Палеоботаника. Прокариоттар, эукариоттар, Жоғары сатылы өсімдіктер



Дата04.07.2018
өлшемі1,19 Mb.
#47055

Палеоботаника. Прокариоттар, эукариоттар, Жоғары сатылы өсімдіктер.

  • _Сарсенбаева Айгүль Нағашыбаевна
  • (оқытушының аты-жөні)
  • aisarnag@mail.ru
  • (оқытушының электронды поштасы)
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  • Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
  • ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
  • __Пайдалы қазбалар кенорындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау_
  • (кафедрасы) _Палеонтология, стратиграфия және тарихи геология (пәні)
  • №5 Дәріс
  • 1 академиялық сағат
  • ДӘРІС ЖОСПАРЫ 1. Палеоботаника. 2. Прокариоттар
  • 3. Эукариоттар 4. Жоғары сатылы өсімдіктер
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  • Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
  • ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

  • Палеоботаника (Грекше палео - көне) – қазба өсімдіктерді зерттейтін ғылымботаника мен палеонтология саласы.  Геологиямен  тығыз байланысты.
  • 1946 ж. Республика аумағындағы мезозой мен кайнозой флорасының дамуы жөнінде жалпы сұлба жасалды. Қаратаудағы юра, Шығыс Аралдағы соңғы бор, Зайсан қазаншұңқырындағы палеоцен, Ертіс маңындағы эоцен, Мұғалжар мен Оңтүстік  Алтайға, Солтүстік  Арал маңы мен Іле ойысына тән олигоцен, Торғай ойпаңы мен Солтүстік Тянь-Шаньдағы миоцен флоралары,
  • сондай-ақ,  палеозой флорасы сипатталды. Зоология институты
  • жанындағы Табиғат музейінде қазба өсімдіктер коллекциясы
  • жинақталған. Республикада Палеоботаника жетістіктері геол.-барлау
  • жұмыстарында, геологиялық карталар мен сұлбалар жасау үшін
  • пайдаланылады.

Қазба күйде кездесетін барлық өсімдік қалдықтарын микро- және макронысандарға бөлуге болады. Микронысандарға бір клеткалы организмдердің (бактериялар, балдырлар) қабықтары мен сауыттары, жоғары өсімдіктердің споралары мен тозаңдары жатады. Макронысандарға жататындар: жапырақтары, сабақтары, жемістері мен басқа бөліктері. Балдырларды альгология ғылымы (оның диатомдық талдау бөлімі) зерттейді.

  • Қазба күйде кездесетін барлық өсімдік қалдықтарын микро- және макронысандарға бөлуге болады. Микронысандарға бір клеткалы организмдердің (бактериялар, балдырлар) қабықтары мен сауыттары, жоғары өсімдіктердің споралары мен тозаңдары жатады. Макронысандарға жататындар: жапырақтары, сабақтары, жемістері мен басқа бөліктері. Балдырларды альгология ғылымы (оның диатомдық талдау бөлімі) зерттейді.
  • Палинология споралар мен тозаңдарды (споралық-тозаңдық талдау) зерттейді, оның нәтижелері кайнозой түзілімдерінің жасын анықтау үшін пайдаланылады.
  • Палеоботаника макроскопиялық нысандарды, көбінесе жапырақ пластиналарын зерттейді.
  • 13. Цианейлер (1), балдырлар (2–6), псилофит (7), ликоподиофиттер (8–10) және эквисетофиттер (11–12): 1 – строматолит (1а – колониялардың жалпы көрінісі, 1б – қабатталу сипаты); 2 – диатомейлер (2а – центрлік, 2б – пеннаттық); 3 – кокколитофорид; 4 – кремнийлі жіпше балдырлар; 5 – перидинея; 6 – хара балдырлар (6а – Chara, сыртқы көрінісі; 6б – трохилиск, оогоний, бүйрінен және астынан қарағанда; 6в – сицидиум, оогоний, астынан және бүйірінен қарағанда); 7Rhynia (сыртқы көрінісі); 8 – лепидодендрон (реконструкция); 9 – лепидодендронның қабығы; 10 – сигилярийдің қабығы; 11 – Annularia; 12 – Asterocalamites

2. Прокариоттар

  • Клеткалы ядросы жоқ ең қарапайым өсімдік организмдері прокариаттарға жатып, олар бактериялар мен цианейлер (көк-жасыл балдырлар) жарты патшалығына бірігеді. Бактериялар микроскоптық бір клеткалы хемосинтезге бейім организмдер, өлшемі көбінесе 0,001 мм-ге дейін. Ядросы болмайды, қарапайым бөліну арқылы көбейеді, бөліну жарты сағат сайын болып тұрады. Бактерия клеткаларының қабықшасы белоктан тұрады.
  • Бактериялар хлорофиль ықпалынан айырылған. Бактериялардың сырқы пішіні әртүрлі. Шар тәрізді бактериялар, кокколар, ұяша пішінділер, бациллалар, спираль тәрізділер спириллалар деп аталады. Көптеген бактериялардың талшықтары болады, олар осы талшықтардың жәрдемімен қозғалады.
  • Бактериялар жер қыртысының биохимиялық процестеріне (шіру, ыдырау) белсенді қатысады. Бактериялар таужыныстар, темір кендері, күкірт, әктас түзілуде елеулі рөл атқарады. Ең көне бактериялардың геологиялық жасы 3 млрд жылдан асады.

3. эукариоттар

  • Нағыз өсімдіктер эукариоттарға жатып, оларға қызыл балдырлар, нағыз балдырлар мен жоғары өсімдіктер жарты патшалығы кіреді. Багрянкалар, яғни күрең-қызыл балдырлар ерекше пигмент фикоэритринге байланысты қызыл түсті. Олар көп клеткалы, тармақталмаған немесе бунақ-бунақ жіктелген көп қабатты жіп тәрізді, жоғары сатыдағы өсімдіктер тініне ұқсас келеді. Жылы теңіздерде, әдетте 150-180 м-ге дейінгі тереңде мекен етеді, күрделі жынысты жолмен көбейеді. Клетка қабыршықтары әктаспен безендіріліп қапталады, сөйтіп қазба қалдықтар түрінде жақсы сақталады. Күңгірт-қызыл балдырлардың қалдықтары кембрийден белгілі. Бор дәуірінен бастап жыныс құрушы рөлін атқарады. Палеогенде риф құрылымдарын түзген.

Прокариот ұғымы “ядроға дейінгі”, ал эукариот – “жақсы немесе анық ядросы бар” дегенді көрсетеді.

  • Прокариот ұғымы “ядроға дейінгі”, ал эукариот – “жақсы немесе анық ядросы бар” дегенді көрсетеді.
  • Прокариоттарды, сондай-ақ, бактериялар деп те атайды. Прокариоттарға көк-жасыл балдырлар, актиномицеттер, бактериялар, спирохеттер, микоплазмалар, хламидиялар жатады.
  • Эукариоттарға – көпшілік балдырлар, саңырауқұлақтар мен қыналар, өсімдік пен жануарлар жатады.

Прокариот клеткаларының эукариот жасушаларынан айырмашылығы – олардың генетикалық материалы – сақиналы ДНҚ құрамына ақуыздар кіретін күрделі хромосомаларға жинақталмаған және де мембранамен қапталмаған. Прокариоттарда белгілі бір қызметтер атқаратын мембраналық құрылымдары болмайды. Бактериялар екіге жай бөліну арқылы көбейеді, сондай-ақ екі клетка арасында генетикалық ақпарат алмастыру түрінде жүретін жыныстық көбеюді байқауға болады. Прокариоттар клеткаларының пішіндеріне сәйкес ұсақ болып келеді. Олардың көлемі шамамен 1-10 мкм.

  • Прокариот клеткаларының эукариот жасушаларынан айырмашылығы – олардың генетикалық материалы – сақиналы ДНҚ құрамына ақуыздар кіретін күрделі хромосомаларға жинақталмаған және де мембранамен қапталмаған. Прокариоттарда белгілі бір қызметтер атқаратын мембраналық құрылымдары болмайды. Бактериялар екіге жай бөліну арқылы көбейеді, сондай-ақ екі клетка арасында генетикалық ақпарат алмастыру түрінде жүретін жыныстық көбеюді байқауға болады. Прокариоттар клеткаларының пішіндеріне сәйкес ұсақ болып келеді. Олардың көлемі шамамен 1-10 мкм.

Прокариот клеткаларының құрылымы мен химиялық құрамдарында өздеріне тән ерекшеліктері болады . Цитоплазмалық мембранадан тыс орналасқан құрылымдары (жасуша қабықшасы, капсула, сілемейлі қап, талшықтар, ворсинкалар) көбінесе беттік құрылымдар деп аталады. Цитоплазмалық мембрана мен цитоплазма протопласт деп аталады.

  • Прокариот клеткаларының құрылымы мен химиялық құрамдарында өздеріне тән ерекшеліктері болады . Цитоплазмалық мембранадан тыс орналасқан құрылымдары (жасуша қабықшасы, капсула, сілемейлі қап, талшықтар, ворсинкалар) көбінесе беттік құрылымдар деп аталады. Цитоплазмалық мембрана мен цитоплазма протопласт деп аталады.
  • Эукариот клеткаларының прокариоттардан негізгі ерекшелігі – олар жеке-жеке компартменттерге бөлшектенген, яғни көптеген мембраналық органеллалары  болады.  Эукариоттардың ақуызбен байланысқан ДНҚ-ы  хромосомаларға жинақталып, қос мембранамен қапталған ядрода орналасады.
  • Эукариот клеткаларының пішіндері прокариоттарға қарағанда ірі келеді.

Өсімдік және жануар клеткаларының ұқсастықтары :

  • Өсімдік және жануар клеткаларының ұқсастықтары :
  • —            өсімдік және жануар клеткаларының жалпы құрылыстары ортақ, яғни екеуінің де беттік кешені, цитоплазмасы және ядросы бар;
  • —            мембраналық құрылымдары ортақ;
  • —            химиялық құрамдары ұқсас;
  • —            зат пен энергия алмасу үрдістері ұқсас жүреді, цитоплазма мен ядрода жүретін көптеген химиялық үрдістерінің жолы ұқсас, мысалы, ақуыз синтезі, ДНҚ репликациясы және т.б.;
  • —            клетканың бөлінуі кезінде тұқымқуалаушылық ақпаратын ұрпаққа берулері бірдей;
  • —            бөліну үрдістері бірдей.

Өсімдік және жануар клеткаларының айырмашылықтары:

  • —            өсімдік клеткасының клетка қабықшасы, пластидтер, ірі вакуольдері бар, клетка орталығы жоқ;
  • —            жануарлар клеткаларында клетка орталығы бар;
  • —            жануарлар клеткалары қоректенуі гетеротрофты;
  • —            өсімдік жасушаларының қоректену тәсілі – автотрофты.

4. Жоғары сатылы өсімдіктер

  • Жоғары өсімдіктер үшін олардың денесінің тіндерге дифференциациялануы, органдарға (тамыр, сабақ, жапырақ) бөлінуі, жыныссыз (спорофиттер) мен жынысты (гаметофиттер) ұрпақтарының болуы тән. Көбею типі бойынша жоғары өсімдіктер споралық және ұрықты түрлерге бөлінеді. Споралыларда жақсы білінген жынысты және жыныссыз ұрпақтар бар. Споралар орналасатын өсімдік спорангийлері әдетте жапырақтарында орналасып, олар спораларды тартады. Типтік споралы және ұрықты өсімдіктер арасында аралық әр түрлі споралылар орналасады, оларда споралардың екі типі дамиды: мегаспоралар және микроспоралар.

Жоғары сатылы өсімдіктер

  • Жоғары сатылы өсімдіктерге бұтақшалары, әртүрлі қызмет атқаратын және тін түзетін арнайы клеткалар тобы бар өсімдіктер жатады. Тіндерден сабақ, жапырақ және тамыр жетіледі. Олардың құрылысы қазба қалдықтар түрінде көбінесе, сабақ және жапырақ сақталуына байланысты қарастырылады. Лепидодендрон тәрізділер соңғы девонда пайда болып, карбон мен пермь дәуірлерінде өсімдіктер дүниесінің негізгі көлемін құраған, әсіресе, соңғы палеозой дымқыл тропик ормандарында кең тараған. Осы уақыттың негізгі көміртүзуші өсімдіктері болған. Плаун сияқты және басқа да шөптесін өсімдіктер қазіргі күнге дейін сақталған. Соңғы борда алуан түрлі талгүлділер, шамшаттар, платандар, магнолиялар, лаврлар, бұршақтылар, троходендрлер, т.б. кездеседі.

Субтропик және тропик белдеулерде алғашқы пальма, ал палеогенде қоңыржай жылы белдеуде қайың, шегіршін, шамшат, қызыл қайың, емен ж.б. пайда болған.

  • Субтропик және тропик белдеулерде алғашқы пальма, ал палеогенде қоңыржай жылы белдеуде қайың, шегіршін, шамшат, қызыл қайың, емен ж.б. пайда болған.
  • Жабықтұқымдылар – алғашқы борда пайда болып, бүкіл Жер бетіне тез таралып, бордың соңынан бастап, Жер бетінде басым болған өсімдіктер
  • Сұрақтар: 1. Көне өсімдіктер қалдықтарының типтері?
  • 2. Флораның таужыныс және пайдалы қазба түзудегі рөлі қандай?
  • 3. Жабық тұқымдылардың ерекшеліктері мен таралуы? 4. Гүлділер қашан пайда болған? 5. Қазіргі және көне өсімдік түрлері арасындағы байланыс қандай?
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  • Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
  • ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
  • Әдебиеттер және интернет қорларына сілтемелер: 1. _Байбатша Ә.Б. Палеонтология және тарихи геология: оқулық. – Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 496 б.
  • 2. Байбатша Ә.Б. Тарихи геология. Оқулық. – Алматы, Комплекс, 2004. – 264 б.
  • 3. Байбатша Ә.Б. Абишев Б.М., Лисогор К.А. Палеонтология курсы: оқу құралы. ‑ Алматы, ҚазҰТУ, 2012.
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  • Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
  • ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет