Талантты және
дарынды балаларды оқыту
Талант – музыка, өнер,түрлі қолөнер, би немесе спорт, т.б. салалардағы жоғары деңгейде дамуы. (тума қасиет)
Дарын – орта қабілеттен сәл жоғары деңгейде орындай алатын зияттың немесе қабілеттің жоғары деңгейі. (жүре келе, ізденіп, қабілетін аша келе көрінетін қасиет.)
«Дарынды, талантты бала – бұл белгілі бір салада жетістіктері айқын көрінетін немесе сондай жетістіктер әлеуеті мол бала».
Лейтис Н.С.
Орташа балалармен
салыстырғанда,
дарынды, талантты балалардың
даму деңгейі
- оңай оқиды;
- кең өрісті қабілетті ие.
-абстраттік ойлау
қабілеттері
ертерек
қалыптасады;
тапқыр, қажырлы,
шығармашы-
лыққа
бейім.
-өзгенің
ұстанымын
қабылдауы қиын
келеді;
-жоғары
әлеуметтік
мұраттарымен
ерекшеленеді.
-адамдардың
көңіл-күйін
байқағыш келеді;
-әділетсіздікке
ерекше ұшқыр
жауап береді.
Дарынды балаларды қалай тануға болады?Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берді.
Бірінші категория – ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар;
Екінші категория– жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар;
Үшінші категория – дарындылық күш – қажырымен ерекшеленетін оқушылар.
Дарындылықтың қалыптасу деңгейлерін ғалымдар екі топта қарастырылады:
1. Актуальді дарындылық - қабілеттілігі қалыптасқан белгілі іс-әрекетте өз жетістігін байқата алатын балалар;
2. Потенциалдық дарындылық- балаға жағдай жасағанда ғана нәтижелі болады.
Оқушының дарындылығын анықтауда: 1. Дарынды бала туралы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ақпараттар, мәліметтер жинақтау.
2. Бақылау
3. Анкета
4. Психодиагностика
5. Социометрия
6. Әңгімелесу
7. Интервью сынды жұмыс түрлері жүргілуі
тиіс.
Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыс түрлері: 1. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа баулу;
2. Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;
3. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір – сайыс яғни интеллектуальды ойындарға дайындау;
4. Мектептің ғылыми қоғамындағы үйірме жұмыстарын ұйымдастыру.
Дарынды балалардың қабілетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады: 1. Сабақтар, ОҒҚ-ның жұмысы;
2. Пәндік үйірмелер;
3. Тіл мерекесі;
4. Абай оқулары;
5. Олимпиадалар;
6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;
7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);
8. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);
9. Шеберлер байқауы (мәнерлеп оқу, ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);
10. Оқушылардың облыстық, республикалық, халықаралық олимпиада және ғылыми жобалар байқауларына қатысу.
Дарынды, талантты балаларды анықтайтын сенімді өлшемдері (Фриман 1998ж.):
есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады:
өз білімін жетілдіру: олар оқыту үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады;
ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспарды тез жүзеге асырады;
икемділік: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;
күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады;
шоғырлану: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар;
ерте символдық белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды.