ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАР
ПОЭЗИЯСЫ, ПРОЗАСЫ,
ДРАМАТУРГИЯСЫ.
Орындаған:Асанова Ақмоншақ
Тобы:ПМНО-201
Әдебиеттің аталмыш саласының басты мақсаты
– өскелең ұрпақтың білім деңгейін
жоғарылатып, елі үшін «тау қопарар» ұлтжанды
азамат тәрбиелеу.
Ал егемендік алғаннан кейінгі балалар әдебиеті
Кеңестік кезеңмен салыстырмалы түрде
қарағанда өзгеше жаңа бағытта өріс алды. Оның
ішінде баланы әзіл өлеңдермен тәрбиелейтін
мазақтама өлеңдерін ерекшелеп айтуға болады.
Бала бойындағы жағымсыз қасиеттерін сынға
алып, сол арқылы өз мінін өзіне көрсетпек
болған тәсілді жазушылар өте орынды қолдана
білген.
ӘДЕБИЕТТІҢ АТАЛМЫШ САЛАСЫНЫҢ
БАСТЫ МАҚСАТЫ
ӘРБІР ҚАЗАҚТЫҢ БҮКІЛ ӨМІР ЖОЛЫ ӨЛЕҢМЕН
ӨРНЕКТЕЛІП ОТЫРҒАН. ШІЛДЕХАНА, БЕСІК ЖЫРЫ,
ТҰСАУКЕСЕР,
ТІЛАШАР,
ҚОШТАСУ,
ЖОҚТАУ,
ЖАРАПАЗАН, ҮЙЛЕНУ ТОЙЛАРЫНДА АЙТЫЛАТЫН
БЕТАШАР, ТОЙ ЖЫРЫ, ТОЙБАСТАР, ЖАР-ЖАР, СЫҢСУ
СИЯҚТЫ ӨЛЕҢДЕРДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ ЖАС
БАЛАЛАРДЫ, КЕЙІНГІ ТОЛҚЫН ҰРПАҚТЫ АТА-БАБА
САЛТЫМЕН
ДҰРЫС
БАҒЫТТА
ТӘРБИЕЛЕНУІН
КӨЗДЕЙДІ.
Балалар әдебиетіндегі жұмбақтар, жаңылтпаштар
баланың ойын дамытса, есеп-қисапқа құрылған
өлеңдер қисынды ойлауға қалыптастырады. Қазақ
балалар әдебиетінде бұрыннан логикалық өлеңдер
бар. Жыпырлаған сандармен немесе қара сөзбен емес,
өлеңмен берілген есеп баланы қызықтырады. Балалар
әдебиетінің бұл жанрын дамыту үшін алдыңғы буын
ағаларымыз айтарлықтай еңбектенді.
ТАҒЫ ДА ӨЛЕҢ-ЖЫРЛАРМЕН БІРГЕ МАҚАЛ-
МӘТЕЛДЕР,
ЖҰМБАҚТАР,
ЖАҢЫЛТПАШТАР,
ТАҚПАҚТАР, ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР, ТӨРТ ТҮЛІК ЖЫРЛАРЫ,
АҢЫЗ-ӘҢГІМЕЛЕР, ЕРТЕГІЛЕР, ЖЫР-ДАСТАНДАР .
Қазіргі қазақ балалар
әдебиетінің көшін
Солардың бірі жиырмадан астам кітаптың авторы ақын Е. Елубаевтың «Балаларға
базарлық» (2007) атты жинағына оның қаламынан соңғы жылдарда шыққан
өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар кіріпті. Үш бөлімге топтастырылып
берілген өлеңдерден ақынның балалар психологиясын жақсы білетіндігі, солардың
ұғым-түсінігіне сай формалық ізденістер жасай алғандығы байқалады.
«Әріптердің айтысы», «Әріп жұмбақтар», «Жаңылтпаштар» сияқты өлеңдерін
оқушылардың қызыға оқитыны анық. Ал жинақтың «Әдебиет сабағы» аталған
бөлімінде 5 сабаққа бөлініп берілген өлеңдерінің жіктелу принципі де, өлеңдік
формасы да өзгеше. Мысалы, бірінші сабаққа «Логорифтер», «Омонимдер»,
«Анаграммалар», «Метаграммалар», «Әріп жұмбақтар», «Жаңылтпаштар»,
«Жұмбақтар» деген тақырыптармен 7 өлеңі кіріпті. Өлең атауының өзі-ақ
оқушысын өзіне бірден өзіне тартады. 2 сабақты «Омофондар», «Шарадалар»,
«Омонимдер», «Логорифтер», «Әріп жұмбақтар», «Метаграммалар»,
«Анаграммалар», «Жаңылтпаштар», «Жұмбақтар – Кім?» құраған. Бұл өлеңдер
оқушының жай оқи салуына көнбейді, ойлантады, яғни мәтінге көз жүгіртіп қана
мазмұнын білумен шектелмейді, ойланып оқуға, әр сөздің бойында жасырынып
жатқан терең сырларды ұғына түсуге тәрбиелейді.
«Балабек», «Асар» пьесалары республиканың көптеген театрларында
қойылып келеді. «Саған күшік керек пе?» кинофильмі автордың пьесасы
бойынша түсірілген. Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған
оқулықтарға енген.
Шығармалары: Көк жейде. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; Көкпар. Өлеңдер. А.,
«Жазушы», 1970; Баламысың деген. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981; Өжет.
Пьесалар, тақпақтар. А., «Өнер», 1984; Кто сильнее? Стихи. А., «Жалын», 1984.
Қазіргі қазақ балалар
әдебиетінің көшін
М.Әлімбаев, Ә.Табылдиев, Т.Молдағалиев
сынды есімдері елге танымал ақындар
бастап келеді. С.Қалиев, Е.Елубаев,
Т.Нұрмағанбетов, Қ.Омаров, Ә.Файзуллаев,
Н.Қалқа, Ә.Балта, Н.Оразов, Н.Дәутаев,
Ж.Қорғасбеков, Қ.Әбділдақызы тағы
басқалардың балаларға арнап жазған
шығармаларынан тың ізденістерді, өзіндік
ойларды байқаймыз.
Балалар әдебиетімен шұғылдану барлық
жазушының қолынан келе бермейді. Бұл — әрі
қиын, әрі жауапты міндет. Балалар әдебиетімен
шұғылданған жазушының өмірлік тәжірибесі
мол, балалар арасында көбірек қызмет еткен,
балалардың психологиясын жақсы білетін,
педагогика ғылымынан мәліметі бар ірі талант
болуы тиіс.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |