«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы облыстық сырттай оқу олимпиадалық резерв мектебіне қабылдау турының тапсырмалары.
2016-2017 оқу жылы
ОРЫС ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН МЕКТЕПТЕРДЕГІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ
8-9- сыныптар
1. Күміс көлдер, көгілдір өзендер үстінде жыпырлай жүзген аққу, қаз, үйрек. Олардың у-шуынан, қоңырлата сыңси салған әндерінен құлақ тұнады. Сай-салада сылқ-сылқ күліп былдырлай аққан қар суы, мұз бұлақтар. Дүние анасынан жаңа туғандай жасарған. Осы бір керемет сәнге бөленген әлем өзінің ғажайып ән-күйімен сенің жаныңды, қиялыңды қуанышымен әлдилейді, құлашыңды көзің жетпес көкжиегіне серметеді. Өзіңді-өзің бұл жалғанда ең бақытты жан сезінесің! (І.Есенберлин)
Мәтінмен жұмыс.
1.1. Мәтінде қай мезгіл суреттелген.
1.2. Жыл мезгілінің өзгерісін анықтайтын 3 сөз (сөз тіркесін) жазңыздар.
1.3. Сөздер мен сөз тіркестерініің мағынасын анықтаңыздар: қоңырлата, құлақ тұнады, құлашыңды серметеді. 20 ұпай
2. Төл, түлік, құлын, бота, дала сөздерін қатыстырып қандай тақырыпта әңгіме құрастыруға болады? Кемінде 15 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастырыңдар, әңгіменің тақырыбын белгілеңдер. 10 ұпай
3. Сөз құрамына талдау жасаңдар.
Барасыңдар, атқызды, жазушы, жазуға, келсін, келейік, балаларымыздың, темір жол, күнбағыс, белбеу, бидай өңді, қырық тоғыз, жазғытұрым, оқу-ағарту, қазақша-орысша үйіліп-төгілу 10 ұпай
4. Берілген сөздердің сыңарын табыңдар. Мысалы: сый-құрмет, келін-кепшік т.б
Алақ- , - сарсаң, апалаң-, -бармас, -тәтті, сүйек- , - саяқ, апыл-, -кем, ыза-, айқай-, -жас, -құмырсқа, қысы-, құрбы- . 5 ұпай
5. Қазақ тілінде көптік жалғау қабылдамайтын зат есімдермен үш сөйлем құрастырып жазыңдар.
5 ұпай.
Достарыңызбен бөлісу: |