Терапия
1. 74 жастағы ер кісі жан сақтау бөліміне ұласқан төс артындағы ұстамамен,айқын ентігумен, ауа
жетпеу сезімімен жеткізілді. Объективті: ортопное қалпы, ауаны ауызбен «ұстау», сықырлы
тыныс,қызғылт көпіршікті қақырық анықталды. Жүрек тондары тұйық, галоп ритмі, ЖСЖ 110
рет мин. АҚҚ 180/110 мм.с.б. Өкпенің барлық алаңында ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі.
ЭКГ: Қандай асқыну дамыды?
2. Ер кісі 40 жаста, «Криоглобулинемиялық васкулит» диагнозымен стоционарда ем алуда. 2
сағат бұрын аяқ астынан жедел ентігу, әлсіздік, жүрек айну пайда болды. Езекші дәрігер АҚҚ
өлшеді – 150/95 мм. с,б. Эуфиллинмен тамшылатып енгізу тағайындады,осыдан кейін АҚҚ
90/60 мм.с.б дейін төмендеді, 1,5 сағатта ентігуі жойылды. Келесі күні Д-димер жасалды – 1,34
мг/л (қалыптыда 0,5). Науқаста бұрын балтыр бұлшықетінде ауырлық және тартылу сезімі
болған. Төмендегі аталғандардың қайсысы дамыған асқынудың себебі болып табылады?
3. 17 жастағы жасөспірім бала кезінен тыныс алу жолдарының жұқпалы ауруларымен жиі
ауырып, бронхит бойынша диспансерлік есепте тұратын. Соңғы екі жылда жағдайы
нашарлады, іріңді қақырығы бар жөтелге шағымданып бірнеше рет ауруханаға жатқызылды,
қақырықты себу барысында H.influenza, 2 ай бұрын - P.aeruginosa анықталды. Объективті:
бойы 155 см, дене салмағы 46 кг. Өкпенің жоғарғы бөлігінде тыныс алғанда бірлі - жарымды
ылғалды сырылдар естіледі. Тәбеті сақталған, диурез өзгеріссіз, үлкен дәреті бұзылуына
бейімділігі бар. Тыныс алу жүйесі аурулары бойынша жанұялық анамнез анықталмады.
Төменде аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША ықтимал?
4. 26 жасар ер адамды бір жыл көлемінде жиі тұмаурату, 3-4 эпизодты ернінде ұшық шығу, жиі
іс сапарға шығып, жалпы тамақтану орындарында тамақтануымен байланыстырып отырған
кезеңді түрдегі диарея мазалайды. Бір ай ішінде t 38°С, құрғақ жөтел және үдейе түскен ентігу.
Объективті: ерін цианозы. ТАЖ 34 рет мин, ЖСЖ 122 рет мин, рО2 70 мм сб.б. Өкпеде қатаң
тыныс, бірлі-жарымды құрғақ сырылдар. Анамнезінен: үйленбеген, тұрақты жыныс
серіктесінің жиі ауыстырады, темекі шегеді, ішімдік, есірткі қолданбайды. Төменде аталған
қоздырғыштардың қайсысы БАРЫНША науқас жағдайының нашарлауына алып келген?
5. 52 жасар ер адам сары түсті көп емес мөлшердегі тұтқыр қақырығы бар жөтелге, инспираторлы
сипаттағы ентігу, t 39 °С, терең тыныс алғанда және жөтелгенде күшейетін кеуде торының оң
жақ бөлімінің ауру сезіміне, жалпы әлсіздік, тәбетінің жоғалуына шағымданып келді. 6 күн
ауырып келеді, үйде аспирин және бисептол қабылдаған. Өкпеде қатаң тыныс, айқын ұсақ-
көпіршікті сырылдар, жауырын бұрышынан төмен оң жақтан тыныс естілмейді. Жүрек үндері
тұйықталған, ТАЖ 24 рет мин., пульс 98 рет мин., АҚ 110/70 мм.сб.б. Науқаста БАРЫНША
қандай асқыну дамыды?
6. 54 жастағы К. науқас шамалы физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, құрғақ жөтелге,
әлсіздікке шағымданады. Ентігу бір жылдың көлемінде мазалайды. Объективті: жағдайы
орташа ауырлықта, диффузды цианоз. Перкуссия кезінде: өкпенің төменгі бөліктерінде
перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, аускультация кезінде өкпенің төменгі бөліктерінде
әлсіреген везикулярлық дыбыс және «целлофан сықыры» тәрізді крепитация анықталды.
Компьютерлік томограммада өкпенің базальді бөліктерінде екіжақты «күңгірт әйнек» типті
ретикулярлы өзгерістер. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША
оңтайлы?
7. Пневмонияға байланысты ем қабылдаған 72 жастағы науқаста динамикада жалпы жағдайы
жақсармаған, әлсіздік, дене салмағының төмендеуі, кеуде аймағындағы ауру сезімі үдеп
келеді. Бақылау компьютерлік томографиясында жоғары тығыздықты біркелкі емес жиекті ,
сәулелік контурлы ошақ анықталды. Қандай қақырық цитологиясы БАРЫНША тән ?
8. Әйел 34 жаста.Соңғы айда тұншығу ұстамасына,аз қақырықты немесе құрғақ жөтел
ұстамасына,мұрнының бітуіне,тамағының жыбырлауына шағымданады. Ұстама аптасына 5-6
рет жиілікте,өткір иіске және шаңмен жанасқанда, суық ауамен демалғанда пайда болады және
аптасына 2-3рет таңғы сағат 4-5-те тұншығудан оянып кетеді.Пикфлоуметрия – 320 мин
(қалыптыда 430 л/мин). Емдеу тактикасын таңдаңыз?
9. Әйел 40 жаста. Ибупрофенмен инъекцифдан соң 10 мин кейін жедел әлсіздік,бас айналу,тері
жабындысының бозаруы пайда болды. Демалудың қиындауы және арқа мен кеуденің тері
жабындысында уртикарлы бөрітпелер пайда болды. АҚҚ – 70/55 мм.с.б.б. Жедел көмекті
қандай препараттан бастау қажет?
10. 45 жастағы әйел ентігудің өршуіне шағымданып шұғыл жағдайда түсті. Объективті: ортопное,
тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттер қатысады, тыныс шығарудың ұзаруымен
қашықтықты құрғақ сырылдар естіледі. Парциальды қысым О2 – 66 мм.с.б.б.
Кислородотерапия бастаған. Осы жағдайда шұғыл терапияның келесі қадамы қандай?
11. Әйел адам 44 жаста терапия бөлімшесіне 38°С қызумен, экспираторлы ентігумен, шырышты-
іріңді қақырықты жөтелмен түсті. Объективті: ортопное, тыныс алу актысіне қосымша
көмекші бұлшық еттер қатысады, барлық алаңдар үстінде ысқырықты сырылдар. Кеуде қуысы
мүшелері Р-граммасында: оң жақ өкпенің төмеңгі бөлімінде инфильтративті қараю. Осы
жағдайда кортикостероидтар жағынан қандай тактика қолданған жөн?
12. Қыз бала 25 жастағы қыз бала айқын ентігуге,әлсіздікке,аз физикалық жүктемеде болатын
ентігуге,тобықтың ісінуіне,жүрек қағуына шағымданады. 2 апта бұрын ЖРВИ ауырған.
Объективті:бозарған, тобығында ісіну. Аускультацияда: өкпесінде – төменгі бөлігінде
крепитация,жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында басқа жерге таралмайтын систолалық
шум естіледі. ЖСЖ 110рет мин, АҚҚ 100/70 мм.с.б. ЭКГ (фото). Қан анализінде – ЭТЖ – 25
мм/сағ. Қандай диагноз?
13. 54жастағы ер кісі шұғыл жағдайда жеткізілді, бір сағат бұрын сол қолға берілетін төс
артындағы қарқынды ауру сезімі пайда болып, өрши түскен. Қарап тексергенде: жүрек тндары
тұйықталған,ырғағы дұрыс.ЖСЖ – 98рет мин. АҚҚ – 90/60 мм.с.б. ЭКГ: (фото). Аталған
шаралардың қайсысы БАРЫНША бағытталған?
14. Ер кісі 68 жаста. Соңғы 2 жылда жүрек жұмысының ретсіз болуы, жүрек соғысының жиілеуі
пайда болды. Анеамнезінде 15 жылдан бері артериальды гипертензия 2 дәрежесі және
ЖИА.Жүрек аускультациясында: ритмі дұрыс емес, периодтыыы түрде, жүректің жиырылу
жиілігі 100 рет мин, пульс-86 рет мин., тұрақсыз. ЭКГ-ны қарағанда қандай өзгеріс күтуге
болады?
15. Ер кісі 34жаста, дене қызуыны 39,0ºС дейін көтеріліп, қалтырап,тер басып ауыр жағдайда
түсті. Қарап тексергенде терісі «сүт қосылған кофе» түстес, конъюнктиаваның өтпелі
қабатында
петехиялар,тырнақ
астында
сызықты
геморрагиялар.Алақанның,саусақтардың,табанның теріс мен тері саты қабатында бұршақ
тәрізді ауыратын,қызыл түзілістер. ЖСЖ – 120 рет мин, АҚҚ 105/60 мм.с.б.Аускультацияда
жүрек ұшында систолалық шум естіледі. Қандай диагноз?
16. Ер кісі 67 жаста. Тыныштықта (үйінде теледидар алдында) 20-30 секундқа (әйелінің айтуы
бойынша) есін жоғалтқан. Естен тану ешқандай құрысуларсыз және алдын ала белгілерінсіз
болды. Анамнезінде - 2 рет миокард инфарктын өткерген, 180 м жүргнеде ентігу пайда болады,
қант диабеті 2 типті. Объективті: АҚҚ 128/70мм.с.б, ЖСЖ 72 рет мин, ортоклиностатикалық
сынама теріс,тобықтары ісінген. Глюкоза деңгейі – 4,8 ммоль/л. Холтерлік мониторлеуде
анықталды (фото): Қандай тактика?
17. 63 жастағы ер кісі трансмуральды миокард инфарктысымен стоционарда ем қабылдап жатыр.
Ауру басталғаннан кейін 2 аптадан соң мына симптомдар пайда болды: жүрек шекарасы солға
кеңеюі, сол жақта 3-4 қабырға аралықта прекардиальды пульсация, жүрек ұшында систолалық
шум. Қайталап түсірген ЭКГ- да динамика жоқ. АҚҚ 130/90, пульс 80 рет минутына. Қандай
асқыну дамыды?
18. 37-38 апталық жүктілікпен әйелде ентігудің өршуі,жүрек қағуы мазалайды. Қарап тексергенде
балтырдың төменгі үштен бір бөлігінде ісіну. Өкпесінде төменгі бөлігінде ұсақ көпіршікті
сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған. АҚҚ- 100/60 мм.с.б. Зеріттеу кезінде қабынулық
үрдістер анықталмады. ЭКГ төмен вольтажды. ЭхоКГ: сол қарыншаның СДӨ (КДР)– 5,8 см,
лақтыру фракциясы - 50%. Қандай диагноз?
19. Әйел адам 23 жаста, жүктілік 26 апта, Терапевтке оң тізе буының ауру сезіміне, ісінуіне,
таңертеңгі 1 сағаттық білезікшынтақ буындарының құрысуына шағымданып келді. Өзін 4
айдан бері ауырады деп санайды, аурудың дебюты жүктіліктің 2 айында саусақ буындарының
ісінуімен және ауруымен,таңертеңгілік құрұсулармен басталған. Анамнезден: бірінші
жүктілік. Объективті: оң жақ тізенің шар тәрізді дефигурациясы, шынтақ білезік буындарының
ісінуі, қолды қысу актісі толық емес, қысу күші әлсіз.Оң жақ тізеге буынішілік дипроспан
қойылды. ЖҚА – Hb - 112 г/л, лейкоцит – 4х109 /л, ЭТЖ – 62 мм/сағ, СРБ – 45 мг/л, РФ – 98
Ед/л. Емдеу тактикасы қандай?
20. Әйел адам 32 жаста ұсақ буындардың ауруына, ісіңуіне, қозғалыстарының шектеулігіне,
білезік және шынтақ буындарының таңертеңгі құрысуына шағымданады. Анамнезден:
бірнеше ай бойы ауырады. Объективті: білезігін қысқанда ауру сезімі, құрттәрізді
бұлшықеттердің атрофиясы, қолдың буындары ісіңген. Тексеру кезінде: ЖҚА: Hb -100 г/л,
лейкоцит -5,1х109/л, ЭТЖ- 25 мм/сағ. РФ- 10 Ед/л, АЦЦП – оң. Бастапқы ем кезіндегің базисті
препарат қандай?
21. Ер адам 30 жаста, таңертең және тыныштық жағдайда күшейетін омыртқа бойындағы
құрысулық ауруларға,жүрек аймағындағы қүйдіріп және қысып ауру сезіміне, дене ішілік
түртпелерге,бас айналуға шағымданып келді. Анамнезден: 3 жыл бұрын сегізкөз және жамбас
бойындағы ауру сезімдері пайда болды. Объективті: «сураушы қалпы», арқа бұлшықеттерінің
дефансы, белдік лордоз тегістелген, жүрек ұшы түрткісі солға және төмен ығысқан, аорта және
Боткин тыңдау нүткесінде диастолалық шум естіледі. АҚҚ - 140/40 мм.с.б.б. HLAB27 – оң, РФ
– теріс, Хаддлсон реакциясы әлсіз оң. Илеосакральды буындасуының рентгені: (фото). Жүрек
шуларының пайда болу себебі қандай?
22. Әйел 56 жаста. Эпигастрии аймағындағы дискомфортқа , тамақтанғаннан кейін толу
сезіміне,ауамен кекіру,кейде сасық иіспен болады. Анамнезінде - аутоиммунды тиреоидит.
ФЭГДС: (фото). Қандай диагноз?
23. 37жаста ер кісі түнде, аш қарынға пайда болатын, тамақтанғаннан кейін басылатын эпигастри
аймағындағы басып ауру сезіміне, ащы дәммен кекіруге шағымданады. Об-но:тілі ақ
жабындымен жабылған,эпигастрии аймағында жайылмалы ауру сезімі. ФЭГДС (фото). Қандай
диагноз?
24. Ер адам Н., 54 жаста, бөлімшеге тамақ ішкеннен кейін және арқасына жатқан кезде күшейетін,
периодты түрде іштің жоғарғы бөлігінде “белбеу” тәрізді ауру сезімімен, көп ретті құсумен, 3-
5 рет/күніне құралмаған майлы жылтырмен көп, ботқа тәрізді нәжіске шағымданады. Түскенге
дейін 2 күн бұрын диета бұзылу фонына (майлы тағам, қуырылған тағам қабылдау)
байланысты науқаста жоғарыда көрсетілген симптомдар пайда болды. Тексеру кезінде: Бойы
– 169 см, салмағы – 50 кг, ДСИ (ИМТ) – 17 кг/м2. Тілі ылғалды, ақ дақпен жамылған. Іші
жұмсақ, Шоффара аймағында ауру сезімі. Бауыры үлкеймеген. Осы патологияның ремиссия
кезеңінде негізгі ем ретінде қай препарат топтары қолданылады?
25. Ер адам, 32 жаса, жүрек айнуға, оң жақ қабырға астындағы дискомфортқа, әлсіздікке
шағымданып келді. ДСИ – 32. Тексеру кезінде ЖҚА: Нв – 120 г/л, эритроциттер- 3,6 х1012, /л,
тромбоциттер 160×109/л, лейкоциттер 5,2×109/л, ЭТЖ-15 мм/сағ. Биохимиялық қан анализы:
Жалпы белок-65 г/л, АЛТ 250 Е\л, АСТ 228 Ед/л, билирубин 58,5 мкмоль/л, ГГТП-42 Е\л, СФ-
150 Е/л. Жұбайында HBsAg анықталды.Төменде берілген диагноздар кайсысы БАРЫНША
дұрыс?
26. Әйел адам 28 жаста, бірінші жүктілік 28-29 апта. Бірінші триместрдегі скриннингте – HbsAg
оң. Тексеру кезінде мойында және кеудеде тамырлық жұлдызшалар анықталды. Қанда: Нв –
107 г/л, тромбоциттер- 112 х109/л; Биохимия: АЛТ – 120 МЕ/мл, АСТ – 78 МЕ/мл, билирубин
20 мкмоль/л, жалпы белок 70 г/л, СФ-230 г/л; ПТИ- 75%, МНО-1,2. ПЦР HBV DNA оң, вирусты
жүктеме- 1 500 000 МЕ/л. Жүкті әйелді жүргізуде қандай тактика БАРЫНША дұрыс?
27. Ер адам, 65 жаста, II типті қант диабетімен ауырады, ДСИ 36,0, алкагольды ішімдектерді
қабылдамайды. Тексеруі кезінде жағдай орташа ауыртпалықта, бауыр+0,5-1,0 см,
көкбауыр+1,0-1,5 см. Биохимиялық қан анализінде: АЛТ 45 Е/л, АСТ 60 Е/л, СФ 240 Е/л,
жалпы билирубин 24,0 мкмоль/л, альбумин 30 г/л, ПТИ – 65%. На ЭФГДС – өңештің I дәрежелі
варикозды кеңеюі. Бауыр эластографиясы– 10,5 кПа (F3), ИХА: HBsAg, aHCV теріс. Қандай
диагноз БАРЫНША мүмкін?
28. Әйел адам 36 жаста. Әлсіздікке, мазасыздыққа, шаршағыштыққа, бас айналуға, буындағы ауру
сезіміне, бөртпелерге шағымданып келді. В ОАК: 2,2×1012/л, гемоглобин 52 г/л, ЭТЖ 53
мм/сағ. Сарысулы темір – 3,2 мкмоль/л.Объективті: тері жабындысы бозарған, денеде
геморрагиялық бөртпелер, кейбір элементер гиперпигментациямен, білезікті қысу симптомы
оң, бет және тобықтардың ісінуі. Зәрде – протеинурия 1,3 г/л. Гемотрансфузиядан кейін
гемоглбин 72 г/л дейін көтерілді. Преднизолонды 40 мг/күніне қабылдағаннан кейін 5 күннен
соң – гемоглобин – 94 г/л. Қандай диагноз?
29. "Ер адам 65 жаста. 5 жыл бұрын асқазан рагына байланысты Бильрот II бойынша гастрэктомия
жасалған. Әлсіздікке, мазасыздыққа, бас айналуған, жүрек соғуына шағымданып келді.
Объективті: аз тағамдану, әлсіз сарғыштану, анулярлы стоматит. ЖҚА – анемия. Анемияның
БАРЫНША сәйкес этиологиясы қандай?
30. Ер адам 30 жаста, суықтанудан кейін ауыр дәрежелі ангина, әлсіздік өршіп, қызба 39,4ºС,
жүрек соғу, мұрыннан қан ағу пайда болды. Объективті: терісі боз, кеудеде, іште, сандарында
дақты-петехиальды бөртпелер, жақасты лимфа түйіндері пальпацияланады. Жүрек тондары
тұйықталған, тахикардия. Көкбауырдың төменгі полюсі пальпацияланады. ЖҚА: эр-
2,2x1012/л., Нв-75 г/л, ТК-0,9, лейк-16,2x109/л, бласт-40%,таяқ-5%, сегм-34%, эоз-1%, лимф-
20%, тромб-58x 109/л, ЭТЖ-45 мм/сағ. Қандай тексеру әдісі БАРЫНША нақты диагноз коюға
көмектеседі?
31. Еркек 45 жаста, тұйық, әлсіз кеуде тұсындағы ауыру сезімімен жедел түрде түсті.ЖМК
бригадасы ЭКГ түсірді: ST сегментінің V1-V6 жоғарылауы. Объективті: науқас апатиялық
жағдайда,
амимия,
қолы
салқын,
терісі
құрғақ,
шынтағындағы
терісі
қарайған,қабыршықтанған. Әйелінің айтуы бойынша - 1 жыл бойы салмақ жинай бастаған.
Аускультацияда: жүрек тондары әлсіреген. Эxокардиогоафияда: перикард қуысында
сұйықтық. Қандай лабораторлық тесттің қорытындысы БАРЫНША сәйкес?
32. Ер адам 36 жаста, поликлиникаға ауыздың құрғауына, шөлдеу сезіміне, жиі зәр шығаруына
шағымданып келді. Бойы 170 см, салмағы 60 кг , ДСИ 20,8. Анализде: аш қарынға глюкоза 6,3
ммоль/л. Көк тамырдан ашқарынға ГТТ 6,7 ммоль/л, 2 сағаттан соң жүктемеден кейін 6,8
ммоль/л. Гликирленген гемоглобин 5,9%. Жоғарыда берілген ақпаратқа байланысты болжама
диагноз қойыңыз?
33. Ер адам 30 жаста, арықтауға, шөлдеуге, ауыздың құрғауына, әлсіздікке шағымданды. Қарау
барысында: бойы 176 см, салмағы 84 кг. ДСИ 27,1. Қанда: ашқарынға глюкоза 11,1 ммоль/л.
Қандай диагностикалық параметрлер диагнозды нақтылауда және емдеу тактикасын
анықтауда БАРЫНША ақпаратты болып табылады?
34. Ер адам 45 жаста, ұзақ уақыт қанның құрамнда қанттың 8-9 ммоль/л дейін жоғарлауна
бақыланды.Температураның жоғарлауы мен жөтел қосылған ЖРВИ-мен аурғаннан кейін
науқас арықтап, ентігу пайда болып, терінің құрғауы өрши түсті. Жиі зәр бөлінуіне және
шөлдеуге шағымданды. Қанында гликемия 20-22 ммоль/л, зәр анализінде:ацетон-оң. Емдеу
тактикасы қандай?
35. Әйел 35 жаста, нейроинфекциядан кейін аменоррея дамыды, екіншілік бедеулік. Объективті:
бойы 162 см, салмағы 85 кг. АҚҚ 120/80 мм.с.б. Тері- асты шел майы біркелкі таралған. Терісі
ылғалды, акне түріндегі бөртпелер, іштің алдыңғы бетінде бірен- сараң ал қызыл стриялар .
Беті ісінген. Сүт бездерін басқаннан кейін аздаған бөліністер. Төменде аталған диагноздардың
қайсысы БАРЫНША ықтимал?
36. Егде жастағы ер адам қабылдау бөліміне тамақтан улану әсерінен көп құсудан және көп
молшерлі сұйық нәжістен кейін дамыған комалық жағдайда жеткізілді. Клиникалық белгілері
айқын дегидратация және айқын гипотония, олигоурия.Гликемия 27 ммоль/л, плазма
осмолярлығы 380ммоль/л,зәрде ацетонға тест теріс. Шұғыл көмекті бастауда қандай дәрілік
затты тамыр ішіне енгізу БАРЫНША тиімді?
37. Әйел адам 33 жаста, массивті ісінуге шағымданып келді. Науқастың сөзі бойынша 1 апта
ауырады, ЖРА (ОРЗ) ауырғаннан кейін өршумен ісінулер пайда болды, диурез төмендеді.
Сонымен қатар есекжем типті бөртпелер, буындардың ауруы мазалайды. Anti-HCV IgM, IgG –
теріс, ПЦР HCV РНК – оң. РФ – оң, АНА - теріс. Зәрде: тәуліктік протеинурия 5 г күніне, қанда:
жалпы белок 52 г/л, альбумин – 23 г/л, холестерин 7,5ммоль/л. Қандай болжам диагноз
БАРЫНША ықтимал?
38. Әйел адам 30 жаста, жүктіліктің 34-36 аптасы. 26-27 аптасынан бастап АҚҚ жоғарлауын
айтады: оң қолда – 155/105 мм.с.б.б., сол қолда – 145/100 мм.с.б.б. Соңғы 2 аптада бас ауруы,
құсу, лоқсу, көрудің бұзылуы, аяқта орташа ісінулер, іште геморрагиялар пайда болды. ЖҚА:
Нв 97 г/л, Тромбоцит 40х109/л. БҚА:жалпы белок 60 г/л, билирубин 73 мкмоль/л, АЛТ 420
МЕ/мл, АСТ 310 МЕ/мл. ЖЗА: белок 1,65 г/л, Л 5-7 к/а, Эр 2-3к/а. Төменде диагноздардың
қайсысы БАРЫНША дұрысы?
39. Әйел адам 22 жаста, бірінші жүктілік, ерте босанудан кейін қызба, әлсіздік, адинамия, жыныс
жолдарынан қан ағу пайда болды. Объективті: ЖСЖ – 120-130 соққы/мин, АҚҚ – 80/50
мм.с.б.б., тәуліктік диурез – 50 мл. Зәрде: үлестік салмақы – 1008, белок – 0,3 г/л, эритроциттер
– 1-3 к/а. Қанда: калий 4,5 ммоль/л, натрий 135 ммоль/л, мочевина 16 ммоль/л, креатинин 178
ммоль/л, АЛТ 56 МЕ/мл, АСТ 48 МЕ/мл. Қандай антибактериалды терапия БАРЫНША
оптималды?
40. Әйел адам 48 жаста, ұзақ уақыт 2 типті қант диабетімен ауырады. Әлсіздік, мазасыздық, бас
ауруына, құрғақ жөтелдің пайда болуына шағымданып келді. Тексеру кезінде: көз
қабақтарының, аяқтардың әлсіз ісінуі, периндоперил 5 мг/күніне қабылдау фонында АҚҚ
160/90 мм.с.б.б., дизурия жоқ. Қан анализінде: жалпы белок 65 г/л, калий 5,0 ммоль/л, натрий
140 ммоль/л, глюкоза 6,5-7 ммоль/л, HbA1c- 8,5%,креатинин-90мкмоль/л,мочевина-
8,8ммоль/л,ТФЖ (СКФ)=65,1 мл/мин, зәр анализінде қайталамалы альбуминурия 100-150
мг/т2у, глюкоза +. Қандай емдеу тактикасы БАРЫНША оңтайлы?
41. 35 жастағы ер адам жиі бас ауруына ,шөлдеуге шағымданады. Анамнезінде: 1жылға жуық
уақыт ауырады, бас ауруы, еңбекке қаблеті төмендеп, дене салмағы тез жоғарлауы пайда
болды. Қарап тексергенде: салмағы 110 кг, бойы 168 см, көбінесе майдың таралуы дененің
жоғарғы бөлігінде көбірек, беті ай тәрізді, іштің алдыңғы беткейінде қүңгірт стриялар. АДҚҚ
170/100мм.с.б, жүрек тондары тұйықталған,ырғақты. Қандай зерттеуді жүргізген БАРЫНША
маңызды?
42. Ер адам 34 жаста. Инфекционистке күніне 2-3 рет болатын қан аралас сұйық нәжіске,
субфебрильды температура, дене массасының соңғы айда 4 кг арықтауына шағымданады. 2
апта антибиотикалық терапия эффект бермеді. Объективті: тамақтану азайған, терісі құрғақ,
сигма тәрізді ішек проекциясында ауру сезімі. ЖҚА - лейкоцит 11,9×109/л, т -5%, с – 75%, м –
1%, л – 19%, эритроцит 3,5×1012/л, гемоглобин 112 г/л, ЭТЖ 30 мм/сағ. Диагнозды нақтылау
мақсатында ең бірінші жүргізілетін тексеру әдісі қандай?
43. Әйел адам 45 жаста. 2 ай бұрын ЖРВИ фонында пайда болған сарғыштануға шағымданып
келді. Сол кезде коньюгацияланбаған билирубин мөлшгерінің жоғарлауы анықталды. Сарғаю
эпизодтары тағы да 2 рет қайталанған. Тексеру кезінде – тері қатпарлары қарайған. Бір жыл
бұрын УДЗ – патология жоқ. Қазіргі кездегі УДЗ- өт қапшығының ¼ бөлігін толтыратын
конкременттер. ЖҚА – эритроциттер 3,2×1012/л, гемоглобин 82 г/л, ЭТЖ 30 мм/сағ. Зәр
анализінде қандай өзгеріс БАРЫНША мүмкін?
44. Қыз бала 20 жаста, жазда демалыстан кейін декольте аймағында бөртпелер пайда болды. Кейін
аузында жаралардың болуына байланысты стоматологта емделді. Бір ай бұрын қол
буынындағы ауыру сезімі және ісіну, қимылдың шектелуі, таңертеңгі құрысу, бұлшықеттегі
әлсіздік, шаштың түсуі қосылды. 10 күн бұрын жүрек соғысының жиілеуі, 38.5ºС дейінгі қызба
пайда болды. Обьективті: бетінде және декольте аймағында эритема, лимфоаденопатия,
диффузды алопеция. АҚҚ - 120/90мм.с.б, ЖСЖ - 100соққы/мин. ЖҚА - Hb - 88г/л, лейкоцит -
2, 8х109/л, тромбоцит - 90х109/л, ЭТЖ - 30мм/сағ, (АНА - оң).Қандай тексеру әдістерін
тағайындау БАРЫНША қажет?
45. Әйел 36 жаста,жедел босанудан соң келесі күні бірден күрт ентігу дамыды,оны демікпенің
ұстамасы деп бағалады.Тамыр ішіне эуфиллин енгізілді, ол АҚҚ төмендеуіне алып келді, бірақ
ентігуді толықтай жойған жоқ.3-4 сағаттың ішінде науқастың жағдайы ақырындап жақсарды.
2 жылдан кейін ЖРВИ фонында күрт ентігудің пайда болуы қайталанды. Келесі күні тексерілу
кезінде Д-димердің жоғарлауы анықталды. Науқаста сонымен қоса Вассерман реакциясы оң.
Емінде қандай препарат шешуші роль атқарады?
46. Ер адам 50 жаста, 5 жыл көлемінде қант диабетінің 2 типімен ауырады. Тұрақты түрде қант
төмендететін препараттар қабылдайды. Соңғы уақытта таңертең бетінің ісінуін және АҚҚ
170/100 мм.с.б.б жоғарылауын байқаған. Осы науқаста зәрдің лабораторлы көрсеткіштерінің
қайсысының өзгерісін күтуге болады?
47. Ер адам 62 жаста, оң қабырға асытндағы ауру сезіміне, сарғаюға, дене қызуының
жоғарылауына, тері қышуына шағымданады. Объективті: тері жабындыларының
сарғыштануы, қасыну іздері. Тілі ылғал, ақ жабындымен қапталған. Іш пальпациясында ауру
сезімді, бауыр өлшемдерінің ұлғаюы, шеті дөңгеленген, іші керілмеген. Қандай биохимиялық
көрсеткіштерді бірінші кезекте зерттеу керек:
48. 28 жастағы әйел ауруханаға жиі жүрек қағуына, тершеңдікке, әлсіздікке, жұмысқа
қабілеттілігінің төмендеуіне, саусақтарының дірілдеуіне, 10 кг арықтауына шағымданып
келді. Қарап тексергенде: ЖСЖ 120 рет/мин, АҚҚ 140/80 мм.с.б.б. Қандай гормонның деңгейін
бірінші кезекте анықтау қажет?
49. Ер адам 20 жаста, жедел ауырған: температурасы 40°С жоғарылаған, басы ауырған, тәбеті
төмендеген, әлсіздік пен денесінің қақсап ауыруы мазалаған. Объективті: жағдайы ауыр, тері
жамылғысы бозғылт, желке бұлшық еттерінің кернеулігі 3 к/с және Керниг симтомы екі жақты
айқын оң мәнді. АҚҚ: 90/60 мм сын.бағ., пульсі минутына 100 рет. Гемограммада: лейкоциттер
– 20х109 /л., лейкоформула солға жылжыған: анэозинофилия,, ЭТЖ - 40 мм/сағ. Жұлын-милық
пункция жасалынды. Науқаста ликвордың сипаты қандай болуы мүмкін?
50. 17 жастағы жасөспірім, тамағының ауруына, ауру сезімінің жұтынғанда күшейетіндігіне,
басының ауруына, жүрегінің айнуына, әлсіздікке, зәрінің қоюлануына шағымданып
ауруханаға түскен. Ауырғанына 7-күн болған. Қарап тексергенде: терісі мен шырышты
қабаттары аздап сарғайған, ұлғайған мойынның және жақ асты лимфа түйіндері
пальпацияланады, "бұқа мойыны" симптомы, тамағында – некрозды баспа белгілері айқын,
денесінде дақты-папулезды бөртпе. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауырының төмеңгі шеті қабырға
доғасынан 2,0 см. төмен анықталады, дене қызуы 38,5°С. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай
реакцияны жүргізу керек?
51. "67 жастағы науқаста операциядан кейінгі ерте кезеңде аздаған физикалық жүктемеден соң
ентігу, қан жолақтары бар жөтел, кеуде торында ауру сезімі пайда болды. ТАЖ- 28 в мин,
ЖСЖ минутына 120 рет мин, АҚ – 80/50 мм с.с.б. Аталған патологияда қандай көрсеткішті
анықтау скринингті болып табылады?
52. 67 жасар ер адам үдеп бара жатқан ентігуге шағымданады. Анамнезінен: 3 жыл бұрын инфаркт
миокардын өткерген. ЖҚА - ЭТЖ 65 мм/сағ. Рентгенологиялық плевральды сұйықтық
анықталады. Пункция кезінде 500 мл сұйықтық алынды. 2 күннен кейін плевральды қуыста
қайтадан сұйықтық жиналуы анықталды. Диагнозды анықтау үшін төменде көрсетілген қандай
зерттеу әдістері БАРЫНША ақпаратты?
53. Ер адам 44 жаста, 5 жыл уақыт аралығында АҚҚ 150-160/90-95 мм.с.б дейін жоғарлайды. Қант
диабеті 2 типі, диабетон қабылдайды. Объективті: сол жақ шекарасы сол жақ бұғана ортаңғы
сызығымен. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары анық, ритмді. ЖСЖ- 80 рет мин.
АҚҚ- 160/94 мм.с.б.б. Сарысудағы холестерин - 6,0 ммоль /л, сарысудағы креатинин - 75
мкм/л, қандағы қант -5,4 ммоль/л. МАУ-100мг тәулігіне. Қандай гипотензивті препаратты
тағайындаған БАРЫНША мақсатты?
54. 37 жастағы әйел бас ауруына, бұлшық еттерінің ауруына, бұлшық еттерінің әлсіздігіне, сирек
құрысуына, шөлдеуге шағымданады. Анамнезінде: бір жыл көлемінде АҚҚ 220/120 мм.с.б
жоғарлайын байқаған. Амлодипин қабылдаған,әсері болмаған. Объективті: АҚҚ- 200/120
мм.с.б. ЖСЖ - 70 рет мин. ЭКГ: ЭОС горизонтальды, R тісшесі V5-6 >RV-4, ST сегменті V5-
V6 шықпаларында қиғаш төмендеп ығысқан, Т тісшесі V5-V6 шықпаларында теріс, басқа
шықпаларында жазылған.Қанда: калия - 2,2 ммоль/л. Зимницкий сынамасы: зәрдің үлес
салмағы 1006-1012, тәуліктік диурез 3 л. Қандай препаратты тағайындаған БАРЫНША тиімді?
55. 56 жастағы ер кісі, ауа райы өзгергенде және жұмыс күнінің соңында жиі бас ауыратынына
шағымданды. 7 жыл бұрын артериальды гипертензия анықталған. 2 жыл бұрын ишемиялық
инсульт алған, 20 жылдан бері күніне бір қораптан шылым шегеді. Қарап тексергенде жүрек
тондары анық, аортада 2 тонның акценті. АҚҚ 165/100 мм.с.б.б. Жүректің сол жақ шекарасы 1
см сыртқа ығысқан. ЭхоКГ: сол қарынша миокардының индекс массасы 140 г/м2, ұйқы
артериясының УДДГ: интима-медиа комплексі-1,1 мм, ұйқы артериясының бифуркациясы -
1,5 мм. Емдеу тактикаңыз?
56. Ер адам 53 жаста, анамнезінде вирусты С гепатитіне байланысты бауыр циррозы. Соңғы аптада
ЖРВИ ауыруына байланысты әлсіздік, ұйқысының бұзылуы, күндіз ұйқышылдық, түнде
ұйқысыздық, апатиямен алмасатын эйфория периодтары пайда болды. Бөлімшеге түскен
кезінде жалпа жағдайы ауыр, есі ауысқан, психомоторлы қозу. Бауыр қабырға доғасы
қырында. Зәрі қарайған. Тынысы – 24 минутына, пульс – 100 рет минутына, АҚҚ – 90/60
мм.с.б. Осы асқынуды емдеуде қандай препарат негізгі болып табылады?
57. Әйел 48 жаста, әлсіздікке, мазасыздыққа, буындарындағы ауру сезіміне, іштің үлкеюіне,
ауамен кекіруге, тұрақсыз үлкен дәретке шағымданады. Объективті: терісі құрғақ, гипер- және
гипопигментация ошақтары, шырышты қабаттары боз, метеоризмге байланысты іші үлкейген.
УДЗ – гепатоспленомегалия, v.portae 1,5 см. ЖҚА – анемия, тромбоцитопения. ФЭГДС:
өңештің төменгі 1/3 бөлігінде 2 дәрежелі венаның варикозды кеңеюі, «қызыл дақ» симптомы.
Анамнезде 2 тип қант диабеті. АҚ – 110/85 мм.с.б.б. Дамуы мүмкін асқынудың
профилактикасы үшін қандай препаратты тағайындау қажет?
58. Ер адам 25 жаста, ауыр дәрежелі екі жақтық пневмониямен түсті. Р-граммада екі өкпеде де
деструкция белгілерімен көптеген бірлескен ошақтар. ЖҚА: Эр– 3,0 х1012/л, НВ – 97 г/л, ТК
– 0,9, тромбоцит – 67,0х106/л, лейк – 23,6х109/л. ЭТЖ – 33 мм/сағ. Коагулограмма: ВСК- 8
мин., қан ағу уақыты – 20 мин., АПТВ – 87 сек., антитромбин III- 60%, фибрина деградация
өнімдеріне тест– +++. Төменде берілген қандай препаратарды бірінші кезекте тағайындаған
БАРЫНША қажетті?
59. "Жасөспірім 16 жаста, ауыр дәрежелі ЖРВИ фонында мұрыннан қан ағу, “көгерулер”. ЖҚА:
эр-3,2x1012/л., Нв-115 г/л, ТК-0,9, лейк-3,2x109/л, таяқ-5%, сегм-54%, эоз-1%, лимф-39%,
тромбоцит 18x 109/л, ЭТЖ-45 мм/сағ. Қай препарат емдеуде ең негізгісі болып табылады?
60. Қыз бала 23 жаста ентігуге, жүрек соғуына, соққыларға шағымданады. Жүрек
аускультациясында: ритімі дұрыс емес, жүрек ұшында шапалақтаушы I тон, митральды
қақпақша ашылу дыбысы, өкпе сабауында II тон акценті, жүрек ұшында қолтық астына
таралатын диастолалық шу. ЭКГ: Р тісшесі жоқ, R-R дұрыс емес, f толқындары. Дамуы мүмкін
асқынуларды алдын алу үшін қандай препарат тағайындау қажет?
61. Ұл бала 17 жаста, 2 жыл бұрын ангинадан кейін сол тізенің артриті пайда болды,оң эффектпен
қысқа курсты преднизолон 20 мг/күн мен антибиотиктер қабылдады. Қазіргі таңда
диспансерлік бақылауда, шағымдары жоқ. Физикальды тексеру кезінде 2 жене 5 тыңдау
нүктесінде систолалық шу, және сол жерде 2 тон акценттелген, жүрек ұшында I тон әлсіреген.
Бауыр ұлғаймаған, ісінулер жоқ. Қан анализы: Hb - 120 г/л, лейкоцит - 5,0х109/л, ЭТЖ - 10
мм/сағ, С-реактивты белок – 3,4 мг/мл, АСЛ-О - 1:100 МЕ/мл. Жүрек патологиясының пайда
болуының алдын алатын қандай препаратты тағайындау керек еді?
62. Ер адам 60 жаста, ауыздың құрғауына, шөлдеуге, дене салмағының 1 жылда 10 кг төмендеуіне
шағымданды . Диабетонды 60 мг/тәу тұрақты қабылдайды. Кардиологта АҚҚ бойынша ем
алды, әсері жоқ. Салмағы-68 кг, бойы-172 см. АҚҚ-150/90 мм.с.б. ЖСЖ-80 рет/мин. Бетінің
және аяқтарының айқын ісінуі. Қанында: Нв 75 г/л, Эр 3,0х109/л, жалпы белок-55 г/л,
креатинин -230 мкмоль/л, ашқарынға қандағы қант 12,3 ммоль/л, холестерин-7,0 ммоль/л,
калий 6,0 ммоль/л. Гликирленген гемоглобин-9,0%. Зәрде: белок 3 г/л, Л-3-4 к/а,глюкоза-2%.
Анемиялық синдромды емдеуде қандай тактика қолданады?
63. Әйел 66 жаста, ЖИА, күштемелік стенокардия, ФК 2, АҚҚ 145-150/100-85 мм.с.б, ДСИ – 34.
Гликемия – 4,5-5,2 ммоль/л, холестерин – 6,5 ммоль/л.Оған гиполипидемиялық емдәм және
физикалық белсенділік ұсынылған. 3 айдан кейін холестерин 5,8 ммоль/л. Ары қарай науқасты
жүргізу тактикаңыз?
64. Әйел 72 жаста. Физикалық жүктемеден кейінгі бір сағатқа жуық созылған төс артындағы ауру
сезіміне, ентігуге шағымданады.АҚҚ 125/74 мм.с.б. Анамнезінде – 2 ай бұрын инсульт алған.
ЭКГ – сол жақ Гис аяқшасының «жаңа» блокадасы. Осы жағдайды жою үшін қандай
препаратты қолдануға болмайды?
65. "Ер адам, іштің көлемінің үлкеюіне, оң және сол қабырға астында дискомфортқа, ұйқының
инверсиясына (күндіз ұйқышылдық, түнде ұйқысыздық), іш қатуға шағымданады. Бұл
симптомдар барлығы 3 ай бұрын пайда болған. УДЗ-де гепатоспленомегалия мен асцит
анықталды. Соңғы апта әлсіздік күшейіп, температура субфебрильдіге дейін көтерілді, іште
ауру сезімі пайда болды, диурез төмендеді. ЖҚА: лейкоцит 9,9×109/л, т -5%, с – 75%, м – 1%,
л – 19%, эритроцит 3,5×1012/л, гемоглобин 112 г/л, ЭТЖ 30 мм/сағ. Науқаста қандай асқыну
БАРЫНША дамыған?
66. Терапия бөліміне «Ауруханадан тыс пневмония» диагнозымен науқас госпитализацияланды,
цефуроксим және бромгексин тағайындалды. Екінші күні науқаста әлсіздік және қалтырау
күшейді, кешкісін кеудесінде және арқасында күңгірт-қызыл дақ түрінде қышитын көпіршік
және папула түрінде бөртпелер пайда болды, тері бетінен көтеріліп тұрады. Өкпесінде –
әлсіреген тыныс, майда көпіршікті ылғалды сырылдар естілетін фокус ұлғайған. Температура
– 38,4 С. Қанда: Эр-2,9х1012/л, Гем – 110 г/л, Л- 3,2х109/л, нейтрофилдер – 45%, ЭТЖ – 27
мм/сағ. Қандай тактика ең дұрыс болады?
67. 19 жастағы қыз зәр шығару жолдарының инфекциясы бойынша норфлоксацин алып жатыр.
Дәріні қабылдаудың 6-шы тәулікте әлсізідік, жайсыздық және температураның 37,8-38 С
жоғарылауы, жөтел пайда болды. 10 тәулікте науқаста қышитын қосылатын бөртпелер пайда
болды, ол тез арада серозды-геморрагиялық құрамы бар буллаға ауысады; коньюнктивит,
стоматит, тыныс алудың қиындауы, іште ауру сезімі, зәр шығару кезінде ауыру сезімі. Қанда:
Эр-2,8х1012/л, Гем – 96 г/л, Л- 3,4х109/л, нейтрофил – 45%, ЭТЖ – 21 мм/сағ. АЛТ – 64 МЕ/л.
Науқаста қандай патология дамуы мүмкін?
68. Әйел 35 жаста, демалудың қиындауына, жедел әлсіздікке, бас айналуға, сол жақ қолтық
аймағындағы ауру сезіміне, температураның 38ºС дейін жоғарлауына шағымданады. Жедел
ауырды, ауру сол қолының ауруынан, қолының ісінуі мен температураның жоғарлауынан
басталды. 2 күн бұрын етті кесу кезінде қолын жарақаттап алған. Ауру сезімін басу үшін
ксефокам енгізді. Науқаста инъекциядан соң 2 сағаттан кейін жіті әлсіздік, бас айналу
дамыды.ЖМК бригадасы шақырылды, адреналин енгізді және физ.ерітіндісін енгізуді
бастады. Қабылдау бөлімінде –қалыпты дене температурасында 23,6 мың/мл дейін
лейкоцитоз, АҚҚ – 75/55 мм.с.б.б. Қандай диагноз?
69. 50 жастағы әйел жүрек аймағындағы басып ауыруына, бас айналуына шағымданады. Үйінде
үй шаруашылығымен айналысып жүргенде, кенет есінен танып қалған. АҚҚ-90/55 мм с.б.б.
ЭКГ-да QSIII, II, AVF, ST элевациясы осы шықпаларда, ЖСЖ 32 рет мин, толық АВ-блокадасы
тіркелді. Атропин нәтижесіз, допамин инфузиясы жалғасуда. Негізгі аурудың терапиясымен
қатар қай әдісті қолдану БАРЫНША тиімді?
70. 20 жастағы қыз, көшеде ес-түссіз табылды. Объективті: терісі құрғақ, аузынан жеміс иісі
шығады, ентігу, Куссмаул тынысы. ЖЖЖ 120 рет мин, АҚҚ 70/40 мм рт.ст. пальпацияда іші
қатайғаннан. ЖҚА: лейкоцит 14,0х109 г/л. Глюкоза - 25 ммоль/л. Зәрде ацетон +++. Қай
препаратты тағайындау БАРЫНША мақсатқа сай?
71. "Әйел 60 жаста. Бір апта бұрын терапевтке ішінін ұлғаюына, аяқ-қол бұлшықеттеріндегі ауыру
сезіміне, бұлшықеттік әлсіздікке шағымданды. Бір апта бұрын 38ºС дейінгі қызба, қабақтың
ісінуі, аз ғана жүктеме кезіндегі ентігу,даусы мұрынмен шығуы, тамақпен қақалу қосылды.
Обьективті: айқын асцитке байланысты ішінің ұлғаюы, супраорбитальді ісінулер және көз
маңайындағы гиперемия, иық белдеуіндегі және сан бұлшықеттеріндегі ауыру сезімі. Жалпы
қан анализінде: эритроцит - 3,08х1012/л, Hb - 84 г/л, лейкоцит – 8,8х109/л, ЭТЖ - 70мм/сағ.
Төмендегі аталған зерттеу әдістердің қайсысы диагнозды верификациялау үшін БАРЫНША
оңтайлы?
72. Қыз бала 24 жаста, басының ауыруына, бас айналуға, қол бұлшықеттерінің әлсіздігіне, көбіне
оң қолында, жарты жылда 5кг арықтауына шағымданды. Анамнезінде: 6 ай бойы ауырады,
ауруы есінен таңғаннан кейін басталды, кардиолог пен неврологқа қаралған, жағдайы
жақсармады. Кейін қызба фонындағы тізе буынының артриті қосылды. Объективті: оң жақ
шыбық артерияда пульсі жоқ, оң жақ бұғана асты және ұйқы артериясында систолалық шуыл,
ЖСЖ - 98 рет минутына, оң қолында АҚҚ анықталмайды. Сол қолының АҚҚ -
130/80мм.сын.бағ. ЖҚА: Hb - 110 г/л, эритроциттер - 4,2 х1012 /л, лейкоциттер - 8,8 х109/л,
ЭТЖ - 30мм/сағ. АНЦА - теріс, АНА- теріс, КФК - 100МЕ/мл. Қандай тексеру әдісін жүргізу
қажет?
73. Ер адам 46 жаста, әлсіздікке, ұйқының бұзылуына, есте сақтаудың төмендеуі, соңғы кезде
жазуы өзгеруіне, мұрыннан қан ағуына, көгерулерге шағымданады. Терісі құрғақ, гипо- және
гиперпигментация ошақтары, тырнақтары ақ, кеудеде және бетінде телеангиоэктазиялар.
Бауыр қабырға доғасы қырынан 1 см шығып тұр. Көкбауыр – 15х8 см. Құрсақ қуысында бос
сұйықтық анықталады. АЛТ- 28 МЕ/мл, АСТ – 24 МЕ/мл, билирубин 143 мкмоль/л, ПТИ –
45%, жалпы белок – 57 г/л, альбумин – 32 г/л. бауыр эластографиясы– 43 кПа. ФЭГДС қандай
нәтиже анықталуы БАРЫНША ықтимал?
74. 28 жастағы әйелді жұмыс күнінің соңында бас ауру мазалайды. Объективті: Дене қалпы
қалыпты. Бойы-175 см., салмағы-75 кг. Жүрек шекаралары: сол жақ-5 қабырға аралықта бұғана
ортаңғы сызығы бойымен. Жүрек тондары ырғақты. Аортда 2 тонның акценті. АҚҚ-190/120
мм.с.б.б. Аортаның құрсақ бөлімінде систолалық шум естіледі. 50 мг каптоприл
қабылдағаннан кейін АҚҚ 90/60 мм.с.б.б. дейін төмендеді. Сарысулық креатинин-220
мкмоль/л. ЭКГ: ST сегменті RV5 >RV4 шықпаларында изолиниядан қиғаш төмендеп ығысқан,
Т тісшесі теріс. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зеріттеу жүргізу қажет?
75. Ұсынылған кеуде торы ағзаларының шолу рентгенограммасы оң жақ өкпенің қандай
патологиясының рентгенологиялық көрінісіне БАРЫНША тән:
76. 56 жасар ер адам, іріңді-қан қақырығы бар жөтел, ентігу, t 39°С шағымдарымен келіп түсті. 5
күн ауырады. Объективті: жағдайы ауыр, ТАЖ 32 рет мин. Оң жақ жауырын астында
перкуторлы дыбыстың қысқаруы, амфорикалық тыныс, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар.
Рентгенограммада - оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде сұйықтық деңгейімен бірнеше қараңғы
қуыстар. Қанда лейкоциттер - 18×109/л, т/я – 7%, ЭТЖ 30 мм/сағ. Төменде аталған
диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы ықтимал?
77. Ер адам 50 жаста, дене температурасының t 37,4°С жоғарлауына, әлсіздікке, тәбетінің
төмендегеніне, арықтауға, шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге шағымданып келді.
5 жыл бұрын инфильтративты туберкулезбен ауырып жазылған. Кеуде қуысы ағзаларының
рентгенограммасында оң өкпенің жоғарғы бөлігі көлемі кішірейген, соның фонында біртекті
емес қарқынды күнгіртену көлеңкесі көрінеді, кеуде аралық ағзалар оңға ығысқан, оң өкпе
түбірі жоғары тартылған, төмеңгі бөлігінде себінді ошақтар көрінеді. Тізімдегі жорамал
диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
78. Әйел 35 жаста, әлсіздікке, дене температурасы t 38,5°С дейін жоғарлауына, кеуденің сол
бөлігінің ауру сезіміне, ентігуге бір апта бойы шағымданады. Анамнезінде: туберкулезбен
ауыратын жұбайымен қатынас болған. Қарап тексергенде: кеуденің сол жағы тыныс алуда
қалып қояды, жауырын бұрышынан төмен дауыс дірілі естілмейді, перкуторлы дыбыс
қысқарған, тыныс алуы әлсіз. Кеуде қуысы ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында –
сол өкпенің 4 қабырғасынан диафграмма күмбезіне дейін жоғарғы бояу қанықтағы біртекті
күнгіртену көлеңкесі көрінеді, жүрек көлеңкесі оңға ығысқан. Болжамалы диагноз:
«Туберкулез этиологиялы экссудатты плеврит». Плевральды сұйықтықты зерттегенде нені
анықтау ең ықтимал?
79. Ер адам 57 жаста, үш жыл бойы өкпе туберкулезімен ауырады. Қақырықты жөтелге, дене
температурасының жоғарлауына, әлсіздікке, физикалық жүктемеде ентігудің пайда болуына
шағымданады. Аускультацияда оң өкпенің бұғана асты аймағында амфорикалық тыныс
естіледі. Туберкулезде кездесетін осындай өкпедегі аускультативті феномен немен
байланысты?
80. Ер адам 60 жаста, жағдайының нашарлауын байқаған, қан түкіру, ентігу, кеуденің оң бөлігінде
ауырсыну пайда болған. Анамнезінде: оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты
туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+ диагнозымен бұрын ем қабылдаған. Қарап тексергенде: оң
бұғана астында үлкейген тығыз лимфа бездері пальпацияланады. Кеуде қуысы ағзаларының
жалпы шолу рентгенограммасында: оң өкпенің жоғарғы бөлігі көлемді күнгіртенген. ЭТЖ 65
мм/сағ. 2 ТБ Манту сынамасына реакция теріс. Пациентте ең ықтимал қандай диагнозды
болжамдайсыз?
81. Әйел 28 жаста, терінің гиперемиясына және оң көзінің ауруына, қанды-іріңді серозды
бөліндінің шығуына шағымданып келді. Өз бетінше ем қабылдаған. Соңғы 2 аптада жалпы хал
жағдайы нашарлаған, басы ауруы, көздің жасаурауы пайда болған. Қарап тексергенде - жас ағу
жолдары бұзылмаған, жас жинау қапшығының аймағында инфильтрат терінің айқын
гиперемиясымен және жыланкөз қанды іріңді серозды бөліндімен байқалады.Төменде аталған
диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
82. Әйел 46 жаста, іштің оң жағындағы мықын аймағында ауырсынуға, лоқсуға, құсуға, іштің
қатуына шағымданып келді. Созылмалы колитпен гастроэнтерологта қаралып тұрады. ЖҚА:
ЭтЖ-32мм/сағ., басқа көрсеткіштер қалыпты. Кеуде қуысы ағзаларының жалпы шолу
рентгенограммасында- өкпенің түбірлерінде петрификат және оң жақ төмеңгі бөлігінде Гон
ошағы көрінеді. Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы ажырату диагностикасына ең ықтимал?
83. 19 жасар жігітте тұмаудан кейін оң жақ төменгі жағында 2-3 сек созылатын ұстама тәрізді ауру
сезімі пайда болды. Ұстама сөйлегенде, шайнағанда, жуынған кезде пайда болады.
Неврологиялық статусында: оң жақ V нервтің III тармағының шығатын жерінде, оң жақ ауыз
бұрышының шақпақты аймағында ауру сезімі бар . Басқа неврологиялық симптоматика жоқ.
Көз түбі патологиясыз. Бас миының МРТ патологиясыз. Қай клиникалық диагноз БАРЫНША
болуы мүмкін?
84. 65 жастағы әйел, АҚ 195/110 мм сб.б. жоғарылауы кезінде сөйлеу қабілетінің бұзылуы пайда
болып - бірден сөйлемей қалды. Неврологиялық статуста: есі анық, қарашықтары D=S, оң
мұрын еріндік қатпары тегістелген, моторлы афазия, Бабинский симптомымен бұлшықеттік
тонус және сіңірлік рефлекс жоғарылауымен оң жақты гемипарез . Төмендегі диагоздардың
қайсысы БАРЫНША мүмкін болып табылады?
85. 72 жасар ер адам саябақта отырғышта жатқан күйінде табылды. Есін жоғалтпаған. Жедел
жәрдем дәрігері қарап тексергенде оң қолындағы қозғалыстың бұзылысы мен сөйлеудің
қиындауы анықталды – бөлек айтылған сөздері бойынша кенеттен басының айналғандығы
жайлы түсінуге болады. Құсу болмаған. Қабылдау бөліміне жеткізілді. Қарап тексергенде: есі
сақталған, бірақ әлсіз, апатиялы. Сөйлеуге қатынаспайды. Тексергенге наразылық кейпімен
қарайды. Пульсі аритмиялық, 104 рет минутына, жүрек тондары тұйық, АҚҚ 150/100 мм
сын.бағ. Аузының оң жақ бұрышы төмендеген. Оң қолы қозғалмайды. Оң табаны сыртқа
қараған. Сіңірлік рефлекстер оң жағында сол жағына қарағанда жоғары. Оң жақта Бабинский
рефлексі оң. Келесі диагностикалық кезеңде қандай зерттеу әдісі жүргізілуі тиіс?
86. 16 жасар жасөспірім дене қызуының жоғарылауы, бас ауру, жүрек айнумен бірге бас айналу,
эмоционалды өзгергіштікке, кейде галлюцинациялардың болуына шағымданады. Осы жағдай
3 күн бойы мазалайды. Объективті: аяқ-қолдарындағы гиперкинездер, қауысу қитарлық,
диплопия, гипергидроз, бұлшықет тонусының төмендеуімен жүретін жеңіл пирамидті
жеткіліксіздік. Анамнезінде жиі баспа ауруы. АСЛ-О-220 МЕ/мл. Алдын ала қойылатын
диагноз БАРЫНША қандай?
87. 25 жасар әйел аяқтарының жансыздануы және әлсіздікке, жүрісінің шайқалуына, 3 күнге
созылған жиіленген зәр шығуына шағымданады. Үш жыл көлемінде ауырады, ең бірінші
күйзелістен кейін аяғында жансыздану пайда болып 3 аптаға созылып кейін өздігінен қайтқан.
Бір жылдан кейін аяғында әлсіздік , жүрісінде шайқалу пайда болып гормональды терапиядан
соң жазылған. Екі жылдан кейін аяқтарында қайта әлсіздік байқалып, императивтік шақырулар
түрінде жамбас мүшелері бұзылыстары пайда болды. Қарағанда: горизонтальды нистагм,
төменгі спастикалық парез, мишықтық атаксия, зәр шығаруда императивтік шақырулар. Бас
миы МРТ: бас миының ақ затында көптеген демиелиназацияланған гиперинтенсивті ошақтар
. Төмендегі диагоздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін болып табылады?
88. 54 жасар әйел оң аяғына берілетін беліндегі ауру сезіміне шағымданады. Айтуы бойынша ауру
сезімі ауыр көтергеннен кейін пайда болып, қозғалыс кезінде және бір қалыпта ұзақ уақыт
тұрғанда күшейеді. Оң жақ аяғы жамбас сан және тізе буындарында бүгіп, сол жағында
жатқанда жеңілдік алып келеді. Объективті: арқасы аздап бүгілген қалыпта, ауру сезімі бар
жағына еңкеюі шектелген, паравертебральды бұлшықеттердің айқын кернелуі. Ауру сезімі оң
аяғының артқы бетінде табанның 5 саусағына дейін орналасқан. Табанның сыртқы бетінде
сезімталдылығы төмендеген. Ласег симптома оң жақта оң, Ахилл рефлексі оң жағында жоқ.
Омыртқа бағанының қай бөлігінде патология орналасқан?
89. 72 жастағы науқасты туысы ертіп келген. Олардың айтуы бойынша науқастың әсіресе жаңа
ақпаратты қабылдауда есте сақтауы нашарлап барады. Есте сақтауының бұзылуы науқастың
күнделікті өмір сүруіне айтарлықтай кедергі жасайды. Жақсы білетін немесе айқын танитын
зат қана сақталады. Жаңа ақпарат кездейсоқ немесе аз уақытқа ғана есінде сақталады. Науқас
негізгі мәлметтерді есіне түсіре алмайды, яғни қайда тұратынын,казір ғана не істегенін немесе
туысының атының кім екенін. Объективті жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 150\100 мм.с.б.
пульс 80 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Табандары домбыққан. Сіздің
болжама диагнозыңыз?
90. 53 жастағы әйел. Жолдасы қайтыс болғаннан кейін, оның өліміне араша тұра алмағанына, оған
көңіл бөлудің жеткіліксіз болғанына өзін кінәләп дәрігерге сол туралы жылап айтып беруде
және суицидальды ой туралы айтты.Қандай синдром туралы ойлауға болады?
91. 74 жасар әйел адам. Ұмытшақ, мазасыз, күйгелек болып кетті. Жан-жағындағы адамдарды
танымай, өз балаларының атын ұмытып қалды. Киімдерін буып-түйіп, халатын тығып, оның
киімдерін бөгде адамдардың ұрлайын деп жатқанын айтты. Анамнестикалық мәлімет жинау
мүмкін болмады, себебі есте сақтау қабілеті бұзылған. Төмендегі көрсетілген бұзылыстардың
қайсысы неғұрлым сәйкес келеді?
92. Әйел 42 жаста. Алкоголь қабылдау фонында фиксациялық және ретроградты амнезия түрінде
естің бұзылуы байқалады.Науқастың жады ойлармен толған, болмаған істерді «есіне алады».
Сонымен қатар әңгіме барысында болған жағдай туралы да айтады, бірақ айтқан әңгімесі
уақытқа және орнына сәйкес келмейді. Осы бұзылысқа полинейропатия қосылған. Төменде
аталған синдромдардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?
93. 30 жастағы ер адам дене қызуының – 41°С көтерілуімен жедел ауырды. Кешкі уақытта
қобалжуы, қорқыныш сезімі күшейіп, бөлмеде «сары тумбочкалар ұшып жүргенін» көретінін
айтады, әуен естиді. Ұйықтамайды, қобалжиды. Күндіз мінез құлқы реттеледі, бірақ кешкісін
қайтадан мазасызданады. Төменде аталған синдромдардың қайсысы БАРЫНША болуы
мүмкін?
94. Ер кісі 40 жаста, әлеуметтік жағдайы жақсы, бүйректік коликаға ұқсас көп уақытқа созылған
ұстамалы ауру сезіміне шағымданады. Бел аймағындағы ауру сезімі 4-аптаға жуық созылған.
Қарап тексеру кезінде, УДЗ және рентгенографияда бүйрек жағынан патология анықталған
жоқ. Тағайындаған спазмолитиктерден эффект болған жоқ.Науқас өзінің болашағына
алаңдаулы,ұйқысы
нашар,таңертең
өзін
нашар
сезінеді,
кешке
ештеңе
мазаламайды.Дәрігерлер оның ауруына көңіл бөлмейді деп есептейді. Төменде аталған қандай
диагноз БАРЫНША ықтимал?
95. 48 жастағы әйел адам, дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке, бас ауыруына , аяқ бұлшық
еттеріндегі ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде: жаз бойы бірнеше рет жаұясымен
табиғатқа шығып демалған, Қапшағай көлінде шомылған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа
ауырлықта, дене қызуы – 38,9ºС. Көз склералары субиктериялы. Денесі мен қолдарындағы
теріде айқын емес петехиальді бөртпелері бар, барлық топ лимфа түйіндері пальпацияланады.
Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен. Зәрінің түсі – қанық-сары.
Қандай диагноз БАРЫНША болуы ықтимал?
96. 22 жасар ер адам ауыр жағдайда t 40°С, бас ауруға ,көп реттік құсуға, әлсіздікке, денесінің
ауруына шағымданып түсті. Жедел ауырды, ауруының бірінші күнінде табаны, балтыры,
санында айқын, бір - біріне бірігетін геморрагиялық бөртпелер пайда болды. АҚ 100/60 мм.
сб.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоциттер 20×10⁹ /л, т/я 9%, жас 3%, миелоциттер 2%, ЭТЖ
40 мм/сағ. Кезекші дәрігермен тағайындалған емнен кейін жағдайы нашарлады. Дәрігерлік
тағайындауда қандай қателік БАРЫНША жіберілуі мүмкін?
97. 23 жастағы әйел эпигастри аймағындағы ауру сезімі, жүрек айну, көп реттік құсу, жиі үлкен
дәретке, аяқ –қолдарындағы тырысуларға шағымданып келді. Анамнезінен: базардағы
асханадан тамақтанғаннан соң 4 сағаттан кейін жедел ауырған. Қараған кезде дене қызуы -
37,5С, терісі боз, көздері шүңірейген. Іші кепкен емес, пальпацияда эпигастрийде ауру сезімі
анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ 90̸ 60сын.б.б., пульсі 120 рет/мин. Кіші дәреті
болмаған. Үлкен дәреті сұйық, көп, түсі «ет жуындысындай». Қандай диагноз БАРЫНША
болуы ықтимал?
98. 26 жастағы әйел, жүктілік 20-21 апта, ауырланған акушерлік анамнез (өз бетінше 2 рет
жүктіліктің үзілуі). Жоспарлы УДЗ скринингте - қағанақ суының көптігі. ЖҚА: эритроциттер
4,5×1012/л, Hb 123г/л, лейкоциттер 5,6×10⁹/л, ЭТЖ 17 мм/сағ. Қынап жақпасында –
лейкоциттер 15-16 к/а. Листериозға ИФТ – IgG. РПГА - листериозға қарсы антидене титрі
1:100. Қынаптың шырышты бактериологиялық анализінде- L.monocytogenes. Диагнозы
бойынша қандай мәліметтер барынша диагностикалық құндылығы бар?
99. 20 жастағы ер адам жұтынғандағы тамағындағы ауру сезімі, t 39ºС, бас ауруға, әлсіздік
шағымдарымен ауруының 4 күні келіп түсті. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта.
Аңқасында: шырышы гиперемияланған, бадамшалар гипертрофирленген, жабындымен
жабылған. Жұтқыншақтың арты гиперемияланған. Склерасы субиктерильді .Мойын, жақ маңы
лимфа бездері ұлғайған. Бауырдың төменгі ұшы қабырға доғасынан 1,0см төмен. ЖҚА::
лейкоциттер 12,5×109/л, т/я 1%, с/я 40%, лимфоциттер 42%, моноциттер 11%, атипті
мононуклеарлар 8%. БАРЫНША ықтимал диагноз?
100.
40 жасар ер адам ауруының 3 күні орташа ауыр жағдайда пневмонияға күдіктеніп түсті.
Жедел ауырды, t 38,5°- 39°C. Пневмония рентгенологиялық анықталмады. Ауруының 5-ші
дене қызуы түсе бастады, бел аймағында ауру сезімі, бұғана аймағында бірен-сараң
геморрагиялар пайда болды. Бір рет мұрыннан қан кету болды. 4-5 күні кіші дәреті сирек бола
бастады, жалпы жағдайы нашарлады. БҚО Теректі ауданында ағаш дайындаушы болып жұмыс
жасайды. Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін:
Достарыңызбен бөлісу: |