Тақырып: Ісіктер жөнінде жалпы ілім. Ісіктердің морфо- және гистогенезі. Ісік жасушасының қасиеттері. Канцерогенездің жаңа теориялары. Ісіктік өсудің жаңа теориялары. Ісіктік прогрессия жөнінде түсінік. Ісікалды жағдайлар мен өзгерістер. Дисплазия және рак. Ісіктің құрылысы. Ісіктің өсуі. Қатерлі және қатерсіз ісіктер. Қатерліктердің белгілері. Метастаз беру. Рецидив беру жөнінде түсінік. Ісіктердің жіктелуі.
Ісіктер
Ісік деп соматикалық жасушалардың мутацияға байланысты тоқтаусыз және бақылаусыз көбейіп кетуі нәтижесінде пайда болатын патологиялық үрдісті атайды.
Ісіктер тек адамдарға ғана емес жануарлар дүниесінде, тіпті өсімдіктерде де кездеседі. Кейінгі кездердегі жүргізілген зерттеулер, бізден миллион жылдар бұрын өмір сүрген динозаврларда да ісік болғанын көрсетті. Демек, ісік адамнан бұрын пайда болған патологиялық үрдіс.
Ісіктің морфологиялық көріністері мен құрылысы. Өсу ерекшеліктері.
Ісіктің қай тіннің немесе ағзадан өсуіне байланысты оның сыртқы көрінісі әр түрлі. Ісік ағңза қуысына қарай немесе терінің сыртында полип тәрізді жіңішке сабаққа ілініп тұрса, оны экзофитті өсу дейді. Егер ісік қуыс ағзаның қабырғасына немесе басқа ағзалардың ішіне қарай өссе, оны эндофитті өсу деп атайды. Ісік көбінесе үлкенді кішілі түйін түрінде өседі, оның көлемі қай жерде өсуіне байланысты. Ал ісіктің жұмсақ немесе қатты болуы оның паренхимасы мен стромасының арақатынасына байланысты.
Барлық ісіктерді гистологиялық құрылысына, клиникалық көріністеріне қарап бөлінеді: