|
Психиатрия 100 к
|
Дата | 28.09.2023 | өлшемі | 37,55 Kb. | | #182837 |
| Байланысты: псих рк 1
Психиатрия 100 к
19 жастағы жасөспірімде қимыл-әрекеттің, сөздердің оғаштығымен, ақымақтықпен сипатталатын қозу байқалды. Ол гримасалар жасайды, келемеждейді, билейді, оғаш сөздер мен фразаларды айтады. Бірақ оның көңілділігі, қисаңдауы және қалжыңдары айналадағыларға берілмейді.
Психомоторлық қозудың қай түріне тән?
гебефрениялық
маниакальды
кататониялық
психопатиялық
психапат тәрізді
17 жастағы жасөспірім, дәрігермен сөйлесу кезінде өзінің ата-анасына қатысты біруақытта махаббат, жақыншылдық және мотивсіз ашу мен жеккөру сезімдері барын айтты.
Берілген эмоциональдық бұзылыстардың қайсысы аса тән?
амбиваленттілік
эмоциональді лабильділік
эмоциональді анестезия
көңілшектік
дисфория
Әйел адам, 32 жаста, айқын сары уайым мен үрей жағдайында. Оның мимикасы қайғыруды бейнелейді, арасында дауыс көтеріп, жоқтау айтып, жылап алады, өзін «күнәлары мен жағымсыз іс-әрекеттері үшін» жазалауын талап етеді.
Берілген бұзылыстардың қайсысы аса тән?
ажитирленген депрессия
истериялық қозу
кататониялық қозу
жедел сандырақ жағдайы
дисфория
Кикілжіңдік жағдай нәтижесінде 30 жастағы ер адамда күшті қозғалыстық қимылдармен және вазовегетативті көріністермен, кенеттен тарылу, кейін сананың қарауытуымен, мақсатты іс әрекеттің жоғалуымен, автоматтандырылған әлеуметтік қауіпті әрекеттермен көрінетін эмоционлаьді реакция дамыды. Бұл реакция жарты сағатқа созылып, терең ұйқымен аяқталды. Оянғаннан кейін ер адамда сол кезеңдегі болған қозудың толық амнезиясы болды.
Келтірілген эмоциолнальді жағдайлардың қайсысы осы оқиғаға әсіресе сәйкес?
патологиялық аффект
истериялық қозу
физтологиялық аффект
реактивті қозу
дисфориялық жәй-күй
Ер адам 79 жаста, есте сақтау қабілеттілігінің төмендеуіне шағымданады. Соңғы жылдардағы және 10 жыл бұрын болған оқиғаларды қиындықпен есіне түсіреді. Бірақ жас кезіндегі, әскери жастағы болған оқиғаларды жақсы есіне түсіреді.
Берілген амнезиялардың қайсысы тән?
үдемелі
антероретроградты
фиксациялық
ретроградты
конградты
Ер адам 45 жаста, ғылыми қызметкер. Себепсіз кенеттен мінезі өзгерді, жұмыс істеуі қиындаған, ештеңемен айналысқан жоқ. Үнемі көтеріңкі көңіл-күйлі, қалжыңдар, бала-шаға және бөтен адамдардан қысылмай, өзінің сексуальды қабілеттерін қысылмай, демонстративті түрде айтады. Өзін аурумын деп санамайды.
Берілген бұзылыстардың қайсысы дұрыс?
тотальды ақыл кемістігі
концентрленген ақыл кемістігі
катотониялық қозу
лакунарлы ақыл кемістігі
псевдодеменция
15 жастағы жасөспірім мақал-мәтелді мағынасыз, тікелей қабылдайды. Ойлау қабілеті нақты.
Берілген синдромдардың қайсысы тән?
ақыл ойдың кемістігі
гебефрениялық
астениялық
апатиялық
дементті
42 жастағы ер адам көміртегі тотығымен (угарный газ) уланған соң фиксациялық және ретроградты амнезия түрінде есте сақтау бұзылысы бақыланды. Жадыдан түсіп қалған оқиғаларды науқас шын мәнінде болмаған оқиғалармен толықтырады. Сонымен қатар, әңгіме барсында науқас болған оқиғаның уақыты мен орнын қате есіне түсіріп айтады.
Аталған синдромдардың қайсысы ӘСІРЕСЕ сәйкес келеді?
Корсаков
Котар
Ганзер
Фреголи
Кандинский-Клерамбо
<10>70 жастағы әйел, пневмонияға байланысты терапия бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, төсектен тұрмайды, үнемі басын, аяқтарын қозғалтады, төсенішті қолымен сілкілейді. Кейбір кезде жылайды, күледі, сөзі байланыссыз, бөлек-бөлек сөздер айтады. Кешке жақын тынышсыздығы ұлғаяды, қорқады.
Келтірілген бұзылыстардың қайсысы ең ықтимал?
сананың аментивті күңгірттенуі
сананың делириозды күңгірттенуі
сананың қарауытуы
Корсаков психозы
реактивті психозда
16 жастағы жасөспірім, крупозды пневмониямен ауыру кезінде соматикалық жағдайы әлсіреген, тері жабындысы бозарған, температурасы 37,4 С. Өкпенің оң жағында құрғақ және ылғалды сырыл бар. Рентгенограммада оң жағында пневмонияның қалдық көріністері бар. Отырған орны және уақыт бағдары бұзылған, өзінің атын дұрыс айтады. Жан-жағына үреймен қарайды.''Тышқан, мысық, жәндіктерді'' көретінін айтады, үстінен бірдеңкені қағады.
Келтірілген бұзылыстардың қайсысы ең ықтимал?
сананың делириозды күңгірттенуі
интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром
интоксикациялық психоз, параноидты синдром
сананың аментивті күңгірттенуі
жедел реактивті қозу
36 жастағы әскери адам, бұрын ауғанстанда қызмет еткен. Қызметіне жиналып жатып, кенеттен қаруын алып «Душмандарды ұр» деп айқайлап, далаға жүгіріп шықты. Даладан атқан оқтын даусы шықты, 2 кездейсоқ адам жараланды. 1 сағаттан кейін милиция бөлімінде есін жиып, ауыр қылмыс істегенін білмеді. Қызметке жиналып жатқаны есінде. Ары қарай не болғаны есінде жоқ.
Келтірілген синдромдардың қайсысы ең ықтимал?
сананың қарауыту бұзылысы
аментивті
кататониялық
сананың онейроидты бұзылысы
сананың делириозды бұзылысы
19 жастағы әйел адам, күйеуінің көзіне шөп салғанын естіп, терезеден секірмек болады, бірақ оны тоқтатады. Сосын төсекке құлайды және бір нүктеге қарап не сөйлемейді, не қимылдамайды және қойылған сұрақтар мен өтініштерге жауап қайтармайды, қимылсыз жатады. 4 сағаттан кейін жедел жәрдем көмегімен психиатриялық стационарға алып келінді.
Төмендегі берілген психикалық бұзылыстардың қайсысы әсіресе тән?
истериялық ступор
психикалық анестезия
депрессивті синдром
дереализационный синдром
апато-абулиялық синдром
Қыз бала 19 жаста, күйеуімен жанжалдан кейін, туысқандарының алдында төсекке құлады, көзін алартты. Біраз уақыт өткеннен кейін қолында тоникалық ұстама байқалды, ұстама 5 минутқа созылды және ол тіл тістеуінсіз, бүкіл денеге таралатын клоникалық ұстамаға ауысты. Ұстама кезінде ол ыңырсыды, жанжалға қатысты бір жеке сөздерді айтып қайталады. Барлық ұстама жарты сағатқа созылды.
Төмендегі бұзылыстардың қайсысы әсіресе тән?
истериялық ұстама
генерализацияланған тырысулық ұстама
«самайлық эпилепсия» ұстамасы
джексондық ұстама
абсанс
46 жастағы ер адам, жүрек ұастамасынан қайтыс болудан қорқады, ол жайлы күнделікті ойлайды. Өзінің уайымын негізсіз екенін түсінеді, бірақ одан құтыла алмайды. Ойлау бұзылысының қай түрі осы жағдайды сипаттайды?
жабысқақ ойлар
сандырақ идеясы
ой ағымы
аса бағалы идея
ойлаудың персеверациясы
Берілген синдромдардың қайсысы сандырақ синдромына жатады?
психикалық автоматизм
психоорганикалық
невроз тәрізді
астениялық
аментивті
78 жастағы ер адам бас-миы қантамырының атеросклерозымен ауырады. Бөлімшеде тұйық және күмәншіл. Оны біреу «соңына түсіп,уландыруға және дүние-мүлкін тартып алғысы келетініне» сенімді. Науқастармен қарым-қатынасы жоқ, себебі бөлімшеге жіберілген «арнайы адамдардың бар екенін» және олардың өзіне бағытталған «қауіп төндіру әңгімесін естігенін» айтады. Науқастар «бір-бірімен келісіп», ол кірген кезде сөйлемей тоқтап қалатынын «көреді». Олар оған «қастандық жасамай жатып» өзін тез шығаруын өтінеді. Қандай сандырақ синдромына сәйкес келеді?
параноидты
Корсаков
парафренді
паранойяльді
Кандинский -Клерамбо
35 жастағы ер адам, мафия соңына түскеніне, олар оның «миынан дарынды ойлап тапқан жаңалығын (изобретение) тартып алғысы келетініне» сенімді. Ол ойлап тапқан «магнитпен қарсылас әскерге барлық спутниктерді тоқтатуға» болатыны жайлы жаңалық ашпақшы. Ол өзіне қарсы мафияның келісіп жатқанын естиді.
Қандай синдромға сәйкес келеді?
Кандинский -Клерамбо
депрессивті сандырақ
кататониялық
паранойяльді
Корсаков
Ер адам 28 жаста, периодты түрде пайда болатын, бөлме қабырғасы еңкейіп, үстіне құлап кететіндей сезімге шағымданады. Қандай психикалық бұзылысқа сәйкес келеді?
психосенсорлы бұзылыстар
парейдолия
гиперестезия
деперсонализация
псевдогаллюцинация
<20>Әйел адам 42 жаста, «ішкі дауыстың» бар болуына шағымданады. Жүрек аймағынан шығады және өзіне қол жұмсауына бұйрық береді. Қандай психикалық бұзылысқа әсіресес сәйкес келеді?
псевдогаллюцинациялар
парестезия
гиперестезия
сенестопатия
психосенсорлы бұзылыстар
Ер адам 30 жаста, тітіркенгіш, басының ішінде ерекше сезім болады. Қайнаған және шықырлаған дыбысқа ұқсас келеді. Қандай психикалық бұзылысқа көбірек сәйкес?
сенестопатия
психосенсорлы бұзылысы
дене схемасының бұзылысы
псевдогаллюцинация
гиперэстезия
30 жастағы әйел жұбайынан айырылған, оның фотосымен сөйлеседі, күйеуінң жүргенің «естиді», оған жұмысы туралы «әңгімелейді», жылы сөздер «айтады».
Берілгендердің қайсысы әсіресе дұрысырақ?
истериялық галлюцинациялар
комментирлеуші галлюцинациялар
фунциональды галлюцинациялар
рефлекторлы галлюцинациялар
жалған галлюцинациялар
Төмендегі берілгендердің қайсысы шынайы галлюцинация түсінігін ӘСІРЕСЕ сипаттайды?
образдардың нақтылығына субъективті сенімділік
галлюцинаторлы бейнелердің «жасалғаны,құрастырылғаны»
бейнелердің шынайы еместігін субъективті уайымдау
бейнелердің бүтіндігі, анықтылығы,тембрі болмау
бейнелердің проекциясы көбінесе дене ішінде болуы
Берілген шарттардың қайсысында құқық бұзушылық жасаған және іс-қылмысына жауапсыз деп шешілген психикалық науқастарға уақытша медициналық сипаттағы шаралар жасалынады?
амбулаторлық қарау және психиатрда емделу
бас бостандығынан айыратын жердегі психиатриялық стационар
бас бостандығынан айыратын жердегі медсанчасть
күндізгі стационар
үйдегі стационар
Берілгендердің қайсысы ҚР «Қоғам денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі» Кодексіне сәйкес сот шешімінсіз азаматты уақытша психиатриялық стационарға госпитализациялауға көрсеткіш болып табылады?
психикалық бұзылыс нәтижесіндегі дәрменсіздік
ауыр қылмыс жасау
діни сектаның қызметіне қатысу
алкогольдік мастану кезіндегі агрессивтілік
бірге қызмет етушілер өтінішімен психикалық бұзылысқа күдік
Берілген зерттеу әдістерінің әсіресе қайсысы параклиникалық әдіске сәйкес келеді?
электроэнцефалография
бақылау
объективті катамнез
субъективті анамнез
экспериментальды психологиялық
Төменде көрсетілгендердің қайсысы эпилептикалық статус дамуына этиологиялық себебі болып табылады?
бас ми ісігі
бас ми тамырларының атеросклерозы
артериялық гипертензия
гипотиреоз
гипогликемия
Психиатриялық стационарға жедел госпитализация көрсетугетөменде көрсетілген қайсы психопатологиялық жағдай ЕҢ ЫҚТИМАЛ болып табылады?
дисфория
абулия
астения
эйфория
гипомания
29 жастағы ер адам, шизофрениямен зардап шегеді, галоперидол қабылдағаннан кейін үрей, қозу, мойын және бет бұлшықеттерінің тырысуы, сөйлеудің қиындауы, саливация байқалды.
Жағымсыз әсерді басу үшін төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ ЫҚТИМАЛ
циклодол
литий тұзы
рисполепт
сиднокарб
карбамазепин
<30>19 жастағы боз бала, бүйректің созылмалы қабыну ауруымен зардап шегеді. Дәрігердің кеңесіне қарамастан, жеңіл киінеді, осыған байланысты жиі суық тиеді. Күзде және қыста жиі сыртта жүріп қалады, айналасындағыларға «мен жаспын және менің организмім мықты, суыққа қарсы тұрады» - деп, айтады.
Осы жағдайда төменде келтірілгендердің ішіндегі ауруға қарсы тұлғалық реакцияның қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
эйфориялық
үрейлі – депрессивті
ипохондриялық
меланхолиялық
паранойяльді
50 жастағы әйел, көп уақыттан бері ауыр соматикалық аурумен ауырады. Соматикалық аурудың өршуі кезінде: орындағы, уақыттағы, жеке өзіндегі дезориентирлену көріністері байқалды. Кейде өзінен-өзі айқайлайды немесе жеке сөздерді немесе қысқа тізбекті бірнеше рет қайталайды. Бейнесі тым абыржыған, кейде бет-әлпеті кернеу көрінеді, қолындағы заттарды алмастырады. Соңғы уақытта төсектегі тәртіпсіз қозғалыстық қозулар байқалады.
Төмендегі психикалық бұзылыстардың қайсысы ЕҢ ЫҚТИМАЛ?
аменция
онейроидты
астениялық
апатиялық
үрейлі
36 жастағы ер адам, инфекционды делирийді басынан өткізген. Аурудың өршуі кезінде медициналық қызметкерлердің транзисторлы қабылдағыш әкеліп беруін «көргенін» айтады. Психоз белгілері 3 күннен соң өтті, бірақ қабылдағышты әкелгеніне сенімді. Мед.қызметкермен қайтаруын талап етіп, ұрысты.
Төмендегі психикалық бұзылыстардың қайсысы ЕҢ ЫҚТИМАЛ?
резидуальді сандырақ
шизофазия
әсер ету сандырағы
психикалық автоматизм
инкогерентті ойлау
Берілгендің қайсысы екіншілік профилактиканың ең ықтимал негізгі міндетіне жатады?
сапалы ремиссияларды құру, рецидивтерді алдын алу
аурудың этиологиясы мен патологиялық пайда болу механизмін түсіну
ауруды басынан өткергеннен кейінгі науқастың қоғамдық байланысын қалпына келтіру
аурудан кейін науқасты ресоциализациялау және профессионалды оқыту
есі ауысқан науқастардың қоғамдық статусын сақтау және қалыпна келтіру
Берілген шаралардың қайсысы екіншілік психопрофилактикаға қатысты:
психикалық аурулардың қайталануын алын алу бағыталған шаралар
психикалық аурулар реабилитациясы
инвалидизация профилактикасына бағытталған шаралар
психикалық бұзылыстардың пайда болуын алдын ала ескертетін шаралар
пациенттің аурумен бұзылған қоғамдық функциясын қалыпна келтіру шаралары
Ер адам 35жаста.Бірнеше айдан бері жұмыс жасамайды,әрдайым әртүрлі дәрігерлердің көмегіне жүгінеді.Әлсіздікке,тамаққа тәбетінің жоқтығына,ұйқысыздыққа шағымданады.
Өзінің денесінде көптеген жағымсыз сезімдерді байқайды: дем жетпеу, жүрегіне «ыстық бір нәрсені құйып жібергендей» және ол қазір жарылып кететіндей. Басының күйгенін, толғандай сезімін, қатуын, денесінде ине өткізгендей сезінеді. Науқасты тексеру кезінде ішкі ағзалардың патологиялық өзгерістері анықталмады.
Төмендегі синдромдар қайсысы дұрыс келеді?
сенестопатикалық
апато-абулитикалық
церебрастеникалық
астениялық
депрессивті
Ер адам 45 жаста, шағымдары шаршағыштыққа, бетінде және кеудесіннің жоғарыжағында тұрақты түрде пайда болатын жағымсыз сезімдеріне шағымданады, бірінші шымшу сезімі пайда болады, одын кейін «бүгу мен бұрау» сезімі пайда болады.
Төмендегі синдромдар қайсысы дұрыс келеді?
сенестопатиялық
депрессивті
астениялық
апато-абуликалық
церебрастеникалық
Ер адам 38 жаста, аңшылық кезінде саңырауқұлақ жинап жүрген жас баланы атып өлтірдім деген қорқыныш сезімі пайда болды. Орманда жасөпірімнің және саңырауқұлақ алаңының жоқ екеніне сенімді болсада, қорқынышы үдей түсті. Одан құтылу үшін, орманның айналасын бірнеше рет айналып тексерді.
Төмендегі психикалық бұзылыстардың қайсысы дұрыс келеді?
жабысқақ ойлар
сандырақойлар
конфабуляция
аса бағалы ойлар
сандырақ тәрізді фантазия
Әйел адам 28 жаста кассир. Қолының лас болып қалуынан қорқып, қолын жиі жуады, Күніне бір түйір сабын құртады, Әр жуған кезде қолын 10 реттен кем емес сабындайды, сонымен қоса дауыстап санайды. Егер шатасып кетсе, үрейлене түседі, жууды екі есеге көбейтеді.
Төмендегі психикалық бұзылыстардың қайсысы дұрыс келеді?
обсессивті
сандырақ
астеникалық
паранойяльды
кататоникалық
50 жастағы үй шаруасындағы айел,лауазымды кісімен турмыста. Үш жыл көлемінде бизнес айналысқысы келген, жұбайынан тығылып бірнеше пәтер банкке салған (өзінікінжәнеөзініңтуыстарының*, ұлкен кредит алған, бырақ төлей алмады.Кейін оның бизнесі құлағаннан кейін банк арыздар талап етті, оның банкрот болғанын жұбайы мен туыстары білді. Бірнеше күн ішінде айел мінез-құлқы озгерді: балалық қимылдар,кішкентай бала интонациясмен сөйлеу, еріндерін бұршұйту, аяқтарын дүрсілдету, обещала «вести себя хорошо», жұдырықтармен ойнау.
Қандай аталған бұзылулар ЕҢ ықтимал?
пуэрилизм
псевдодеменция
синдром Ганзера
тұлғанын регрес синдромы
конверсиондық бұзылыс
<40>Берілген іс-шаралардың қайсысы әсіресе біріншілік психопрофилактикаға жатады?
психикалық бұзылыстардың пайда болуын алдын алатын шаралар
пациенттің аурумен бұзылған қоғамдық функциясын қалпына келтіру шаралары
психикалық ауруларды уақытылы анықтауға бағытталған шаралары
психикалық ауруларды эффективті емдеуге бағытталған шаралар
инвалидизация профилактикасына бағытталған шаралар
Берілген психикалық бұзылыстардың қайсысында электроқұрысулық терапия ең мүмкін қолданылады?
фебрильді шизофрения
эпилептиформды синдром
психомоторлы қозу
псиохоорганикалық синдром
Альцгеймер ауруындағы деменция
Психиатриялық практикада қолданылатын терапия әдістерінің қайсысы психотерапиялыққа қатысты?
суггесивті терапия
психофаркотерапия
тұлғалық өсу тренингі
психиологиялық түзету (коррекция)
ұйқыдан айыру терапиясы (депривация)
Қайғылы жағдайдан кейін(өрт), айелдің жеке саяжайы өртенгеннен кейін, қозғалыстың болмауы байқалды, сұрақ жауап қайтара алмуы, бірнеше сағатқа қандайда бір қозғалысының болмауы байқалды. Өз - өзіне келгеннен кейін , өрт куәгері (свиделем)болғаны есінде болмаған.
Аталған психикалық бұзылудың қайсысы ЕҢ ықтимал?
аффективно-шокты реакция
ретроградті амнезия
кататониялық ступор
фиксационды амнезия
|
|