Педагогика-лық зерттеу жұмыстары-ның түрлері



Дата11.01.2022
өлшемі45 Kb.
#111297
Байланысты:
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі


Педагогика-лық зерттеу жұмыстары-ның түрлері

Кейінгі жылдары білім беру шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемі едәуір өсті. Білім беру ошақтарындағы педагогтар мен басшылар зерттеу-іздену жұмыстарының жаңа функциясын батыл түрде барлық кезеңдерін іске асыруға тырысуда, ал педагогикалық ізденіс педагогтер үшін кәсіптік қызметтің басты бағыттарының бірі болды. Педагогтердің мақсатқа бағытталған зерттеушілік қызметін жасау қажеттігі соңғы он жылда, яғни зерттеу міндеттері тек қана педагогтың құқығы ғана емес, сонымен қатар оның кәсіби міндеті екендігі қарала бастады. Зерттеушілік қызметі субъектінің ғылыми методологияға негізделген білім алу процесі кезінде жаңа, ғылыми білімді өз бойына сіңіруі деп қаралады. Кәсіби қызмет педагог үшін құнсыз, егерде ол бір кездері меңгерілген кәсіби тәсілдер арқылы құрылған жағдайда. Мұндай қызмет тек қана ондағы білімнің биік нәтижесіне жеткізетін объективті мүмкіндіктердің қолданылмауында ғана емес, ол педагогтың өзінің жеке-дара өсуіне де еш пайдасын әкелмейтін құнсыз болып есептеледі. Алайда біздің тәжірелер мен В.И.Боголовский, В.И.Загвязинский, И.А.Зимний, Н.М.Новиков, Н.М.Яковлевтің арнайы зерттеулерде, педагогтер комплексті зерттеу жұмыстарында  қиыншылықтардың болатынын және көптеген жағдайларда зерттеу қызметтеріне дайындықтың аздығын көрсетеді. Мұны білім беру мекемелерінің  басшыларының берген бағасы да, педагогтардың өзін-өзі бағалауы да растайды. Мұндай жағдайлардың орын алуы жоғарғы оқу орындарындағы болашақ педагогтарда өткізілетін практикалардың кәсіби деңгейде өткізілмеуінен, яғни білім алушылардың зерттеушілік құзырлығын дамытатын, зерттеу жұмысын орындауға жағдайдың жасалмауынан болады. Қазіргі таңда болашақ педагогтарды зерттеу жұмыстарына дайындаудың әр түрлі қырына арналған бөлек зерттеулер жасалуда, алайда олар ғылыми базаны зерттеу қызметінің жалпы дамуын, кәсіби зерттеу жұмыстарын жасауда өзіндік шешімге келуге толықтай жарамды болуын қамтамасыз етпейді [1]. Зерттеу әдістері – обьективті шындықты көру,танып білу. Педагогика дамуындағы негізгі  фактор оның үнемі толықтырылып отырылуында және зерттеу әдістерінің нақтылығында. Педагогика ғылымының жаңа тәсілдермен толықтырылуы басқа ғылымдармен тығыз байланысының арқасында. Зерттеу жұмыстарының педагогикамен байланысы үнемі, жоғары қарқынмен дамуда. XVIII ғасырдан бастап педагогика ғылымының мазмұны практикалық бақылау нәтижесінде теориялық тұжырымдармен толықты. Сол уақыттағы педагогикалық практиканың маңызды тұлғалары: Г.Песталоцци, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, А.Н.Толстой, П.П.Бионский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий және т.б. Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық  тәжірибелер  XIX ғасырдан бастап зерттеле бастады. XXғ басында-ақ педагогикалық эксперимент термині өзінің нақты мәнін алды және кең таралды. Эксперименттік педагогиканың атақты тұлғалары немістің және американың ғалымдары: В.Лай және Э.Мейман, С.Холл,Э.Торндайх болды. Зерттеу процесінде нақты мәліметтерді алу үшін олар талапқа сай болуы керек. Онда көбінесе философия қарастыратын зерттелетін құбылыстардың мәнін түсіну қарастырылады. Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық  практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға  бірдей  жағдай жасау мүмкін емес. Мәліметтердің  өзгеруіне  және  эксперименттік жұмыстың  шартының өзгеруіне байланысты нәтиже де әр түрлі болады. Эксперимент жүргізу үшін бір  кішкене  ғана  компонентті өзгерткен жөн және сол кезде алынатын мәлімет бірден өзгереді. Бұл жағдайда  алынатын мәліметтердің   дұрыстығы, зерттеу жұмыстарының саны мен алынған нәтижеге байланысты. Педагогикада зерттеу  жұмыстарын  жүргізгенде  эксперимент обьектісінің моральді – этикалық ережелерін қатаң ұстанған  жөн. Педагогикалық  процесс  кезінде  адам денсаулығына зиян келтірмеу және  оқушылардың дамуын жақсылап ойластырып, жоспармен жұмыс  жасаған  дұрыс. Қазіргі кезде педагогикалық зерттеу жұмыстарының үлкен жүйесі бар, оларға: педагогикалық бақылау,зерттеу сұхбаты,педагогикалық эксперимент,математикалық статистика,педагогикалық ойлардың теориялық анализі және т.б. жатады. Педагогикалық бақылау – зерттеудің қарапайым, тиімді  әрі бәрінің қолынан келетін әдіс болып табылады. Мұндай әдісті іске асырғанда зерттеу обьектісіне бақылаудың нәтижелері нақты мәліметтермен  толығады. Бақылау әдісі системалық, организациялық және массалық  қолданылуы эффективті  болуы мүмкін және де басқа әдістермен  педагогикалық зерттеу жүргізгенде араластыру қажет болады. Педагогикалық сұхбат педагогикалық зерттеулердің қосымша бір әдісі болып есептеледі. Арнайы  бағытталған сұхбат екі жақтың араласуымен болатын педагогикалық әсер ету  фактысы болып табылады. Дұрыс нақты ойластырылған сұрақтың мазмұны оқушының белсенді қызығушылығының пайда болуына, көңіл күйіне байланысты ашылуына, мүғалімнің әдеби шығармашылығына қатынасын білдіреді. Толық және нақты ақпаратты алу үшін педагогикалық сұхбат ережелерге бағынып және арнайы маманның қатысуымен болады. Сұхбат алудың басқалардан айырмашылығы жоқ, ол зерттеу обьектісінің жеке ерекшеліктеріне түзету жүргізеді, түзету  жүргізу үшін ұсынылған сұрақтардың ситуацияға және әңгімелесушінің қызығушылығына байланысты сұхбат процесін түрлендіретін, берілген тақырыпты талқылайтын алдын – ала ойластырылған жоспары болуы қажет. Сұхбаттасушының ойы мен фактілерінде шынайы сенімділіктің жоқтығына байланысты педагогикалық сұхбат мәліметтерді алудың көзі емес, ақпаратты жеткізгенде әр уақытта жетістікке жете бермейді. Тәжірибені оқыту – педагогикалық зерттеудегі, дәстүрлі кең қолданылатын тәсіл. Ол тарихи және қазіргі мектептегі педагогтардың өз қызметтерінде белгілі бір оң нәтижелерге жеткен кездегі практикалық тәжірибеге анализ жасау мен оқытуға негізделген. Бұл әдісті пайдаланғанда педагогикалық теория мен практикаға арналған тұрақты, нақты  ережелермен сипатталатын оның әдіс-тәсілдеріне басты назар аударылады. Тәжірибелік оқыту мен тәрбие – педагогиканың негізгі мақсатының ілгері алға дамуына әкеледі.  Бірақ дәл осындай педагогикалық әдістер ғылымнан тыс қалып қойса, оларға анализ жасалмайды және ол теориялық негізсіз, олар ғылымда практикада кең қолданысқа ие болмайды. Бұдан байқайтынымыз, тәжірибені оқыту – жалпы педагогикалық ғылымның дамуына зор үлес қосатын, педагогикалық зерттеулердегі өте маңызды, нәтижелі әдіс [2-3]. Мектептік құжаттама мен қызметтердің нәтижелілігін оқыту болашақта білім алушыларға көптеген маңызды байланыс орнатуға және алдыңғы уақытта оқыту жоспары мен ақпараттарды  құрастыруға әсерін  тигізеді. Берілген әдістегі негізгі мәлімет көздеріне сынып журналы, дәріс мазмұндары, сабақ кестесі, педагогтардың сабаққа арналған жоспарлары жатады. Аталған материалдарды оқи отырып оқу процесінің ұйымдастырылуының оқушылардың үлгеріміне және денсаулығына әсерін, үлгерім бағасының ролін, оқу материалдарының мазмұнын оқушылардың шығармашылық белсенділігімен салыстыруға болатындығымен анықтауға болады. Педагогикалық зерттеудің социологиялық әдісіне анкета, рейтинг, бағалаудың компонентті әдістері жатады. Бұл әдістер өз қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы, анкета әдісі арқылы аз уақыт ішіндекөп адамға салыстырмалы түрде сұрақ-жауап жүргізе алады және түсіндіріледі, қысқа уақыт ішінде комплексті анализ жүргізіледі. Рейтинг – бұл педагогикалық  тәжірибедегі көріністің көріністің және осы немесе өзгеде процестердің сынақталған бағасы. Рейтингке жақын компоненттік баға түсінігі компонентті жақтармен,  яғни педагогтар мен оқу материалдарын қабылдау, шығармашылық таныту баға тәртібін ұсынады. Педагогикалық тест – қазіргі кезде оқу орындарында кең тараған. Бұл тестті екі бағытқа бөлуге болады: жылдамдығын анықтау және күштілігін анықтау. Бірінші жағдайда, тестілеу уақыты шектеулі және бұл тест жұмысында оқушылардың ситуациялардан шығуы, бір тақырыптан екінші тақырыпқа өтуі, бір уақытта ойлаудың бірнеше тәсілдерін қолдана білу мүмкіндігі қолданылады. Ал күштілігін анықтауда өте көп уақыт беріледі, тереңдігі анықталады, ал жылдамдықтың әсері жоқ. Математикалық статистиканың әдістері – сандық анализдегі мәліметтерді жинауға қолданылады. Осы әдістің көмегімен әртүрлі көрсеткіштердің пайыздық үйлесімділігін анықтауға болады. Педагогикалық қызметтің анықталған жақтарын дамытуға осы негізде шара қолданылады. Сандық және математикалық әдіс педагогикада болжау, модельдеу және педагогикалық процестердің компьютерлеу аппараты болып табылады. Жасалған жүйенің мақсатын жобалауда, біз, ең алдымен, психиканың негізгі функционалдық жүйесі ретінде және сонымен қатар адамның барлық қасиетімен байланысты өзінің қызметінде эффективті субъект болуын қамтамасыз ететін жүйе ретінде  қарастырып,  «зерттеу біліктілігі» деген түсінікті нақтыладық. А. Леонтьевтің жасаған үлгісін қорытындылай келе, біз осындай қасиеттердің төрт тобын анықтадық – зерттеудің құзырлық компонеттері: когнитивті, мотивациялық, бағдарлы, операциялық. Когнитивті компонент педагогтарға өздерінің кәсіби қызметінің зерттеу жұмыстарын шешу үшін қажетті түсініктер мен білімдер жиынтығы ретінде қаралады. Мотивациялық компонент – бұл зерттеу жұмысының жалпыға емес, ал нақты адам үшін жасалатыны туралы ой. Бағдарлы компонент – белгілі бір білімдегі және белгілі жағдайға сәйкес алынатын образды құру кезіндегі қажеттіліктерді қамтамасыз ететін білімдердің жиынтығы. Операциялық немесе технологиялық немесе зерттеу құзырлығының компоненті – бұл педагогикалық қызметтегі зерттеу жұмыстарын шешу үшін қажет болатын  субъектінің зерттеу қызметін орындауға қабілетінің жиынтығы. Жалпы мақсаты біздің болашақ педагогтың зерттеушілік құзырлығын дамыту системасында оның кәсіптік әр түрлі типтегі зерттеу жұмыстарындағы шешуге қабілетін қалыптастыру. Осы жалпы мақсатты құраушысы болып (екінші кезеңнің мақсаты) кәсіптік педагогикалық қызметтегі зерттеу жұмыстарының тиімді шешімін қамтамасыз ететін компоненттерді жүйелеу кезеңіне дайындау болып табылады. Келесі қадам жалпы мақсаттың декомпозициясы біздің системада нақты белгіленген зерттеу жұмыстарын шешуге дайындығы бойынша жасап шығару [4]. Ұйымдастыру формасының қызметтік типінің арасында негізгі рөл алған ойын технологиялары арқылы жүргізілді. Зерттеу кезінде методикадағы ерекшеліктері бойынша олардың ұйымдастырулары заттық, рөлдік, имитациялық және іс-қағаздық кәсіби-қызметтік білім беру (танымдық, тренинктік), дамытушылық және коммуникативік ойындар қолданылды.   Әдебиет:   1.      Давыдов В.В. Білім берудің дамыған теориясы: монография. – М.: «ОПЦ ИНТОР». - 1996. - 542 б. 2.      Лазарев В.С., Коноплина Н.В. Педагогикалық білім алудағы жетілдіру тәсілдері мен құрылымдық мазмұны // Педагогика. – 2000. - № 3. – С.2 7-34. 3.      Лазарев В.С., Ставринова Н.Н. Зерттеу қызметіне болашақ педагогтарды дайындау: монография – Сургут: РИО СурГПУ, - 2007. – 171 б. 4.      Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса. - Усть-Каменогорск. - 1999

Пожалуйста, не забудьте правильно оформить цитату:


Садуакаскызы, Кульбарам. Педагогикадағы ғылыми зерттеу әдістері және педагогикалық зерттеудегі логика / Кульбарам Садуакаскызы, А. П. Тапаева, Г. Т. Байымбетова, Б. Ж. Торебек. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 20.1 (79.1). — С. 44-46. — URL: https://moluch.ru/archive/79/14118/ (дата обращения: 10.04.2021).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет