Озат педагогикалық тәжірибе оны зерттеу, тарату Қамтылатын мәселелер



Дата28.11.2023
өлшемі17,59 Kb.
#193817
Байланысты:
Озық педагогикалық тәжірибе оны зерттеу, тарату


Озат педагогикалық тәжірибе оны зерттеу, тарату
Қамтылатын мәселелер:

  1. Озат педагогикалық тәжірибе түсінігі, белгілері

  2. Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату.

Әдебиеттері:
1.Ш.Х.Құрманалина,Б.Ж.Мұқанова, Ә.У.Ғалымова, Р.К.Ильясова.
Педагогика. Астана. 2014.
2.Аудандық және облыстық әдістемелік кабинеттердің қызметін ұйымдастыру: тәжірибе және инновациялар. Әдістемелік құрал.

Озық педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі.


Педагогикалық озық тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, бірақ жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.
Озық тәжірибе — бұл мұғалімнің биік шеберлігі, яғни жоғары педагогикалық нәтиже беретін тәжірибе.
Педагогикалық тәжірибе — мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижесі, өз алдында тұрған педагогикалық міндеттерді жүзеге асырудың кәсіби шеберлігінің жиынтығы.
Алдыңғы қатарлы тәжірибе деп мол нәтижені аз уақыт және күш жұмсашршынған тәжірибе аталады. Мұғалім тәжірибесінде жаңа, оригиналды ештеңе болмауы да мүмкін, бірақ ғылыммен белгіленген әйгілі принциптер мен қолдану негізінде, ол педагогикалық шеберлікке қол жеткізбеген мұғалімдер үшін жақсы үлгі болары сөзсіз.
Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар:
Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озық мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озық тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
• оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;
өз беттерімен білім ала білуі;
• білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;
• оқушылардың жалпы дамуы.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің сапалары мыналар:
— педагогикалық тәжірибенің тиімділігі, оңайлығы (оқу-тәрбие процесінде жоғары нәтижелерге аз күш жұмсай отыра жету, бұл тәжірибенің басқаларға, басқа да оқу және тәрбие меселелерін шешуге кедергі болмауы тиіс);
— тәжірибенің тұрақтылығы, яғни оның нақ уақытты қызметі;
— оқу-тәрбие керісінің жоғары сапалық және сандық нәтижелер көрсеткіші;
— тәжірибенің келешектегі, бір педагогтың тәжірибесін қайталау және шығармашылық қолдану мүмкіншілігі.

2. Мектепте педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық үрдіс.


Педагогикалық тәжірибені әдіс ретінде зерттеу мәселені зерттеудің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Осыған орай, зерттеудің белгіленген кезеңінде шешілетін міндеттер ерекшелігіне қарай педагогикалық тәжірибенің әр түрі зерттеуге түседі.
Педагогикалық тәжірибені зерттеудің әдісі ретіндегі құндылығы, оны педагогикалық шындықпен оқыту және тәрбие тәжірибесімен мол мүмкіндік береді.
Тәжірибені зерттей отыра біз педагогикалық тәжірибенің табиғи жағдайдағы нақты бейнесін құрауға, тиімді жақтары мен осал тұстарын анықтауға мүмкіндік аламыз. Педагогикалық тәжірибені зерттеу педагогикалық қызметтің ішкі ерекшеліктерін бекітуге жол береді. Бұл әдіс түрлі оқу-тәрбие жүйесін бейнелеуге, жекелеген әдістер мен тәсілдерді, оқытушы жұмысының стилін, өткізілетін жұмыстардың оқушыларға әсерін ашуға көмектеседі. Тәжірибені зерттеу тікелей педагогикалық нақтылықпен танысуға, оларды ғылыми терминдерде суреттеуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық тәжірибені зерттей отырып, біз құбылысты тұтас қамтимыз, сонымен бірге зерттеуде оның арнайы зерттеу нысаны болатын мәнді жаңтарын бөліп те қараймыз. Мұндай тәсіл кезкелген педагогикалық құбылысты сипаттайтын қажеттік мөлшердегі деректер алу мүмкіншілігін тудырады. Педагогикалық деректер мен олар арасындағы қызметтікі байланыстар — бұл ғылымның эмпириялық негізі, әдістің зерттеу тәжірибесі сонымен қатар шектелуімен байланысты. Шындықпен тек тікелей түйісуге тіректелген таным, нысанға тым байланысты болып шығады да, заттардың тек жалған көрінісін көзге түсіреді.
Бұл әдістің тағы бір әлсіз жағы бар: педагогикалық тәжірибені зерттеу — бұл өмірде, бар танымдарды тану. Алайда, егер ғылым тек дүниеде барды ғана тіркеп, болашаққа көз салмаса, онда ол бір орнынан қозғалмай, тәжірибе алға жылжымас еді.
Тапсырма:

  • Тақырып бойынша презентация жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет