Раманкулов шерзод жумадуллаевич



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата08.11.2019
өлшемі4,39 Mb.
#51398
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Diss Ramankulov


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
 
 
 
 
 
ӘОЖ: 378.075.8:535                                                                Қолжазба құқығында 
 
 
 
 
РАМАНКУЛОВ ШЕРЗОД ЖУМАДУЛЛАЕВИЧ 
 
 
 
Білімді ақпараттандыру жағдайында болашақ физика мҧғалімдеріне 
«Оптика» пәнін оқыту әдістемесін дамыту 
 
 
6D011000 - Физика 
 
 
 
Филocoфия дoктopы (PhD)  
ғылыми дәpeжeciн aлу үшiн дaйындaлғaн диccepтaция 
 
 
 
 
 
  Отандық ғылыми кеңесшілер:                                                                       
  педагогика ғылымдарының докторы,     
  профессор Беркимбаев К.М. 
  физика-математика ғылымдарының                                                    
  докторы, доцент  Турмамбеков Т.А.                                                                             
   
 
  Шетелдік ғылыми кеңесші:                                                                       
  педагогика ғылымдарының докторы,     
  профессор Корнилов В.С.              
                      
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы 
Түркістан, 2015 

 

 
МАЗМҦНЫ 
 
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР………………………………………….....  3 
АНЫҚТАМАЛАР……………………………………....…………………….. 

КІРІСПЕ.................................................................................................................  

БІЛІМДІ  АҚПАРАТТАНДЫРУ  ЖАҒДАЙЫНДА  ФИЗИКАНЫ 
ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ....................................... 
 
13 
1.1  Болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлауда  білімді  ақпараттандырудың 
қазіргі күйі..................................................................................................... 
 
13 
1.2  Физиканы 
оқытуда  білімді  ақпараттандырудың  маңызы  мен 
мәні.................................................................................................................. 
 
30 
1.3  Білімді  ақпараттандыру  –  болашақ  физика  мұғалімдерін  оқытуды 
олардың 
креативтілігін 
қалыптастыру 
негізінде 
дамытудың 
кепілі............................................................................................................... 
 
 
49 
 
Бірінші тарау бойынша тҧжырым......................................................     
 
75 
 

БІЛІМДІ  АҚПАРАТТАНДЫРУ  ЖАҒДАЙЫНДА  БОЛАШАҚ 
ФИЗИКА  МҦҒАЛІМДЕРІНЕ  «ОПТИКА»  ПӘНІН  ОҚЫТУ 
ӘДІСТЕМЕСІН ДАМЫТУ........................................................................  
 
 
77 
2.1  Білімді  ақпараттандыру  жағдайында  болашақ  физика  мұғалімдеріне 
«Оптика» пәнін оқытудың мақсаты мен мазмұны.................................. 
 
77 
2.2  Білімді  ақпараттандыру  жағдайында  болашақ  физика  мұғалімдерінің 
креативтілігін қалыптастыру негізінде «Оптика» пәнін оқытудың әдіс-
тәсілдері мен құралдары............................................................................... 
 
 
95 
2.3  Тәжірибелік-эксперименттік  зерттеу  жұмыстарының  нәтижелерін 
қорыту және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.................................. 
 
133 
 
145 
 
 
Екінші  тарау бойынша тҧжырым......................................................     
 
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................  147 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................  149 
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................  159 
 
 
 
 
 
 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 
 
Бұл  диссертациялық  жұмыста  келесі  нормативтік  құжаттарға  сілтемелер 
кӛрсетілген: 
Қазақстан  Республикасында бiлiм берудi дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  Мемлекеттік  бағдарламасы  //Егемен  Қазақстан,  2010  жылғы  14 
желтоқсандағы № 529-532 (26375).– 2010.–3 б.  
Қазақстан  Республикасы 

Бiлiм  туралы

  Заңы.  //Алматы:  Юрист,  2007.–    
42 б. 
 
"Кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша  оқу  үдерісін  ұйымдастыруды 
ережесін бекіту туралы" ҚР-сы Білім және ғылым министрі... [Мәтін]: ҚР-ның 
Білім  және  ғылым  министрі,  2010  жылғы  30  шілде,  №404  бұйрығы  //  Егемен 
Қазақстан.- 2011.- №36-37.- 4 ақпан.- 10 б.  
 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №  1080 
қаулысымен  бекітілген  ҚР  МЖМБС  1.4.002-2012.  Жоғары  білім  берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.   
 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  Қаулысымен    бекітілген  жоғары  оқу 
орнын ұйымдастыру қызметінің типтік ережелері. 17 мамыр, 2013 жыл  №499.  
 
Қазақстан  Республикасы    ғылым  және  білім  министрлігінің  бұйрығымен 
бекітілген  оқу  процесіндегі  кредиттік  жүйені  оқытуды    ұйымдастыру 
ережелері. 20 сәуір, 2011 жыл  №152.  
 
Қазақстан  республикасының  білім  және  ғылым  министрлігі  міндетін 
атқарушы  9  шілде 2010 жылы  № 365  бұйрықта ӛзгерістер енгізді жоғары оқу 
орнынан  кейінгі  білім  берудің    оқу  бағдарламаларына,  білім  беруді 
ұйымдастырудың типтік ережелері.     
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

АНЫҚТАМАЛАР 
 
Бұл  диссертациялық  жұмыста  келесі  терминдерге  сәйкес  анықтамалар 
кӛрсетілген: 
Білімді    ақпараттандыру  -  бұл  оқытуды  ғана  ақпараттандыру  емес, 
білімді  ақпараттандыру  -  бұл  оқу  қызметін,  оқу  нәтижелерін  бақылау  мен 
ӛлшеуді,  оқудан  тыс  қызмет  пен  тәрбиелеу  үдерістерін,  ғылыми  зерттеу 
қызметін және ғылыми әдістемелік қызметті, сол сияқты ұйымдастыру-басқару 
қызметін ақпараттандыру. 
Әдістемелік  жҥйе  –  бір-бірімен  ӛзара  байланысқан  компоненттерден 
тұратын дидактикалық құрылым. 
Дидактикалық  жҥйе  -  оқыту  мақсатына  жету  жолында  қолданылатын 
бірыңғай, іштей тұтас құрылым мен элементтер жиынтығы. 
Мемлекеттік    жоғары    кәсіби    білім    беру  стандарты  –  жоғары  білім 
беру құрылымын, мазмұнын және жоғары білімнің негізгі бағдарламаларының 
кӛлемін анықтайтын құжат. 
Креативтілік  –  бұл  жаңа  тұғырлар  және  жаңа  ӛнімдерге  қажеттіліктерге 
дұрыс бағытталуға қабілеттілік.  
Креативті  ойлау  –  бұл  ерекше  идеяларды  тудыруға,  ойлаудың  дәстүрлік 
сызбасынан  ауытқуға,  мәселелік  жағдайларды  тез  шешуге  қабілеттілік; 
креативті шығармашылыққа қабілеттің дамуы үшін қажетті ойлаушылық және 
тұлғалық қасиеттердің жиынтығы.  
Шығармашылық  сана  мен  мінез-құлықтағы  субъектіні  қайта  жасау, 
олармен  туылатын  және  одан  ӛнім  шығаруы  мүмкін  жаңаны  тудыруды 
білдіреді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің кӛкейкестілігі 
Қазіргі  әлемде  болып  жатқан  қарқынды  ӛзгерістер,  жаһандану, 
демографиялық  ӛзгерістер,  орнықты  даму,  тыныштық  пен  қауіпсіздік, 
технологиялар  әлемдік  білім  беру  жүйесін  заман  талабына  сай  қайта  қарау 
қажеттігін  паш  етті.    Білім  беру  саласында  жасалынған  бүкіләлемдік  бітімнің 
мәні білім алушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды 
екендігімен айқындалады.   
Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымы  (ЭЫДҰ)  жүргізген 
инновациялық  ортаның  салыстырмалы  талдауының  қорытындысы  бойынша, 
мұғалімдерде  кӛптеген  оқыту  стратегиялары,  түрлі  педагогикалық  тәсілдерді 
қолдану  мүмкіндіктері,  нақты  әдістер  мен  стратегияларды  қалай  және  қай 
жағдайда  қолдану  қажеттігі  туралы  білімнің  болуын  талап  етеді.  Сонымен 
қатар, мұғалімдер білім алушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, 
жалпы  алғанда  оның  оқуын  даралау,  бойындағы  метасананы  –  қалай  оқу 
керектігін  үйренуді  қалыптастыруға  мән  беріп,  оны  тұлға  ретінде  дамытуда 
икемділік танытулары қажет [1,2].  
Қaзaқcтaн Pecпубликacының Пpeзидeнтi Н.Ә.Нaзapбaeвтың 2014 жылғы 17 
қаңтардaғы «Қaзaқcтaн жолы - 2050» cтpaтeгияcы [3]: Бір мақсат, бір мүдде, бір 
болашақ» aтты Қaзaқcтaн xaлқынa Жoлдaуындa aйтылғaн нeгiзгi мәceлeлepдiң 
бipi  –  білім  алушыларға  заманауи  бағдарламалар  мен  оқыту  әдістемелерін 
білікті  мамандар  ұсынудың  маңыздылығы  болып  табылады.  Сонымен  қатар 
Жолдауда,  білім  алушыларды  оқыту  нәтижесі  ретінде  -  олардың  сындарлы 
ойлауы, ӛзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеруі айтылған 
болатын. 
Қоғамның  сұранысына  сай  осы  талаптарды  орындай  алатын  болашақ 
мұғалімдерді  даярлау  ӛзекті  іс  болып  отыр.  Сондықтан  қазіргі  күнге  дейін 
жоғары  оқу  орындарында  оқытудың  жаңа  әдістері  мен  тәсілдері,  оқыту 
құралдары,  оқытудың  жаңа  технологиялары  зерттеліп  келеді.  Ӛзгермелі 
қоғамда  білім  беру  саласындағы  жетістіктер  –  ақпараттандыру  бағытының 
дамуымен ұштасады.  
Қазіргі кезде қоғамды ақпараттандыру кез келген салада, солардың ішінде 
білім  беру  саласында  да  ерекше  мәнге  ие.  Ақпараттық  технологиялардың 
қарқынды  даму  кезеңінде  орта  білім  беретін  оқу  орындарының  оқу  үрдісінің 
тиімділігі  болашақ  мұғалімнің  кәсіби  дайындығына  тікелей  қатысты. 
Сондықтан да болашақ мұғалімдерді даярлайтын жоғары оқу орындарында оқу 
үрдісін  ақпараттандыру  маңызды  болып  табылады.  Ӛзгермелі  қоғамда  түрлі 
жағдайларда  ӛздігінен  шешім  қабылдауға  мүмкіндігі  жеткілікті,  мәселені 
жылдам  шешу  жолын  таба  білетін,  дамыған  қоғамның  талаптарын  орындауда  
кездескен  қиыншылықтарды  жеңіл  шеше  алатын  креативті  тұлға 
қалыптастыруда білімді ақпараттандыру ерекше орын алады.  
Білімді  ақпараттандыру  үрдісі,  оның  негізгі  бағыттары,  ақпараттық-
коммуникациялық 
технологияларды 
пайдалану 
жағдайында 
болашақ 
мұғалімдерді 
 
даярлдаудың 
мазмұнын, 
мақсатын, 
ұстанымдарын, 

 

педагогикалық  негіздерін  және  білім  беру  сапасын  арттыруда  бағалау 
ынталарының  жүйесін  дамытуды  бірнеше  шетелдік  және  отандық  ғалымдар 
С.Ангелл, К. Хенриксен [4], П.Клейн, С.Гребер, А. Мюллер [5], Ж.А.Қараев [6], 
Г.Қ.Нұрғалиева,  Е.Ы.Бидайбеков  [7],  Т.О.Балықбаев,  С.М.Кеңесбаев  [8], 
М.Қ.Қаламқалиев [9], К.М.Беркимбаев [10], А.Е.Сағымбаева [11], Б.Д.Сыдықов 
[12] және т.б. қарастырған.  
Физика  курсы  әрқашан  ӛте  күрделі,  қабылдауы  оңай  емес  біршама 
ұғымдардан тұратындығы белгілі. Ғылым дамуының жылдам қарқыны мұндай 
ұғымдардың,  айғақтардың,  идеялар  мен  заңдылықтардың    ұлғаюына  әкеледі. 
Мектеп  оқушыларымен  қатар  жоғары  оқу  орнының  студенттері    үшінде 
ғылыми-зерттеу  орталықтары  мен  ӛндірісте  қолданылатын  қондырғыларда 
орын  алатын  аса  күрделі  құбылыстарды  елестетіп,  олардың  жұмыс  істеу 
принциптерін  түсіндіру  кӛптеген  қиындықтарды  туғызады.  Осындай 
қиындықтардан шығуда ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады. 
Физика  пәні  техникада,  қоғамды  компьютерлендіруде,  ӛндірісті 
автоматтандыруда  маңызды  ғылым  болғандықтан  жастарды  тәрбиелеуде, 
қабілеттерін дамытуда алатын орны ерекше. Қоғамның дамуымен пайда болған 
жаңа  физикалық  ұғымдар  білім  алушының  қабылдауына  еніп,  оларды 
шығармашылық  қолданып  және  ӛзінің  практикалық  қызметінде  жетістіктерге 
жетуі үшін физиканы оқыту әдістемесін үздіксіз дамытып отыруды қажет етеді.  
Қазіргі  таңда  физиканың  оқыту  әдістемесін  дамыту  мақсатында  білімді 
ақпараттандыру  жағдайына  баса  назар  аударыла  бастады.  Шетелдік  және 
отандық  ғалымдардан,  Х.Ж.Бекер  физиканы  оқыту  барысында  компьютерді 
қолданудың  тәртібі  мен  ерекшелігін  [13],  А.Л.Рудольф,  Б.Леймен,  М.Жойс, 
Х.Вигноллес  физикалық  сабақтарда  ақпараттық  технологиялар  кӛмегімен 
интербелсенді оқыту мәселелерін [14], Г. Бриссенден физикалық құбылыстарды 
түсіндіруде  интерактивті  әдістердің  маңызын  [15],  Б.Гюнеш,  У.Канлы 
физикалық  лабораториялық  жұмыстарды  орындауда  3Е,5Е,7Е  модельдеріне 
ақпараттық  технологияларды  қолдануды[16],  елімізде  алғаш  рет  болашақ 
физика  мұғалімдерін  даярлауда  университеттік  білімнің  іргелілігін  зерттеген 
отандық  ғалым  М.С.  Молдабекова  ӛз  еңбектерінде  болашақ  мұғалімдерді 
даярлауда 
метрология 
бойынша 
лабораториялық 
практикумның 
маңыздылығын,  жылу  құбылыстарын,  жылу  алмасынудың  кейбір  мәселелерін 
ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы  оқыту  әдістемесін  [17,18],        
У.К.  Тоқбергенова  оқыту  нәтижелерін  құзіреттер  контекстінде  анықтаудың 
ерекшеліктерін,  физика  пәнін  оқытуда  оқушылардың  түйінді  құзіреттерін 
қалыптастырудың  құралы  ретінде  ақпараттық  технологияларды  пайдалануды 
және  оның  тиімділігін  [19],  К.Н.Жумадиллаев  физикалық  тәжірибелерді 
виртуальды  компьютерлік  модельдеуді  [20],  В.Н.Косов,  С.А.Красиков  физика 
курсында  классикалық  тәжірибелерді  статикалық  компьютерлік  модельдеуді 
[21],          Г.Б.Алимбекова  физикадағы  ұғымдар  жүйесін  ақпараттық  технология 
жетістіктері  арқылы  қалыптастыруды  [22],  Н.Н.  Керімбаев  физика  саласында 
білім  беруді  ақпараттандыруды  дамытудың  негіздерін  [23],  С.Е.  Алдешов 
физиканы  оқытуда  компьютер  бағдарламаларын  қолдану  жағдайында 
ақпараттық-логикалық модельдеудің әдістемесін [24] зерттеді.       

 

Дегенменен,  болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлауда  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  арқылы  жеке  пәндерді  оқыту 
әдістемесі  бір  жүйеге  түспей,  жекелеген  ұсыныстар  деңгейінде  қалыптасып 
отыр.  Осы  пәндердің  бірі  -  Оптика.  Оптика  (гр  optіke  –  кӛзбен  қабылдау 
жӛніндегі  ғылым,  optas  –  кӛрінетін)  –  физиканың  сәуле  (жарық)  шығару 
табиғатын,  жарықтың  таралуын  және  оның  затпен  әсерлесу  құбылыстарын 
зерттейтін бӛлімі. Ерте заманнан пайда болған оптика, ӛзінің үздіксіз ұзақ даму 
нәтижесінде  қоғамда  ӛте  кең  ауқымда  қолданыс  тапты.  Оптикада  оқитын 
құбылыстар аумағы уақыт ӛте келе кеңейе түсті және нақты оптиканың дамуы 
кӛптеген  фундаментальдық  зерттеулердің,  негізгі  физикалық  кӛзқарастардың 
дамуына, әсіресе, физиканың жаңа бағыттағы жаңалықтарының ашылуына әсер 
етті.  Жоғары  оқу  орындарында  «Оптика»  пәнін  оқыту  және  «Оптика» 
заңдылықтарын  практикада  қолдану  техникалық  білім  беруде,  білім 
алушылардың  диалектикалық  –  материалдық  кӛзқарастарын  қалыптастыруда, 
білім  алушылардың  әдістемелік  білімі,  олардың  логикалық  және  креативтілік 
дамуында ӛте үлкен рол атқарады.  
Соңғы жылдарда жалпы физика курсының оптика бӛлімін оқытуда білімді 
ақпараттандыру  мәселелерін  орыс  ғалымдары  зерттей  бастады.  Атап  айтсақ, 
Х.Ш.Нгуен  орта  мектептерде  оптиканы  ақпараттық  технологиялар  кӛмегімен 
оқыту  әдістемесін  [25],  А.В.  Ермаков  ЖОО-да  толқындық  оптика  бойынша 
виртуальдық  лабораториялық  жұмыстардың  санын  ұлғайтумен  [26], 
В.Г.Петросян  оптика  бӛліміне  байланысты 
есептерді  компьютерлік 
бағдарламалар кӛмегімен шығару әдістемесін [27] зерттеді.  
«Оптика»  пәні  бойынша  аталған  зерттеулерде  ақпараттық  технологиялар  
студенттердің 
білім 
деңгейлерін 
арттыру, 
танымдық 
іс-әрекеттерін 
қалыптастыру, білімді жеңіл меңгерту құралы ретінде пайдаланылған. Алайда, 
жоғары  оқу  орындарында  «оптика»  пәнін  оқытуда  болашақ  физика 
мұғалімдерін қоғамның жаңа ӛзгерген жағдайында жұмыс жасай алуға даярлау 
мәселесінің  жеткілікті  зерттелмегендігі,  «оптика»  пәнін  оқытуда  білімді 
ақпараттандырудың  маңыздылығы  алға  тартылғанымен,  болашақ  физика 
мұғалімдерінің  оқу  нәтижесінде  ерекше  идеяларды  таба  алу  мүмкіндіктеріне, 
дамыған қиялдары мен зияткерлік пайымдауы, ерекше мәтіндер құрай алуы мен 
жаңалық ойлап шығару қабілеттеріне, ерекше нәрселерді іздеп, жаңа идеяларға 
сынақ  жүргізе  алу  мүмкіндіктерін  қалыптастыру,  яғни  болашақ  физика 
мұғалімінің 
креативтілігін 
қалыптастыру 
мәселелері 
жете 
қарастырылмағандығы анықталды.   Ал, 
болашақ 
физика 
мұғалімдерінің 
бойында  креативтілік  кӛрсеткіштерінің  болуы  қазіргі  таңда  мемлекеттік 
жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында  қойылатын  талаптарды  орындауда 
кездесетін  қиыншылықтардың  шешімін  табуға  кӛмектеседі.  Міне  осыларды 
негізге  ала  отырып  білімді  ақпараттандыру  жағдайында  болашақ  физика 
мұғалімдерін  оқытуды олардың  креативтілігін қалыптастыру  негізінде дамыту 
қазіргі заманның кӛкейкесті мәселелерінің біріне айналып отыр.    
Физика  саласында  жеке  пәндер  бойынша  болашақ  мұғалімдердің 
креативтілігін  қалыптастыру  мәселелері  аз  зерттелсе  де,  басқа  салаларда 
болашақ мамандардың креативтілігін қалыптастыру негізінде әр-түрлі әдістерді 

 

қолдану арқылы оқыту әдістемесін дамыту бағытында шетелдік және отандық 
ғалымдардың  еңбектерін  Д.Леонард,  В.Свеип  [28],  К.Робинсон[29],  К.Ли[30], 
А.С.Макаров[31],  Л.И.Еремина[32],  А.Г.Анацкая[33],    Қ.М.Нағымжанова[34], 
Б.А.Оспанова[35], C.Бердібаева[36], Б.К. Сақтағанов [37] атауға болады.  
Жoғapыдa  aтaлғaн  eңбeктepдi  тeopиялық  тұpғыдaн  тaлдaу,  oлapдың 
жoғapы  бiлiм  бepу  жaғдaйындa  бoлaшaқ  физика  мұғалімдерін  оқытуда 
aқпapaттық-кoммуникaтивтiк 
тexнoлoгиялapды 
қoлдaну 
мәceлeлepiнiң 
зepттeлінгeнiмен, бiз қapacтыpып oтыpғaн білімді ақпараттандыру жағдайында 
«Оптика»  пәнін  оқытуды  болашақ  физика  мұғалімдерінің  креативтілігін 
қaлыптacтыpу негізінде жүзеге асыру мәceлeciнiң ғылыми тұpғыдa әлi дe бoлca, 
шeшiмiн  тaппaй  oтыpғaндығын  алға  тартады.  Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды  болашақ  физика  мұғалімдерінің  креативтілін  қалыптастыру 
мақсатында  пайдаланудың  қажеттілігі  және  болашақ  физика  мұғалімдерінің 
креативтілігін 
қалыптастырудағы 
инновациялық 
технологиялардың, 
әдістемелік  және  компьютерлік  бағдарламалық  құралдардың  қажеттілігі  мен   
болашақ  физика  мұғалімдеріне  ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы 
олардың  креативтілігін  қалыптастыру  негізінде  оқыту  жүйесі  бойынша 
зерттеулердің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтар туындап отыр.    
Осы  қарама-қайшылықтардың  шешімін  іздестіру  диссертациялық 
зерттеу тақырыбын «Білімді ақпараттандыру жағдайында болашақ физика 
мҧғалімдеріне  «Оптика»  пәнін  оқыту  әдістемесін  дамыту»    деп 
таңдауымызға негіз болды.  
Зерттеудің  мақсаты:  Жоғары  оқу  орнында  білімді  ақпараттандыру 
жағдайында «Оптика» пәнін оқытудың әдістемелік жүйесін жасау. 
Зерттеу  нысаны:  Болашақ  физика  мұғалімдеріне  «Оптика»  пәнін  оқыту 
үдерісі.   
Зерттеу  пәні:  Болашақ  физика  мұғалімдеріне  білімді  ақпараттандыру 
арқылы олардың креативтілігін қалыптастыру негізінде «Оптика» пәнін оқыту 
әдістемесі.    
Зерттеудің  ғылыми  болжамы:    Егер,  болашақ  физика  мұғалімдеріне 
«Оптика»  пәнін  оқытудың  әдістемесін  дамытуда  ақпараттық  технологияларды 
қолданудың теориялық негізі анықталынып, оқытудың кез келген формасында 
ақпараттық  технологиялар  арқылы  оқытудың  әдістемесін  дамытып,  «оптика» 
пәнін  оқыту  үдерісінде  креативтілікті  қалыптастыруға  бағытталған  әдіс-
тәсілдерді 
зерттеп, 
оқу-әдістемелік 
құралдар 
мен 
компьютерлік 
бағдарламаларды  жасап  оларды  қолдансақ,  онда  болашақ  физика 
мұғалімдерінің  жеке  пәнге  қызығушылығы  артады,  ӛз  бетінше  жұмыс  жасау 
қабілеті  артады,  креативтілігі  қалыптасады,  кәciби  даярлаудың  іс-әрекеттік 
тұрғыдағы  caпacы  apтaды  дepбecтiгi  мeн  шығapмaшылық  қaбiлeтiнiң  apтуынa 
ықпaл eтeдi. Практикалық және лабораториялық сабақтарда белсенділігі артып 
жаңа идеялар жасауға қуат алады.   
Зepттeудiң  қoйылғaн  мaқcaты  мeн  пәнi,  жacaлғaн  бoлжaмынa  cәйкec 
зepттeудiң мiндeттepi aнықтaлды. 
1.  Болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлауда  білімді  ақпараттандырудың 
қазіргі күйін анықтау; 

 

2. Физиканы  оқытуда  білімді  ақпараттандырудың  маңызы  мен  мәнін 
анықтау;  
3. Болашақ  физика  мұғалімдерін  оқытуды  олардың  креативтілігін 
қалыптастыру  негізінде  дамытудағы  білімді  ақпараттандыру  жағдайының 
маңыздылығын айқындау; 
4. Білімді  ақпараттандыру  жағдайында  болашақ  физика  мұғалімдерінің 
креативтілігін  қалыптастыру  негізінде  «Оптика»  пәнін  оқытудың  әдістемелік 
жүйесін  жасау  және  оның  дидактикалық,  ұйымдастырушылық  ерекшеліктерін 
анықтау;  
5. Ұсынылған  әдістемелік  жүйенің  тиімділігін  тәжірибелік-экспериментте 
тексеру. 
Зерттеудің  әдіснамалық  негіздері:    Әлемнің  ғылыми  бейнесі  жӛніндегі 
философиялық  тұжырымдар  мен  қағидалар;  ғылыми  жүйелілік  амалдары  мен 
жеке  ғылыми  амалдар;    Қазақстан  Республикасының  білім  беру  туралы 
тұжырымдамалары,  бағдарламалары,  заңдары;  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің «Қaзaқcтaн жолы - 2050 cтpaтeгияcы: Бір мақсат, бір мүдде, бір 
болашақ»  aтты  Қaзaқcтaн  xaлқынa  Жoлдaуы;  кәсіби  мамандық  іс-әрекетін 
жетілдіру  туралы  ғылыми-техникалық,  оқу-әдістемелік  негіздер;  оқыту 
технологияларына,  білім  саласын  ақпараттандыру  мен  оқу  үдерісін 
компьютерлендіруге қатысты педагогикалық зерттеулер.  
Зерттеудің  теориялық  негіздері:  Білім  мазмұны  құрылымының  жеке 
тұлға  құрылымына  сәйкестілік  теориясы;  болашақ  физика  мұғалімдерін  іс-
әрекет  үстінде дамыту  теориясы,  білім  беру  мазмұнын  дамытуға  ықпал  ететін 
педагогикалық-психологиялық  және  философиялық  тұжырымдары  мен 
ұстанымдары;  қоғамды  және  білім  беруді  ақпараттандыру  жағдайында  білім 
беру жүйесіндегі ерекшеліктер мен тенденцияларды ашатын тұжырымдамалық 
амалдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет