ОқУ Үдерісінде мультимедиялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі



Дата20.11.2023
өлшемі19,83 Kb.
#192299
Байланысты:
ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Рымқұл Айдана Өміртайқызы
68 МИББ кешенінің тәрбиешісі
Бүгінгі қоғам талаптарына байланысты демократиялық құндылықтарға көшуге қарай, Қазақстанда білім жүйесінің жаңа парадигмасына нақты бет алу байқалады: елдер білім саласында тұлғалық-бағдарлы оқытуға және ізгілендіруге көшуде және бұнда шешуші роль ақпараттандыруға берілген. Осыған орай, ақпараттандыру қазіргі білім жүйесінің басты бағытттарының бірі болып қарастырылуда және білім саласында мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану түрлі дидактикалық және педагогикалық міндеттерді шешу жолында зор құрал болады. Мультимедиялық технология мәселесі Қазақстан Республикасының білім жүйесінде мектептерде кеңінен дамды. Мемлекеттік деңгейде бұл - орта білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы Президенттің басқаруымен бес жыл мерзімінде үлкен жетістіктерден көрінді. XX ғасырдың 1997 жылдарында мектептерге компьютерлермен жабдықтау маңызды мәселелердің бірі болды, ал қазіргі уақытта мектептердегі компьютерлерді білім алуға барынша қолдану қажеттілігі туып отыр. Осыдан, мультимедиялық технологияларды бүгінгі күні дәстүрлі оқыту үдерісін өзгертуге нәтижелі тәжірибенің жинақталғаны байқалады. Мультимедиялық технологияларды пайдалана отырып бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуіміз қажет. Мультимедия – жаңа бағыт, бұл компьютердің ақпараттың көптеген түрімен жұмысы, оған жоғары рұқсатты түсті графика, жүгіртпе және аққыш түстері бар динамикалық эффектілер, дауыстардың дыбысталуы және синтезделген әуенінің дыбыстары, толық түсті видеоклиптер және видеофильмдер кіреді. Мультимедиялық технологияларды тиімді қолдану білім беруде болашағы бар бағыт болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Оқыту мен білім беруді жылдамдатуда мультимедияны қолдану оқушылардың оқуға деген ынтасын, белсенділігін, қызығушылығын, оқу тапсырмаларын игеру мүмкіндіктерін көтереді. Ақпараттық ғасырда интеллектуалды қызметтің дамуы компьютер және қазіргі оқыту үдерісімен құралдарымен тығыз байланысты. Бұл технологияландыру адамның іскер белсенділігіне, білімділігіне, мәдениетіне, ал, жалпы айтқанда, ғылым мен көзкарасқа әсер етеді. Мультимедиялық технология білімді өңдеумен анықталып, қоғамның материалдық және рухани жағдайын өзгертіп отырады. Жаңа мультимедиялық технологиялар жағдайындағы оқыту үдерісі оқытушы мен оқушының бірлескен іс-әрекетінсіз, олардың дидактикалық өзара байланыстың болмауы мүмкін емес. Оқытушы қанша білім беруге тырысқанымен, егер білім меңгеруге оқушылардың өздерінің белсенділіктері болмаса, егер оқытушы бұл жұмыстарды дұрыс ұйымдастырмаса, онда оқыту үдерісі нақты жүрмейді дидактикалық өзара карым-қатынаста қалыптаспайды. Сондықтан да, жаңа мультимедиялық технологиялар жағдайындағы оқыту үдерісінде педагог пен оқушы арасында тек жай ғана өзара қарым-қатынас емес, педагогтың компьютерлік технологиялар аркылы жеке тұлғаға әсері, ішкі жан дүниесінің бейнесі, оқушының білімді, білікті, дағдыны, тәртіптіліктің және дамудың белгілі бір элементтерің өз бетінше меңгеруге талпынысы олардың өзара бірлескен іс-әрекеті нәтижесінде, жаңа жағдайда ұлы ғалымдардың анықтаған функцияларын орындаған кезде ғана пайдалануға болады. Қазіргі кезде жаңа информациялық технологиялар енгізу оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, компьютерді де тез игеруге жағдай жасап отыр. Мектепте оқыту үдерісінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек. Мұғалімнің басты міндеті - оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, оларды 74 әрекеттің осы түріне дағдыландырып, оқу еңбегін сүйіспеншілікпен орындауға баулу. Оқу үдерісінің барлық компоненттерін өзара тығыз байланыста қарастыру керек. Оқытудың мақсаты оның мазмұнын анықтайды, оқытудың мақсаты мен мазмұны оны ынталандыру мен ұйымдастырудың белгілі бір құралдарын, әдістерін және формаларын талап етеді. Құралдар, әдістер, формалар оқу үдерісінің мазмұнды операциялық компоненттерінің элементтері бола отырып, оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудағы мұғалімнің мүмкіндіктерін анықтайды, яғни педагогикалық процестердің қозғауыш механизмін құрайды. Бұл топтың компоненттерін мұғалімнің меңгеруі педагогикалық процесті ұйымдастыру тиімділігіне байланысты. Интернет-ресурстар арқылы өзіндік іс-әрекетті жүзеге асыру барысында оқушылардың белсенді ой-әрекетін күшейтуге мұғалім жұмысты жоспарлы түрде ұйымдастырып, оған дұрыс басшылық жасай алғанда ғана қол жеткізеді алады. Мектепте әрбір пәнді оқытуды Интернет-ресурстарға негіздеуге болады. Мұнда электрондық байланыс ерекше мәнге ие болуда. Электрондық байланыс жүйелерінде оқыту мынадай сұрақтардың шешімін табуды көздеп отыр: 1. Нені оқыту керек?, яғни компьютерлік жүйеге енгізілетін тақырыптарды саралау керек. 2. Қандай ретпен, тәртіппен оқыту керек, яғни тақырып арасындағы байланыс, сабақтастық қатаң ескерілуі керек. 3. Қалай оқыту керек?, яғни тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алған жөн. Осы үш сұрақтың шешімін табу Интернет-ресурстар незінде оқыту әдістемесінің негізін құрайды. Электронды оқулықтар бұл дәстүрлі оқулықтардың мәртебесі мен Интернет- ресурстардың мүмкіндіктерін біріктіретін жаңа буын әдебиеттері болып табылады. Олардың оқушылардың өзіндік оқу іс-әрекетін дамытуда атқаратын рөлі ерекше, олар: - оқу жүйесін жобалауда, сабақққа дайындалу барысында және оқытудың мақсатына сәйкес оқу материалын таңдап алуда, дидактикалық материалдарды құрастыруда оқу еңбегін жеделдетеді және оңайландырады; - оқу іс-әрекеті оқушылар үшін қызықты, әртүрлі ойын түрінде (білік, бақылау- тесті, т.с.с.) іске асырып отырады; - оқушылардың ақыл-ой күшінің неғұрлым аз жұмсалуын көздейтін эргономикалық талаптар қамтамасыз етіледі; - нақты объектілерді машина арқылы имитациялау мүмкіндігі туады; - ақпаратты гипермәтіндер мен мультимедиялар арқылы беру пайдаланылады; - достыққа негізделген интерфейсті құру, оқушылардың дербес ерекшеліктерін есепке алу арқылы жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалады; - көлемді ақпараттарды сақтаудың қарапайымдылығы қамтамасыз етіледі. Бүгінгі таңда оқу орындарында электронды оқулық мақсаттан нәтижеге жетуде автоматтандырылған оқыту үдерісі ретінде, ал, екінші жағынан - ашық әдістемелік жүйе ретінде қолданылуда. Біраз жылдар бұрын электронды оқулықтар педагогика ғылымында жаңа құбылыс болып есептелінген. Ал бүгінгі күні мультимедиялық педагогикалық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану көптеген ғалымдардың зерттеу пәні болып, білім беру жүйесінде электронды оқулықтар, электронды-білім бағдарламалары, электронды- педагогикалық жүйелер кеңінен қолданылып келеді. Сонымен қатар электронды оқулықтар оқу үрдісін ұйымдастыруда қолайлы болып табылып, оқулықтың авторы мен оны пайдаланушы оқушылар арасында өзара тығыз байланысты орнатуға мүмкіндік береді. Оқушылар үшін олар өздігінен білім алудың қайнар көзі болып табылады, әрбір оқушы дербес компьютер арқылы кез келген уақытта білімін өздігінше толықтыруға, өзін-өзі бақылауға, білімін тексеруге және аралық, кезектегі, қорытынды бақылауларға дайындалуға мүмкіндік алуда.75 Электронды оқулықтарды тиімді пайдаланудың техникалық шарттары «пайдаланушы- ЭЕМ» интерактивті диалогынқамтамасыз ету талаптарынан туындайды. Бұл ең алдымен ақпаратты енгізу-шығару қолайлылығы, сонымен бірге бағдарламалық өнімнің тез әрекет етуін қамтамасыз ету болып табылады. Ақпаратты ендіру қолайлылығы мынадай жайттардың есебінен қамтамасыз етіледі: - механикалық манипуляциялар (клавиатура, тышқан, трекбол, джойстик, графикалық планшет); - акустикалық әсерлер (микрофон); - аппаратық құралдар (сканер, цифрлық камера, дискілер). Ақпаратты шығару қолайлылығы «диалогтық» қондырғылардың (монитор, колонкалар) және дайын ақпаратты беру құралдарының (принтер, плоттер, дискі жинақтары) көмегімен жүзеге асырылып отырады. Тез әрекет етуге электронды оқулықтың орналасу орны (сервер, дискілер жинағы, стример); компьютер қондырғысының конфигурациясы ықпал етеді. Гигиеналық шарттар бағдарламалық өнімге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптармен анықталады. Арнайы шарттар электронды оқулықтарды жасауда іске асырылуға тиісті жоғары Интернет-ресурстардың өзіне тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін қарастырады. Оларға мыналар жатады: - «пайдаланушы-авторлық ұжым» арасындағы өзара кері байланысты іске асыра білу; - оқулықтың мазмұнына өзгерістер енгізу білу; - басқа оқулықтармен екі жақты сілтемелерді жүзеге асыру алу; - электронды оқулықтарды құру үшін қосалқы бағдарламалық-қабықтарды пайдалана білу. Сонымен қазіргі мектептің оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындау білім мен тәрбие және дамыту қатар жүргізілгенде ғана ғаламдық ойлауға бейімдеу өз дәрежесінде жүзеге асып отыр. Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, қоғамда, яғни бүкіл қоршаған дүние ортасында қалыптасады. Бұл өсіп келе жатқан жастарымыздың бойында жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруды тек Қазақстандық білім көлемінде ғана емес, әлемдік өркениетті елдермен тәжірибе алмасу арқылы іске асыруды ғаламдық деңгейде ойлауды қажет етеді. Сондықтан оқушылардың ғаламдастыруға дайындығы, өмірге көзқарасын бейімдеу зор маңызды міндет болып табылады. Демек, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе мектептің оқыту үдерісінде Интернет- ресурстарды пайдаланудың мүмкіндіктері бар екендігі айқындалады, оны арнайы порталдар, сайттар және мультимедиялық құралдар арқылы іске асырады. Мультимедиялық технологиялар оқушылардың білім, білік, дағды сапасын арттыруға және өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыруға қызмет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010. – 52 б. 2. Устемиров.К.У. Современные образовательные технологии и технические системы обучения: метод. рекомендации / Устемиров К.У, Шаметов Н.Р, Бакиров Р.Т – Алматы,2006 - 100стр. 3. Досжанов Б.А. Мультимедиялық технологиаларды пайдалану арқылы оқыту үдерісін жетілдірудің дидактикалық негіздері: пед.ғыл.канд.ғылыми дәрежесін алу үшін дайын.дис.автореф./ Б.А.Досжанов. – Түркістан, 2007-30б. 4. Хакимова Ж.. Қазіргі заманғы технологияларды қолдану. /Хакимова Ж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет