Оқушылар мұғаліммен бірге дауыстап оқып, қайталайды. Дәйексөз бойынша сұрақтарға жауап береді, сұрақтар арқылы мағынасын талқылайды және дәптерлеріне жазады.
Дәйексөзден оқушылар жоғарғы рухани құндылық – сүйіспеншілік екенін түсінеді.
Оқулық, дәптер
4. Оқиғалар айту (әңгімелесу) (4-8 минут)
Сөздің атасы мен анасы Б.Адамбаев Қаз дауысты Қазыбектің атағы шығып тұрған кезде ауылына бір саудагер келіпті. Түстеніп, демалып болған соң Қазыбекке:
-Би, бір сөз сұрайын деп едім, - дейді. Қазыбек "Сұраңыз" деп ырзалық білдіріпті.
-Біз бір керуен адам едік, өзара дауластық та, ойластық та, бірақ шешуін таба алмай қойдық."Сөздің атасы кім, анасы кім?" - депті.
Қазыбек ойланып жауап бергенше: "Япырай, бұл сөзді саудагер ғана бімейді екен десек, қазақтың Қазыбегі де білмейді екен ғой; биыл таппасаңыз, ендігі жылы табарсыз, -деп үйден шығып кетіпті.
Қазыбек орнынан тұрып, іле-шала тысқа шықса, саудагер асығыс атына мінгелі жатыр екен.
-Япырмай, артыңа қарамай асығыс аттанғаның не? Әлгі сөздің шешуін іздеп, ендігі жылы келіп, екі саудаңнан қаларсың, артыңа қарамайтын болып кет. Сөздің атасы - бірлік, анасы - шындық! Жолың болсын, жүрген жеріңде айта жүр! - депті.
Төменде берілген сұрақтармен жұмыс жасау арқылы оқушылар шындықты айту үшін алдымен сөздің құдіретін білу керектігіне назар аударады.
*Саудагер Қазыбектен нені білгісі келді? *Саудагердің қойған сұрағынан нені байқауға болады? *Бұл сұраққа өздерің қалай жауап берер едіңдер? *Неліктен шындықты сөздің анасы дейміз
Оқушылар әңгімені тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып . жалпыадамзаттық құндылықтар қандай адамгершілік көріністер арқылы бейнеленіп тұрғанына назар аударады. ақиқат құндылығының маңызын өмірмен байланыстыра отырып, мысал келтіреді.