Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет болып есептеледі
Л.С.Выготскийдіңпікрінше бала бойында жақсы мінез қалыптастырып дамгершілікке тәрбиелеу үшін жауапкершілікті, жігерді, намысты, мінезді және тәртіпті тәрбиелеу керек деп түсінген. Мінез өмірде индивидаулді белгілермен табылған жоғарғы жүйкенің іс-әрекетінен туа пайда болған қорытпа.
К.Платонов пен Н.Левитов мінез бұл адамның іс-әрекеті мен тәртібіне әсерін тигізетін индивидуалды жарқын берілген тұрақты қатысты психологиялық белгілері деген.
Бондеревский.В. «Тәрбие тәлімі» атты кітабында мінезге былай деген мінез арқылы әрбір адамның өзіне және басқа адамдарға, тапсырылған іске деген қатынасынан және адамдардың ішкі жан дүниесінің рухани менділігі нақтылы түрде көрінеді. “ Негізінде мінез мынандай болуы керек деген ерекше талап жоқ.” Мінездің дамып , қалыптасуы баланың өмірге келіп туысымен басталады деген пікірді көптеген ғалымдар растайды . Осыған орай А.С. Макаренкоөзінің " Балаларды тәрбиелеу атты лекциялар " атты еңбегінде халық ауызындағы тәрбиелік маңызы бар мынадай әңгімені келтіреді . Бір жас әке парасатты , көпті көрген кемеңгер адамға сұрақ қойыпты . " Өмірге келген менің балам бар . Қай жастан оны тәрбилей бастаған дұрыс ? ” Сонда кеменгер жас Әкеден сүрапты : " Бала ң неше жаста ? " Ол : " Туғанына алты ай болды " — депті . Кемеңгер түрып , " Ендеше тәрбие беруден алты ай кеш қадың . Күнделікті өмірде осы сөздердің шындығына көзіміз жетіп жүр . Кейбір ата - аналар бала екі үш жасқа келгеннің өзінде ол сәби ғой , түсінігі жок , өсе келе ақылы кіріп , адам болып кетеді ғой деген философияны бетке ұстайды . Сөйтіп баланың ойына келгенін жасатып , оның кейбір қылықтарын қызықтап , соған байланысты есерлік мінез - құлыққа итерлегенін аңдамай қалады . Өсе келе мұндай баланың мінезінде дөрекілік , өзімшілдік , қатыгездік басым келеді . Мектепте тәрбиелеудің орнына осындай балаларды қайта тәрбиелеуге мәжбүр етеді . Сөйтіп оқу - тәрбие жұмысында көптеген қиындықтар пайда болады , өйткені адамның әдеті оның екінші табиғаты , ол табиғаттағы кемшіліктерді жоқ қылу қолдан келе бермейді . Отбасы тәрбиесінің басты факторы ондағы ата - анасының мінез құлқындағы жасайтын үлгісі халық : “ Ұяда не көрсе , ұшқанда соны жасар " - деп тегін айтпаған . Орыс халқының ұлы педагогі К. Д. Ушинский : " Мінез мінезбен тәрбилейді ” – деген болатын , ал біздің атақты совет педагог А. С. Макаренко : " Ата - аналардың балалар алдындағы беделінің басты негізі олардың өмірі мен жұмыстағы қызметі , адамгершілік қасиеттері , олардың мінез - құлқы " — дейді . Осыған орай отбасы тәрбиесіндегі қателіктердің көбісін ол ата аналардың балалар алдындағы беделінің көріністерімен байланастырды .
Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін кӛптеген факторлар қажет. Қазіргі көп мәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Стэнли Холл«бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» деп санайды.
Және мінез баланың тума емес , өмір барысында қалыптасатын белгісі болғандықтан , мінез типтерін жіктеу кебіне тұлға дамуындағы сыртқы , жанама факторларға негізделеді .
Пайдаланылған Әдебиеттер : 1. Левитов Н.Д. Психология характера . М. , 1969 ( 1826 , 4254 , 5786 , 117127 , 332377 беттер ) . 2. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии , Т2 . М. , 1989 ( 211235 беттер )