Бесік жырының айтылуы халықтың тұрмыс тіршілігімен тығыз байланысты.Терең ойланып қарасаң,расында да бесік-қасиетті,қастерлі киелі мүлік.
Соңғы кездері ұлттық сана-сезімінің оянып, дәстүрдің қайта оралуына байланысты бесік тәрбиесі туралы көп жазылып жүр. Бесік халық ауыз әдебиетінің халық өнерінің бір түрі.Бесік жыры тұнып тұрған тәрбие мұхиты,тәрбие әліппесі.
Бесік жыры баланы бесікке салудан басталады.Бесікке салу- отбасы,бала-шаға, елдің ортақ мерекесі.
Бесікке салу серзімі:1) 5,7не 9 күннен кейін;
2) Баланың кіндігі түскеннен кейін;3)Баланың қырқыннан шығарғаннан кейін.
Бесікке салу
Баланы қырқыннан өткізу, содан кейін бесікке салуында да үлкен дәлелді мағына бар.Халқымыздың “Бала кезін тоқтатты”, “Мойнын бекітті”, “Еңбегі беки бастады” деген айдуды тегін емес. Бұны баланың есі кірді,санасына сәуле түсті, ойлайды деп есептеп адам қатарына санайды.
Бесік жырындағы ақ бөпем және ақ бесік мағынасының да өз мақсаты мен мағынасы бар.Ең алдымен ақ бөпем мағынасына келейік:Қазақтың тәмпіш мұрын, қара домалақ баласының бұл атты иемденуіне ұлтымыздың неке дәстүрінің қатынасы бар.Ақ бөпе атты асыл,абыройлы есім танылып кейіннен,бесік жырына мәңгілікке енгізілген.