Оқушылардың интеллектуалдық шығармашылық Қабілетінің дамуына ақпараттандыру жүйесінің Әсері



Дата04.10.2020
өлшемі40 Kb.
#63917

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫНА АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘСЕРІ

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Қазіргі таңда көзін тырнай ашқан әрбір баланың әлемді танудағы жетістіктері, оның ой-өрісінің дамуы, дүниетанымының қалыптасуы компьютер арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Себебі ұшқанды лезде қағып алатын қасиетке ие әр баланың білімге деген құштарлығын осындай жолмен оянуына мүмкіндік берсек, болашағымыз кемел болмақ.

Бұл идеяның тірегі мектеп болып табылады. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі деп айтып кеткенімдей, баланың жалпы білім алып, тәрбиеленуімен қоса, оны қызықтырған барлық ақпараттармен, кітап-журналдармен, компьютермен қамтылуын қадағалаған жөн.

Президентіміздің нақты тапсырмасына сәйкес, Республика Үкіметі орта білім беру мекемелерінің ісіне қазірдің өзінде кірісіп кетті. Ең алдымен орта білім беретін мекемелерді компьютерлендіруден бастағанымыз абзал. Компьютерлендіру стратегиясы аса маңызды. Оған қоса болашақ ұрпаққа адал білім беретін кадрлар дайындаудың маңызы көп екеніне дау жоқ. Алайда, білім беру мекемелерін компьютерлендіру дегеніміздің өзі сандық көрсеткіштер арқылы ғана өлшенбек емес. Әңгіме, оқушылардың қазіргі заман талабына сай жан-жақтылығын қамтамасыз ету жолындағы кеңінен ақпараттандыру процесі жайлы болып отыр. Ақпараттандыру процесін орта мектептердің бастауыш сыныптарынан бастау қажет. Мұндай жағдайда жалпы орта білім алған әр оқушы компьютердің қолданылу сферасын білуден басталады. Олар компьютерді іске қосып, бағдарламалар кітапханасынанкерегін алып пайдалана білуге, онымен мәтін жазуға, керек ақпаратты іздеп табуға, сурет салуда пайдалануға және т.б. үйренеді.

Мектепте информатиканы оқытудың мақсаты – әрбір оқушыға информатиканың ғылыми негіздерінің алғышқы фундаментальды білімін беріп, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы бойынша ақпараттандыру процесін ойдағыдай жүзеге асыру үшін төмендегідей бірнеше шарттарды орындау қажет:


  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • Оқу процесінің дидактикалық материалдарының сапасын жоғарылату;

  • Оқушылардың программалауда зертханалық жұмыстарды орындаудағы белсенділігін көтеру;

  • Оқытудың сапасын арттыру және тағы басқалар.

Жалпы білім беретін орта мектептегі ақпараттандыру процесі информатика курсынан басталады. «Информатиканы оқыту әдістемесі» деп аталатын курс мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу-әдістемелік, дидактикалық ұйымдастырушылық педагогикалық психологиялық мәселелерін жан-жақты қарастыратын курс болып табылады.

Бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі оқушының оқу-танымдық әрекетін басқарудың негізгі бір буыны – ақпаратты психологияны таңдау. Оқушы әрекетінің танымдылығы білім мазмұнын білуге ынтасымен, құштарлығымен және оны қабылдауымен тығыз байланыста болуы қажет. Білім мазмұнын қабылдау үшін оқушыларға негізінен оқулық немесе электрондық оқулық беріледі.

Соңғы жылдары компьютерлік, телекомуникациялық техниканың, технологияның рөлі мен орны түбегейлі өзгерді. Ғаламдық ақпараттандыру – қоғамның даму заңдылығының бірі болып отыр.

Қазіргі уақытта «қоғамды информатикаландыру», «білім беруді информатикаландыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Қоғамды информатикаландыру – ғылыми-техникалық үрдіс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі. Қоғамды информатикаландыру объективті үрдіс болып табылады. Техниканың дамуына және адамзат жетістіктерінің көбеюіне байланысты қоғамның әр талабын орындау қазіргі кезде қолдан келерліктей іс. Сол сияқты қоғамды информатикаландыруда қоғам қажеттілігі, яғни адамзаттың болашағының қажеттілігі. Қоғамда информатикаландыру адам өміріндегі іс-әркеттің интеллектуалдық түрлерінің жан-жақты қалыптасуы, әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты. Сондықтан бастауыш сыныптарда информатика сабағын кірістіру бүгінгі күннің өзектілігі мәселесі болып отыр.

Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналып отыр. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті.

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап етуге болады. Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибесінде көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда мектептегі информатиканы оқытудың негізгі міндеті – ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, оқу барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін-өзі көрсету, дамыту құралы ретінде компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық технологияларды пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің информациялық бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады.



Жоғарыда аталған қоғам тарапынан мемлекетке, білім беретін мекемелерге және мұғалімдерге қойылған талаптардың орындалуы еліміздің болашағына әсерін тигізетініне кәміл сенемін. Елбасымызды қолдап, «қоғамды ақпараттандыру» мақсатын алға қойып мемлекет игілігіне адал қызмет етсек, өз дегенімізге жетіп, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіретініміз сөзсіз. Елбасымыз айтқандай, білім беру реформасы – басты мәселе. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Қазақстан Республикасының азаматтары білім-біліктерін біріктіріп, адал қызмет етсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет