Тақырыбы: 1) Таным және әлемнің қайта құруындағы ойлау рөлі. 2) Ойлау және сөйлеу. 3) Ой және сөз (Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн). 4) Ойлау мәселелерді шешу процесі ретінде: ойлау процесінің құрылымы мен динамикасы



бет1/16
Дата07.04.2023
өлшемі106,06 Kb.
#173948
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Та ырыбы 1) Таным ж не лемні айта руында ы ойлау р лі. 2)


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «Философия және саясаттану»
Кафедрасы «Жалпы және қолданбалы психология»

СӨЖ
Тақырыбы:1) Таным және әлемнің қайта құруындағы ойлау рөлі. 2) Ойлау және сөйлеу. 3) Ой және сөз (Л.С. Выготский, С.Л.Рубинштейн). 4) Ойлау мәселелерді шешу процесі ретінде: ойлау процесінің құрылымы мен динамикасы. 5) Ойлау іс-әрекет ретінде. 6) Ойлау қызметінің мотивациясының ерекшелігі. 7) Балалар интеллектінің тұжырымдамасы және оның Ж.Пиаж бойынша қалыптасу кезеңдері. 8) П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің жоспарлы қалыптасу теориясы. 9) Ұғымдарды қалыптастыру процесін зерттеу. Л.С.Выготский концепциясы және осы процесті зерттеу әдістемесі (Выготский-Сахаров әдістемесі). 10) Интеллект когнитивті теориялары. 11) Жасанды интеллект мәселесі. 12) Ойлау және шығармашылық: шығармашылық ойлау ерекшеліктері. 13) Креативтілік негізі ретінде қызметтің жанама өнімі (Я. А. Пономарев). 14) Ойлауды зерттеу әдістері. 15) Ойлау патологиясы. 16) Ойлаудың дамуын ынталандыратын топтық жұмыс түрлері


Орындаған:Маханбетжан Ә.
Тексерген:Тоқсанбаева Н.


  1. Таным және әлемнің қайта құруындағы ойлау рөлі.

Ойлау дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер, жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуге өте жақсы көрінеді.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өндейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанымен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Ойлау психикалық процестердің ең күрделісі. Ол белгілі бір мәселені шешумен тығыз байланысты. Қазақтың ғалым психологы М.Мұқаловтың айтуы бойынша «адамның интеллектісі туралы әңгіме болғанда біз оны сол ойдың жемісі деп қарастырамыз. Адамның ойы неғұрлым терең, ұшқыр болса, біз оның интеллект дәрежесін жоғары бағалаймыз». Сөйтіп ой адамның танып білу процестерін тереңдетіп, олардың мүмкіндіктерін аттыратын процесс. Ол арқылы заттар мен құбылыстардың негізіне жетіп, түсіне аламыз. Күнделікті өмірде адам өзінде бұрыннан бар және жаңа пайда болған қажеттіліктерді қанағаттандыру жолында әртүрлі әрекет жасайды. Осының барысында ол заттар мен құбылыстардың арасындағы жоғарыда аталған көптеген байланыстарының ішінен керек дегенін алып, іске жаратады. Мұның бәрін біз ойлау арқылы есеп беруге жатқызамыз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет