Оқу сауаттылығы 1-мәтін



Дата21.01.2020
өлшемі34,63 Kb.
Оқу сауаттылығы 1-мәтін
Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет, Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа жанаспайды. Өлең өнері сөзбен, ал живопись (жанды жазу) өнері бояуымен құлпырады. Музыканың негізгі мақсаты - адамның эстетикалық қажетін қанағанттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қасиет, өйткені тіл мен музыка тілі бір- бірінен етене қатысқан кезде музыканың әсерлілігі арта түседі. Бұл ғылым, яғни музыка өзінің байсалдылығынан айырылған адамды тузеуге, қызба адамды қалпына түсіруге, адамды ылғи да бір қалыпта ұстап тұруға құдіреті жетеді.
1. Мәтін мазмұнына қандай нақыл сөз сәйкес келеді?
A) Жігітке жетпіс өнер де аз B) Еңбек ер атандырады C) Өнер - таусылмас азық
D) Кең пейілдіге ас көп E) Жолың алыс болса, атыңды қинама

2. Мәтін бойынша музыканың әсерлілігі қай кезде арта түседІ?


A) Сурет өнері мен музыка үйлескенде B) Тіл мен музыка үйлескенде
C) Сәулет өнері мен музыка үйлескенде D) Спорт пен музыка үйлескенде
E) Қол өнері мен музыка үйлескенде
2-мәтін
Әйгілі жазушы Г.Бельгер: «Неміс тілі, қазақ тілі, орыс тілі - шабытымның үш қайнар бұлағы», - деген екен. Бүгінгі күні бірнеше тілді қатар игерген адамдар саны күн санап артуда деп әбден айтуға болады. Ондаған тілдерді қатар үйренуге қабілетті адамдарды «Полиглот» деп атайды.
Орыс жазушысы А.П.Чеховтың «Бірер тіл білмеген адам өзін құжатсыз жандай сезінеді» деген қанатты сөзі бар. Көп тіл игергісі келетіндерге бірнеше кеңес:
1) Үзбей жаттығу. Атақты неміс археологы Генрих Шлиман үнемі жаттығуының арқасында күніне прозалық мәтіннің жиырма бетін жаттап алуға қолы жеткен. Ол орыс тілін 6 апта ішінде үйренген.
2) Алдымен негізгі тілдерді, ал содан кейін сол тілдерге жақын тілдерді үйрену қажет екен. Әрине, адам көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады.
3) Ең бастысы - қорықпау керек. Тілді үйрене жүріп, өз ойыңызды сол тілде түсіндіруге тырысу керек. Үйреніп жүрген тілде сұрақ қоя отырып, тіл білетін және өзіңізге көмек көрсете алатын адаммен барынша көбірек сөйлесіңіз.
4) Музыканы көбірек тыңдап, есту қабілетіңізді дамыта беріңіз. Өйткені ол - шетел тілін үйренуде жақсы көмекші.
Олай болса, достар, полиглот болғыларың келсе, тек алға ұмтылыңдар! Антик философтарының «тілді бесіктегі деміңнен соңғы деміңе дейін үйренсең де аз» дегенін ұмытпайық!

3. Қандай мақал-мәтел берілген мәтіннің мазмұнын ашып тұр?


A) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. B) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. C) Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы - ой. D) Басқа пәле - тілден. E) Тілі тәтті жая жейді, тілі қатты таяқ жейді

4. Бірінші кеңеске сәйкес тіл үйренуге негіз болатын басты әрекет


A) Күн сайынғы жаттығу B) Музыка тыңдау C) Тілдердің ұқсастығы

D) Қорқынышты жеңе білу E) Адамның жеке қабілеті


5. Мәтін бойынша адамның есту қабілетін қалай артгыруға болады?


A) Көп әңгімелесу арқылы B) Ән шырқау арқылы C) Музыка жазу арқылы
D) Әуезді саз тыңдау арқылы E) Әдемі сөйлеу арқылы

6. «Полиглот» деп кімдерді айтамыз?


A) Өлең оқу мәнері жақсы адамдарды B) Он шақты тіл меңгергендерді
C) Жазушылық қабілеті бар адамдарды D) Екі тілді меңгерген адамдарды
E) Музыкалық қабілеті жоғары адамдарды

3-мәтін
I. Аршат Оразовты біраздан бері білемін. Өзімен-өзі жүретін қара торы, тұйық, нұр жүзді, жас жігітті бір көргенде бұйығы ма деп қаласың. Сөйтсек, ол бойында үлкен сыр жатқан жігіт болып шықты. Кезінде біраз елдің құлағына ілінген Актөбе облысынан шыққан вундеркинд бала осы екен. Оның кейінгі тағдыры қалай болғанын өзінен сұрап көрелік.


- Мен Ақтөбенің Ойыл ауданындағы Сарыбие ауылында тудым. Алдымен, менің зеректігімді, үйренуге талпынысымды көрген атам 2-3 жасымда әріптерді үйретпек болса, мен бәрін де бірден қағып алыппын. Содан төрт жасымда кез келген кітапты зуылдатып оқи бастаған екенмін. Оны өзім білмеймін, кейін айтқан әңгімелерден естідім. Менің әкем - атамның үлкені. Атамның өзі майдангер еді, үлкен немересі болған соң мені бауырына басып, еркелетіп өсірді. Бетімнен қақпай, талап еткен нәрсемнің бәрін де орындай беріпті.
II. Бірде мектепті тексеруге облыстық оқу бөлімінен адамдар келеді. Мектепте жүмыс істейтін көршіміз мен туралы айтады. Олар қызығушылык танытып, мені алдырады. Тексерушілер менің кітап оқи алатыныма шүбә келтіреді, бірақ «Бозінгеннің» кез келген жерін зуылдатып оқып бергенімде, шалқаларынан түсе жаздайды. Бәрі де мүғалімдер емес пе, есеп шығартып, баска «білігімді» де тексереді. Сөйтіп, қатты таң қалып, мені қаладағы Мақсат Құсайынов атындағы дарынды балалар мектеп-интернатына алдырмақ болып шешеді. 1-сыныптың 4-тоқсанына ғана келдім. Төртінші тоқсанда оқып жүргенде зерігіп, басқа шаруалармен айнапысып кететінмін, өйткені маған оқу өте оңай болды. Келесі жылы 2-сыныпқа барған едім, бұл жерде де маған сабақ өте жеңіл болып, еш нәрсеге қызықпай, тыңдамай отыратынмын. Сондықтан, мектептің педагогикалық кеңесі мені бірден 3-сыныпқа ауыстырды.
III. Сөйтіп, алты жасымнан 3-сыныпта оқи бастадым. Бұл да маған аса қиындық тудырған жок. - Өзіңнен үлкен балалармен оқу қиын болған жоқ па?
- Әрине, өзіндік қиындықтары болды. Мәселен, олардың оп-оңай білетін кейбір дүниелерін мен ұға алмай тұрып қалатын кездерім жиі болатын. Оның үстіне бәрі де менен үлкен, бәрі де менен күшті. Ал бала болған соң алысып- жұлысып ойнамай қоймайсың, сондайда бәрі де маган әлімжеттік жасап кететін. Біраз уақыттан кейін менің әке-шешем де қалаға көшіп келді.
- Айтқандай, олар мамандықтары бар, оқыған жандар ма еді?
IV. - Жоқ, екеуі де карапайым жұмысшылар. Әкем темір жолға орналасты, ал шешем бір асханаға жұмысқа кірді. Жергілікті билік вундеркинд баланың ата-анасы деп менен басқа үш баласы барларға бермей, отбасымыз шағын бізге бес бөлмелі үй бермек болды. Әкем қарсы болып, кейін үш бөлмелі пәтер алдық.
1991 жылы №32 қазақ мектеп-гимназиясына ауыстым. Мұнда бізді профильдерге бөлді, мен химия-биологияны ұнаттым. Сол жылы Қазақстандағы соңғылардың бірі болып Бүкілодақтық пионерлер лагері «Артекке» де барьш, бір ай оқып келдім. Ондағылар 10 жасар баланың жетіншіге қалай өткеніне ұзақ уақыт сенбеді. Артектегі оқу орысша, соған қарамай мен жақсы оқып кеттім. Сонымен бірге спортгық жарыстардан бірнеше грамота, мақтау қағаздар алып қайттым.

7. Мәтін мазмұныны сай келмейтін сөйлемді көрсетіңіз


A) Бетімнен қақпай, талап еткен нәрсемнің бәрін де орындай беріпті.
B) Отбасымыз шағын болса да бес бөлмелі пәтерге көшіп келдік.
C) Бәрі де мұғалімдер емес пе, есеп шығартып, басқа «білігімді» де тексереді.
D) Спорттық жарыстардан бірнеше грамота, мақтау қағаздар алып қайттым.
E) Қонақтар қызығушылық танытып, мені алдырады.

8. Баланың ерекше қаситетін алғаш таныған кім?


A) Әкесі B) Мұгалім C) Атасы D) Мектеп басшысы E) Көршісі 

9. Мәтін мазмұнының реттілігін анықтаңыз.


1. Қаладан келген қонақтар. 2. Бүкілодақтық пионер лагері.
3. Үшінші сынып оқушысы. 4. Нұр жүзді жігіт. 5. Дарынды баланың әке-шешесі.
A) 1,3,5, 2,4 B) 4, 1,3, 5, 2 C) 3,5, 2,4,1 D) 5, 2,4, 1,3 E) 2, 4, 1,3,5
10. «Кезінде біраз елдің құлағына ілінген» деп автор нені айтқысы келіп отыр?

A) Атаққұмарлығын B) Мақтаншақтығын C) Танымалдығын


D) Жүрек жұтқандығын E) Қарапайымдылығын

11. Мәтіндегі басты кейіпкер өзінің сүйікті пәнін таңдағаны туралы қай бөлімде айтады?


A) II B) І C) V D) III E) IV

12. Неліктен әкесі бес бөлмелі пәтерден бас тартты?


A) Ауылға көшіп кетпек болғандықтан B) Біреуге тиесілі үйді бермек болғандықтан
C) Аумағы кішкентай болғандықтан D) Отбасы мүшелеріне ұнамағандықтан
E) Қалада үйі болғандықтан

4- Мәтін
1. Ұрыс сәрсенбі күні таң ата басталды. Абылай да, Ценан-Доржи да елшілер арқылы уәделескен мезгілдерінде өз әскерлеріне «Аттан!» деп бұйрық берді. Көлденеңі он шақырымдай жазық далада қан төгіс қырғын тез-ақ қызып кетті. Алып майданның екі жақ шетіндегі Сырымбет пен Батыр Баян бастаған қазақ әскері қиын да болса алға қарай жылжып бара жатқаны сезіледі. Тек екі жақтың екі бас қолбасшысы тұрған майданның орта шебі мызғыған жоқ. Тағы:


2. -* Аттан! Аттан! - деген ұран шықты. Сол сағатта-ақ Сеңгірбай, Сағымбай, Қанай бастаган сұлтанның мың жігіті зеңбірек оғы жетпейтін қалың жыңғылды сайдан шыға сала Цеван-Доржидың тұрған төбесіне қарай лап қойған. Бірақ бір шақырымдай шапқан кезде кенет гүрсілдей жөнелген зеңбіректерден жауған жойқын оқтар дәл аттарыныц маңдай алдынан кеп гүрс- гүрс жарылған. Алдыңғы шептегі жүз қаралы ер жүрек жігіттер ат-матымен омақаса жер қауып, заматта арттарында келе жатқан жауынгерлерге бөгет болды. Амал жоқ, лапылдап келе жатқан қалың қол еріксіз кейін шегінді. Абылай бұйрығымен жігіттер тағы шапқан. Бұл жолы да жүзге таяуы қаза тауып, қалғаны кейін серпілді. Зеңбіректі Цеван-Доржиды бұлай ала алмайтынын білген Абылай, енді шабуыл шебін басқаша қүрды. Зеңбіректерге тікелей шаппай, оны ат тағасындай қоршап, жан-жағынан анталауды бұйырды. Бірақ үш рет шабуылға шығып, ең батыр деген үш жүзге тарта ер жігіттерінен айрылған әскер не істерін білмей, тағы дағдарып қалды. Бұған Абылай:
3. - Япырмай, осыншама, қазақтан жауға шабар бір еркек кіндікті тумаған ба? - деді қатты дауыстап. - Қайсың барсың? Осы кезде топ ішінен «Абылай!» деген дауыс шықты. Бүл ұран салған Абылайдың он жеті жасар баласы Жанай еді. Ол тебініп қап, зеңбіректерге қарай атой салды. Бірақ бұдан бұрын гүрсілдеген тажалдардан әбден үркіп қалған астындағы басы қатты кертөбел, бала жігітті жау шебіне емес, бір бүйірдегі жиде тоғайына қарай ала жөнелді. Жұрт тағы тына қалды. Дәл осы кезде, Абылайдың зеңбіректерді қоршаған жігітгерінің оң жақ тұсынан Цеван-Доржи түрған төбеге қарай, басында үкілі камшат бөркі бар, ақбоз атты бір қыз бала «Қабанбай! Қабанбай!» деп ұран тастан, суырыльш шыға берді. Ақбоз ат көсіле сермеп келеді. Қыздың қолында не сойыл, не найза жоқ, бар болғаны тобылғы сапты қамшы. Осынау қарусыз қыздың ерлігін көрген қызба қалың топ, енді шыдай алмады, лап қойды.
4. - Абылай! - Атығай! - Ақжол! - Қарақожа! - Қабанбай! - Абылай! Абылай! «Қабанбай» аты аталған тұстағы Найман жігіттері гуілдей шапқан топтың алдарында келеді. Зеңбіректер ортадағы топтың алдыңғы қатарына ғана оқтарын жіберіп үлгерді. Бірақ екі бүйірдегі сойылгерлер сапы тез-ақ жетіп қалды. Ар жағындағы жоңғар атты әскері келіп үлгергенше, түйелі зеңбіректерді түйе-мүйесімен таптап кетті. Ақ болат сауыты жарқылдап, Жалынқұйрығын көсілте Абылайдың өзі де шапты. Төбе басындағы қонтайшы көк шатырын жинай бастады. Сөйткенше болған жоқ, Жоңғардың шаян құйрықты сары жібек жалауы шығысқа қарай шегіне берді...
5. Осылай жоңғар мен қазақ арасындагы қанды айқастардың жаңа белесі ашылды. Бұл казақ елінің жоңғар қонтайшыларын мүлдем жеңіп, атамекен жерінен қуудын ең алғашқы айқасы еді. Абылай өз шатырына келгеннен кейін, бағанағы қалмақ зеңбіректеріне жападан-жалғыз карсы шауып, бүгінгі жеңіске жол салған қызды іздетті. Бұл Қабанбай батыр мен қазақтың батыр қызы Гауһардан туған жас Назым екен. Бүлдіршіндей жас қыздың осыншама ерлік көрсеткеніне риза болтан Абылай, беліндегі сом алтыннан соғылған жаңа белбеуін шешіп берді. Абылай басқарған осы соғыс екі айға созылды.
13. Автор қазақ халқының ержүректілігін қалай жеткізгісі келді?
A) Қабанбай әрекеті арқылы B) Қыз әрекеті арқылы C) Батыр Баян әрекеті аркылы
D) Қанай әрекеті арқылы E) Қолбасылар әрекеті арқылы

14. Абылай неге жауынгерлеріне ренжіді?


A) Әскерлері соғыс алаңынан қорықты B) Жауынгерлері алға жылжи алмады
C) Шабуылды жаңаша жоспарламады D) Әскерлер бас амандығын ойлады
E) Қан төгіс қырғын қыза түсті

15. Мәтіннің төртінші азатжолының түйіні


A) Жаудың шабуылға шығуы B) Жау шебінің мықтылыты C) Жаудың жеңілісі
D) Хан сыйлығы E) Жау зеңбірегінің жеңісі

16. Абылай неге қызға белбеуін сыйға тартты?


A) Ерлігіне риза болғандықтан B) Шыққан тегіне риза болғандықтан
C) Шабандоздығына риза болғандықтан D) Қыздың жастығына сүйсінгендіктен
E) Қабанбайдың қызы болғандықтан

17. Ақбоз атты қыздың ұраны


A) «Абылай!» B) «Ағытай!» C) «Қарақожа!» D) «Ақжол!» E) «Қабанбай!»

18. Неліктен қазақ жауынгерлері тығырыққа тірелді?


A) Қалмақтың қаруы басым болды B) Қорғандары болмады
C) Дұрыс ұйымдаса алмады D) Қолбасшылары болмады E) Аттары шабан болды

19. Мәтіндегі негізгі ой қандай?


A) Қазақ батырларының ерлігін дәріптеу B) Соғыс әдістерін үйрету C) Қазақ батырларын таныстыру D) Жоңғардың соғыс күшін суреттеу E) Қазақ пен жоңғар арасындағы соғысты дәріптеу

20. Жанайдың жауға қарсы шыға алмау себебі


A) Соғыс әдіс-тәсілін білмеді B) Астындағы аты үрікті C) Аты үйретілмеген болды D) Қолында қаруы болмады E) Жауға жалғыз беттей алмады

   


ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ

Туризм: экотуризм      

1-мәтін

            Қорғалжын мемлекеттік қорығының көлдер жүйесі дүние жүзі мен жергілікті ғалымдар, биолог, эколог, оқушылар, студенттер, туристердің қызығушылығын туғызатын Қазақстанның ерекше қорғалатын інжу-маржаны болып табылады. Мысалы, Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы-батпақты аумақтары 1974 жылы сулы-батпақты аумақтар туралы Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа жатқызылды. 2000 жылы Теңіз көлі «Тірі көлдер» деп аталатын әлемнің бірегей көлдері жүйесіне енсе, 2007 жылы Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау Ассоциациясының бастамасымен Қорғалжын мемлекеттік қорығы халықаралық дәрежедегі маңызды орнитологиялық аумақтар тізіміне енгізілді. 2008 жылдың маусымында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Орталық Азиядағы алғашқы нысандардың бірі болып ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне енгізілді. Қорық аумағының қайталанбас бірегейлігін шөлейтті аумақта орналасқан ішкі континенталды сулары; құстардың Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдарының қиылысқан жерінде орналасуы, далалық, шалғындық, галофитті және су қауымдастықтарының қатар кездесуі, сирек және жойылып кету қаупі төніп тұрған құстардан тұратын биоәртүрліліктің молдығының ерекшеліктері қалыптастырады. Бұған қоса қорық аумағының ұзақ уақыт бойы қорғауда болуы тұмса табиғатты бастапқы күйінде сақтауға мүмкіндік берді. Аталған табиғи жағдайлар аумақты рекреациялық мақсатта игеруге мүмкіндік береді.


1.Мәтін қай стильде жазылған?

А) публицистикалық стиль

В) ғылыми стиль

С) көркем әдебиет стилі

Д) ресми-ісқағаздар стилі

Е) ауыз екі сөйлеу стилі


2. 2008 жылы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы қандай тізімге енгізілді?

А) «Тірі көлдер» деп аталатын әлемнің бірегей көлдері жүйесіне

В) Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы-батпақты аумақтарына

С) Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдарына

Д) ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне

Е) Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа


3. Берілген үзінді мәтіннен алынған ба?

Қорық аумағының қайталанбас бірегейлігін шөлейтті аумақта орналасқан ішкі континенталды сулары; құстардың Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдарының қиылысқан жерінде орналасуы, далалық, шалғындық, галофитті және су қауымдастықтарының қатар кездесуі, сирек және жойылып кету қаупі төніп тұрған құстардан тұратын биоәртүрліліктің молдығының ерекшеліктері қалыптастырады.

А) Иә


В) жоқ
4. Қай жылы Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау Ассоциациясының бастамасымен Қорғалжын мемлекеттік қорығы халықаралық дәрежедегі маңызды орнитологиялық аумақтар тізіміне енгізілді.

А) 2000 В) 2007 С) 1974 Д) 2018 Е) 2015


5. Қорық 1974 жылы сулы-батпақты аумақтар туралы Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа жатқызылды. Себебі:

А) жойылып кету қаупі төніп тұрғандықтан

В) далалық, шалғындық, галофитті және су қауымдастықтарының қатар кездескендіктен

С) сулы-батпақты аумаққа жататындықтан

Д) құстардың Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдары қиылысқандықтан



Е) қайталанбас бірегейлігін шөлейтті аумақта орналасқандықтан
 2-мәтін.

Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған.

Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды.

            Рекреация — күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз.


Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде мәлім бола бастайды. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай көлінің, Барлық-Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды.

            Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар көлдері, тынығуға әдемі көрікті жерлері курорт-санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы. Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар. Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен, климатпен емдейтін болып екіге бөлінеді.

6.Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлер қалай аталады?

А) курорттық аудан

В) санаторий

С) рекреациялық аудан

Д) сауықтыру орталығы

Е) шипажайлы аудан


7. Берілген сөйлем мәтінмен сәйкес келе ме?

Қазір Республикамызда 150-ден астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар.

А) сәйкес келеді, бірақ мәтінде 130 курорт бар делінген

В) сәйкес келеді, бірақ мәтінде 110 курорт бар делінген

С) сәйкес келмейді

Д) сәйкес келеді

Е) сәйкес келеді бірақ, мәтінде қателік кеткен


8. Тиісті сөзді қойыңыз

Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен, ............ емдейтін болып үшке бөлінеді.

А) ауамен

В) дәрі-дәрмекпен

С) тамақпен

Д) диетамен

Е) климатпен


9. Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары қай жылдары ашылды.

А) 1920-1925 В) 1834-1880 С) 1925-1930 Д) 1915-1920 Е) 1910-1920


10. ХІХ ғасырдың орта кезінде қандай мәліметтер белгілі бола бастайды?

А) Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы

В) Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер

С) Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлер

Д) Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері

Е) Табиғаты ғажап әдемі жерлер


3-мәтін. Әлем елдеріне саяхат жасау – бүгінде әрбір заманауи адамның арманына айналды десек, артық айтқандық емес. Әрине, ел көру, жераралаудың, адам танудың пайдасы да жоқ емес. Саяхат барысында жаңа дүниелерд ікөріп, танымыңды кеңейтуге, жаңа көзқарастарға ие болуға мүмкіндік бар. Тек саяхат ережелерін жақсы білу керек.Осы орайда Пауло Коэльо мынадай саяхат ережелерін ұсынған:

  1. Ойын-сауық орталықтарына бар.Ол жерден қаланың, адамдардың нағыз өмірін көре аласың, ой түйесің. Ойын-сауық дегенде, би кештері өтетін немесе адамдар ішетін жер емес, жергілікті тұрғындар, қарапайым халық жиналатын орта айтылып тұр. Газет сатып ал да, орындыққа жайғас, өткен кеткендерді сырттай бақылап көр. Біреу сені сөзге тартқан болса, барыңды салып, сөйлесіп көр.

  2. Ашық бол. Ең мықты гид – жергілікті тұрғын. Олар арнайы қызметте істемегенімен, бәрін біледі, өз қаласын жақсы көреді. Көшеге шық та, «Қалай баруға болады?» сынды сұрақтарды кез келген адамға бағытта, біріншісімен үйлеспесең, екіншісі сенің көңіліңнен шығады. Жақсы адамдар кездесіп жатса, бір күн бойы кез келген сауалыңа жауап алып, ең жақсы жерлермен серуендей аласың.

  3. Салыстырма.Ештеңеге салыстырмалы түрде қарама: бағасына, тазалыққа, өмір сапасына, транспортқа. Ешбіріне! Сен өзіңнің жақсы өмір сүретініңді дәлелдеу үшін саяхат жасамайсың. Өзгенің өмірімен етене таныс, үйренетіңді алып, жиренетініңнен бас тарт!

  4. Сені бәрі түсінеді. Өзің барған елдің тілінде сөйлей алмасаң да, қорқушы болма. Пауло Коэльо көптеген елдерде болды. Ол сол елдің бірауыз сөзін білмесе де, әрдайым көмек қолын созатындарды тапты. Көп адамдар жалғыз жүргенде адасып кетеміз деп ойлайды. Өзің тоқтаған қонақ үйдің визитті картасы қалтаңда болса – қорқатын дәнеме жоқ. Кез келген жүргізушіге көрсетсең, керек жеріңе уақытында жеткізеді.

  5. Саяхат – бұл шытырман оқиғалар.Бірақ жаттанды жолдармен жүру – жаңалық емес. Өзіңді еркін сезін, өзің әлі білмейтін дүниені іздеп тап, бұл сенің өміріңді өзгертуі мүмкін…

11.Кім әлем елдеріне саяхат жасау үшін ереже ұсынды

А) Джек Лондон В) Эймел Риос С) Пауло Коэльо Д) Антон Митин Е) Фридрих Генри


12. Нешінші ереже?

Ештеңеге салыстырмалы түрде қарама: бағасына, тазалыққа, өмір сапасына, транспортқа. Ешбіріне! Сен өзіңнің жақсы өмір сүретініңді дәлелдеу үшін саяхат жасамайсың. Өзгенің өмірімен етене таныс, үйренетіңді алып, жиренетініңнен бас тарт!

А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 5


13. Ең мықты гид-

А) көлік жүргізушісі

В) сол ауданның әкімі

С) оқытушы

Д) жергілікті тұрғын

Е) көшедегі жаяу жүргінші


14. Қай ережелерде кездеседі?

Көп адамдар жалғыз жүргенде адасып кетеміз деп ойлайды.

Өзіңді еркін сезін.

А) бірінші, екінші В) екінші, үшінші С) үшінші, төртінші Д) төртінші, бесінші Е) бесінші, бірінші


15. Ережелерде кездесетін сұрақ?

А) Сен ағылшын тілін білесің бе?

В) Қайда баруға болады?

С) Маған жол көрсете аласыз ба?

Д) Қай көшеде тұрмын?

Е) мен баратын жер алыс па?

4-мәтін.          Алматыға ат басын бұрған туристер де қала күніне арналған мерекелік шаралардан шет қалмайды. Қала мерекесіне орай «Алматы-сити-тур» компаниясы шетелдік азаматтарға арнайы жоба дайындапты. Олар туристерге қаланы көрсетіп, мәдени орталықтармен таныстыруда. Шетелдік туристер Алматының тарихи-мәдени орталықтарында болып, қазақ елінің оңтүстік астанасымен етене танысқан.
28 жастағы Еймел Риос — Куба азаматы. Бұл оның Қазақстанға алғаш рет келуі емес. Жұбайымен бірге елімізге келген олар қыркүйектің басынан бері Алматыны аралап, қаланың көркіне қаныққан.

       — Алматы өте қатты ұнады. Мен қазір 28-панфиловшылар саябағында тұрмын. Саябақ тарихи өте маңызды екен. Мынау тау Алматының көркін асқақтатып тұрғандай. Шынымды айтсам, реті келіп жатса, әлі де қайтып келемін деп ойлаймын, — деп ағынан жарылды Еймел Риос.


Бұл шет елден келген азаматтарды «Алматы-сити-тур» компаниясы тасымалдауда. Олар қала күні аясында туристерге Алматыны көрсетіп, алдағы күні өтетін мерекелік кештер жөнінде құлақтандырып жүр.

Ал  «Almaty City Tour» компаниясының директоры Антон Митин:



-Қала күні аясында біз туристерге арнап арнайы жоба әзірледік. Ол шетел азаматтарына Алматының тарихын біліп, қаланы тамашалауға мүмкіндік береді. Тек туристер емес, Алматыға алғаш келген өзіміздің азаматтар болса да біздің көмегімізге жүгінсе болады. Туристер бүгін де қаланың тарихи мәдени орталықтарын аралады. Медеу мұз айдынына шықты, Шымбұлақ тау-шаңғы курортына көтерілді. Тіпті, оларға түрлі демалыс орталықтарына арналған жеңілдік купондары да тыбыс етілді, — деді.

        — Негізі біздің компания туристерді тасымалдаумен айналысады. Жобадан бөлек, еліміздің қай жеріне барсаңыз да, біздің көмегімізге жүгіне аласыз. Ірі қалалар мен облыс орталықтарында бөлімшелеріміз жұмыс істейді, — деп жалғастырды «Almaty City Tour» компаниясының қызметкері Еламан Рақымберді.

         Шетелдік азаматтарға арнап осындай тамаша экскурсия ұйымдастырған «Алматы сити тур» компаниясы осыған дейін де 500-ге жуық туристке қаланы таныстырған. Бұл  жобаның басты мақсаты қазақ жеріне туристерді барынша тарту.

16. Арнайы жоба жасаған компания

А) Алматы- Тоурес В) Алматы-сити-тур С) Гульнур турагентігі

Д) Алматы-туризм Е) Алматы-тур-сервис


17. Туристерге қаланың тарихи мәдени орталықтарын аралатып, Медеу мұз айдынына, Шымбұлақ тау-шаңғы курортына апарған қай компания?

А) Алматы-сити-тур В) Гульнур турагентігі С) Алматы-туризм Д) Алматы-тур-сервис

Е) Алматы-сити-тоурес
18. «Алматы сити тур» компаниясының мақсаты не?

А) ақша үшін туристерді жинау

В) елімізді көркейту үшін үлес қосу

С) қазақ жеріне туристерді барынша тарту

Д) өздерін шетелдіктерге таныстыру

Е) жақсы жұмыс жасау


19. Кімнің сөзі?

Мен қазір 28-панфиловшылар саябағында тұрмын. Саябақ тарихи өте маңызды екен.

А) Антон Митин В) Алексей Зоргин С) Эймел Риос Д) Пауло Коэльо Е) Антонио Гонсалиес


20. Ірі қалалар мен облыс орталықтарында бөлімшелерінің жұмыс жасайтынын айтқан кім?

А) Антон Митин В) Эймел Риос С) Алтынбек Сахиев Д) Еламан Рақымберді Е) Алексей Зоргин

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет