгелектің  биесін байлаймын деп,

Өрмекшінің он құлаш желісі бар.

Міндім де инелікті, сона қудым,

Сонаны үш күн, үш түн қона қудым.

Төс етіне сонаның жерік болып,

Тіліне сол жеңгемнің бола қудым.

Кеп маса қу кәдеге құт құйыпты ,

Көбелек: «Даулымын!» - деп, жұрт жиыпты.

«Ол дауына  мен өзім болмаймын!» - деп,

Көлбақа суда жатып, тырбиыпты.

Аңыз әңгімелер

Аңыз әңгімелер. Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылады.

Кейіпкерлері. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі.

Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы қоралас", қыз алысып, қыз берісіп құда-жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде көбінесе сарандық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен ажуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады. Қожанасыр әңгімелерінде (аңызда) оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа-күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйін ойда үлкен тәрбие-тәлім толқыны анық байқалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді.

Осындай халық арасына кең тараған күлкілі сықақ аңыз әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған.

Көсе образы – қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды келеке-мазақ ету тілегінен туған образ. Мұны біз "Алдар көсе мен Алаша хан", "Алдар көсе мен шық бермес Шығабай", "Алдар көсе мен саудагер", т.б. аңыз әңгімелерден көреміз. Осы аттары аталған хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласының арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді.

Халық аузындағы мәтелге айналған "Жұмыртқадан жүн алатын", "Өзі тойса да, көзі тоймайтын", "Кесіп алса қан шықпайтын" шық бермес Шығайбай – сараңдықтың жиынтығы. Шығайбайдың әдеті мен ісінен сарандық, дүниеқорлық, өзімшілдік айқын көрінеді. Оның осы мінезін жек көрген халық қапияда жол, қапылыста сөз табатын, айла-амалы мол Алдар көсені жіберіп, Шығайбайды бірнеше рет жер қаптырады.

"Ұрының әйелі өзіне лайық" дегендей, оның тәрбиесіндегі үй-іші – әйелі, қызы Шығайбайдың өзі тәріздес пиғылы тар сараң жандар. Көсе үйге кіріп келгенде әйелі илеп отырған нанды, қызы үйітуге әзірлеп отырған қазды жасыра қояды.

Бұл әрекеттер Шығайбайдың образын толықтыра түседі. Сараңдық пен дүниеқорлыққа жаны қас Алдар көсе табан аузында сөз тапқыштығымен өзінің жаңа ғана көргендерін әңгімеге қосып, келе жатып үлкен сары бас жылан көргенін, оны өлтіргенін тұспалдап айтып береді. "Осы айтқандарым өтірік болса, байеке сіздің астыңыздағы қазыдай тілінейін, бәйбішенің нанындай иленейін, қызыңның астындағы қаздай жұлынайын", – деп аяқ астында оларды масқара етеді.

Алдар көсе ақыры байдың қызы Бізбикені алдап алып кетумен уақиға аяқталады.

Ал "Алдар көсенің шайтанды алдауы" деген әңгіменің сюжеті, құрылысы басқаша болып келеді. Халық ұғымында шайтанды ешкім алдай алмайтын болса, бұл әңгімеде Алдар көсе өзінің қулығымен шайтанды да алдап кетеді. Оның өтірік өліп тірілуі, шайтанға қазы алдыруы, үлкендігін бұлдап, шайтанның мойнына мініп қамшымен сабауы, шайтандар қорқатын тікен арасына тығылып, ала қаптағы алтында алып құтылып кетуі арқылы адам айласы шайтанды да жеңеді деген идеяны білдіреді.

Алдар көсе туралы аңыздардың қай-қайсысы болмасын оны тапқырлықтың өкілі етіп және ол қандай іс-әрекет жасаса да жазғырмай, сүйікті етіп көрсетуі Алдардың ел санасынан ұнамды кейіпкер түрінде тұрақты орын алғандығын аңғартады.

 

 Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет-дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.



Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен-билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие-өнер мектебі болған. Енді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Халқымыз "Сөз қадірін білмесең, өз қадірінді білмейсің", "Сөз сүйектен өтеді", "Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік" деп, сөз өнерін ерекше тани білген.

Шешендік сөздер – ғасырдан-ғасырға ұласып, халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыздың бірі. Қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр, қисынға құрылған бұл сөздер тындаушының көңілінен шығып оны сөзсіз иландырады.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет