"ХИМИЯ ЖӘНЕ МЕДЕЦИНА"
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:1 топ A
топшасы(Be.Mg.Ca.Rb.Cs.Fr)сілтілік металдары
Орындаушы:Кенжеғазы Замира
Li-литий
Литий (латынша Lіthіum, ежелгі грекше λίθος - тас; Li) – элементтердің периодтық жүйесінің І топ элементі, атомдық нөмері 3, атомдық массасы 6,941, сілтілік металдарға жатады.
Адам ағзасында литий келесі қызметтерді атқарады:
жүйке қозғыштығын төмендетеді;
аллергияның қоздырушы әсерін төмендетеді және антианафилактикалық әсер көрсетеді;
нәруыз және май алмасу үрдістеріне белсенді қатысады;
иммунды жүйенің қызметін қалыпқа келтіреді;
біздің ағзамызға түсуі мүмкін радиоактивті бөліктер мен токсиннің әртүрлі түрлерінің әсерін бейтараптайды.
Литий бактериялар мен инфекциялардың әртүрлі түрлеріне қарсыластығын арттырып, баланың иммунитетін нығайтады. Қазіргі медицинада бұл микроэлемент мания деңгейіндегі науқастың жағдайын қалыпқа келтіру үшін маникальды-депрессивті психозды емдеуде қолданылады.
Адам ағзасында шамамен 70 мг литий болады. Негізгі бөлігі лимфа түйіндерінде, өкпеде, бауырда, қанда және бас миында кездеседі.Басқа мүшелерден де оның іздерін табуға болады.Бұл микроэлементтің жеткіліксіздігін және тепе-теңдігін сақтап тұру өте маңызды және оның құрамының артуы жағымсыз зардаптарға әкелуі мүмкін.
Na-натрий
Натрий(Natrіum), Na – элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы химиялық элемент, атомдық нейтрондары 11, атомдық моллекулласы 22,98977; сілтілік металдарға жатады.
Натрий адам ағзасындағы сұйықтықтың теңгеріміне жауап беретін бірден бір реттегіш. Ол асқазан сөлінің пайда болуына жауап береді, сонымен қатар бірнеше қызметтер атқарады, олардың ішінде:
Орталық жүйке жүйесінің жұмысын қалпына келтіреді:
Артериялық қысымды реттейді;
Асқорыту әрекеттерін ынталандырады — асқазан сөлінің пайда болуына жауап береді, сонымен қатар денеде таралған түрлі жасушаларға глюкоза тасымалдайды;
Қышқылды-сілтілік теңгерімді ұстап тұрады.
Сүйек ұлпаларының мықтылығы мен өсуіне жауап беретін кальцийдің сіңірілуіне де натрий көмектеседі.
К-калий
Калий, К – элементтердің периодтық жүйесінің I тобындағы химиялық элемент
Калий жақсы зерттелген микроэлементтердің қатарына жатады, себебі ол ежелгі заманнан бері белгілі элемент. Бұл зат өте күшті у – цианид жасау үшін пайдаланылған, ал адам денесіндегі атқаратын қызметтері мүлде басқа.
Төмендегі жағдайларда калий қажет болады:
Жүрек бұлшық етінің жұмысқа қабілеттілігін ұстап тұру үшін;
Метаболизм ауытқуы кезінде миокардты қоректендіру үшін;
Артық сұйықтықты шығару үшін;
Қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті ұстап тұру үшін;
Сулы-тұзды зат алмасуды реттеу үшін;
Кан тамырлары мен жасушалардан натрий тұзын шығару үшін.
Rb-рубидий
Рубидий (Rubіdіum), Rb — элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 37, атомдық массасы 85,47, сілтілік металдарға жатады.
Рубидийді вакуумда тұздарынан тотықсыздандыру арқылы алады. Оны инертті ортада ампулада сақтайды. Рубидий фотоэлемент жасауда, құймалары вакуум шамдарында газ сіңіргіш ретінде қолданылады.
Cs-цезий
Цезий(лат. Caesіum), Cs — элементтердің периодтық жүйесінің Қ тобындағы хим. элемент, ат. н. 55, ат. м. 132,91; сілтілік металдарға жатады. . Цезийді 1860 ж. неміс ғалымдары Г.Кирхгоф және Р.Бунзен спектроскоп. жолмен ашқан. Ол сирек элементтер қатарына жатады.
Ауада өздігінен тұтанып, асқын тотық (Cs2O3) түзеді. Цезийді вакуумде, минералын май немесе керосинде сақтайды. Ол сумен реакцияласып Цезий гидрототығын түзеді және сутек бөледі. Галогендермен тікелей қосылысып, галогенсутек қышқылдарының тұздарын түзеді. Ц.Цезий қосылыстары лепидолит пен поллуциттен алынады. Металл Цезийді 700 — 800°С температурада металл кальциймен Цезий галогенидтерін тотықсыздандыру арқылы алады. Ол фотоэлементтер дайындауда, кейбір қосылыстары медицинада, т.б. қолданылады. Цезий көптеген өсімдіктер және жануарлардың тілінде кездеседі.
Fr-франций
Франций — ең сирек элементтердің бірі. Жер қыртысында үнемі бар элементтердің арасында астат аз мөлшері бар. Барлық табиғи франциялар радиогенді болып табылады, оның радиоактивті ыдырауы уран-235 және торий-232 ыдырауының аралық өнімдері ретінде франция Жаңа атомдарының бір мезгілде пайда болуымен өтеледі. Жер қыртысындағы франция жалпы құрамы 340 граммға бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |