Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс- қимыл жоспары;
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында (www.nao.kz) мұғалімдерге әдістемелік құралдар әзірленген;
PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысу.
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі Әдістемелік құрал
Функционалдық сауаттылық –тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлға аралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Компьютерлік сауаттылықоқушыда әлемнің информациялық бейнесі ретінде, оқушының шығармашылық қабілетін, білімін, икемділік және дағды жиынтығын қалыптастыра отырып, болашақта қызметтің қай саласында жұмыс істеу керек туралы сұрақтарға қазіргі заманғы қоғам дамуындағы информациялық технологиялар және компьютерлік техникаларды меңгеру арқылы толық шешім таба алады.
Мектеп оқушыларының ақпараттық-комуникациялық құзыреттілігін компьютер техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Қазіргі кездегі информатика пәнін оқытудың әдістерінің күн сайын жаңарып отыруына қарамастан бастауыш сыныптарда информатика курсын оқытудың мақсатын төмендегідей түрде сараптауға болады:
Бала әдебиеттен берілген төртшумақ өлеңді жаттауы керек. Ол өлеңді бір рет оқып, есіне сақтауға тырысады. Осылайша, ол өлеңді қатесіз айтқанша қайталайды. Баланың әрекетін алгоритм түрінде көрсетейік.
1. Кітапты алады.
2. Өлеңді оқиды.
3.Өлеңді бірнеше рет оқиды.
4.Өлеңді қатесіз айтқанша
қайталайды.
5.Өлеңді жаттап алады.
Сызықтық алгоритм – іс-әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритмдер.
«Аққала» алгоритмі
Қардан үлкен шар жасап, оны жерге қою.
Біріншіден кіші екінші шарды жасап, оны бірінші шардың үстіне қою.
Екіншіден кіші үшінші шарды жасап, оны екінші шардың үстіне қою.