Өзіндегі және басқалардағы эмоцияларды қабылдау



Дата15.06.2022
өлшемі15,96 Kb.
#146570
Байланысты:
Эмоцианалды интеллект


Халықаралық компания бас директоры Терри Апшур-Люпбергер өз мансабының шыңында болған болатын. Олай болса, оның өзін ренжулі және бақытсыз сезінуінің себебі қандай? Оның жақын досы былай деді: «Терри, сіз күшті жел кезінде оңай сынатын бұтақта отырдыңыз. Сіздің жұмыстан соншалықты қолыңыз босамағандықтан, өзіңіздің жеке құндылықтарыңызбен байланысты жоғалтып алғандықтан, әне-міне дегенде сынып қалайын деп тұрған бұтаққа назар аудармадыңыз». Апшур-Люпбергердің айтуы бойынша, ол өзінің үнемі көңілі қалып, сарқыла беретіндігін аңғармаған. Осының нәтижесінде, оның жұмысына қанағаттануы, өнімділігі, қарым-қатынастары мен нәтижелері зардап шеккен. Ол аталған мәселерді жұмыстан қолы тимегендіктен толықтай сарқылғанға дейін байқамаған. Сонда оның айтқаны: «Көшбасшысы бола тұрып сіз не толықтай назарыңызды аударып, ұйымдағы көңіл күй (өзіңіздікін қоса алғанда) басқарасыз, не оларды мүлдем ескермей, кейін өз бағасын төлейсіз». Осылай АпшурЛюпбергер эмоциялық интеллектінің/зияткерліктің құндылығын түсінген екен. Эмоциялық интеллект (ЕІ) – бұл (1) өзіндегі және басқалардағы эмоцияларды қабылдауға; (2) олардың мағынасын түсінуге; және (3) тиісінше өз эмоцияларын реттеуге деген адам қабілеті. Өз эмоциялар түсінетін және эмоцияналдық белгілерді оқи алатын адамдар жоғары ЕІ-ге ие. Мысалы, олар не себепті ашулы екендігін білетін және ережелерді бұзбай өздерінің эмоцияларын білдіре алатын адамдар.
Адалдық > Өзіндегі және басқалардағы эмоцияларды қабылдау.
Танымдылық > Эмоциялардың мағынасын түсіну.
Эмоционалдық тұрақтылық > Эмоцияларды басқару.
Бұлар эмоционалдық интеллектің/зияткерліктің каскадты үлгісі.
Мінез-құлықты ұйымдастыру ЕІ-ді түсіну арқылы дамиды, дегенмен бірнеше зерттеулерде оның маңызды рөл атқаратындығы болжанса да көптеген сұрақтар жауапсыз қалуда. Олардың бірі ЕІ-нің болжамдарымен байланысты. Мысалы, деректер ЕІ-дің жұмыспен корреляцияға ие екенін дәлелдегенмен бұл корреляция деңгейі төмен және эмоционалдық тұрақтылық сияқты сипаттамалармен түсіндірілмейтіндігін айтады. Себебі оны өлшеу қиын. Өйткені ол негізінен өзіне-өзі есеп беру көмегімен анықталады. Дегенмен ЕІ консалтинг фирмаларында, танымал баспасөзде, тіпті, ғылыми әдебиетте де өте танымал ұғым екенін айтып өту керек.
Эмоцияларды реттеу
Сізде өзіңізді басыңқы сезінген жағдайларда көңіл күйіңізді көтеруге немесе ашуланған жағдайларда тынышталуға тырысқан кездеріңіз болды ма? Егер солай болса, онда сіз эмоцияларды реттеумен айналысады екенсіз. Эмоциялар реттеудің негізгі түйіні – сіз сезінген эмоцияларды анықтау және өзгерту. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, эмоцияларды басқару қабілеті кейбір жұмыс орындары үшін өнімділіктің маңызды предикторы болып табылады. Өзіңіз байқағаныңыздай, адамдардың барлығы эмоцияларды бірдей жақсы бақылай алмайды. Невротиктердің машақаты көп болғандықтан, олар өз көңіл күйінің олардың эмоцияларды бақылау қабілеттеріне бағынбайтындығын жиі аңғарады. Өзін-өзі төмен бағалайтын адамдар өздерінің басыңқы көңіл күйін жақсартуға сирек талпынады. Өйткені мүмкін олар өздерін жақсы көңіл күйге лайық деп таппайтын шығар. Жұмыс орнындағы қоршаған ортасы адамның эмоцияларды реттеуге бейімділігіне өз әсерін тигізеді. Мысалы, жас қызметкерлердің жұмыс топтарында жасы үлкен әріптестер болған жағдайда өз эмоцияларын реттеуге ұмтылуы ықтимал. Эмоционалдық еңбек туралы айтып өткеніміздей, эмоцияларды өзгерту үлкен күш салуды талап етеді, ол өз кезегінде адамды қажытуы мүмкін. Кейде эмоцияны өзгерту әрекеттері оны күшейтіп жіберуі де мүмкін. Мысалы, өз қорқынышыңызды басу үшін сіз өзіңізде қорқыныш сезімін тудыратын жағдайға көп назар аударсаңыз, нәтижесінде, одан бетер қорқа бастауыңыз мүмкін.
Эмоцияларды реттеу тәсілдері
Эмоцияларды реттеумен айналысатын зерттеушілер адамдардың эмоцияларды өзгерту стратегияларын жиі бақылайды. Осындай әдістердің бірі болып эмоцияларды алғашқы кезде қыспаққа алу немесе ескермеу болып табылады. Бұл әдіс ойлануды қысқамерзімді перспективада жеңілдетеді. Дегенмен аталған тәсілдің дағдарыстық жағдайда қатты теріс оқиғаның қатерлі эмоционалды жауап тудыратын кезінде ғана пайдалы болатыны анық. Мысалы, аталған тәсілді қолдану арқылы портфель менеджері акция құнының кенеттен құлдырауы кезінде өзінің эмоционалды реакциясын басып, ары қарай не істеу керектігі жөнінде нақты жоспар жасай алады. Дағдарыстық жағдайларда эмоцияларды басу адамға өз қалпына қайта келуге көмектессе, ал күнделікті қолданылатын эмоцияларды басу әдісі адамның ақыл-ой қабілетіне, эмоциялық қабілетіне, денсаулығы мен қатым-қатынастарына зор теріс ықпалын тигізуі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет