Патологиялық анатомия І



бет1/5
Дата27.04.2024
өлшемі300,48 Kb.
#201476
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ісіктің морфологиялық сипаттамасы

Патологиялық анатомия І

Тақырып: Ісіктер жөнінде жалпы ілім. Ісіктердің морфо- және гистогенезі. Ісік жасушасының қасиеттері. Канцерогенездің жаңа теориялары. Ісіктік өсудің жаңа теориялары. Ісіктік прогрессия жөнінде түсінік. Ісікалды жағдайлар мен өзгерістер. Дисплазия және рак. Ісіктің құрылысы. Ісіктің өсуі. Қатерлі және қатерсіз ісіктер. Қатерліктердің белгілері. Метастаз беру. Рецидив беру жөнінде түсінік. Ісіктердің жіктелуі.

Ісіктер

Ісік деп соматикалық жасушалардың мутацияға байланысты тоқтаусыз және бақылаусыз көбейіп кетуі нәтижесінде пайда болатын патологиялық үрдісті атайды.

Ісіктер тек адамдарға ғана емес жануарлар дүниесінде, тіпті өсімдіктерде де кездеседі. Кейінгі кездердегі жүргізілген зерттеулер, бізден миллион жылдар бұрын өмір сүрген динозаврларда да ісік болғанын көрсетті. Демек, ісік адамнан бұрын пайда болған патологиялық үрдіс.

Ісіктің морфологиялық көріністері мен құрылысы. Өсу ерекшеліктері.

Ісіктің қай тіннің немесе ағзадан өсуіне байланысты оның сыртқы көрінісі әр түрлі. Ісік ағңза қуысына қарай немесе терінің сыртында полип тәрізді жіңішке сабаққа ілініп тұрса, оны экзофитті өсу дейді. Егер ісік қуыс ағзаның қабырғасына немесе басқа ағзалардың ішіне қарай өссе, оны эндофитті өсу деп атайды. Ісік көбінесе үлкенді кішілі түйін түрінде өседі, оның көлемі қай жерде өсуіне байланысты. Ал ісіктің жұмсақ немесе қатты болуы оның паренхимасы мен стромасының арақатынасына байланысты.

Барлық ісіктерді гистологиялық құрылысына, клиникалық көріністеріне қарап бөлінеді:

Қатерсіз Қатерлі

Жергілікті тінді бұзып өсуші

Қатерлі және қатерсіз ісіктердің сипаттамасы


Өсу ерекшеліктері

Қатерсіз ісіктер

Қатерлі ісіктер

Өсу түрі

Экспансиялық (ісік шекара-сы анық, айналасындағы тін-ді ығыстырып өседі)

Инвазиялық (ісік шекарасы анық көрінбейді, айналасын-дағы тінге сіңіп өседі)

Өсу жылдамдығы

Баяу

Тез

Тіндік атипизм

Болады

Болады

Жасушалық

Болмайды

Болады

Атипизм

Болмайды

Жиі байқалады

Метастаздар

Төмен

Өте жоғары, атипиялық митоздар көп

Митоздық белсенділігі

Жоғары

Өте төмен кейде мүлде ұқсамайды

Өзі дамыған тінге гистологиялық ұқсастығы

Өте сирек

Жиі

Қайталануы
Организмге әсері

Шамалы

Өте жаман көбінесе интоксикация белгілері, кахексия дамиды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет