Тірек-қимыл қозғалысы зақымдалған балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің ерекшелігі



Дата07.04.2020
өлшемі21,77 Kb.
#61752
Байланысты:
Практикалық сабақ 6


  1. Тірек-қимыл қозғалысы зақымдалған балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің ерекшелігі.

Тірек қимылы аппараты бұзылған балалар іс-әрекет түрлерінің дамуы бірқатар ерекшеліктермен жүзеге асады. Бұл біріншіден, қимыл-қозғалыс патологиясымен байланысты, себебі, кез-келген әрекет белсенді сыртқы операциялардың орындалуына, машық-дағдылардың, оның ішінде қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасуына бағытталады. Балалардың тірек-қимыл аппаратының бұзылуы дегеніміз – жас кезінен бастап прогрессивсіз топтарды біріктіретін, бірақ моторлық бұзылыстар синдромының ауысып тұруы және бас ми қыртысының дұрыс қалыптаспауы мен қайталанып бұзылуы болып табылады.

Бұзылудың нақты себептері де анықталмай қалуы мүмкін. 1-3 жас аралығындағы балаларды түзетудің педагогикалық емдік жұмысының басты мақсаты: заттық монипуляциялық іс-әрекетті, сенсорлық тәрбиені, қоршаған ортаға қатысты сөйлеу тілін, заттық іс-әрекетті, өз-өзіне қызмет ету мен әлеуметтік қызмет көрсетуді дамыту. Жұмыстың басты бағыты: ұсақ және жалпы маториканы дамыту, коммуникативтік тәртіпті қалыптастырып, дамыту болып табылады. Түзету жұмысы баланың ауыр түрі мен жас ерекшелігін ескеріп жүргізіледі. Заттық- тәжірибелік және ойын іс-әрекетінің негізінде үлкендердің көмегімен сенсорлық-моторлық тәртіппен дауыстық әрекет қалыптасады. Тежелу және жеңілдету әдістері қолданылады. Бұлшық ет тонусы жетекшілік ететін қажетсіз патологиялық қимыл тежеліп, бір мезгілде еркін сенсорлық-моторлық активтілік жеңілдетіледі.
Басты, денені, аяқ-қолды қалыптастыруында артикуляциялық аппараттың жұмысын жеңілдетіп, көру-моторлық координаттарын жаттықтыру үшін түрлі қалыптастыру жұмыстары пайдаланылады.
Кондуктивтік тәрбиенің әдістерін қолдану және жалпы және ұсақ моторикасының тәрбиенің жүйелілігінің қалыптасуын жүзеге асырады.

Қимыл-қозғалыс қызметінің зақымдану дәрежесіне қарай, қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасу деңгейіне қарай, бұл категориядағы балалар балалар үш топқа бөлініп қарастырылады:


1. Қимыл-қозғалыс қызметінде, ауыр бұзылуы бар балалар: олардың кейбіреулерінде түзу тұру мен жүру, ұстау, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптаспаған; енді біреулері ортопедиялық жабдықтардың көмегімен әзер қозғалады, өзіне-өзі қызмет ету дағдысы, жартылай қалыптасады ;
2. Ортада дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар (сан жағынан ең көбі); балалардың басым көпшілігі өздігәнен шағын аралықта жүре алады, ең қажетті, бірақ автоматтандырылмаған өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан.
3. Жеңіл дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар: олар бөлмеде, көшеде өздігінен жүре алады, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан, бірақ патологиялық күйлер, жүрістің бұзылуы, зорлық қимылдар сияқты көріністер кездеседі;

Бұл балалардың көпшілігінде, тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен бірге, екінші кемістер жиі кездеседі. Мұның клиникалық көрінісі – қозғалыс кемістігі (жетілмеу, зақымдану, дамуындағы тежелу т.б).


Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы жеке жұмыс жоспары құрылады, сол жоспар арқылы еңбек дағдылылары мен таным қабілеттерін қалыптастыру мақсатында жеке түзете-дамыту жұмыстары үнемі үздіксіз жүргізіліп отырады. Балалардағы қимыл қозғалыс патологиясымен байланысты, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын игеру мәселесі, айрықша мағызды болып саналады. Ал, бұл дағдылардың қалыптасу қиындығы, науқастың ерекшеліктерімен байланысты. Көптеген балаларда, апраксия байқалады, яғни мақсатты практикалық іс-әрекеттерді орындай алмау. Мұндай балалар, киіну, шешіну, түймелену, бәтеңкенің бауларын байлау сияқты дағдыларды қиындықпен үйренеді; текшелер мен таяқшалардан құрастыруға, ұзақ уақыт бойы үйрене алмайды т.б. Өзіне-өзі қызмет ету дағдылырының орнығуына ғана кері әсер етіп қоймайды, сонымен бірге, іс-әрекеттің басқа түрлерінің дамуына кедергі жасайды.

Өзіндік массаж қолдың бірізділіктерін босату, сипалаумен басталып, аяқталады:


1. Қол білезігінің сыртқы жағына өзіндік массаж.
2. Алақанға өзіндік массаж.
3. Қол саусақтарына өзіндік массаж.

Осы массаждарды істеу барысында балалардың ұсақ моторикасы дамып, іс-әрекет жасауға, өзіне-өзі қызмет істеуге әсерін тигізеді.

Сабақ өту барысында баланың ұсақ моторикасы жақсы даму үшін 5-6 жаттығу орындалуы қажет.

Қолдың ұсақ моторикасын дамыту бойынша жаттығулардың барлық кешенін шартты түрде екі құрылымға бөлген:


1. Саусақтарға арналған гимнастика – бұл саусақтардың көмегі арқылы қандай да бір ұйқастырылған тарихты, тақпақтарды, ертегілерді сақыналау, қолмен орындау. Балалар көлеңкеленген ойындарды ойнағанды жақсы көреді. Саусақтармен ойнау барысында балалар ересектердің қозғалысын қайталай отырып, қолдарының моторикасын белсендіреді. Соның нәтижесінде өз қозғалыстарын басқара білу іскерліктерін дағдыландырып, іс-әрекеттің бір түріне зейінін шоғырландырады.


Жаттығулар әртүрлі деңгейде жүргізілу мүмкін: еліктеуі, сөздік нұсқауы бойынша. Ең бірінші сөздік нұсқауы көрсетіліммен жүргізіледі, яғни балалар көрсетілім бойынша жұмыс жасайды. Одан кейін олардың өзбетілік деңгейлері өсе түседі – көрсетілім шеттетіліп, тек сөздік нұсқауға ғана қалады.
Мұндай жаттығу түрін күнделікті сабақта бірнеше рет пайдаланамын. Балалар бірге қайталамаса да, шама шарқынша қимыл көрсетуге тырысады. Саусақ жаттығуына арналған тақпақты айта бастағанда бала қандайда бір әрекет жасап, көңіл күйі көтеріліп өз ішкі дүниесін қимыл-қозғалысы, ым-ишарасы арқылы жеткізуге тырысады. Әрбір түзете-дамыту сабағын балаларға тек ойын арқылы жеткізе аламыз. Сондай ойын түрлері: «Саусақ театры», «Бала, бала, балақан», «Саусақ көлеңкелері», «Қуырмаш», т.б. атап өтуге болады.
2. Әртүрлі заттарды пайдалану арқылы қолдың бірізділіктері мен саусақтарына арналған жаттығулар ұсынылады:
— Пирамида, мозаика, матрешка құрастыру;
— Тоқымаға шеңбер өткізу;
— Қағазға түйме, жіп, замок әр түрлі ұзындықта жапсыру жұмысы;
— Тиындарды іріктеу;
— Жарманы жинау;
— Сіріңкемен жұмыс;
— Қағазбен жұмыс;
— Жапсыру (балшықтан, пластелиннен, қамырдан);
— Арнайы шеңберге, бәтенкеге бау байлау;
— Жуан жіппен түйіншек жасау;
— Құммен, сумен ойнау;
— Өзінің саусағына жіңішке сымды орау (жүзік немесе орам жасалады);
— Бұрандалы шегені немесе гайканы бұрау;
— Конструктор немесе кубиктер ойнау;
— Ауада сурет салу;
— Әр түрлі материалдармен суреттер салу (қарындаш, қалам, бор, көмір, және т.б);
— Қолөнері;
Саусақтармен жаттығуларды және ырғақты қозғалыстарды орындау индуктивті бас миындағы сөйлеу орталықтарының қозуына және сөйлеу аймақтарының келісілген әрекетінің күрт күшеюіне алып келеді.
Саусаққа арналған ойындар жағымды эмоционалды көңіл-күй тудырады, үлкенге еліктеу білігін дамытады. Баланың жаттығуларды меңгеру нәтижесінде қолдың білектері мен саусақтары күш жинайды, қозғалғыштыққа және иілгіштікке ие болады. Саусақтармен ойнау ата-аналарға балаларын қуантуға, сонымен қатар ұсақ моторикасын дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай ойындар балалармен, ересектермен мейірімді өзара қарым-қатынасты қалыптастырады.
Қорыта айтқанда, балалармен жүргізілетін түзете-дамыту сабақтарындағы ойындар, жаттығулар, еркін ойындар, танымдық тапсырмалар тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың дамуында оң нәтижеге ие. Сол арқылы байқампаздығын, белсенділігін, даралығын, қабілетін, шығармашылығын дамыта отырып бала бойына құзырлылықтарың қалыптасуында: мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндікке дағдыларын таба білеміз.
Балаларды бір-бірімен, үлкендермен жағымды қарым-қатынаста, ұйымдаса ойнауға, өзгенің пікірімен санасуға, тәртіпті болуға, жеке өз бетінше әрекет етуге, емін-еркін демалуға тәрбиеленеді.


  1. Тірек-қимыл қозғалысы зақымдалған балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуде қолданылатын жабдықтар мен арнайы техникалық құралдары.

Тірек-қимыл қозғалысы бұзылған балаларды МЖБС сәйкес жалпы білім берумен, сонымен қатар олардың дене бітімі дамуындағы, танымдық және тілдік әрекеттеріндегі ауытқуларды жеңуді қамтамасыз ету оқытудың негізгі міндеттері болып табылады.

Тірек-қимыл қозғалысы бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып жағдайында да, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін.
Тірек-қимыл қозғалысы бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы:


  • Бастауыш білім беру деңгейі – 0(даярлық), 1-4 сыныптар;

  • Негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар;

  • Жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.

Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының тежелуімен, сөйлеу және қимыл-қозғалыстың бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды меңгерудің қиындығымен, түзету-сауықтыру шараларын өткізудің қажеттігімен байланысты болып отыр.



Оқу әрекетін нормаға сәйкестендіру және оқытудың қиындықтарды жеңу барысында арнайы сыныптың оқушысы, оқытудың кез келген сатысында кәдімгі сыныпқа ауыстырылуы мүмкін.

Қимыл-қозғалыстың бұзылуымен қатар интеллектуалдық ауытқуы байқалатын бала ақыл-есі кем оқушыларға арналған арнайы сыныптарда оқытылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет