Оқушының оқу жетістігін табыс критерийлері арқылы бағалау
Салиха Адилбекова - «Өрлеу» БАҰО АҚФ ОҚО ПҚБАИ, ДБО тренері
Туйчибек Тохтаров-Сайрам ауданы №63 Қ.Сатбаев атындағы ж.о.м. биология пәні мұғалімі
Сайера Султанкулова-Сайрам ауданы №63 Қ.Сатбаев атындағы ж.о.м. информатика пәні мұғалімі
Қазіргі кезеңде бағалаудың әртүрлі әдіс-тәсілдері енгізілуде.Осы кезеңге дейін қолданылып келген дәстүрлі бағалау жүйесі 5 баллдық жүйемен бағалау өз мәнін жоғалтып отыр.Дәстүрлі бағалауда оқушыларға өмірде теориялық білім қажет деп санап,мұғалім оқу материалын түсінікті етіп жеткізуді ғана қажет деп есептедік және олардың пәндік білімдерін машықтарын,дағдыларын ғана қалыптастыра алдық.Оқушылардың білімін жіберілген қателерінің санымен бағаладық.Дәстүрлі бағалаудың кемшіліктеріне тоқталатын болсақ мұғалім сабақта бірнеше оқушыдан сабақ сұрайды,ал осы уақытта қалған оқушылар қандай да бір қызметпен айналыспай бос отырады.Олар өз кезектерін күтумен уақыттарын,күш-жігерлерін текке жұмсайды.Кезек оқушыға жетпей қалуы да мүмкін.Осыдан оқушының пәнге деген қызығушылығы төмендейді. Ал қазіргі заман талабына сай бағалау жүйесі оқушыны мәселені көруге,мақсат қоюға,жоспар әзірлеуге оны жүзеге асыруға,өз жұмысын талдауға,тұжырым жасауға,өзін-өзі бағалауға,бір сөзбен айтқанда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға көмектеседі. Оқушы өзін-өзі бағалауды жүзеге асыруға бағытталған,рефлексия арқылы алға қойған міндеттерді шешу үшін ішкі ресурстарды белсендіруге,өзін-өзі жақсы түсінуіне мүмкіндік береді. Ұстаздар-білім деңгейін көтеруге қызығушылық танытушы білім беру жүйелеріне сәйкес білім беру нәтижелерін бағалау технологияларын меңгеру,нәтижелерді бағалаудың кешенді тәсілін қамтамасыз етеді. Сабақтағы жетістіктерді бағалау үшін сабақтың мақсатын анықтап алып, критерийлерді қоя білу керек.
Сәтті сабақтарға тән ерекшеліктер оқушылардың іс- әрекеттері мақсатпен сәйкестілігі. Іс- әрекет үйренудің мақсатына сәйкес келіп, нәтижеге жетумен аяақталуы тиіс. Мұғалімдер әр сабақтың мақсатын анықтап алған соң ,әрбір тапсырманы оқушының жас ерекшелігіне сәйкес критерийлерді қою арқылы сабақ өткізулері керек. Мұғалімнің шеберлігіне және оқушылармен тығыз байланыстың нәтижесінде сабақта қолданған криттерийлердің ауқымы анықталады. Сабақтың мақсаты мен критерийлері нақты болса сабақ өз нәтижесіне жетері сөзсіз.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жоспарын жүзеге асыратын болсақ,оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін жүзеге асыратын боламыз.Ол деп отырғанымыз оқушылардың жинақтаған білімдерін іс-тәжірибеде және бейімделу барысында сәтті қолдануына мүмкіндік береді.Оқушылардың негізгі құзіреттіліктеріне жататындар: басқарушылық, ақпараттық, коммуникативтік,әлеуметтік ,тұлғалық, азаматтық,технологиялық.Орта мектепті аяқтаған мектеп түлегі осы құзіреттіліктерді игеріп шығуы шарт. Оқытудың түрлері мен әдістерінің жаңартылуына байланысты бағалаудың да түрлері алуан түрлі.Қазіргі кезеңде оқыту үрдісінде «Тиімді оқытыу мен оқу» бағдарламасының тәсілдеріне негізделген жаңа форматтағы әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылуда.Қазіргі сабаққа қойылатын талап қалай оқу керектігін үйрену.Сыныпта оқуды үйрететін білім ортасын құру-топтық жұмысты ұйымдастыру.Тиісінше,бағалау жүйесі де оқушы білімін айқындайтын және оқу сапасы туралы қорытынды.Бағалаудың түрлері:жиынтық және қалыптастырушы.Жиынтық бағалаудың мақсаты баға қою немесе оқу қорытындысын шығаруда қолданылады.Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуіне арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалау.Бұл ынталандыру,сыни бағалау,қолдау,екіжұлдыз,бір тілек ,өзін-өзі бағалау, бағдаршам,басбармақ т.б. Бағалаудың жаңа түрін енгізу үшін ұстаздар тарапынан үздіксіз еңбек етуді,ізденісті және шығармашылықты талап етеді. Сабақ барысында оқушылар өздерінің оқулары жайында көп зерделеп,бағалау тәсілдерін үйреніп, тапсырманы меңгеру кезінде кедергілерге кездеспейді. Критерийлер арқылы өзін- өзі бағалау оқушының тақырыпты түсінуіне және өзіне деген сенімін арттыруға көмектеседі.Оқушыларды жалған бағалау деген дәстүрлі сабақ кезінде қалыптасқан үлгі. Мыс: оқушыларға тапсырма беріледі де орындалуы қадағаланбайды.Ол тақырып күрделі ме немесе жеңіл ме ол жағы да нақтылынбайды және мәтіндер жас ерекшелігіне сәйкес пе анықталмайды.Оқыту үшін бағалау-бұл білім алушылар өздерінің қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі(МАН) Сабақ процесінде өтілетін тақырыпқа байланысты немесе топқа орындауға берілген әр тапсырмаға табыс критерийі құрылуы керек.. Табыс критерийі – нәтижеге қол жеткізудің ең тиімді жолы.. Табыс критерийін дайындап, берілген тапсырма орындалып болған соң, топ мүшелері әрбір критерий бойынша өздерін және сыныптастарын бағалайды. Сабақ барысында алғашқыда дайын үлгілерді топқа ұсынып,кейін табыс критерийлерін бірлесіп құруын тапсыру кажет. Оқушылар алдымен топта ақылдаса отырып, өз ойларын ортаға салады. Сонан соң сынып оқушыларымен түгел бірлесе отырып критерийлерді нақтылап алу керек.Критериальды бағалаудың артықшылықтары:
Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
Оқушының жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді;
Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі;
Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі;
Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады;
Критерий арқылы бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді;
Критерийлік бағалау ,оқушының өздігінен білім алуына жағдай жасайды, ұстаздың сапалық шеберлігі және шығармашылығы дамиды.Мұғалім оқушылардың еңбегін жоғары обьективті бағалай алуы үшін тапсырмалар әртүрлі болуы керек. Бұндай зерттеу нәтижесінде,оқушы жеке тұлға ретінде қалыптаса алады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2016 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |