2012-2013 оқу жылына арналған
«ФИЛОСОФИЯ» пәнінен қорытынды емтихан сұрақтары
3 кредит
-
Философия грек тілінен аудармасы. Филео-махаббат, құштарлық; софия-даналық
-
Философия қайда және қашан пайда болды? VII-VI ғасырларда, Ежелгі Үнді, Қытай және Грек жерлерінде бір уақытта пайда болдв
-
Философия дегеніз не? Қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі, ойлау туралы ойлау
-
Дүниеге көзқарас ұғымын анықтаңыз. Объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар
-
Дүниетанымның тарихи типтері.Мифология, дін, философия
-
Филосфияның эволюциялық даму кезеңдері: космоцентризм-барлық өзгерістер ғарыштан, теоцентризм барлық тіршіліктің мәні Құдай, антропоцентризм-адам мәселесі негізгі.
-
Идеализм: объективтік идеализм –дүниенің алғашқы негізі адам санасынан тыс жалпы рухани идея, субъективтік идеализм-дүниенің үйлесімділігі жеке санада субъекттің түйсігінде немесе “мен” деп түсінетін бағыт.
-
Философиялық көзқарас ерекшеліктері. Монизм-қосмағыналылығы, дуализм-екіұдайлылығы
-
Дүниенің бір ғана бастамасын мойындайтын бағыт.Монизм
-
Дүниенің екі бастамасын мойындайтын бағыт. Дуализм
-
Философияның негізгі мәселесінің екі жағын көрсету: онтологиялық-болмыс мәселесін қарастырады және гносеологиялық-таным мәселесін қарастырады.
-
Алғашқы қауымдық қоғамға тән қияли ғажайып қоғамдық сана формасы. Мифология
-
Мифология. Мифологияның формалары.Фетишизм-сиқырлық, тұмар; Тотемизм-өсімдікке, жануарға табыну; Анемизм-аруақтарға табыну
-
Сенімге негізделген көзқарас.Дін
-
Білімге, ғылымға негізделген көзқарас.Философия
-
Құндылық туралы ілім.Аксиологиялық функция
-
Болмыс мәселесін қарастыратын философиялық бөлім.Онтология
-
Таным мәселесін қарстыратын философиялық бөлім.Гносеология
-
Философияның негізгі функциялары:дүниеге көзқарастық-дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның құрылымы жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы туралы көзқарасты қалыптастыру;, методологиялық-философия қоршаған дүниені, шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін жасайды, гносеологиялық-философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс әрі айқын тануды (таным тетігін) мақсат етеді, аксиологиялық-философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды моральдік-әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани және т.б. құндылықтар жағынан қарастырады және т.б.
-
Философияның негізгі әдіс-тәсілдері.диалектика-болмыс пен танымның, заттар мен құбылыстардың, ойлаудың жалпы даму заңдылықтарының өзара байланысын, ішкі қайшылықтарын зерттейді; метафизика-диалектикаға қарама қарсы таным әдісі, мұнда заттармен құбылыстар бір біріне байланыссыз, ішкі қайшылықсыз, тұрақты түрде өзгеріп отырады деп түсіндіріледі; догматизм-қоршаған ортаны, дүниені әлдебір догмаларға, «жоғарыдан алдын ала берілген абсолюттік ақиқатқа» сүйеніп қабылдау; эклектика-жан жақтан жиналған, алуан түрлі, қырық құрау қағидаларды біріктіріп, қоршаған дүниеге өзіндік көзқарасты дәріптеуге тырысатын фил-лық әдіс; софистика-айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп, ақиқатты жалған, жалғанды ақиқат деп көрсетуге жұгінетін әдісті айтады; герменевтика-кез келген жазба нұсқасының, мәтіннің мәні, мағынасын тұспалдап түсіну, ұғыну әдісі;
-
Дүниені тануға болады, танымның мүмкіндігі шексіз деген ұғым. Гностицизм
-
Дүниені тануға болмайды, танымның мүмкіндігі шектеулі деген ұғым. Агностицизм
-
Ежелгі Шығыс философиясы. Ежелгі Қытайдың ұлттық ілімдері: доасизм-табиғат пен ғарыштың игілікке апаратын жолын табу. Конфуцийшілдік-адамды әлеуметтік өмірдің өзекті мәселесі; Адамдарды қалай басқару, қоғамда өзің қалай ұстау. Легизм-қоғамды қалай басқару керек, заңгерлер.
-
Еж.Қытай философиясындағы «у-вей»-тыныштық, бейқамдық, «сяо»-баланың құрметі, ата ананы құрметтеу, «ли»-мінез құлық ережелері мен нормалары
-
Конфуцийшілдік ілімінің негізгі идеясы. «Лунь Юй»- Сұхбаттар мен пікірлер.
-
Конфуцийдің алтын ережесі.Өзің қаламағанды өзгеге істеме
-
Еж.Қытайдағы адамның ғарыштық энергиялары көрсетіңіз.Цзинь, Ци, Шэнь
-
Даосизмдегі "табиғилық" принцип деген не?
-
Даосизмнің негізгі идеясы. Даосизм ілімін негізін салушы. Лао Цзы, Бақытқа жету жолы, ақиқатты тану дегеніміз-құштарлық пен құлшыныстан азат болу, әрқашан ымыраға, түсінушілікке келу
-
Легизм-қоғамды қалай басқару керек. Легизмнің негізгі қағидасы-Адам өз бітімінде зұлым, жамандыққа бейім; Адам іс-әрекетінің қозғаушы күші-жеке эгоистік мүдде; Заң бәріне бірдей, кімде кім болмасын, жай адам немесе лауазымды шенеулік заң бұзса, жазалануы тиіс.
-
Легизм ілімін негізін салушылар. Шан Ян, Хань Фей
-
Ежелгі Үнді философиясының мектептері.Астика, Настика
-
Упанишада.упанишад-ұстаздың алдында отырып тәлім тәрбие алу, Упанишадалар- Ведалардың аяқталуы
-
Ведалар дегеніміз не? Білім
-
Үнді фил.ежелгі эпос-жырларды атаңыз. «Махабхарата», «Рамаяна»
-
Жайнизм деген не?Адамның екіұдайлығы, қосмағыналылығы туралы, карма, сансарадан құтылу, этика мәселесі туралы ілім.
-
Үнді фил. адам өмірінің, тағдырының алдын ала мәлім болуы. Карма
-
Үнді фил.материалдық түпнегіз, сана. Пракрити
-
Үнді философиясындағы пракрити және пуруша дуалистік қағидалары.Пракрити-материалдық түпнегіз, сана; Пуруша-таза сана, барлық тіршілікті жандандыратын күш
-
Үнді философиясындағы буддизмнің негізін салушы және оның негізгі идеясы. Гаутама Будда, Орта жолды ұстану
-
Философиядағы идеалистік бағытының негізін салушы. Платон
-
Антикалық мағынадағы диалектиканың негізін салушы.
-
Платонның триада ілімі. Бірлік, ақыл, жан
-
Платон ақиқат болмысы деп нені түсінді? Таза идея
-
Майевтика – диалектикалық әдіс.
-
Майевтика ілімін негізін салушы ежелгі грек философы. Сократ
-
Милет мектебін негізін салушы. Көрнекті өкілдері.Фалес, Анаксимандр, Анаксимен
-
Милет мектебінің қарастырған ең басты мәселесі. Физиктер, Материалистік жаратылыстану, алғашқы бастама іздеу, табиғат заңдылықтарын түсіндіру
-
Милет мектебіндегі «архэ» мәселесі. Алғашқы бастама, түпнегіз, субстанция
-
Фалес бойынша «архэ».Су
-
Анаксимен бойынша «архэ» .Ауа
-
Анаксимандр бойынша «архэ». Апейрон
-
Эмпедокл «архэ» Су, ауа, от, топырақ- төрт элемент
-
Гилозоизм. Өлі табиғаттың, барлық заттардың жаны бар деп санады
-
Дүниенің бастамасы сан деп қарастырған ежелгі грек ойшылы. Пифагор
-
Антикалық ойшылдарының қайсысы этиканы "жан дәрісі", яғни қасіреттен құтылу және жанның ләззаты деп ұғынған ойшыл. Эпикур
-
Эпикур философиясының мәні.
-
Panta rei – барлығы өзгереді, барлығы қозғалыста деп қарастырған ойшыл. Гераклит
-
Элейлік Зенонның апориялары. Ойлаудағы қиналу, аң таң болу, шешілмейтін жұмбақ. «Дихотомия», «Ахиллес пен тасбақа», «Стадий»
-
Ежелгі грек философиясының атомисттер мектебі. Өкілдері.Дүниенің негізі-атомдар-бөлінбейтін жай бөлшек. Левкипп пен Демокрит
-
Софистика ілімі. Теориялық мәселелермен ғана емес, сонымен бірге педагогика, шешендік өнер, яғни практикалық қызмет те атқарды
-
Софисттер деген кімдер? «Даналық ұстаздары»
-
Адам барлық тіршіліктің, нәрсенің өлшемі деген ойшыл.Протогор
-
«Өзіңді өзі таны». «Мен өзімнің ештене білмейтінімді білемін». Сократ
-
Антикалық мағынадағы диалектиканың негізін салған грек ойшыл. Платон
-
Асоциалды, яғни қоғамнан тыс өмір сүретін бағыт Киниктер.
-
Стоиктер мен скептиктер бағыттары. Стоиктер- қоршаған дүние ықпалынан азат болу, Скептиктер- адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен көптеген ойларды қамтыды; Адамның ойы арқылы айналадағы дүниеге кеңінен көз салу, өткен жолымызға қайта қарау және танымның жетістігіне сын көзбен щолу арқылы оны қайта бағыттау
-
Қай философиялық мектепте қозғалысты ойлауға болмайтынын мәселе қойылды?
-
Ортағасыр философиясының басты белгісі.Теоцентризм
-
Монотеизм – абсолюттік тұлға қағидасы.
-
Ортағасырлық батысеуропалық креационизм идеясы.Құдай дүниені жоқтан бар етті және мәңгі жаратуда
-
Ортағасырлық батысеуропалық проведенциализм принципі. Құдай адам мен адамзатты құтқаруын, жарылқауын алдын ала білген
-
Ортағасырлық батысеуропалық патристика идеясы. Алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі.
-
Ортағасырлық батысеуропалық апологетика. Пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздаған ілім
-
Ортағасырлық батысеуропалық тринитарлық мәселесі. Әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім
-
Схоластика Теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы
-
Схоластиканың екі бағыты: реализм және номенализм. Реализм-нағыз болмысқа заттар емес, керісінше олардың жалпы ұғымы-универсалийлер ие дейтін ағым. Номенализм-шындықта тек жеке, нақты заттар ғана өмір сүреді, ал жалпы ұғымдар олардың атауы, аталуы
-
Ортағасырлық араб филсофиясының теориялық қайнар көзі. Антикалық философия
-
Ортағасырлық арабтілдік фил.қай бағыты рационализм принципі негізделген? Мұтазалиттер
-
Ортағасырлық арабтілдік фил.қай бағыты мистикалық бағытты ұстанды? Суфизм
-
Әл Фараби атақты еңбегі. «Қайырымды қала тұрғындары»
-
Қожа Ахмет Яссауи қай бағытының өкілі? Суфизм(Сопылық)
-
Суфизм ілімі. Жекелік мистикалық-діни аскеттік, адамды жан-жақты жетілдіру ілімі
-
Мұтазалиттер деген кімдер? Бостандық еркіндігін, адамның әдептілік дамуын көздеген зиялы қауым өкілдері
-
Шығыстық перипатетизм. Өкілдері. Аристотелизм, Аристотель мұрасын терең зерттеп, оған түсініктемелер берген. Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд
-
Платон менің досым, бірақ ақиқат қымбаттырақ деген афоризмнің авторы Аристотель
-
Мемлекетті философ басқару керек деп кім айтты? Платон
-
Суфизм араб тілінен аудармасы. Ат-тасавуфф, суф-жүн, шаш, грек софия-даналық
-
Неге сенемін, соны танимын деген кім? Аврелий Августин
-
Қос ақиқат немесе ақиқаттың екіұдайлылығы теориясның авторы? Ибн Рушд
-
Шариғат деген не? Мұсылмандық өмір сүру қағидасы
-
Суннизм. Мұхаммед Ғ.С. ең соңғы пайғамбар
-
Шығыстық перипатетизм бағытын негізін салушы кім? Әл-Кинди
-
Қалам мектебіне сипаттама. Мұсылмандық теологиялық философия, яғни мұсылмандық схоластика,(Мұтакәлімдер, мұтазилиттер, ашариттер, исмаилшылдар, хариджидтер, кадариттер, жәбіриттер, мүрүтжиттер)
-
Антропоцентризм дүниетанымы қай кезеңге тән? Қайта өрлеу
-
Т.Мор. утопиялық социализм. Жеке меншік жоқ, 6 сағаттық жұмыс күні, ерлер мен әйелдер тең құқыққа ие, (65 бет)
-
«Утопия» шығармасының авторы. Томас Мор
-
Қайта өрлеу заманы қай ойшылы дүниенің шексіздігі мен әлемнің түрлілігі туралы қағиданы негіздеді? Н.Кузанский
-
Гелиоцентризм теориясын негізін салған. Коперник
-
Гуманистік бағытының негізгі идеясы қандай? Өкілдері. Адам тағлымы, оның ұлылығы мен құдіреті; антропоцентризм, адамгершілікті дәріптеу, өмірлік оптимизм, Данте Алигьери, Франческо Петрарка Лоренцо Валла,.
-
«Құдіретті комедия» еңбегінің авторы Данте Алигьери
-
Реформациялық бағытың сипаттамасы.Шіркеулік идеология, дінге сенушілер мен шіркеу арасындағы қатынасты қайта қарастыру, өзгертуді мақсат етті
-
Құдай мен сенушілердің қауымын тікелей өту керек деген реформациялық бағытының өкілі.Мартин Лютер
-
«Күн қаласы» еңбегінің авторы. Томаззо Компанелла
-
Дуалистік метафизиканың негізін салушы. Рене Декарт
-
Рационализм бағытына сипаттама.
-
Рационализм бағытын негізін салушы.Рене Декарт
-
Индуктивтік әдісті пайдаланған жаңа заман ойшылы. Бэкон
-
Декарттың негізгі таным әдісі қандай?Ақыл, парасатқа сүйенген рационалдық таным
-
Мен ойлаймын, демек мен өмір сүремін. Рене Декарт
-
Күмәндану принципі, интуиция мен дедукцияны қарастырған кім? Рене Декарт
-
Жаңа заман философы табиғи құқық теориясын негін салған.Гуго Гроций
-
Спиноза философиясының негізгі арқауы. Біртұтас субстанция ілімі
-
Күлме, жылама, тек түсін.Бенедикт Спиноза
-
Білім – күш деген кім? Бэкон
-
Ф.Бэконның негізгі таным әдісі.Дедуктивтік таным
-
Индуктивтік арқылы болыматын танымдық әрекет. жолдарын көрсеткен кім? Бэкон
-
Өрмекші жолы. Білімді таза ақылдан алу, яғни рационалдық жол
-
Жаңа заман философиясының негізгі белгісін көрсетіңіз. Рационализм, эмпиризм; Индуктивтік, Дедуктивтік; Ағартушының идеясы.
-
Барлық білімдердің шығу тегі сезімдік қабылдаудан болады деген философиялық ілім. Сенсуализм
-
Д.Локктың сенсуализмі. Барлық білімдердің шығу тегі сезімдік қабылдаудан болады. «Таза тақта» ілімі. Қоршаған дүние, табиғат сол тақтаға өз белгілерін, иероглифтерін түсіреді, таным процесі осылай жүзеге асады.
-
Г. Лейбниц. «Монадология». Монада туралы ілім, Монада – бір, тұтастық; Болмыстың қарапайым, бөлінбейтін рухани бөлігі; Жан мен тән, монада арқылы материя өзіндік қозғалыс қабілетіне ие; Монада әрқашан әрі форма, әрі материя, Жан-тәннің мақсаты, тән-жанның құралы, өмір сүру әдісі.
-
Географиялық детерминизм. Монтескье.
-
«Адам – машина» авторы. Ламетри
-
Француз материализміне сипаттама.
-
Француз ағартушылық философияның көрнекті өкілдері. Монтескье, Руссо, Кондильяк, Ламетри, Дидро, Гольбах
-
Энциклопедияның бас редакторы. Дидро
-
«Классикалық неміс философиясы» терминін енгізген кім? Энгельс
-
КНФ негізін салған кім? Иммануил Кант
-
Гегельдің философиялық жүйесіндегі негізгі қайшылық.
-
КНФ идеалистік бағытының өкілдері Фихте, Шеллинг
-
Кант философиясындағы негізгі ұғымдар: «өзіндік зат» қоршаған дүниенің орасан көп заттары мен құбылыстарының ішкі мәнін емес, тек олардың бейнесін ғана тани аламыз. «феномен»-құбылыс. ,«априоризм»-тәжірибеге дейінгі.
-
Канттың пікірлер теориясы. Аналитикалық, Синтетикалық- априорлық, апостериорлық
-
Кант антиномиялары. 4, 1- кеңістік пен уақыттың шектілігі туралы, 2- жай және күрделі туралы, 3- еркіндік пен себептілік туралы, 4- құдайдың барлығы туралы
-
Канттың тәжірибеге дейінгі білімі. Априорлық
-
Канттың тәжірибеден кейінгі білім. Апостериорлық
-
Кант білімдер жүйесін бөлді.Синтетикалық, Аналитикалық
-
Канттың «Категориялық императиві»- шартсыз(кесімді) ұйғарымы екі максимадан(ережеден) тұрады.
-
Таза парасатқа сын еңбегінің авторы Кант
-
Гегельдің абсолюттік идеясы негізі неден басталады?
-
КНФ жоғары жетістігі бұл:Материализм, Иррационализм
-
Панлогизм- ойлаудың өзінде –және-өзі-үшін болмыста болуы. Рух феноменологиясы- психология.
-
Гегель бойынша дамудағы ішкі қайнар көзді, қозғаушы күшті ашатын заң? Қарама қайшылық заңы
-
Гегельдің триадасы.тезис-антитезис-синтез
-
Гегель бойынша дамудың жалпы нәтижесі мен тенденциясын көрсететін заң диалектика
-
Гегельдің философиялық жүйесі.Логика, Табиғат философиясы, Рух философиясы
-
Шопенгауэр философиясындағы иррационализм бір формасы. Өмір философиясы
-
Гегель философиясын материалистік тұрғыда сыңға алған неміс философы Л.Фейербах
-
Антропологиялық материализм. Шындықтағы жалғыз шындық – табиғат пен адам; адам табиғат бөлігі; адам- руханилық пен материалдық бірлігі; адам – философияның негізгі мәселесі.
-
«Мен» және «Мен емес» принципі. Фихте, Мен және Мен емес(қоршаған дүние, объект) арасындағы қатынас «тезис, антитезис, синтез» триадасы түрінде көрініс табады
-
«Капитал» еңбегі авторы.К.Маркс
-
«Қосымша құн» теориясының авторы.К.Маркс
-
Материалдық экономикалық фактор маңызының басымдылығын айқындаған кім? К.Маркс
-
Тарихи материализм- Тарих, қоғам дамуын материалистік тұрғыдан ұғыну
-
Диалектикалық материализм Гегельдің идеализмін материалистік тұрғыдан ұғыну
-
Шәкәрім бойынша адамның мәні.Ұждан(совесть)
-
«Үш анық» еңбегінің авторы.Ш.Құдайбердіұлы
-
Формальдық логиканың негізін салушы антика философы Аристотель
-
Экзистенциализм үшін басты мәселе не болып табылады? Онтологиялық мәселе, «дүниедегі болмысты» бастан кешіру. Терең күйзеліс сәттерде адам экзистенцияны өзінің тіршілігінің, мәнінің түптамыры ретінде сезінеді
-
Агностицизм өкілі. Кант, Юм, Беркли
-
Шопенгауэр философиясы. Волюнтаризм – дүниедегінің бәрін анықтаушы, басты қозғаушы күші ерік, жігер.Шопэнгаур философиясының негізгі ұғымы - ерік
-
Өмір философиясының өкілдері В.Дильтей, Г.Зиммель, Л.Клагес, Ф.Ницше, О.Шпенглер, А.Бергсон
-
Неокантшылдық бағытының мектептері Марбург мектебі, Бадендік мектеп,
-
Философиядағы инструменталистік әдісті қолданған кім, прагматист.Джон Дьюи
-
Экзистенциализмнің негізін салушы. Сьерен Кьеркегор
-
Ясперстің экзистенциалдық философиясы.Экзистенция «шекаралық жағдайда», яғни өлім, қасірет, күрес, кінә, үрейде ашылады.
-
«Абсурд» философиясын қарастырған философ, экзистенциалист. Камю
-
АҚШ-тың ұлттық философиялық жүйесі – Прагматизм. Өкілдері.Ч.Пирс, У.Джемс, Прагматизм – абстрактті ақиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды.
-
Феноменология дегеніміз не? (грек. Құбылыс туралы ілім) – таза сананы талдау және адам тіршілігінің иманенттік, априорлық құрылымын зерттеу әдісі.
-
Феноменоллогияның өкілдері.Эдмунд Гуссерль
-
Герменевтика деген не? Ұғыну, түсіну философиясы, тұспалдап сөйлеу тәсілін зерттейді, мәтіндерді түсіндіру өнерін, практикасы мен теориясын қарастыратын философиялық бағыт.
-
Герменевтикалық шеңбердің авторы. Шлейермахер
-
Материяның өмір сүру тәсілі.Қозғалыс, уақыт, кеңістік
-
Уақыт – материяның атрибуты ретінде.
-
Субстанция ілімі. Түпнегіз, ешнәрседен тәуелсіз, өзге нәрселерді тудыратын бастама; Мәнділіктің алғы себептілігі.
-
Диалектиканың мәні неде? Даму
-
Психоанализ теориясының негізін салушы. З.Фрейд
-
Фрейд бойынша жыныстық үнемі немен қақтығыста болады?
-
«Ұжымдық санасыздық» теорисының авторы. К.Юнг
-
«Архетип» түсінігі. К.Юнг.Архетип – әмбебап бейнелер, жалпы адамзаттылық ығыстырылған өмірлік энергияның «коды». Архетиптер – барлық адамдарда туа біте пайда болатын «ұжымдық бейсаналық» құрылымы. (Анима, Анимус, Жер-ана, Дана қария, Әруақ) Архетиптер түс көру, бейне, қиял галлюцинация арқылы көрінеді.
-
Иррационализм бағытына сипаттама. Табиғатта, қоршаған дүниеде логикалық байланысы жоқ, қоршаған дүниенің бәрі бөлшектенген, байланыссыз хаос
-
Ғылыми танымның құрылымы
-
Таным теориясындағы ақиқат ұғымы.Ақиқат –жасырынбаған, айғақ дегенді білдіреді; Ақиқат – біздің білімдеріміздің мәңгі идеяларға сәйкес келуі(Платон)
Ақиқат – қоршаған дүниені дұрыс бейнелейтін білім(Аристотель)
Ақиқат – ойлаудағы ойдың өзінің априорлық синтетикалық формаларымен сәйкес келетін субъектінің қасиеті(Кант)
Ақиқат – процесс, яғни өмір – таным – абсолюттік идея(Гегель)
-
Бейсаналық дегеніміз не? Ерекше психикалық шындық, сананың бақылауына келмейтін, адам санасынан тыс жататын психикалық құбылыстар, жағдайлар және әрекеттер жиынтығы
-
Материяның өмір сүру тәсілі –Қозғалыс, уақыт, кеңістік
-
Материадық жүйелердың өмір сүру тәсілі Қозғалыс, уақыт, кеңістік
-
Диалектикаға қарама қарсы бағыт Метафизика
-
Гедонизм түсінігі өмірдің мәні не? өмір сүру – ләззат алу
-
Өмір мәнінің утилитаристік концепциясы.
-
О.Шпенглердің атақты шығармасы «Еуропаның құлдырауы», «Шешуші жылдар»
-
Позитивизм бағытын негізін салушы. О.Конт
-
Сенсуализм түсінігі.
-
Позитивисттер бөліп қарастырған ғылыми тыным. Позитивті ғылым
-
Позитивизмнің тарихи формаларын көрсетіңіз.
-
Ойлау қабілеттерін, заңдары мен формалырын туралы ілім.Рационалдық
-
Гегель философиядығы әдісі. Диалектикалық
-
Санасыздықтың психикалық себептерін ашқан философ.З.Фрейд
-
Даму сабақтастығы, дамудың бірлігі диалектика заңы қалай аталады? Сандық және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы
-
Даму себебін қарастыратын диалектика заңы Қайшылық метапринципі
-
Диалектика бұл? Аргументация өнері, логика ғылымы; Болмыс пен танымның жалпылық байланыстары, қалыптасуы, қайшылығы және дамуы туралы ілім, әрі ғылым және осыған негізделген таным методы.
-
Позитивизм бойынша позитивті ғылымдар мынаған тәуілді
-
Қоғамдық экономикалық формация ұғым енгізген.К.Маркс
-
Постпозитивизм. К.Р.Поппер.
-
«Ашық қоғам және оның жаулары» еңбегінің авторы.К.Р.Поппер
-
«Фальсификация» - кез келген теорияны біржолата, нақты дәлелдеуге, мойындауға болмайды, бірақ оны терістеуге болады , «фаллибализм» принципттері – теориялардың бәрі қателеседі, сондықтан кез келген теорияға сене бермеу керек.
-
Камю бойынша адам үшін абсурдтан шығатын жол. Бүлік
-
«Тіл – болмыс тұрағы үйі». М.Хайдеггердің экзистенциялық философиясы.
-
Ж.П.Сартрдың экзистенциалды философияның пәні.
-
«Бүлікшіл адам», «Сизиф туралы аңыз» еңбектері. А.Камю экзистенциялдық философиясы. Камю
-
Ақыр заман туралы ілім атаңыз. Эсхатология
-
Болашақты, келешекті зерттеу ілімін көрсетіңіз.Футурология
-
Гносеология – таным мәселесін қарастыратын филофиялық бағыт.
-
Онтология – болмыс мәселесін қарастыратын философиялық бағыт.
-
Достарыңызбен бөлісу: |