Оқушылардың кәсіби қызуғышылықтары мен қабілеттерін диагностикалау негізінде бейіндік топтарды жинақтаудың әдіс-тәсілдермен таныстыру
Лекция мазмұны:
Білім берудің тұлғаға бағдарланған парадигмасын іске асыру бейіндік оқытуды ұйымдастыру ережесіне байланысты. Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың басқарушы ережелері төмендегідей ұстанымдарды білдіреді:
1.Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру деңгейінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жалпы орта білім берудің жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық бейіндік оқыту бағыттарын анықтайды. Білім беру мазмұны мен оқыту процесі түйінді және пәндік құзіреттер жүйесіне жету қажеттігін ескере құрылады.
2. Ұйымдастырылатын бейіндік оқыту моделі оқу орнының білім беру процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктеріне сәйкестендіріліп, оқытуды саралап жіктеумен қамтамасыз етуде сыртқы серіктестіктерді қатыстыру мен аймақтың күш-қуатын ескереді.
3. Бейіндік оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда, оның ішінде үш ұстанымы ескеріліп, оқу орындарының түрлері анықталады:
3. Бейіндік оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда, оның ішінде үш ұстанымы ескеріліп, оқу орындарының түрлері анықталады:
а)республикада бейіндік оқыту тәжірибесімен қалыптасқан, жалпы білім беретін мекемелердің әр түрлі орындары бар;
б) Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуымен орта буынның білікті мамандарын даярлауға әлеуметтік тапсырыс;
в) Негізгі білім беру бағдарламалары бойынша үлгермеген оқушылар үшін жоғары сатыдағы бағдарламаларды шығару білім берудің Халықаралық стандартының (1997 г.), топтастыру ережесімен келісілген.
Бейіндік оқыту міндеттерін іске асыру мақсатында 3 деңгейде вариативтік білім беру жүйесі құрылады: институционалдық, мазмұнды және технологиялық.
Институционалдық деңгей 11-12 сыныптарда жалпы орта білім беретін оқу орнының көп қыры мен түрлі деңгейін анықтаған. Әр түрлі жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар (1-12 сыныптар), академиялық лицейлер (5-12 сыныптар), бейіндік мектептер (11-12 сыныптар)

Ауылдық жердегі мектептердің әлеуметтік маңызы ескеріле жалпы білім беретін мектептер сақталады және одан әрі дамиды. Жалпы білім беретін мектептер 1-4, 5-10 сыныптардың бағдарламаларына және 11-12 сынып оқушыларының бейіндік оқыту бағдарламаларына толықтыруларды іске асырады. Қалалық жерлерде тек қана 11-12 сыныптардың бағдарламалары жүзеге асатын Қазақстан үшін жаңа типті оқу орны институционалды- бейіндік мектептер құрылатын болады.
Бейіндік мектепті «мектеп-колледж», «мектеп-ЖОО» кешені жүйесінде жасау мүмкіндігі қарастырылуда.Арнаулы білім беру ұйымдарының желісі сақталуда және дамуда (хореграфиялық, спорттық, көркем өнер, кадеттер мектебі және т.б.).

Бірінші Президенттің Интеллектуалды мектебі, «Дарын» дарынды балаларға арналған арнаулы мектептер жүйесі дамуда. Оқу орындарының көп қырлы жағдайында бірыңғай білім беру кеңістігі білім беру стандарттарымен қамтамасыз етіліп, онда білім берудің базалық мазмұнының құрамы мен құрылымының жалпы талаптары, жалпы орта білім берудің күтілетін нәтижелері көрсетіледі.
Мазмұнды деңгей оқу бағдарламалары мен оқу әдебиеттерінің вариативтілігін, кіріктірілген оқу курстарын енгізуді, мектептің бейіндік оқыту бағыттарын, оқушының- таңдау бойынша курстар құрамын таңдау мүмкіндігін қарастырады. Оқу процесі – оқытудың жинақталған жүйесі негізінде құрылады.

Технологиялық деңгей оқытудың тиімді технологиясын енгізумен анықталған. Оқу бағдарламалары тек қана оқылатын материалды ғана емес жоғары сыныптағылардың қызмет түрлерін көрсетеді: зерттеу, пікірталас, құрастыру, жобалау және т.б.

Жоғары сыныптағылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру мен дамыту негізі педагогтың технологиялық мәдениетінің дамуын, педагогтың кәсіби ойлауын өзгертуді, білім беру процесінің барлық субьектілерінің ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын қарастырады.
Бейіндік оқыту үш бағыт шеңберінде: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағытта жүзеге асырылады.
Бейіндік бағытын мәлімдеген білім беру мазмұны екі бағытты ескере анықталды. Біріншіден бейіндік оқытуды анықтау бойынша 11-12 сынып оқушыларының жекелеген қабілеті мен қызығушылығын ескеру үшін білім беру мазмұнының құрамы мен құрылымы педагогикалық жағдай жасауға бағытталу керек.
Екіншіден, үш бағыт шеңберінде білім беру мазмұнын анықтауда оқушылардың базалық жалпы білім беру даярлығын аяқтауды қамтамасыз ететін міндетті оқу пәндерінің көлемін азайтып, базалық мазмұндағы пәндер үшін оқу-әдістемелік кешендердің саны оңтайландырылып, республикада қалыптасқан вариативті білім берудің және т.б. институционализациялау деңгейінің мүмкіндігі ескеріледі.
Бейіндік оқыту жүйесінің үйлесімділігі аралас оқу пәндерінің (курстар) есебінен қамтамасыз етіледі және оқу мазмұнының элементтерінің келесідей типтерін: базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер (инвариантты компонент), жалпы білім беретін бейіндік пәндер және таңдау бойынша міндетті пәндер (вариативті компонент), таңдау бойынша курстар (оқушы компоненті) енгізеді.