Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру Мақсаты



Дата07.03.2022
өлшемі31,8 Kb.
#134459
түріСабақ
Байланысты:
паитон матин1524932429 (1)
Бейнелеу сабақ жоспары




Күні: 18.11.16

Мұғалім:Шеген Наргиз Алматқызы

Пәні: Информатика

Класы: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы:

Мәліметтерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру

Мақсаты:

Паскальда мәліметтерді енгізу мен шығаруды үйрету.

Міндеттері:

1. Паскальда мәліметтерді енгізу мен шығаруды меңгерту;
2. Ынтымақтастыққа, тиянақтылыққа, пікір алмасуға, жұптық жұмысқа баулу, өзін –өзі бағалауға баулу;
3. Өз ойын ашық, еркін айтуға, АКТ қолдану арқылы ақпаратты таңдай білуге үйрету, ойлау қабілетін дамыту.

Жалпы
ережелер

Сабақтың типі: Аралас сабақ
Жұмыс формалары: жеке, жұптық, топтық.
Әдістері: «Досымның қасиеті» псих.тренинг, «Өрмекші», «Жигсо», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі, MyTest.
Жабдықтары: компьютер, слайдтар, проектор

Күтілетін нәтижелер:

-Мәліметтерді енгізу мен шығарудың бір-бірінен ажыратады;
-Write мен writeln, readln мен read операторларын не үшін қолданатынын біледі;
-Паскальда экранды тазалауды үйренеді.

Сабақ
кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыр

-Оқушылармен амандасу;
-Оқушыларды түгендеп, сабаққа зейіндерін аудару;
-Психологиялық ахуал: «Досымның қасиеті» тренингі.
-Блок-сызбалар арқылы 3 топқа бөлу

Мұғаліммен амандасады.
оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіріп
топқа бөлінеді.

Үлестір
мелер

Қызығушы лықты ояту

My Test арқылы тест жұмысы алынады

Тест тапсырмаларын орындайды.




Мағынаны тану

«Жигсо» әдісі. Оқушыларға оқулықтағы мәтін бөліп беріледі.
Постер қорғайды.
Компьютерде тәжірибелік жұмыс. «Бота»

Берілген мәтінді мұқият оқып, топпен қорғайды.

Плакат

Ой толғаныс

«Өрмекші» әдісі.
Жаңа сабақ бойынша сұрақтар.

Бір-біріне жіпті беру арқылы сұрақтар қояды

Жіп

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек»
әдісі бойынша талқылау

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа іледі

Ағаш суреті

Үйге тапсырма

§11. Мәліметтерді енгізу мен шығару.

Оқып, мазмұнын айтады.




Бағалау

Критериалды бағалау



Өз сабағыңызға талдау жасаңыз .

Рефлексия
Не сәтті болды?




Не сәтсіз болды?






Нені жақсартуыма болады?






Нені өзгертуге болады?






Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасып, түгелдеу

  • Сынып тазалығына назар аудару

  • Қауіпсіздік ережесін қайталау және қауіпсіздік журналына оқушылар қол қою.

  • Оқушыларға жұмыс парағын тарату беру

  • Бүгінгі сабақтың мақсатын таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау, қайталау
ІІ. 1 «Ойлан тап» ойыны арқылы (оқушылар жұмыс парағына сұрақтың жауабын жазады және өздері соңынан текереді)
1. Қарапайым типке жататындарын тап! жауабы: Нақты, бүтін, логикалық, тіркестік
2. Логикалық типке жататын асқабақтарды жина! жауабы: True, z>0, a
3. Символдық типке жататын асқабақтарды жина! жауабы: ‘?’, ‘A’, ‘#’
4. Тіркестік типке жататын асқабақтарды жина!жауабы: ‘алма’,‘agth’,‘girl’,‘we are’,‘325’
5. Нақты типке жататын асқабақтарды жина! жауабы: -58,213, 3,5, 0,562
6. div, mod функциялары қандай типке қолданылады? жауабы: Бүтін (integer)
7. Логикалық типке қолданылатын амалдарды тап. жауабы: XOR, OR, AND, NOT
8. Символдық типке қолданылатын функцияларды тап.
жауабы: PRED(X), CHR(X), ORD(X), SUCC(X)
9. Бүтін типке қолданылатын амалдарды тап. жауабы: MOD, DIV

ІІ. 2 Үй тапсырмасын қорытындылау «Техникалық диктант»



  1. Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.

2. Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі, оператор бөлімі.
3. Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипаттау бөлімі жазылады.


ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

Программаға енетін айнымалылар мен тұрақтыларды, сандарды пайдаланып түрлі әрекеттер (нұсқау, жарлық) орындай алатын сөйлемдерді Паскаль тілінде операторлар, ал алгоритмдік тілде командалар деп атайды. Операторлар қарапайым және күрделі (құрама командалар) деп екі топқа бөлінеді. Вegin және end түйінді сөздері операторлық жақшалар деп аталады.




ІҮ. Жаңа білімді меңгерту
Меншіктеу операторы: Паскаль тілінде негізгі операторының бірі-меншіктеу операторы. Ол қарапайым операторлар тобына жатады.
Меншіктеу операторының “:=” белгісі “меншіктеу”деп оқылады.
Меншіктеу операторының жалпы жазылуы:
айнымалы атауы :=өрнек;
мысалы: а := а+1;
мұндағы айнымалы атауы – а
а-ға меншіктеу а+1 өрнекті

Енгізу операторы:Программадағы орындалатын алғашқы іс - әрекет – берілгендерді енгізу. Берілгендерді енгізу – программадағы алғашқы берілгендерді компьютердің жедел жадына өңдеуге жіберу болып табылады. Паскаль тілінде берілгендерді енгізуге read – ағылшын тілінен аударғанда “оқу”, readln ( read Line) - “жолды оқу” операторлары қолданылады.
Енгізу операторының жалпы жазылуы:
READ(al, a2,…, an);
READLN(al, a2,……, an);
ЕСКЕРТУ. Енгізу операторының соңынан нүкте-үтір (;) қойылады.Енгізу операторын орындау кезінде біріншіден «?» белгісі ретінде сұраныс шықпайды, екіншіден, айнымалы үшін мәнді бір- бірнен бос орын арқылы бөлеьіндей етіп енгізу керек
Мәліметтерді шығару операторы компьютердің жедел жадысындағы өңделінген мәліметтерді сыртқы құрылғыларға (экранға принтер) беру. Паскаль тілінде мәліметтерді экранға шығару үшін Write ағылшын тілінен аударғанда “жазу”, (Write line) – “жолды жазу” қолданылады.
Шығару операторының жалпы жазылуы:
WRITE (al, a2,…, an);
WRITELN(al, a2,……, an)
Ln дегеніміз - (ағылшының Line - “жол” деген сөзінің қысқартылған түрі)
Мысал Есеп 1 y = a*x


Алгоритм
Программа
Блок – схема
алг алгоритмнің аты
басы бүт a, x, y
енгізу a, x
y: = a * x
шығару у
соңы


Program е1;
Var a, x, y: integer;
Begin
Readln (a, x);
y: = a * x;
writeln (‘y=’,y);
end.

Мысал: Есеп 2. Екі бүтін санды қосып, қосындысын экранда шығару.
program kosu;
var a, b, c: integer; (сипаттау бөлімі)
begin
read ( a, b ); (енгізу операторы)
c:= a + b; (меншіктеу операторы негізгі бөлім)
writeln ( c ); (шығару операторы)
end.
Осы программаның орындалуын оқушыларға түсіндіру,
Программаны орындау үшін
1) F9( программаны орында) пернесін басамыз.
2) а және в айнымалыларына мән енгізу керек. Мысалы, 9 5 сандарын енгізіп, enter пернесін басамыз.
3) Экранға с - ның мәні 14 шығады.
Мысал Есеп 3 Берілген а,в,с үш санның қосындысын және көбейтіндісін есептеу
программасын жазайық.
Program candar;
Var a,b,c : integter;
Begin
A:=5; b:=2; c:=3
Writeln ( ‘ kosundu=‘ , a+b+c);
Writeln (‘kobitundu=‘ , a*b*c);
Writeln ( ‘ kosundu=‘ , 10);
Writeln (‘kobitundu=‘ , 30);
End.
V. Компьютерде практикалық жұмыс жасау
№1 – есеп.Кез келген екі санның қосындысын есептейтін программа құру .
Program kosu;
Var a,b:integer;
Begin
readln(a,b);
Y:=a+b;
Writeln(‘y=‘,y);
End.
№2-есеп. Екі санның көбейтіндісін табуға программасын құру.
Program kobitu;
Var a,b,y:integer;
Begin
readln(a,b);
Y:=a*b;
Writeln(‘y=‘,y);
End.
№3 - есеп. Екі санның бөліндісін табуға программасын құру.
Program bolindi;
Var a, b, x:real;
Begin
Write (‘a, b-сандарын енгіз');
Readln(a, b);
X:=a/b;
Writeln(‘x=’,x);
End.
VІ. жаңа сабақты бекіту

  1. «Қатені тап» ойыны.Ойының шарты:программаның жазылу қатесін тап

  2. Тест тапсырма (10 сұрақ).

  3. Сөзжұмбақ шешу

«Қатені тап» ойыны.
1. Қай операторлар дұрыс жазылмаған?
program _1;
var a, b: integer;
x, y: real;
begin
a := 5;
10 := x; (айнымалы атауы := белгісінің сол жағында болуы керек)
y := 7,8; (бүтін мен бөлшектің арасы нүктемен ажыратылуы керек)
b := 2.5; (нақты мәнді бүтін айнымалыға меншіктеуге болмайды)
x := 2*(a + y);
a := b + x; (нақты мәнді бүтін айнымалыға меншіктеуге болмайды)
end.
Тест тапсырма
1. Программа құрылымын ата
А) сипаттау бөлімі, оператор денесі
Ә) программа тақырыбы, сипаттау бөлімі
Б) программа тақырыбы, сипаттау бөлімі, оператор бөлімі
В) программа тақырыбы

2. program kbt; - бұл...
А) программа тақырыбы Ә) программаның оператор бөлімі
Б) программаның сипаттау бөлімі В) программаның соңы
3. Операторлық жақшаны көрсетіңіз?
А) program  Ә) Begin, end
Б) Write, writeln В) Read, readln
4. Енгізу операторын көрсетіңіз?
А) program  Ә) Begin, end
Б) Write, writeln
 В) Read, readln
5. Шығару операторын көрсетіңіз?
А) program  Ә) Begin, end
Б) Write, writeln
 В) Read, readln
6. Қай оператор дұрыс жазылған?
А) read(a,b,c) Ә) read(a:b:c)
Б) read(a;b;c)
 В) read(a b c)
7. Қай оператор дұрыс жазылған?
А) writeln(a=5,b=6); Ә) write(a,,b);
Б) writeln(a:b:);
 В) write(a,b);
8. Қай пікір қате?
А) программаның әр жолы (;)- нүктелі үтірмен аяқталады;
Ә) 
сызықтық өрнек бір жолға жазылады;
Б) 
ондық бөлшек үтірмен жазылады;
В) 
градустық өлшеуіштер радиандық өлшеуішпен жазылады;
9. 61 div 7. Нәтиже неге тең? 
А) 5 Ә) 7 Б) 8 В)2
10. 61 mod 7. Нәтиже неге тең? 
А) 5 Ә) 7 Б) 8 В)2
Жауабы: 
1- б, 2- а, 3– ә, 4- в, 5- б, 6- а, 7- в, 8- б, 9- б, 10- а


Сөзжұмбақ шешу

B
E


G
I
N


2
W
R
I
T
E


P
R
O
G
R
A
M
4
I
N
T
E
G
E
R

6
7
5


C
H
A
R
S
H
O
R
T
I
N
T
R
E
A
D
L
N
E
N
D
1. Негізгі бағдарламаның басы
2. Шығару операторы
3. Бағдаралама тақырыбы
4. Бүтін санның типі (-32768 - +32767)
5. Символдық тип
6. Бүтін санның типі (-127 - +127)
7. Енгізу операторы
8. Бағдарламаның соңы
VІІ. жаңа сабақты қорытындылау
1. Рефлексия.
Тақтадаға рефлексивті экраннан фразаның басын таңдап, әр оқушы сабақ туралы өз пікірін бір сөйлеммен айтады.
3. Үйге тапсырма: 3.1 , 3.2, 3.3 – тақырыптарды оқу сөзжұмбақ құрап келу
Күнделіктеріңе баға қойдыруды ұмытпаңдар!


4. Өздеріңнің сабақтан кейінгі көңіл – күйлеріңді көңіл — күй нышанымен (смайлик) білдіріп, мониторға жапсырып қойыңдар.
Сабақ соңында сіздерге өзімнің көңіл – күйімді де білдіргім келеді.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет