Сабақтың тақырыбы: «
Цефалоспориндер, Аминогликозидтер тобы.
Макролидтер, тетрациклин,
полимиксин, левомецитин тобы
антибиотиктері».
1Антибиотиктар туралы түсінік.
2.Антибиотиктардың алынуы,жіктелуі,әсер ету механизмі.
3.Цефолоспориндер тобы, препараттары, жіктелуі,эсер ету механизмі.
4.Аминогликозидтер тобы, препараттары, жіктелуі,эсер ету механизмі.
5.Макролидтер
6.Амингликозидтер
7.Тетрациклиндер
8.Полипептидтер
9.Полиендер
10.Анзамициндер
Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің
өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар
клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен
және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының
дамуын басатын
және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның
құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы
түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.[1] Антибиотиктер микробтар
мен кейбір
қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып
жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-
біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктер туралы ғылымның
негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан
пенициллин алған
(1929)
ағылшын ғалымы А.Флеминг
болды. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі
бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді. Антибиотиктер
шығу тегі, хим. құрамы, микробтарға әсер ету механизмі т.б. қасиеттері бойынша
жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз қолданудың әр түрлі салдары болуы мүмкін.
Мыс., денеге бөртпе шығып,
қышыма пайда болады, кейде естен тануға әкеп
соғады. Сондықтан оларды тек қана дәрігердің айтуы бойынша қолдану қажет.
Антибиотиктер медицинадан басқа а.ш-нда, тамақ өнеркәсібінде және
микробиологиялық
өндірісте
пайдаланылады.
Антибиотиктер
зен
саңырауқұлаңынан,актиномиоцидтік, кейбір бактериялардан алынады. Жіктелуі:
синтетикалық және табиғи. Әсері: бактериостатикалық, бактериоциттік. Әсер ету
механизмі: Бактерия жасуша синтезін бұзу, цитоплазмалық мембрана өткізгіштігін
бұзу,
жасушаішілік синтезін бұзу, РНҚ синтезін бұзу.
Антибиотиктер.
Антибиотиктер биотехнология, медицина тарихында ереше орын алды. Е. Хаувник
1984ж биотехнологияның даму кезеңдерін анықтағанда, оның бір кезеңін
«антибиотиктер дәуірі» деп атаған. Әрине, бұл өте дұрыс, өйткені вакциналармен
қатар антибиотиктер адамзатты жүз мыңдай,
миллиондаған адам өмірлерін
әкететін, мемлекеттер тіршілігіне әлеуметтік және экономикалық былықты
тудыратын глобальдық инфекциялардан сақтандырған. Бүгін олар өте маңызды, ең
алдымен, қолданылатын барлық дәрілердің ішінде 13% қамтитын емдеу-
профилактикалық препараттар ретінде қарастырылуы.
«