Оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру – оқу сапасын арттыру кепілі Баяндамашы: Қ. Ж.Өмірзақова



бет1/2
Дата27.02.2022
өлшемі26,55 Kb.
#133539
  1   2
Байланысты:
баяндама олқылықтарды түзету


93 орта мектеп



Оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру – оқу сапасын арттыру кепілі

Баяндамашы: Қ.Ж.Өмірзақова

2021 – 2022 оқу жылы


Оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру – оқу сапасын арттыру кепілі
Қазіргі әлемде білім қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізгі факторы ретінде қарастырылады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы білім берудің негізгі міндеті оның сапасын арттыру болып табылады.
Қашықтықтан білім беруге мәжбүрлі көшу мектепке жаңа тәжірибе берді. Бірақ мектептің мұндай оқыту форматына дайын еместігі оқушылардың біліміне әсер етті.
Сол себепті 2021-2022 оқу жылының өзекті міндеттерінің бірі өткен оқу жылындағы білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және білімін толықтыру болып табылады. Олқылықтарды анықтау және толықтыру бойынша жұмыс әр мұғалім қызметінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Әрине, бұл жұмыс маңызды және өте күрделі. Сондықтан білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және жою бойынша іс-шараларды жүйелі және жоспарлы түрде жүргізу қажет.
Математика бүгінде қоғамдық өмірдің бүкіл салаларына енуде. Қазіргі кезде кез-келген мамандықты игеру үшін математикадан белгілі бір білім қажет. Компьютерлік сауаттылық та математикамен байланысты. Сонымен қатар математика міндетті түрде бітіру емтиханы мен ҰБТ-дағы міндетті үш пәннің біреуі. Сондықтан үлкен жауапкершілік жүгі математика пәнінің мұғалімінің мойнына түседі.
Қандай пән болса да оқушының біліміндегі олқылықтың алдын алу мен оны жою мұғалім жұмысының ең маңызды бөлігі. Пән мұғалімдерінің міндеті осы олқылықтардың алдын алып және бар олқылықты жоюдың әдіс-тәсілдерін ойластыру және жоспарлау. Математика пәні мұғалімдері үшін бұл жұмыс өте өзекті деп ойлаймын.
Әр мұғалім алдына мынандай мақсат қою керек: математиканы оқытуда оқушы біліміндегі олқылықтарды анықтау және жою, әрбір оқушының ойдағыдай жеке дамуына жағдай жасау.
Ол үшін мен қыркүйекте кешенді диагностикалық жұмыс жүргіздім. Тапсырмалар әзірлеу үшін алдымен өткен оқу жылында қарастырылған оқыту мақсаттарын (тақырыптарды) іріктеп алдым. Яғни, 6-сыныпқа арналған тапсырмаларды 5-сыныпта қарастырған оқыту мақсаттары негізінде құрастырдым.
 Екінші кезеңде жаңа оқу жылындағы пән бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес келетін оқу мақсаттарын ескере отырып, жоспар жасадым
Үшінші жүзеге асыру жұмыстарын сабақтан тыс уақытта жүргіздім. Аптаның бірінші күнінде өткіземін. Оқушылар қалмай уақытында келеді.Сабақтарды кіріктірілген оқыту мақсаттарымен құрастырылған жоспар негізінде жүргізіп келемін.
 Төртінші кезеңде білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жүргізілген жұмысты міндетті түрде талдау қажет. Талдауды әр тоқсанның соңында жүргіземін .
 Сонымен, оқу процесінің басты міндеттерінің бірі болып табылатын оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмысы жүйелі түрде және оқу жылы бойы жүргізілуі керек. 
Кез келген жұмыс тиімді және нәтижелі болу керек. Оқушы мен мұғалімдердің бірге істеген жұмыстарының нәтижесі оқушылардың олимпиадаларға қатысуы, жүлделі орындар алуы, ҰБТ-да жақсы нәтиже көрсетуінен көрінеді.
Алда білімге бейімделу мен қалпына келудің қиын кезеңі тұр, сондықтан жоспарлау кезінде білім сапасына жүйелі талдау жүргізуге, білім сапасын сырттай бағалау нәтижелері, сонымен қатар оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою механизмін әзірлейтін семинарлар, вебинарлар өткізуге, мектеп оқушыларының білім деңгейінің төмендеу себептерін анықтау үшін білім беру мониторингі мен талдау жүргізуге назар аударуға жұмыс жасалса.
Менің ойымша, бұл жұмыстың мерзімінде орындалуы және мұқияттылығы болашақта жақсы оқу нәтижелерінің кепілі болып табылады.
Мен өз сөзімді біздің қиын, бірақ маңызды да тиімді жұмысымыздың оң нәтижелері көп болсын деген тілекпен аяқтағым келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет