Тұлғаның когнитивті (танымдық) теориясы



Дата13.05.2022
өлшемі19,64 Kb.
#143105
Байланысты:
5 лекция


Тұлғаның когнитивті (танымдық) теориясы
Жоспары:
1. Тұлғаның когнитивті (танымдық) теориясына сипаттама.
2. Дж.Келли - тұлға дамуының қайнар көздері туралы.
3. Когнитивті теория бойынша адамдағы конструктілердің өзіндік жүйесінің деңгейлері.

1. Тұлғаның когнитивті (танымдық) теориясына сипаттама.
Жеке тұлғаның когнитивті теориясы гуманистік теорияға жақындау болғанымен де, мұнда бір қатар айырмашылықтар бар. Бұл ықпалдың негізін қалаушы американ психологы Дж. Келли (1905-1967жж.). Оның ойынша, адамның өмірде ең білгісі келетіні – ол, өзіне не болды және болашақта не болады?.

2. Дж.Келли - тұлға дамуының қайнар көздері туралы.
Келлидің пікірінше тұлғаның дамуына қоршаған орта мен әлеуметтік орта ықпал етеді. Тұлғаның когнитивті теориясы интеллектуалды процестердің адамның мінез-құлқына тигізетін әсерін баса көрсетеді. Бұл теорияда әрбір адам заттардың табиғаты туралы болжамдарды тексеруші және болашақта болатын жағдайлар туралы болжамдар (прогноз) жасайтын ғылыммен (теңестіріледі) салыстырылады. Қандай жағдайға болмасын бірнеше рет интерпретация- жасауға жол ашық. Бұл бағыттағы басты ұғым “конструкт” (ағылшынша: construct- құрастыру, құру) боп табылады. Бұл ұғым өз құрамына барлық белгілі таным процестерін қосып алады (қабылдау, ес, ойлау және сөйлеу). Осы конструкттердің арқасында адам дүниені танып қана қоймай, тұлға аралық қатынастарды да орнатады. Осы қатынастар негізінде жатқан конструкттар – жеке конструкттар деп аталады. (Франселла Ф., Баннистер Д., 1987). Конструкт – бұл өзіміз бен басқа адамдарды қабылдаудың ерекше жіктеуші қалыбы (шаблоны).
Келли жеке конструктардың басты қызмет ету механизмдерін ашып суреттеді, сонымен қоса, негіз болатын жорамал мен 11 себеп-салдарын құрастырды. Жорамал бойынша жеке процестер адамға болғалы тұрған жағдайды болжау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін психологиялық тұрғыда өзектелінген. Қалған себеп-салдарлар осы негізгі жорамалды айқындайды.

3. Когнитивті теория бойынша адамдағы конструктілердің өзіндік жүйесінің деңгейлері.


Негізгі жүйеленген элемент “жеке конструкт” боп саналады. Әр адамда жеке конструкттардың өзіндік жүйесі болады және олар екі деңгейде (блок-одақ) бөлінеді:
Жеке тұлғаның бірыңғай (біртұтас) қасиеттері екі одақтың, барлық конструктардың бірлесіп қызмет жасауының нәтижесі болып табылады. Біртұтас жеке тұлғаның екі типі болады: когнитивті күрделі жеке тұлға (конструкттар саны көп жеке тұлға) және когнитивті қарапайым жеке тұлға (конструктар саны көп емес жеке тұлға).
Когнитивті күрделі жеке тұлға когнитивті қарапайым жеке тұлғадан мынадай сипаттары арқылы ажыратылады:
1. психикалық денсаулығы өте жақсы;
2. стрессті жақсы игереді (справляется);
3. өзін-өзі бағалауы жоғары деңгейде;
4. Жаңа ситуацияларға бейімделгіш.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет