Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету



Дата12.12.2021
өлшемі17,22 Kb.
#99607
Байланысты:
Абилмажитова 11 апта


Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету.
Аристотельден Әл-Фарабиге, Әл-Фарабиден Алтынсаринге, одан күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан оқу үдерісі уақыт талбына орай көптеген өзгерістерге ұшырағанын байқаймыз. Бұл үрдістің адамзат тіршілігімен жалғаса беретіндігі анық. Сол себептен дәстүрлі оқытудың өзін заман ағымына лайықтап өзгерту қажеттілігі туды.

Оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып өздерінің ойларымен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, ойға жүйрік, тілге шешен, бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға болып қалыптасуы мемлекетіміздің мақсаттарының бірі. Өйткені мемлекеттің болашағы жастардың қолында.

Жоспарланған сабақтарымда сындарлы оқытудың жеті модульінің кіріктірілуіне жұмыс жасадым. Сыныптағы сұрақ қою негізінен «бастама-жауап-кейінгі әрекет» үлгісінде болатындығы анық. Бастама жасайтын жәнеде оны бақылап отыратын адам мұғалім.

«Физика және табиғат» деген тақырыптық сабағымда қызығушылықты ояту сәтінде оқушының өз ойын еркін ашық айтуына жағдай жасадым.

«Табиғат дегеніміз не?» «Физика ғылымының табиғатқа қандай байланысы бар?» деген сұрақтарды қоя отырып оқушылардың тақырып не жайында болатындығына өз ойларын ашық айтқызуға тырыстым. Және осы тақырыпқа байланысты бейнефильм көрсетілді. Фильмді көрсете отырып, «Қандай ой түйдік?» деген сұрақ қойылды. Мұндай сұрақтар оқушының сөйлеу мәнерін, шығармашылығын дарындылығын шыңдай түседі.

Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналадыда оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсартады. Теориялық білімімде сұрақ қоюдың әдісін және тәсілдерін іс тәжірибемде қолдануға тырыстым. Қызығушылықты ояту бөлімінде сұрақтың түрткі болу түрін, мағынаны тану бөлімінде мысалдар келтіре сөйлеу үшін, «Мысал келтіре аласыз ба?» деген сұрақтар қойып отырдым.

«Өлшем бірліктер» тақырыбымдағы сабағымда қызығушылықты ояту үшін сыни тұрғыдан ойланту мақсатында: «Халық аралық бірліктер жүйесі деген не?» деген сұрақ қойылды. Әр топтан жекелеген оқушылар өз ойларын тұжырымды баяндады. Яғни оқушыға орынды, ұтымды сұрақ қою арқылы:

-тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанады;

-бір-бірімен идеясын алмасуға;

-әңгімені ой елегінен өткізуге септігін тигізеді;

Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдалануға болады.

Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.


  • Физика ғылымы нені зерттейді?

  • Олардың сыртқы көрінісінен қандай ерекшелікті байқадың?

  • Шамамен өлшем бірліктің айырмашылығы неде?

  • Табиғатты бақылауға, сезінуге, оның сұлулығын көруге адамның қандай мүшелері көмектеседі? деген сұрақтарды түрткі болуға арналған сұрақтар деп ойлаймын.

Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-ақ ″із мысал келтіре аласыз ба?″ деген сияты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.

Қайта бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, ″Көмектесе алатындар бар ма?″

Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:



  • Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

  • Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

  • Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;

  • Оқушыларға білімін қалыптастыру және вербалдандыру көмектеседі;

  • Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді

  • Оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі;

  • Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;

  • Әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;

  • Оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.

Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кең қолданады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Бұл – жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланатын сұрақтар.



Сұрақ құрастыру, оған жауап іздеу – оқушы ойының дамуына, ізденіске түсуіне түрткі болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет