Өткізген: Карибаева К. С. Білім беру саласы



Дата10.10.2020
өлшемі15,3 Kb.
#64384

Өткізген: Карибаева К.С.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бағдарлама тарауы: «Қазақ тілі»

Тақырыбы: «Өзі туралы әңгіме»

Мақсаты: Өздері туралы мағлұмат беруге үйрету. Қойған сұраққа түсініп жауап беруге үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету. Тіл мәдениетін жетілдіру. Мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Құрал – жабдық: Қуыршақ Асемгүл, телефон

Меңгерілетін сөздер: Менің атым, тегім, бес жастамын.


Әрекет кезеңдері

Педагогтың іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы

/Кіріспе бөлім/

Балалармен амандасып. Бүгін қонаққа қуыршақ Асемгүл келгенің хабарлау. Балаларға Асемгүлмен амандасуды ұсынады.

Мұғаліммен амандасып, тыңдайды.
Келген қуыршақ Асемгүлмен амандасады.

Ұйымдастыру-

іздестіру

/Негізгі бөлім/

«Қандай көбелек ұшып келді» ойының ойнатыптүстерді қайталау.
Асемгүл өзі туралы әңгімелейді, ал мұғалім орыс тіліне аударып қайталаттырады.

Менің атым – Асемгүл

Менің тегім – Смаилова

Мен бес жастамын.

Мен семей қаласында тұрамын.

Сұрақ – жауап ұйымдастыру. Мысалы: Асемгүл :

- Сенің атың кім?


  • Сенің тегін кім?

  • Сен неше жастасын?

  • Сенің әкенің аты кім?

Сергіту сәтін ұйымдастыру.

Ағайынды екеу екен

Біреуі оқымаған,

Біреуі сауатты екен,

Көп іске жауапты екен.

Ататың асықты да,

Ұстайтын қасықты да,

Хаттарды жазатын да,

Есікті ашатында өзі екен.


Д/о «Телефон» ұйымдастыру. Балаларға сұрақ қоя отырып сөйлесу.

«Қыз қуу» ойының ұйымдастыру. Ойынды ұл мен қыз бала ойнайды. Мұғалім оларға сөздерді сөздерді орыс тілінде айтады.




Балалар ұшып келген көбелектерді қазақ тілінде атайды.

Жаңа сөздерді Асемгүлмен бірге қайталайды.


Асемгүлдің сұрақтарына жауап береді:

Саша:

- Менің атым – Саша.



- Менің тегім – Шумилов.

- Мен алты жастамын

- менің әкемнің аты – Сережа.

Балалар қимылмен көрсетіп қайталайды.

Ағайынды екеу екен

Біреуі оқымаған,

Біреуі сауатты екен,

Көп іске жауапты екен.

Ататың асықты да,

Ұстайтын қасықты да,

Хаттарды жазатын да,

Есікті ашатында өзі екен.


Мұғаліммен телефон арқылы сөйлесіп, оның сұрақтарына жауап береді.
Ойыншы ұл бала мен қыз бала сөздерді қазақ тілінде атап, алға адымдайды. Кім мәреге бірінші жетсе сол жеңімпаз болады.


Рефлексивті – түзету

/Қорытынды/

Қуыршақ Асемгүлмен, балалармен танысқаны үшін қуанышты екенің айтып, ұйымдастырылған оқу іс -әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтап, қоштасады.

Балалар Асемгүлді тыңдап, қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Өзі туралы мағлұмат бере білуі керек.

Болу керек: Қазақ тілінде таза сөйлеу әдетін жалғастыру.

Істей білу керек: қойылған сұрақтарға түсініп, жауап бере біледі.
Танысты:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет