2015-2016 оқу жылының І-ІІ тоқсанында 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау мақсатында 6 рет қалалық 4 рет мектепішілік, барлығы 10 сынама тестілеу өтті.
«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский.
«Оқушыларды ҰБТ- ке» дайындау туралы ата-аналарға кеңес.
• Балаңыздың ойлануына уақыт беріңіз. • Барлық салада баланың қабілетін дамытыңыз.
• Баланы басқа баламен салыстырудан бас тартыңыз. • Қате жіберген кезін ойланып көрсін. • Уақытты дұрыс пайдаланған үшін және жұмысты жақсы ұйымдастырған үшін мақтап отырыңыз. • Балаға кітаптарды таңдауға немесе басқа сұрақ пен жауап берілген хабарламалар іздеуге көмек көрсетіңіз. • Баланың қызығушылығын барлық салада болса да үнемі қолдап отырыңыз. • Балаңыз қабілеттілікті үнемі барлық жерде көрсетеді деп күтпеңіз. Баланы түзеткен кезде, сақ болыңыз. Себебі сын баланың шығармашылық шабытын және сезімін сөндіреді. • Өзіңіздің отбасыңызға қарым-қатынас жасауға уақыт бөліңіз. Өз-өзін жоғары ұстауға көмек көрсетіңіз.