Сабақтың тақырыбы: Аққұс туралы аңыз. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға вальстің королі атанған сазгер Шәмші



бет1/2
Дата03.07.2018
өлшемі0,7 Mb.
#46224
түріСабақ
  1   2
Аманиязова Айгүл Өтеуліқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

4 облыстық мектеп-интернаты



Атырау қаласы

Сабақтың тақырыбы: Аққұс туралы аңыз.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға вальстің королі атанған сазгер Шәмші

Қалдаяқовтың өмірінен қысқаша түсінік беру; сазгерлік

өнердің рухани құндылық екенін мәтіннің мазмұны

арқылы түсіндіру

Дамытушылық мақсаты: Өнерге, өнер адамдарына құрмет сезімдерін

ояту, сөздік қорларын молайту.



Тәрбиелік мақсаты: Өз отанын сүюге қарапайымдылыққа,

алғырлыққа, тапқырлыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.



Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, түсіндіру,талдау,

жинақтау, топтастыру,түртіп алу әдісі, оза оқыту

технологиясы

Сабақтың көрнекілігі: Ш.. Қалдаяқовтың хикаяттар кітабы, «Ұлан»

газеті, Қыран құстар ,Шәмшінің суреттері.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа психологиялық дайындық.
Алға қойған мақсатымыз:


  • Тыныштық сақтау

  • Ойымызды толық айту.

  • Бір- бірімізді тыңдау.


Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлем достым аман ба?

Мынау бейбіт заманда.

Бізге білім үйреткен,

Ұстазым менің аман ба?

Шәкірттерін ойлайтын,

Ұстаздарым аман ба?

Мұғалімнің сөзі:

Оқушылар сіздерге үйге тапсырма ретінде өз қолдарыңнан бір-бірлеріңе арнап сыйлықтар жасап келіңдер деп айтып едім ғой, ендеше сол сыйлықтарыңды бір ауыз тілектеріңді айтып қастарыңда отырған оқушыға тапсырыңдар.

1 слайд (экранға назар аудару)


  • Оқушылар, өткен сабақта біздер «өнер» деген сөзді топтастырып едік қой. Ендеше айтындарша қандай өнер түрлерін білеміз?

(Би өнері, сурет өнері, ән өнері, күй өнері, айтыс өнері, мүсін өнері)

  • Жақсы, балалар!

  • Өткен сабақта қандай өнер түрімен таныстық?

  • Сурет өнерімен таныстық. Сурет өнерінің майтал суретшісі Ә.Қастеев туралы оқыдық


ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау.

1. "Әбілхан Қастеев"әңгімелеу

2. Қастеев туралы деректер жинақтау

3. Ш.Қалдаяқов, Л.Бетховен, Б.Байқадамов туралы ақпарат жинақтау.


3 слайд

ІІІ.Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақта өнердің бір түрі ән өнерімен танысамыз. Өнердің дамуына зор үлесін қосқан Қазақстан халық әртісі ән падишасы, қазақ вальсінің королі атанған сазгер Ш.Қалдаяқов туралы болмақ.


Мұғалімнің сөзі

-Біз бүгін сабақта Шәмші атамыздың жақын досы болған, соңғы жылдары бірге жүрген серіктес досы, ақын Оразбек Бодықовтың "Аққұс туралы аңыз" атты әңгімесімен танысамыз.

-

Тақтаға күннің жадын жаздырту


Мұғалімнің сөзі:

Мәтінде әннің құдіреттілігі туралы, анасының Шәмшіге айтқан әңгімесі баяндалады.

Оқушылар сендерге үй тапсырмасы ретінде осы мәтінге қатысты кейіпкерлер туралы деректер жинақтап келуді тапсырып едім, берілген тапсырмаларды сабақ барысында сұрап отырамын.
- Мәтінің авторы Оразбек Бодықовты кім таныстырады.

Оқушы: Автор жайлы мағлұмат беру

Оразбек Бодықов 1927жылы Қызылорда обл. Шиелі ауданында туылған. Жазушы, аудармашы,драматург. Шығармаларынан «Қанжар мен домбыра» «Дала тұтқыны» «Әл-Фараби» т.б


ІY. Оқулықпен жұмыс

1. Мәтінді тұтас оқу

2. Мәтінді оқи отыра таныс емес сөздердің астын сызып отыру.

Сұраққа жауап алу

Y. Топпен жұмыс

І топ -Бетховен кім?

ІІ топ-Байқадамов кім?

ІІІ топ-Мазмұнын айту


Оқушы: Бақытжан Байқадамов (1917-1977) жылдары Торғай қаласында дүниеге келген. Ол жас кезінен өлең жазып, домбыра тартқан. Сонымен қатар мектеп қабырғасында жүріп-ақ математикаға қабілетті екенін байқатты. Алайда

оның музыкаға деген құштарлығы басым болып, біржола өнер жолына түседі.Б.Байқадамов-балаларға арналған көптеген әндердің авторы.


Оқушы:Людвиг Ван Бетховен (1770-1827) жылдары Германия Бонн қаласында туған. Ата-тегі музыканттар ұрпағы. Людвиг өте тұйық бала болып өседі. Әкесі Бетховен клавесин аспабында және скрипкада ойнауды үйретті. 6-7 жасынан бастап музыканы ұнатты.
Ш.Қалдаяқов туралы кім не біледі?

Оқушы: Шәмші Қалдаяқов (1930-1992) аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, халық әртісі. Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келген. 1956 жылы 25 қазанда белгілі ақын Жұмекен Нажімеденовпен бірлесіп,еліміздің қазіргі әнұранына айналған "Менің Қазақстаным" әнін жазды. 1956-1961 жылдары сазгердің жүзден астам тамаша туындылары дүниеге келді. Осы бес жылдағы әндері арқылы Шәмші атамыз бүкіл Қазақстанға танымал белгілі компазитор болып үлгерді. Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. 1991 жылы 29 желтоқсанда Шәмші Қалдаяқовқа халық әртісі атағы берілді. Қазақстан халық әртісі ән падишасы, қазақ вальсінің королі.

Экранмен жұмыс
Мұғалімнің сөзі

  • Оқушылар, осы сендер ән сабағында Шәмші атамыздың әндерін айттыңдар ма? Қандай әні естеріңде?

«Ана туралы жыр»

Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов

Өлеңін жазған: Ғафу Қайырбеков

Осы ана туралы әннің шығу тарихына көз жүгіртсек. (экраннан тыңдау)

(Оқушылар өлең айтады)



Автор: Шәмші өз анасы туралы былай толғанады. Менің анамның ең сүйікті әні «Қорлан» еді дейді. Анасы өнерді жақсы бағалайтын, жақсы ән айтатын адам болса керек.

Бірде анасы қатты ауырып, өзінің о дүниелік болатынына көзі жетті. Алматыдан Шәмші баласын шақырып, өзінің соңғы сөздерін айтып кетліп:



Анасы: « Балам! Бұл өмірден жас кеттім демеймін! Жазмыш маған келіннің қызығын көруді, немере сүюді жазбады. Тағдыр солай. Жалғыз тілеуім-сен аман бол!»

Автор: Шәмші анасынан бұл дүниеде шын айырғалы тұрғанын біліп, анасының кеудесіне басын төсеп өксіп жылап жібереді.

Шәмші: Ана кетпеші мен сізге қарыздармын! Сіздің басыңызға күмбез орнату қолымнан келмес, бірақ сізге әннің ең сұлуын , ең нәзігін арнаймын, Ана !

Автор: Бұл 1907 жылы 4 қыркүйек болатын. Шәмші уәдесінде тұрып, 1951 жылы «Ана туралы» әнін дүниеге әкеледі.

YІ. Сөздікпен жұмыс

Тау мүлгіп-тау ұйқыға кетіп.

Көл тынып-көл тып-тыныш күйге түстіп.

Аспан егіледі-аспан жылағандай күйге түседі.

Осы сөздікті дәптерлеріне жазып алады.

YІІ. Мәтінді бөліктерге бөлу.

1. Ән әлемінің падишасы

2. Анадан естіген хикая

3. Аққұс әнінің құдіреттілігі

4. Қарақұстың әнге табынуы.
YІІІ. Тауып оқып, дәптерге жазу

Мәтіннен табиғаттың Аққұс әніне табынған жерін суреттейтін тұстарды тауып дәптерлеріне жазып алу.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет