І. Мен әдепті баламын / Біз әдепті баламыз ІІ. Сен әдепті баласың /Сендер әдепті баласыңдар ІІ. Сіз әдепті баласыз /Сіздер әдепті баласыздар ІІІ. Ол әдепті бала / Олар әдепті балалар



Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#82365
Байланысты:
3 кл әдепті бала


І. Мен әдепті баламын / Біз әдепті баламыз
ІІ. Сен әдепті баласың /Сендер әдепті баласыңдар
ІІ. Сіз әдепті баласыз /Сіздер әдепті баласыздар
ІІІ. Ол әдепті бала / Олар әдепті балалар
І. Мен алғыс айт+ты+м
ІІ. Сен алғыс айт+ты+ң
ІІ. Сіз алғыс айт+ты+ңыз
ІІІ. Ол алғыс айт+ты
Бір күні ғалым мен бай сөйлесіп тұрады. Қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, ғалымға басын иіп сәлем береді. Ғалым басын одан да төмен иіп сәлемдеседі. 
Қасындағы бай: - Тақсыр, біліміңіз бар ғалымсыз. Жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды. 
Сонда ғалым: Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен. 
Ы. Алтынсарин 
Әлібек пен Марат киноға барады. Үйлеріне автобуспен қайтты. Келесі аялдамадан автобусқа әжей мінді. Марат орын бермеді. Әлібек орнынан тұрып:
- Әже, мына жерге отырыңыз! – деді.
Әжей Әлібекке:
- Өркенің өссің, балам! Әдепті бала екенсің! – деп, алғыс айтты.
Сұрақтары:
1. Әлібек пен Марат қайда барды?
2. Автобусқа кім мінді?
3. Марат не істеді?
4. Әлібек не істеді?
5. Әжей не деді?
Қазанның бесі
Сынып жұмысы
1. Әлібек пен Марат кино (-ге, қа, -ға) барды. 2. Олар автобус (-мен, -бен, пен) қайтты. 3. Аялдама (-тен, -дан, -нан) әжей мінді. 4.Әлібек әжей (-ға, -ке, -ге) орын берді.
Үй жұмысы:
44 бет 5-тап.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет