«Өз Отанының патриоты болу дегеніміз – Қазақстанды жан-жүрегінмен сүйе білу»



Дата03.12.2019
өлшемі15,53 Kb.
#52943
Байланысты:
Тасты ОМ эссе

Ел тірегі - Елбасы

Эссе


Тасты жалпы білім беретін орта мектебі

7-сынып оқушысы Шорманқызы Наргиз



«Өз Отанының патриоты болу дегеніміз –

Қазақстанды жан-жүрегінмен сүйе білу».

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тұңғыш Президент – қай мемлекет үшін де тарихи тұлға. Қазақстан Республикасының дамуы, ұлттық қауіпсіздігі және де мемлекеттік басқару жүйесі бар ұлттық мемлекетіміздің қалыптасуы мен еліміздің күллі әлемге танылып үлгеруі Елбасымыздың ерең еңбегінің жемісі.

Елбасымыз өз халқының жағдайын тереңінен түсінетін, замана ағымын жіті ойлайтын, әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып, оны ата-бабамыздан қалған асыл өнегесімен әдемі ұштастырған дана Елбасы.

Елбасының қай жолдауын қарасаң да ең алдымен адам капиталына басымдық береді. Жыл сайын медицина мен білім жүйесін жаңартып, жаңа заманға сай жабдықтады. Мен, мысалы көп балалы отбасынанмын. Елбасы үнемі мемлекет тарапынан көп балалы отбасыларға әлеуметтік-материалдық көмек қолын созды. Елбасының жанашырлығы деп білемін.

Елбасы Қазақстанды зайырлы мемлекет деп танытып отыр. Оның бірден бір себебі, елді дінаралық келісімде, ынтамақтастықта ұстау. Дәлел ретінде Елбасы жыл сайын халықаралық дінбасыларды Нұрсұлтан қаласына жинап, саммит өткізуді дәстүрге айналдырып, шет елдерге үлгі. Елбасының көрегендігі деп білемін.

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында менің мектебімде іс-шаралар өткізілуде. Атап өтерлік іс-шараның бірі мектебімізде ауқымды өткен «Кейкі батыр» атындағы тарихи- өлкетану мұражайының ашылуы.

Ел тірегі Елбасы өзінің «Мәңгілік ел» болу ұлттық идеясын қалыптасуы мен дамуы жолында, аянбай еңбек етті. Бізде Елбасына сенім артып, оның әрбір айтқан сөзін, қалт жібермей еліміздің өркендеуі жолында Тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында рухани жан-дүниемізді байытып, еліміздің дамуына үлес қосуға бар күш-жігерімізді арнаймыз.



28 жыл бойы елді басқарып, қиын да қыстау уақытта миллиондаған халықты алға жетелеу тек елжанды, тапқыр, білгір, көреген тұлғаның ғана қолынан келмек. Тұңғыш Президенті бар елде туылғаныма, өмір сүріп жатқаныма, өмір сүретініме қуанамын, мақтан тұтамын.

Елбасымыз аман болып, егеменді еліміздің көк байрағы мәңгі көкте желбірей берсін!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет